Өрт сөндiру жөнiндегі жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт cөндіpy кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 шілдедегі N 801 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында өрт сөндiру кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2002 жылғы 18 шілдедегі
N 801 қаулысымен    
бекiтiлген        

       Ескерту. Ереженің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "өртке қарсы қызмет" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

Өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға
қатысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен
өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында
өрт сөндіру кезінде қажеттi күштер мен құралдарды,
жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ
өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну
ережесi

      1. Ұйымдардың, оның iшiнде филиалдардың, өкiлдiктердiң (бұдан әрi - ұйымдардың) басшылары олардың аумақтарында iрi, күрделi және ұзаққа созылған өрттердi сөндiру, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезiнде өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк іс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн өрт сөндiру жедел штабының талабы бойынша: инженерлiк техника мен өртке қарсы жабдықтарды; жанар-жағар май материалдарын; тамақ өнiмдерiн; жылытылатын үй-жайларды; ҚТБ-ның телефон байланысын; инженерлiк-техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi персоналды ұсынады.
      Жылытылатын үй-жайлар (төмен температура жағдайында)  мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң бос ауысымдағы жеке құрамын жылытуға, құрғақ жауынгерлiк киiмдi ауыстырып киюiне және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына қосуға бөлiнедi.
      Ұйымдардың инженерлiк-техникалық қызметкерлерi өрт сөндiру басшысының өрттердi сөндiрудi және авариялық-құтқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылдауы үшiн, ал қызмет көрсетушi персонал материалдық құндылықтарды көшiруi үшiн тартылады.
      Ұйымдардың қалалық телефон байланысы жергiлiктi атқарушы органдардың өкілдерiн жедел хабардар ету және өзара iс-қимыл жасайтын қызметтермен үздiксiз байланысты ұстап тұру үшiн тегiн пайдаланылады.
      Аумағына өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк іс-қимылдарды орындау үшiн мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi тартылған ұйымдардың бiрiншi басшылары немесе оларды ауыстыратын тұлғалар күштер мен құралдарды бередi.
      Атқарушы органдар, сондай-ақ ұйымдардың басшылары бекiткен тиiстi қызметтермен өзара іс-қимыл жоспарына және ұйымдардың өрт сөндiру жоспарына сәйкес өрттердi сөндiру әрi авариялық-құтқару жұмыстарын орындау, адамдар мен материалдық құндылықтарды көшiру үшiн инженерлiк техника мен өртке қарсы жабдықтар тартылады.
      Оларды жою 3 сағаттан астам уақыт жүзеге асырылатын iрi және күрделi өрттердi сөндiру кезiнде ұйымдардың басшылары өрт бөлiмшелерiнiң жеке құрамын тамақпен және өрт сөндiру техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарының жұмысы үшiн жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етедi.

      2. Аумағында өрт шыққан ұйымдардың басшылары мемлекеттік өртке қарсы қызмет органымен бiрлесiп, 3 күн iшiнде келтiрiлген шығындарды анықтау үшiн өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысқан өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi әрi өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұсынылған күштер мен құралдар, жанар-жағар май материалдары, сондай-ақ тамақ өнiмдерi туралы акт жасайды.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30 N 662 қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады