"Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру Ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 95 қаулысына өзгертулер енгізу туралы (2002 жылғы 14 қаңтардағы тіркеу N 499)

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 28 маусымдағы N 136 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 31 шілдеде N 986 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы N 279 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011.08.25 N 279 Қаулысымен

      Облыс прокурорының 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 7-5-03 наразылығының негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       "Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру Ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 95 қаулысына(2002 жылғы 14 қаңтардағы тіркеу N 499, 2002 жылғы 29 қаңтардағы "Северный Казахстан" г. N 9, 2002 жылғы 8 ақпандағы "Солтүстік Қазақстан" г. N 12, "Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғындық емес қор объектілерін жалға беру Ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 95 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы N 28 қаулысына, 2003 жылғы 21 ақпандағы тіркеу N 841, 2003 жылғы 5 наурыздағы "Северный Казахстан" г. N 28, 2003 жылғы 17 наурыздағы "Солтүстік Қазақстан" г. N 32) келесі өзгертулер енгізілсін:
      Облыс әкімдігінің жоғарыда көрсетілген қаулысымен бекітілген мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру Ережесінің 29 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "Жал төлеміне коммуналдық қызмет үшін, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, объектіге көрсетілген қызметтерге төлемдер енгізілмейді. Бұл төлемдерді Жалгер ведомствалық күзетке, пайдалануға беру, коммуналдық, санитарлық және басқа да қызметтерге тікелей төлейді. Мемлекеттік кәсіпорындар көрсетілген төлемдерді баланс ұстаушылар арқылы төлей алады".

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады