Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 27.03.2009 N 62 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Заң күші бар Жарлығын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5-шілдедегі 78-ІІ "Қаржылық лизинг туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16-мамырдағы 321-ІІ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын, екінші шақырылған облыстық Мәслихаттың кезекті ХХІІ сессиясының 2003 жылғы 15-қаңтардағы N 275-ІІ "Облыстық Мәслихаттың ХХІ сессиясының 2002 жылғы 6-желтоқсандағы N 258-ІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімін орындауда және "Агросервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Жарғылық капиталы қаржысын тиімді пайдалану мақсатында облыстық әкімият қаулы етеді:
1. 64 "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың Жарғылық қорына жарналар" бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаржыны пайдалану туралы" тіркелген Ережесі бекітілсін.
2. 64 "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың Жарғылық қорына жарналар" бағдарламасының әкімшісі болып Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы белгіленсін (алға қарай - бағдарлама әкімшісі).
3. Бағдарлама әкімшісі кәсіпорынның бөлінген бюджеттік қаржыны мақсатты және тиімді пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ищановқа жүктелсін.
Облыс әкімі А. Мусин
Облыс әкімиятының
2003 жылғы 22 шілдедегі
N 174 қаулысымен бекітілген
64 "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың Жарғылық қорына жарналар" бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлінетін қаржыны пайдалану Ережесі
1. Жалпы шарттар
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Заң күші барЖарлығына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5-шілдедегі N 78-ІІ "Қаржылық лизинг туралы" және 2002 жылғы 16-мамырдағы N 321-ІІ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына, облыс әкімиятының 2003 жылғы 7 ақпандағы N 33 "Облыс әкімиятының 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 22 "Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының 2003 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының Төлқұжаттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына, сондай-ақ, "Агросервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (алға қарай - "КМК") Жарғысына сәйкес жасақталған және 64 "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың Жарғылық қорына жарналар" бағдарламасы бойынша кәсіпорнының Жарғылық капиталына бөлінген қаржыны пайдалану тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. 64 "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың Жарғылық қорына жарналар" бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы, негізгі және айналым қаражаты ретінде, ауыл шаруашылығы техникасын, өнімді мал мен аталық малды (басым бағыт асыл тұқымды малға беріледі), тұқымдық және жанар-жағар материалдар мен басқа да материалдық-техникалық ресурстарды сатып алуға, машина-технологиялық станцияларын құруға, сервистік қызмет көрсетуге, сондай-ақ, малды қолдан ұрықтандыру, жылжымалы коммуналдық шағын-базар мен малдәрігерлік дәріхана жұмыстарын ұйымдастыруға жұмсалады.
2. Қаржыны пайдалану бағыттары
3. КМК Жарғылық капиталы қаржысын пайдалану басым бағыттары - ауыл шаруашылығы және арнаулы техниканы, қосалқы бөлшектерді лизингке беру үшін сатып алу, машина-технологиялық станцияларын құру, тұрғындарға сервистік қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу құқығымен жалға беру, шаруашылық субъектілеріне құндарының қайтарымы негізінде тұқымдық және жанар-жағар материалдар мен басқа да материалдық-техникалық ресурстарды беру арқылы қолдау көрсету, сондай-ақ, Атырау қаласында дистрибьютерлік орталық құру және аудандар мен қаланың, селолық округтерінде ұрықтандыру пункттерін салу арқылы жүргізілетін малды қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.
4. Ауыл шаруашылығы және арнаулы техника, мал, тұқымдық және жанар-жағар материалдар, криогендік жабдықтар және басқа да материалдық-техникалық ресурстар бағдарламаның әкімгері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы белгілеген номенклатура бойынша және мөлшерінде сатып алынады.
5. КМК сатып алған малы, ауыл шаруашылығы техникасы мен басқа да құндылықтары ұсынылған облыстық бизнес-жоспарларына сәйкес заңды және жеке тұлғаларына, аудандар мен қала әкімдерінің ұсыныстары бойынша конкурстық негізде беріледі.
3. Ауыл шаруашылығы малын, техника мен тұқымдық материалды шаруашылық субъектілерге беру тәртібі мен шарттары
6. Ауыл тұрғындарының жұмыста жоқ бөлігін тауарлы өндіріске тарту және облыста мал басын көбейту мақсатында КМК бюджеттік бағдарламаның Паспорттарында белгіленген қаржы шегінде коммуналдық меншігіне өнімді мал мен аталық малды алып, оларды жалгерлік келісім
негізінде шаруашылық субъектілерге төмендегідей шарттар мен көрсетілген мерзімдерге береді:
1) 180 басқа дейін қой - 4 жылға;
2) 30 басқа дейін мүйізді ірі қара малы мен жылқы - 5 жылға;
3) 25 басқа дейін түйе малы - 6 жылға;
4) шаруашылық субъектілері КМК-ға жыл сайын жалға алған мал құнының 6 пайызын төлеп тұруға міндетті;
5) жалға пайдалану мерзім ішінде малдан алынған сүт, шұбат, жүн және басқа да өнімдер шаруашылық субъектілерінің меншігінде қалады;
6) жалға берілген малдың бағып-күту және азықтандыру шығындарын, оларды пайдалану мерзімі бойы, шаруашылық субъектісі өзі өтейді;
7) КМК жылына екі рет келісім шарттың орындалуы және малдың бағып-күтілу жайы тексеріледі.
7. Жалға берілген мал құнын өтеуінің төмендегідей тәртібі белгіленеді:
1) қой малы құнының өтемі екінші жылдан бастап жалгерлік мерзімі бойы жыл сайын тоқсан бойы тең мөлшерінде;
2) мүйізді ірі қара малы мен жылқы құнының өтеуі үшінші жылы - 30%, төртінші жылы - 30%, бесінші жылы - 40% мөлшерінде;
3) түйелер құны үшінші жылдан бастап, жыл сайын 25% төленеді;
4) құны өтелгеннен кейін мал жалға алушының меншігіне көшеді;
5) міндетті төлемдерді өтеу жалгерлік келісім шартында көрсетілген мерзімнен кешіктірген әр күніне шаруашылық субъектілерге жалға алған мал құнының 0,2 пайызы мөлшерінде айыппұл салынады;
8. Шаруашылық субъектілерінің сұраныстары бойынша, кәсіпорынның айналым қаражаты ретінде, тұқымдық материал мен минералды тыңайтқыштар беріліп, олардың құны жылдық қараша-желтоқсан айларында қайтарылады;
КМК берілген тұқымдық материал мен минералды тыңайтқыштар үшін келісімге сәйкес сыйақы (мүддесі) ставкасын тағайындайды.
9. Шаруашылық субъектілерге малды жалға беру және тұқымдық материалды сондай-ақ, лизингтік негізде техниканы бөлу олардың құнынан 1,5 есе артық бағаланған кепілдік мүліктері (мал, пайдалануға жарамды техника, объектілер, құрылыс материалдар, жер учаскелері және т.б.) болған жағдайда беріледі.
10 Ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалар лизинг негізінде заңды және жеке тұлғаларға:
1) тракторлар - 7 жылға,
2) шөп тайлауыш, шөп шабатын және т.б. - 3 жыл мерзімге беріледі.
Техниканың құны жалгерлік мерзім ішінде жылдың әр тоқсан сайын тең мөлшерде өтеліп отырылады.
Шаруашылық субъектілер кәсіпорынға жыл сайын алған техника құнының 7 пайызын төлеп отырады.
КМК шаруашылық субъектілерге берілген техниканың жайына және мақсатты пайдаланылуына мезгіл-мезгіл тексерулер жүргізіп отырады.
Құны толықтай өтелгеннен кейін техника жалға (лизинг) алушының меншігіне айналады.
11. Ауыл шаруашылық техникасы кәсіпорынның филиалы ретінде машинотехнологиялық станцияларды құруға, сатып алынады немесе кәсіпорын белгілеген шартта, тиісті аудандар (қалалар) әкімдерінің келісімі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік (алға қарай - серіктестік). Серіктестіктің жарғылық капиталының негізгі үлесі (шешуші дауысты қамтамасыз ету үшін 70 пайыздан кем емес) КМК-ның иелігінде болады.
Екінші жақ өз үлесін серіктестіктің Жарғылық капиталына мүлік (мал, пайдалануға жарамды техника, құрылыстар, объектілері мен жер учаскелер және т.б.) түрінде сала алады.
Жалға (лизингке) берілген ауыл шаруашылығы техникасы, құны толықтай өтелгенше (тасымалдау, рәсімдеу, міндетті салық төлемдерін төлеу шығындарын қоса), кәсіпорынның теңгерімінде болады және КМК белгілеген сыйақысы есебімен қоса барлық құны өтелгеннен кейін, техника серіктестіктің меншігіне айналады;
Техника құнын қайтару тәртібі мен мерзімі, сыйақы ставкасы, жақтар жауапкершілігі КМК мен серіктестіктің арасындағы жеке келісім шартымен реттеледі;
Серіктестік жұмсалған қаржыны толық қайтармаған жағдайда (берілген ақшалай қаржы, техника мен серіктестік үшін алынған басқа да мүліктің құны) бағдарлама әкімшісінің шешімімен КМК мәжбүрлеп төлету шараларын алады: техниканы, сондай-ақ, айыппұл мен өсімдерді қоса, серіктестікке жұмсалған қаржы толықтай өтелгенше, екінші жақтың Жарғылық капиталына салған мүлікті өзі қойған бағамен және өзінің ұйғарымы бойынша сатады.
4. Жобаларды іріктеу жұмыстарын ұйымдастыру
12. Ауыл шаруашылығы және арнаулы техника мен малды, сондай-ақ, кәсіпорнының негізгі және айналым қаржысын толықтыру үшін материалдарды, құрал-жабдықтарды коммуналдық меншікке сатып алу шешімі бағдарламаныңҒәкімгері құрған конкурстық комиссиясымен қабылданады.
13. Шаруашылық субъектілерінің жобаларын іріктеу функциясы КМК-ға жүктеледі, ол әр жоба бойынша ұсыныс дайындап, оны конкурстық комиссияның қарауына тапсырады.
14. Шаруашылық субъектілерінің жобаларын іріктеу кезінде мынадай талаптар ескеріледі:
1) бюджетке берешегі жоқтығы;
2) қолайлы несие дерекқорының болуы, егер ол болса;
3) жобаның 64 "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың Жарғылық қорына жарналар" бюджеттік бағдарламаның басым бағыттарына сәйкестігі;
4) жоба шарттарының сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасына, өнімді мал түрлеріне қойылатын ұсынылған жобалар бойынша Атырау қаласы мен аудандар әкімдерінің ұсыныстары.
15. Субъектілер жобаларын алғашқы іріктеу сатысында КМК оларға экономикалық, маркетингтік және қаржылық тұрғысынан талдау жасайды. Жасалған талдаулар мен қызметтеріне жүргізілген аудиттік тексерулер үшін КМК келісім бойынша белгілі сыйақы ставканы тағайындауы мүмкін.
16. КМК кепілдікті қамтамасыз ету ретінде малды, жылжымайтын мүлікті, техниканы, жабдықтар мен құрылыс материалдарды, жер участкелерін алады.
17. КМК кепілдік құжаттарының дұрыс ресімделуіне және малдың, ауыл шаруашылығы техникасы мен басқа материалдардың жалға берілуі үшін белгіленген заңнамаға сәйкес жауап береді.
5. Малды қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ұйымдастыруға бөлінген қаржыны пайдалану тәртібі мен шарттары
18. КМК өзінің Жарғылық капиталына бюджеттік қаржы түскеннен кейін, оны мына мақсаттарға пайдаланады:
1) малды қолдан ұрықтандыру пункттері мен дистрибьютерлік орталыққа криогендік жабдықтар, нұсқаулық пен материалдар және аталық бұқалардың ұрығын сатып алуға;
2) сұйытылған азот құйып, тасымалдау қондырғысымен жабдықталған автомашинаны, ұрықтандыру пункттеріне Дьюар ыдыстарын және қызмет бабында пайдаланылатын бір автомашина алуға;
3) аудандардың сұраныстары бойынша жергілікті жерлерде ұрықтандыру пункттерін салуға;
4) дистрибьютерлік орталық пен ұрықтандыру пункттерінің жұмыстарын ұйымдастыруға.
19. Кәсіпорнының негізгі және айналым қаражатын толықтыру үшін коммуналдық меншікке криогендік жабдықтар, материалдар, автомашина және арнаулы техниканы жеткізушілерін іріктеу Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес жүргізіледі.
20. Малды өз төлі есебінен көбейту және сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудандардың ұсыныстарына сәйкес КМК өзіне бөлінген қаржы мөлшерінде малды қолдан ұрықтандыру пункттерін салуды жүзеге асырады.
Малдәрігерлік-санитарлық және зоотехникалық талаптарға сай келетін, қайта жабдықталған орындарда, ұрықтандыру пункттерін ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
21. Селолық округтерде малды қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу аудандар әкімияттарының рұқсатымен комиссия шешімі негізінде жүргізіледі. Комиссия құрамына облыстық және аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары, "Агросервис" КМК-ың өкілдері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Атырау аумақтық басқармасының мемлекеттік инспекторы, аудандық бас малдәрігерлік инспекторы және сол ұрықтандыру пунктінде жұмыс істейтін маман енгізіледі.
22. Комиссия жергілікті жерде ұрықтандыру пунктін қабылдап алу кезінде:
1) елді мекеннің малдәрігерлік-санитарлық жағынан жайлылығын;
2) малды қолдан ұрықтандырушы техниктің біліктілігін;
3) пункттің жұмыс істеуге, оның жабдықтар мен нұсқаулық пе
материалдармен және т.б. қамтылуын;
4) малды қолдан ұрықтандыру әзірлігінің ұйымдастырылуын;
5) тұрғындар иелігіндегі сиырлар мен қашарлардың нақты есебін;
6) пунктте аталық бұқалардың ұрығының, болуын сұйытылған азотты жеткізу кестесінің, ұрықтандырылған малдың есебін жүргізу журналдар мен т.б. тексеруге міндетті.
23. Комиссия облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына малды қолдан ұрықтандыру пунктінің даярлығы туралы акт тапсырады, ол пунктті ашуға тиісті Паспортты беру үшін (1 қосымша) негіз болады.
Малды қолдан ұрықтандыратын техник жоқ жерде пунктті ашуға тыйым салынады.
Аталық бұқалар ұрығы мен сұйытылған азот Паспорты бар пункттерге жеткізіледі.
24. КМК селолық округ әкімнің келісімімен және аудандық ауыл шаруашылығы немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі аумақтық басқармасының±ұсынысымен тиісті округте малды қолдан ұрықтандыруды ұйымдастырып, жүргізуге жауапты техник-ұрықтандырушыны жұмысқа қабылдайды.
25. Малды қолдан ұрықтандыру және өз төлі есебінен өсіру есебін алып, тіркеу үшін техник ұрықтандырушы:
1)±ұрықтандырылған малды тіркеу журналы (2 қосымша);
2) сиырлар мен қашарларды өз төлі есебінен көбейтуді бақылау журналдарын (3 қосымша) жүргізеді.
Осы журналдардың мәліметтері негізінде КМК-ға белгіленген үлгіде ай сайынғы малды асылдандыру ісінің аудандық мемлекеттік инспекторы растаған есепті тапсырады.
26. КМК тоқсан сайын, есептік тоқсанның кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына малды қолдан ұрықтандыру жұмыстарының орындалған көлемі туралы есеп тапсырады.
6. Қорытынды ережелер
27. Кәсіпорынды 64 "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың Жарғылық қорына жарналар" бағдарламасы бойынша қаржыландыруды және кәсіпорнының бекітілген Ережеге сәйкес қаржыны мақсатты және тиімді пайдалануын бақылауды мемлекеттік басқару органы - Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жүзеге асырады.
28. Шаруашылық субъектілеріне берілген мал, сондай-ақ, техника, олардың жалгерлік және қайтарым құнын өтеу мерзімі толық аяқталғанша коммуналдық меншікте болады және оларға кәсіпорын тарапынан тиісті басқару функциясын қолдану құқығы сақталады.
29. Жалгерлік келісім шарттарында тараптардың қалауы бойынша мерзімнен бұрын өтеу құқығы көзделуі мүмкін.
30. КМК шаруашылық субъектілері жалгерлік келісім шарттың ережелерін бұзған жағдайда жалгерлік келісім шартты мерзімнен бұрын бұзуға және есептелген сыйақы ставкасы мен айыппұлдарды қоса нақты берілген ауыл шаруашылығы техникасы мен малды, тұқымдық материалды қайтарып алуға құқылы.
31. Шаруашылық субъектілер - жалға алушылар ауыл шаруашылығы техникасы мен жалгерлік пайдалануға берілген өнімді малдың, тұқымдық материал мен басқаның құнын, сондай-ақ, келісім шартта көрсетілген мерзім ішінде сыйақы (мүддесі) ставкасын өтемеген жағдайда, кәсіпорын берешектің қайтарылуын қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес кепілдік туралы шарттың негізінде шаруашылық субъектісі кепілдікке салған мүлікті сату;
2) сот тәртібімен өндіріп алуды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының "Банкрот туралы" заңына сәйкес сот органдарына борышкерді банкрот деп тану туралы арызбен шағымдану.
64 "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
Жарғылық қорына жарналар" бөлу бойынша
облыстық бюджеттен бөлінген қаржыны
игеру ережесіне сәйкес N 1 қосымша
Сиыр мен қашар тобының ұдайы өндіру (өнімін алу) мақсатында қолдан ұрықтандыру пунктінің Төлқұжаты
_________________________________________ауданы,_____________
селолық округінің мүйізді ірі қараны қолдан ұрықтандыру пункті.
Пункттің ашылған уақыты «___»___________ 200__ж.
Қолдан ұрықтандырушы техник ___________________________
(аты-жөні)
_____________________________________________________________
туған күні_____________ 19____жыл, білімі:___________________
200___ жылы _________ мүйізді ірі қара малын қолдан ұрықтандыру
бойынша арнайы дайындықтан өтті.
Пункттің жағдайы:
а) лаборатория бөлмесінің көлемі, жағдайы_______________
б) жуу бөлмесінің көлемі, жағдайы ______________________
в) тамбур мен қойма бөлмесінің көлемі, жағдайы _________
г) манеж бөлмесінің көлемі, жағдайы ____________________
д) ұрықтандыруға арналған станоктың жағдайы ____________
______________________________________________________________
Пункттің жылу жүйесі ___________________________________
Қанша отын дайындалды _________________________________
Пунктте электрожүйесі бар ма___________________________
Сумен қамтылуы _________________________________________
Жылыту құралдарымен қамтылуы (электроплита, газ
қондырғысы және т.б.)
Қолдан ұрықтандыру пунктіне арналған құрал-саймандар мен материалдар
№ |
Құрал-саймандар мен материалдардың аттары |
Норма бойынша қажеттісі |
Одан қолда бары |
Жарамдылығы |
1 |
Микроскоп (үлк. 200 х 400) |
1 |
||
2 |
Микроскопқа арналған термостат немесе электрожылытқыш |
1 |
||
3 |
Ұрықты тасымалдау және сақтауға арналған |
1 |
||
4 |
Сиырға арналған жатын айнасы |
1 |
||
5 |
Қашарға арналған жатын айнасы |
1 |
||
6 |
Жатын айнасын жарықтандырғыш |
2 |
||
7 |
Микро шприц немесе шприц катетер |
10 |
||
8 |
Инструменттерді залалсыздандыруға арналған стерилизатор |
1 |
||
9 |
Жылыту құралы (электроплита немесе газ плитасы) |
1 |
||
10 |
3 литрлік каструль |
2 |
||
11 |
Тіке және майысқан қайшы |
2 |
||
12 |
Анатомиялық пинцет |
1 |
||
13 |
Инструменттерге арналған подставка құралы |
2 |
||
14 |
Құйғыштарға арналған металды штатив |
1 |
||
15 |
Бөлме термометрі |
3 |
||
16 |
Арнайы термометр |
3 |
||
17 |
Мензурка немесе өлшегіш цилиндр (0,1 - 1л) |
2 |
||
18 |
Шыны немесе полиэтилен құйғыштар |
2 |
||
19 |
Қалық микроскоп әйнегі |
5 |
||
20 |
Жабқыш әйнек |
200 |
||
21 |
Шыны ыдыс (склянки) 1 - 5 л. |
2 |
||
22 |
Шыны банкілер қажатылған тығындар 0,1-0,2 л. |
3 |
||
23 |
Тампоница |
3 |
||
24 |
Қалың қабырғалы табақша |
3 |
||
25 |
Конус формалы колба 1-1,5 л. |
2 |
||
26 |
Бактериологиялық табақшалар |
2 |
||
27 |
Шыны таяқшалар немесе пастер пипеткілері |
10 |
||
28 |
Резинді бүріккіш |
2 |
||
29 |
Инструменттерге арналған шыны әйнегі шкаф |
1 |
||
30 |
Стол |
1 |
||
31 |
Кептіргіш шкаф |
1 |
||
32 |
Қол жуғыш |
2 |
||
33 |
Эсмарх крушкасы |
2 |
||
34 |
Эмалданған шлапшын |
2 |
||
35 |
Эмалданған шелек |
1 |
||
36 |
Таразы, өлшегіштерімен |
2 |
||
37 |
Фурациллин (таблеткіде) |
1 уп. |
||
38 |
Эксикатор |
1 |
||
39 |
Табуретка |
1 |
||
40 |
Қол жуатын щетка |
2 |
||
41 |
Дистиллятор |
2 |
||
42 |
Спиртометр |
1 |
||
43 |
Ұрықты қатыруға арналған құрал: |
1 |
||
44 |
0,3% хлорамин ерітіндісі |
500 мл. |
||
45 |
Спирт-ректификат |
500 г. |
||
46 |
Ас содасы (натрий двууглекислый) |
2,5 кг. |
||
47 |
Лимон қышқылды натрий (натрий лимонокислый, трех замещенный, пяти-водный) |
0,3 кг. |
||
48 |
Ас тұзы (таблетка) |
0,2 кг. |
||
49 |
Ақ таза мақта (гигроскопическая) |
1,5 кг. |
||
50 |
Сары мақта |
5 кг. |
||
51 |
Сүзгі қағаз |
1 кг. |
||
52 |
Кальциленген сода |
10 кг. |
||
53 |
Кір сабын |
2 кг. |
||
54 |
Астарлы клиенка немесе пленка |
5 м. |
||
55 |
Ақ мәрлі |
2 |
||
56 |
Ақ халат |
2 |
||
57 |
Қара халат |
2 |
||
58 |
Резеңкіленген фартук |
2 |
||
59 |
Акушерлік қолғап |
1 |
||
60 |
Орамал |
4 |
||
61 |
Жеңі жоқ жылы кеудеше |
1 |
||
62 |
Резеңке етік және кебіс |
1+1 |
||
63 |
Қолдан ұрықтандыруға арналған бір кезеңдік қосымша құралдар мен саймандар: |
Мал санына байланысты
|
Зоотехникалық есеп жағдайы ______________________
___________________________________________________________
Селолық округ территориясының малдәрігерлік-санитарлық
жағдайы______
Пункттің дайындығы туралы комиссия шешімі:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Қолдары:
Атырау облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының өкілі-комиссия төрағасы ___________________
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы
Министрлігі Атырау аймақтық басқармасының
Бас Мемлекеттік инспекторы ______________________
"Агросервис" КМК-ның өкілі _______________________
Аудандық ауылшаруашылығы
басқармасының өкілі (маман) ______________________
Аудандық Бас малдәрігерлік инспекторы ____________
Қолдан ұрықтандыру пунктінің±ұрықтандырушы-технигі _______
Қолдан ұрықтандырушы техник ____________________________
64 "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
Жарғылық қорына жарналар" бөлу бойынша
облыстық бюджеттен бөлінген қаржыны
игеру ережесіне сәйкес N 2 қосымша
Қолдан ұрықтандырылған аналық малды тіркеу журналы
______________________________________________________________
N | Кличкасы, малдың N,| Соңғы |Қашан және қандай
| енесінің фамилиясы |бұзауланған күні|бұқамен бұзауланғаннан
| | |кейін ұрықтандырылды
| | |Ұрықтан.|Бұқаның
| | |дырылған|кличкасы, N
| | |күні |
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_________________________________________________________________
Соңғы күйтігі келгендегі шығылыстырулар
_________________________________________________________________
Бұзауланғаннан| 1-і рет ұрықтандырылды |Күйтігі келгенде
кейін қанша |----------------------------|---------------------
рет | Ұрықтан |Ұрықтан |Ұрықтың | Ұрықтан |Ұрықтан
ұрықтандырылды| дырудың |дырудың |дозасы | дырудың |дырудың
| күні мен|алдындағы| | күні мен |алдындағы
| сағаты |ұрықтың | | сағаты |ұрықтың
| |сапасы | | |сапасы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
________________________________
2-і рет ұрықтандыру|Сиыр мен
|қашардың
Ұрықтың |бұзаулаған
дозасы |уақыты
________________________________
Пайдаланылмай қалған ұрық мөлшері ____________________дозасы.
Қолдан ұрықтандырушы техник ________________________________
64 "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
Жарғылық қорына жарналар" бөлу бойынша
облыстық бюджеттен бөлінген қаржыны
игеру ережесіне сәйкес N 3 қосымша
Сиыр мен қашардың ұдайы өндірісін (өнімділігін) бақылау журналы
Сиырлар мен қашарлар |
|||||||||||
Жылдың айы |
Басындағы с аны |
ұрықтандырылды |
барлық мал басы |
бұзаулау жоспары, |
|||||||
Жоспар бойынша |
жыл басынан бері |
||||||||||
айы |
жылдың басынан бері |
Бірінші рет |
2 рет |
2 рет |
барлық мал басы |
айына |
жылдың басынан бері |
||||
Мал басы |
% жоспар |
||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
I |
|||||||||||
II |
|||||||||||
III |
|||||||||||
IV |
|||||||||||
V |
|||||||||||
VI |
|||||||||||
VII |
|||||||||||
VII |
|||||||||||
IX |
|||||||||||
X |
|||||||||||
XI |
|||||||||||
XII |
|||||||||||
Жылына барлығы |
кестенің жалғасы
Сиырлар мен қашарлар |
||||||
дұрыс бұзаулағаны |
іш тастағандары |
өлілей бұзаула ғаны |
бұзаулағаннан кейін шуы түспегендері |
буаз күйінде шығын болғандары |
||
айына |
жылдың басынан бері |
|||||
басы |
жоспарға % |
|||||
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
I |
||||||
II |
||||||
III |
||||||
IV |
||||||
V |
||||||
VI |
||||||
VII |
||||||
VIII |
||||||
IX |
||||||
X |
||||||
XI |
||||||
XII |
||||||
Жылына барлығы |
Ескерту: 8, 9, 10 графадағы малдар бұрыннан ұрықтандырылғандар.
Қолдан ұрықтандырушы техник ______________________