Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу қалалық Кеңесi туралы

Павлодар қалалық әкімиятының 2003 жылғы 13 тамыздағы N 643/18 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 10 қыркүйекте N 2023 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 3/1 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 3/1 қаулысымен.

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы iс-әрекеттердiң алдын алу мәселелерiнде мүдделi мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру мақсатында Павлодар қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алудың қалалық Кеңесi құрылсын (бұдан әрi - Кеңес) және оның құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Кеңес туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органында мемлекеттiк тiркеуден өткен уақыттан бастап екi апта iшiнде ресми жариялансын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкiмiнiң орынбасары Х.Т. Оспановқа жүктелсiн.

      Павлодар қаласы әкiмiнiң
      мiндетiн атқарушы

Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң 
2003 жылғы 13 тамыздағы   
"Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк
алдын алу қалалық Кеңесi туралы"
643/18 қаулысына      
ҚОСЫМША         

Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу қалалық Кеңесiнiң Құрамы

Оспанов
Халел Темiрғалыұлы

қала әкiмiнiң орынбасары, Кеңестiң төрағасы

Шәпенов
Шаймаруар Болатұлы

қала iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)

Сагинова
Рымкеш Ауғанқызы

ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң бас маманы, Кеңес хатшысы

Кеңес мүшелерi:

Ахметова
Нәйля Әнуарбекқызы

қала iшкi саясат басқармасы бастығының орынбасары

Байғалина
Бағлан Нүкешқызы

қала мәдениет басқармасы бастығының орынбасары

Байуақова Мәдина Марғұмарқызы

қала экономика және кәсiпкерлiктi дамыту басқармасының бастығы

Демесiнова Людмила Хатипқызы

қала тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасы бастығының орынбасары

Диярова
Қамал Диярқызы

қала бiлiм басқармасы бастығының орынбасары

Қаленов Аманкелдi Кинешбайұлы

Павлодар қалалық әскери комиссарының орынбасары (келiсiм бойынша)

Құрмашева
Жанар Бектасқызы

Павлодар облысы әдiлет басқармасы кадрлар бөлiмiнiң бастығы (келiсiм бойынша)

Смағұлова
Гүлмира Қадырқызы

қала денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары

Темiржанов
Тұйғынбек Райханұлы

қала жұмыспен қамту басқармасы бастығының орынбасары

Щичко
Татьяна Игоревна

қала қаржы басқармасы бөлiмiнiң меңгерушiсi

Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 13 тамыздағы
"Құқық бұзушылықтың   
әлеуметтiк алдын алу  
қалалық Кеңесi туралы" 
N 643/18 қаулысымен 
      БЕКIТIЛГЕН      

Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу қалалық Кеңесi туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу Кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы iс-әрекеттердiң алдын алу мәселелерiнде мүдделi мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететiн үйлестiру органы болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және үкiметiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне және осы Ережеге сәйкес жүргiзедi.
      3. Кеңестiң жеке құрамы, оның құрамындағы өзгерiстер Павлодар қаласының әкiмдiгiмен бекiтiледi.

2. Кеңестiң мiндеттерi

      4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
      1) құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы iс-әрекеттердiң алдын алуда қатысатын мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қызметiн үйлестiру;
      2) бас бостандығынан айыру орындарынан, арнайы емдеу- алдын алу және оқу-тәрбие мекемелерiнен келген, тұратын жерлерiнен, туысқандық және әлеуметтiк байланыстарынан айрылған тұлғаларды әлеуметтiк оңалту жөнiндегi мүдделi органдардың өзара байланысын ұйымдастыру;
      3) тұрғындар арасында құқық тәртiбiнiң жағдайы және құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы iс-әрекеттердiң алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы түсiндiрме жұмысын жүргiзуге бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;
      4) қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық тәртiбiн күшейту мәселелерiнде қоғамдық және дiни бiрлестiктермен, сонымен бiрге заңды және жеке тұлғалармен өзара байланысты болу.

3. Кеңестiң қызметi

      4. Кеңес келесi функцияларды iске асырады:
      1) құқық бұзушылықтың, маскүнемдiктiң және алкоголизмнiң, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу аймақтық бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
      2) бас бостандығынан айыру орындарынан келген, тұратын жерлерiнен, жұмысынан, туысқандық және әлеуметтiк байланыстарынан айрылған азаматтарды жұмысқа орналастыру және тұрмыстық мәселелерiн шешуде, сонымен бiрге алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға емдеу-әлеуметтiк оңалтуды қамтамасыз етуде мүдделi органдар мен мекемелердiң өзара байланысын ұйымдастырады;
      3) денсаулық сақтау органдарына алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық сипатта күшпен шара қолдану мәселелерi бойынша қолдаухат жiбередi;
      4) салауатты өмiр салтын насихаттау және тұрғындардың құқықтық бiлiмдерiн жоғарылату, азаматтарды алкоголизмнiң, нашақорлықтың және уытқұмарлықтың салдары туралы ақпараттандыру бойынша iс-шаралар ұйымдастырады;
      5) құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы iс-әрекеттердiң алдын алуда қатысатын әлеуметтiк инфрақұрылым мекемелерiне практикалық және әдiстемелiк көмек көрсетедi;
      6) iшкі iстер, денсаулық сақтау, бiлiм, еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау органдарының тиiстi есептерiнде тұрған тұлғаларға қатысты жеке алдын алу жұмысын жүргiзудi ұйымдастырады.

4. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру

      6. Кеңестi төраға - қала әкiмiнiң орынбасары басқарады. Павлодар қаласы iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары төрағаның орынбасары болып табылады.
      7. Төраға Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады және оның қызметiне басшылық жүргiзедi, Кеңеске жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларының орындалуына жеке жауапты.
      8. Кеңестiң тұрақты мүшелерi бiлiм, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғындарды әлеуметтiк қорғау, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм, әдiлет, экономика және кәсiпкерлiктi қолдау, қаржымен қамтамасыз ету, аймақтың әлеуметтiк саласына жетекшiлiк ететiн органдар басшыларының орынбасарлары, қоғамдық бiрлестiктер және дiни конфессиялар өкiлдерi, сонымен бiрге басқарудың әскери органдары.
      9. Кеңестiң хатшысы Кеңес мәжiлiсiн өткiзуге дайындауды қамтамасыз етедi, әкiмдiктiң, мүдделi мемлекеттiк органдар мен жұртшылықтың ұсынысы бойынша Кеңестiң қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындайды, хаттама жүргiзедi, қабылданатын шешiмдердiң орындалу барысы туралы есеп бередi.     
      10. Кеңес өз қызметiн оның төрағасы бекiткен жыл сайынғы жоспарлар негiзiнде жұмыс мәжiлiстерi ретiнде өткiзiледi, оған құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы iс-әрекеттердiң алдын алуда қатысатын мекемелер, ұйымдар басшылары мен қызметкерлерi, сонымен бiрге прокуратура және қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
      11. Кеңес мәжiлiсi айына кем дегенде бiр рет өткiзiледi. қажет болғанда, Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсi қала әкiмiнiң, Кеңес төрағасының немесе оның мүшелерiнiң елуден астам пайызының бастамасымен өткiзiлуi мүмкiн.
      12. Мәжiлiс қорытындылары бойынша Кеңес қаланың атқарушы органдары мен оның құрылымдық бөлiмшелерi үшiн ұсыным сипатындағы шешiм қабылдайды.
      13. Кеңестiң шешiмi хаттамамен ресiмделедi.

5. Кеңестiң қызметiн тоқтату

      14. Кеңестiң қызметi тоқтату заңнамамен бекiтiлген тәртiпте жүзеге асырылады.

О городском Совете социальной профилактики правонарушений

Постановление акимата города Павлодара от 13 августа 2003 года N 643/18. Зарегистрировано Управлением юстиции Павлодарской области 10 сентября 2003 года за N 2023. Утратило силу - постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 12 января 2007 года N 3/1.

       Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 12 января 2007 года N 3/1.

            В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", в целях организации взаимодействия заинтересованных государственных органов и учреждений в вопросах профилактики правонарушений и антиобщественных проявлений акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать городской Совет социальной профилактики правонарушений (далее - Совет) и утвердить его состав согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Утвердить прилагаемое Положение о Совете.
      3. Произвести официальное опубликование настоящего постановления в течение двух недель с момента его государственной регистрации в территориальном органе Министерства юстиции Республики Казахстан
      4. Контроль за выполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Павлодара Оспанова Х.Т.

      Исполняющий обязанности
      акима города Павлодара                     О. Шаяхметов

                                                              Приложение        
к постановлению акимата  
города Павлодара     
от 13 августа 2003 года N 643/18
"О городском Совете социальной
профилактики правонарушений"

Состав
городского Совета социальной
профилактики правонарушений

Оспанов Халел Темиргалиевич

- заместитель акима города, председатель Совета

Шапенов Шаймаруар Болатович

- заместитель начальника управления внутренних дел города, заместитель председателя Совета (по согласованию)

Сагинова Рымкеш Аугановна

- главный специалист отдела организационной работы, секретарь Совета

члены Совета:

Ахметова Найля Ануарбековна

- заместитель начальника управления внутренней политики города

Байгалина Баглан Нукешевна

- заместитель начальника управления культуры города

Байуакова Мадина Маргумаровна

- начальник управления экономики и развития предпринимательства города

Демесинова Людмила Хатиповна

- заместитель начальника управления социальной защиты населения города

Диярова Камал Дияровна

- заместитель начальника управления образования города

Каленов Амангельды Кинешпаевич

- заместитель Павлодарского городского военного комиссара (по согласованию)

Курмашева Жанар Бектасовна

- начальник отдела кадров управления юстиции Павлодарской области (по согласованию)

Смагулова Гульмира Кадыровна

- заместитель начальника управления здравоохранения города

Темиржанов Туйгынбек Райханович

- заместитель начальника управления занятости города

Щичко Татьяна Игоревна

- заведующая бюджетным отделом управления финансов города

Утверждено        
постановлением акимата  
города Павлодара     
от 13 августа 2003 года N 643/18
"О городском Совете социальной
профилактики правонарушений"

ПОЛОЖЕНИЕ
о городском Совете социальной профилактики правонарушений
  1. Общие положения

      1. Совет социальной профилактики правонарушений (далее - Совет) является постоянно действующим координирующим органом, образованным в целях организации взаимодействия заинтересованных государственных органов и учреждений в вопросах профилактики правонарушений и антиобщественных проявлений.
      2. Совет осуществляет свою деятельность в соответствии с  КонституциейРеспублики Казахстан, Законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и настоящим Положением.
      3. Персональный состав Совета, изменения в его составе утверждаются акиматом города Павлодара.
 

2. Задачи Совета

      4. Основными задачами Совета являются:
      1) координация деятельности государственных органов и учреждений, участвующих в профилактике правонарушений и антиобщественных проявлений;
      2) организация взаимодействия заинтересованных органов по социальной адаптации лиц, вернувшихся из мест лишения свободы, специальных лечебно-профилактических и учебно-воспитательных учреждений, утративших место жительства, родственные и социальные связи;
      3) привлечение средств массовой информации к проведению разъяснительной работы среди населения о состоянии правопорядка и принимаемых мерах по профилактике правонарушений и антиобщественных проявлений;
      4) взаимодействие с общественными и религиозными объединениями, а также юридическими и физическими лицами в вопросах профилактики преступлений, правонарушений и укрепления правопорядка. 
 

3. Функции Совета

      5. Совет осуществляет следующие функции:
      1) организует и контролирует исполнение региональных программ профилактики правонарушений, пьянства и алкоголизма, наркомании и токсикомании;
      2) организует взаимодействие заинтересованных органов и учреждений в принятии мер по трудовому и бытовому устройству, содействии в решении иных вопросов гражданам, вернувшимся из мест лишения свободы, специальных лечебно-профилактических и учебно-воспитательных учреждений, утратившим место жительства, работы, родственные и социальные связи, а также обеспечении медико-социальной реабилитации лиц, больных алкоголизмом, наркоманией и токсикоманией;
      3) обращается с ходатайством в органы здравоохранения по вопросам применения принудительных мер медицинского характера к лицам, больным алкоголизмом, наркоманией и токсикоманией;
      4) организует мероприятия по пропаганде здорового образа жизни и повышению правовой грамотности населения, информированию граждан о негативных последствиях алкоголизма, наркомании и токсикомании;
      5) оказывает практическую и методическую помощь учреждениям социальной инфраструктуры, участвующим в профилактике правонарушений и антиобщественных проявлений;
      6) организует проведение индивидуальной профилактической работы в отношении лиц, состоящих на соответствующих учетах органов внутренних дел, здравоохранения, образования, труда и социальной защиты населения.
 

4. Организация работы Совета

      6. Совет возглавляет председатель заместитель акима города. Заместителем председателя является заместитель начальника органа внутренних дел города Павлодара.
      7. Председатель организует работу Совета и руководит его деятельностью, несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Совет задач и осуществление им своих функций.
      8. Постоянные члены Совета заместители руководителей органов образования, здравоохранения, занятости, социальной защиты населения, культуры, информации и общественного согласия, юстиции, экономики и развития предпринимательства, финансового обеспечения, курирующих вопросы социальной сферы региона, представители общественных объединений и религиозных конфессий, а также военных органов управления.
      9. Секретарь Совета обеспечивает подготовку проведения заседания Совета, по предложению акимата, заинтересованных государственных органов и общественности формирует вопросы, вносимые на рассмотрение Совета, ведет протокол, готовит отчет о ходе исполнения принимаемых решений.
      10. Совет осуществляет свою деятельность на основании ежегодных планов, утвержденных его председателем, в форме рабочих заседаний, на которые, в зависимости от рассматриваемого вопроса, могут быть приглашены руководители и работники учреждений, организаций, участвующих в профилактике правонарушений и антиобщественных проявлений, а также представители прокуратуры и общественных объединений.
      11. Заседание Совета проводится не реже одного раза в месяц. При необходимости, внеочередное заседание Совета может быть проведено по инициативе акима города, председателя Совета или более пятидесяти процентов его членов.
      12. По итогам заседания Совет принимает решение, носящее рекомендательный характер, для исполнительных органов города и их структурных подразделений.
      13. Решение Совета оформляется протоколом.
 

5. Прекращение деятельности Совета.

      14. Прекращение деятельности Совета осуществляется в установленном законодательством порядке.