Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011.08.25 N 279 Қаулысымен
Облыс прокурорының 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 7-5-03 наразылығының негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру Ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 95 қаулысына(2002 жылғы 14 қаңтардағы тіркеу N 499, 2002 жылғы 29 қаңтардағы "Северный Казахстан" г. N 9, 2002 жылғы 8 ақпандағы "Солтүстік Қазақстан" г. N 12, "Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғындық емес қор объектілерін жалға беру Ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 95 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы N 28 қаулысына, 2003 жылғы 21 ақпандағы тіркеу N 841, 2003 жылғы 5 наурыздағы "Северный Казахстан" г. N 28, 2003 жылғы 17 наурыздағы "Солтүстік Қазақстан" г. N 32) келесі өзгертулер енгізілсін:
Облыс әкімдігінің жоғарыда көрсетілген қаулысымен бекітілген мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру Ережесінің 29 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"Жал төлеміне коммуналдық қызмет үшін, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, объектіге көрсетілген қызметтерге төлемдер енгізілмейді. Бұл төлемдерді Жалгер ведомствалық күзетке, пайдалануға беру, коммуналдық, санитарлық және басқа да қызметтерге тікелей төлейді. Мемлекеттік кәсіпорындар көрсетілген төлемдерді баланс ұстаушылар арқылы төлей алады".
Облыс әкімі