Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 136/3 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" N 19-1 Заңына, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2002 жылғы 18 шiлдедегi "Өрт сөндiру жөнiндегi жауапкерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында өрт сөндiру кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну Ережесiн бекiту туралы" N 801 қаулысына, Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 19 шiлдедегi "Облыс ормандары, жайылмалар мен дала аумақтарындағы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы" N 129/5 қаулысына сәйкес және үлкен өрттi жою кезiнде жедел басқару, адамдар мен техниканы уақытылы жұмылдыру, Екiбастұз қаласы мен Екiбастұз өңiрi объектiлерiнде мүмкiншiлiк салдарын жедел және бiлiктi бағалау мақсатында қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.Қосымшаға сәйкес Екiбастұз өңiрiнде үлкен өртке қарсы күрес жөнiндегi қалалық жедел штаб құрылсын.
2.Үлкен өртке қарсы күрес бойынша қалалық жедел штаб пен Екiбастұз өңiрiндегi шаруашылықпен айналысатын объектiлермен бiрлесiп өзара iс-қимыл жасау нұсқауы және Екiбастұз қаласының өрт сөндiру гарнизоны өрт сөндiру бөлiмдерiнiң шығу кестесi бекiтiлсiн.
3.Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларына:
1)қалалық жедел штаб сұранымы бойынша өртке қарсы Мемлекеттiк қызметiнiң үшiншi Мамандандырылған отрядының билiгiне үлкен өрттi сөндiру үшiн көмекшi және су таситын техниканың, адамдардың қажеттi санын бөлiп отыру;
2)қаланың өрт сөндiру күзетiмен келiсiлген өз нұсқауларын бекiтiп, өрт сөндiрудi ұйымдастыру туралы бұйрықтарды шығару;
3)өрт сөндiру және көмекшi техниканы жауынгерлiк әзiрлiк дайындыққа келтiру жөнiнде ұтымды шаралар қабылдау, өрт сөндiру гидранттарының дайындығын қамтамасыз ету, өрт сөндiру крандарын тиiстi нормаларға сәйкес топтау ұсынылсын.
4.Екiбастұз қаласының үшiншi мамандандырылған отрядына:
1)ауылдық округтердiң өрт сөндiру-техникалық тексеру және табиғи өрттi сөндiру кезiнде күштер мен құрал-жабдықтардың өзара iс-қимылы бойынша практикалық оқулар жүргiзу;
2)өртке қарсы- техникалық станциясының жауынгерлiк әзiрлiк дайындығын тексеру;
3)Екiбастұз өңiрi аумағында үлкен өрт сөндiру үшiн күштер мен құрал-жабдықтарды тартудың жедел жоспарын тексеруi және түзетуi ұсынылсын.
5.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.М.Көшiмбаевқа жүктелсiн.
Екiбастұз қаласының
әкiмi
Келiсiлдi:
Екiбастұз қалалық төтенше
жағдайлар жөнiндегi
басқармасының бастығы
Екiбастұз қалалық iшкi iстер
бөлiмiнiң бастығы
Өртке қарсы мемлекеттiк
қызметiнiң үшiншi
мамандандырылған отрядының
бастығы
Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң
2003 жылғы "5" қыркүйектегі
"Екiбастұз өңiрiнде өрт сөндiрудi
ұйымдастыру туралы"
N 595/9 қаулысымен
бекiтiлдi
Үлкен өртке қарсы күрес бойынша қалалық жедел штаб пен Екiбастұз өңiрiндегi шаруашылықпен айналысатын объектiлермен бiрлесiп өзара iс-қимыл жасау НҰСҚАУЫ
Қаланың жедел штабты уақытылы шақыру және оның тәртiпке салынған жедел жұмысы мақсатында келесi тәртiп белгiленедi:
1. Өрт сөндiру байланыс пунктiнiң диспетчерi өрт және төтенше жағдайлар туралы хабарларды қабылдап, өртке қарсы мемлекеттiк қызметiнiң үшiншi мамандандырылған отрядының бастығына баяндайды, өртке қарсы мемлекеттiк қызметiнiң үшiншi мамандандырылған отрядының жедел тобын шақырады, төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасының кезекшiсiне баяндайды.
2. Қаланың төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасының кезекшi әкiмшiсi төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасының бастығына өрт туралы баяндайды, сонымен бiрге төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасының командалық пунктiнiң кезектен тыс және үздiксiз байланысын қамтамасыз ету үшiн қалааралық телефон станциясына өрт немесе төтенше жағдай туралы хабарлайды.
3. Шұғыл жағдай бойынша өрт сөндiру диспетчерi өрт болған жерге қаланың авариялық қызметтерiн жiбередi.
1) "Екiбастұзсу" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны;
2) "Горэлектросеть" ашық акционерлiк қоғамы;
3) қалалық денсаулық сақтау бөлiмi;
4) Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Агенттiгi жанындағы 3-әскерилендiрiлген авариялық-құтқару отряды;
5) "Транссервис" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;
6) өрт сөндiру поезы, НОРПОЖ-3 өртке қарсы қызметiнiң Павлодар отрядының Екiбастұз НОРП-11 станциясы;
7) Екiбастұз қалалық телекоммуникациялар торабы;
8) қалалық iшкi iстер бөлiмi;
9) "Екiбастұз жылуорталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi,
10) Төтенше орнына шұғыл әрекет жасау құрама отрядына кiретiн құралымдар жiберiледi жағдайлар жөнiндегi басқармасының қажеттiлiгi бойынша өрт.
Екiбастұз қаласы әкiмiнiң
2003 жылғы "5" қыркүйектегі
"Екiбастұз өңiрiнде өрт сөндiрудi
ұйымдастыру туралы"
N 593/9 қаулысына
қосымша
Үлкен өртке қарсы күрес бойынша қалалық жедел штабының
ҚҰРАМЫ
1 |
Көшiмбаев |
- қала әкiмiнiң жедел шаруашылық мәселелерi және коммуналдық сала жөнiндегi орынбасары, жедел штабтың төрағасы; |
2 |
Садықов |
- Екiбастұз қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың бастығы, жедел штаб төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша); |
3 |
Садралин |
- өртке қарсы мемлекеттiк қызметiнiң үшiншi мамандандырылған отрядының бастығы, жедел штаб төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша); |
Комиссия мүшелерi: |
||
1 |
Надточих |
- "Екiбастұзсу" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының директоры; |
2 |
Варнавский |
- төтенше жағдайлар жөнiндегi Екiбастұз мемлекеттiк техникалық инспекциясының бастығы; |
3 |
Балтабай |
- тұрғын-коммуналды шаруашылық басқармасының бастығы; |
4 |
Попов |
- қалалық телекоммуникация торабының директоры (келiсiм бойынша); |
5 |
Ким |
- үшiншi әскерилендiрiлген авариялық құтқару отрядының командирi (келiсiм бойынша); |
6 |
Ергебаев Самат Әбдiлхамитұлы |
- Екiбастұз қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы (келiсiм бойынша); |
7 |
Тоқжұманов |
- "Қазақстан Темiр Жолы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Павлодар бөлiмшесiнiң Екiбастұз темiржол станциясының бастығы (келiсiм бойынша); |
8 |
Котов |
- қалалық денсаулық сақтау бөлiмi бастығының мiндетiн атқарушы (келiсiм бойынша); |
9 |
Федяев |
- "Екiбастұз жылуорталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры (келiсiм бойынша); |
10 |
Христосова |
- "Транссервис" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры (келiсiм бойынша); |
11 |
Ерғалиев |
- қала әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасары |