Облыстың кейбiр аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Мәслихатының (III сайланған II сессиясы) 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 183/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2004 жылғы 16 қаңтарда N 2204 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының  11 бабына, Успен ауданы мәслихатының (II сайланған, ХХV сессия) және Успен ауданы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 1 шiлдедегi N 274/7 "Милорадовка, Ульяновка және Образцовка елдi мекендерiнiң таратылуы туралы" бiрлескен шешiмiне, Ертiс ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 9 сәуiрдегi N 130-258-2 "Қылышбек, Тереңсай, Кiшi-Мойнақ, Қабан ауылдарының статусы туралы" бiрлескен шешiмiне сәйкес, ауылдық округтер тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отыра, облыстық мәслихат және облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
      Облыстың кейбiр аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      Успен ауданы бойынша:
      Милорадовка, Ульяновка ауылдары Успен ауданы Надаров ауылдық округiнiң Надаровка ауылының әкiмшiлiк-аумақтық құрамына кiрсiн;
      Образцовка ауылы Успен ауылдық округiнiң Успен селосының әкiмшiлiк -аумақтық құрамына кiрсiн.
      Ертiс ауданы бойынша:
      Панфилов ауылдық округiнiң Қылышбек ауылы Ертiс ауданы Панфилов ауылдық округiнiң Панфилов ауылының әкiмшiлiк-аумақтық құрамына кiрсiн;
      Ағашорын ауылдық округiнiң Тереңсай ауылы Ертiс ауданы Ағашорын ауылдық округiнiң Ағашорын ауылының әкiмшiлiк-аумақтық құрамына кiрсiн;
      Майқоңыр ауылдық округiнiң Кiшi - Мойнақ, қабан ауылдары Ертiс ауданы Майқоңыр ауылдық округiнiң Майқоңыз ауылының әкiмшiлiк-аумақтық құрамына кiрсiн.

      Сессия төрағасы Ю.Әлекпаров
 
      Облыс әкiмi К. Нұрпейiсов

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы Р.Гафуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады