Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесін құру туралы

Семей қалалық әкімдігінің 2003 жылғы 7 қазандағы N 537 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 17 қарашада N 1457 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 624 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009.05.19 N 624 қаулысымен
      
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағы 17)тармақшасы негізінде және құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу мәселелерінде құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған, құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу Кеңесінің дербес құрамы 2003 жылғы 1 желтоқсанға дейін қалалық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін.
      4. Осы қаулының атқарылуын бақылау қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы Е.О.Ұңранхаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      
      Семей қаласының әкімі
      міндетін атқарушы

      Қалалық әкімдігінің
2003 жылғы 07 қазандағы
N 537 қаулысына 1-қосымша

Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесінің
ҚҰРАМЫ


Мүсәпірбеков Тұрсынғазы Жантұяқұлы

-

қала әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы

Фахриев Зариф Ғарифұлы

-

ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары

Бейсембин Мұсағали Сағындықұлы

-

ішкі істер басқармасының әкімшілік қызметінің бастығы, Кеңес хатшысы

Кеңестің тұрақты мүшелері

Жандыбаев Арман Тұрсынұлы

-

денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары

Қонысбаева Зәкия Мамышқызы

-

қоғамдық келісім және тіл саясаты бөлімінің бас маманы

Кудрин Вячеслав Владимирович

-

еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары

Масақова Әлия Сәбитқызы

-

қаржы бөлімі бастығының орынбасары

Родионов Сергей Владимирович

-

қала әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы

Пивкин Николай Александровия

-

білім және жастар басқармасы бастығының орынбасары

Полосухин Валерий Леонидович

-

Шығыс әскери округі штаб бастығының орынбасары

Сидельникова Майя Федоровна

-

экономика жөніндегі комитет бастығының орынбасары

Турлина Раиса Жақыпбекқызы

-

мәдениет басқармасы бастығының орынбасары

   
      Қала әкімі аппаратының басшысы

      
      Қала әкімдігінің
2003 жылғы 07 қазандағы
N 537  қаулысына 2-қосымша
 
 

Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

      
1. Жалпы ережелер

      1. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі (бұдан әрі Кеңес) құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алу мәселелерінде мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші орган.
      2. Кеңес қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілері және осы ереже болып табылады.
      3. Кеңес өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты болды. Қала аттас атқарушы орган алдында, сондай-ақ жоғары тұрған Кеңеске есеп береді.

      
      2. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
Кеңесін құру және оның құрылымы

      
      1. Қалалық Кеңесті құру туралы шешімді қалалық жергілікті атқарушы орган - әкімдік қабылдайды. Кеңестің дербес құрамы мәслихат шешімімен бекітіледі.
      2. Кеңеске төраға-қала әкімінің орынбасары басшылық етеді. төрағаның орынбасары ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары болып табылады.
      3. Кеңестің тұрақты мүшелері қаланың әлеуметтік саласының мәселелеріне жетекшілік ететін білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, қоғамдық келісім, экономика жөніндегі комитет, қалалық қаржы бөлімі органдары басшыларының орынбасарлары, қоғамдық бірлестіктер мен діни конфессиялардың, сондай-ақ әскери органдардың өкілдері.
      Кеңес хатшысы - ішкі істер басқармасының қызметкері.

      
      3. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
Кеңесінің мақсаттары мен міндеттері

      
      1. Құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметін үйлестіру.
      2. Бас еркінен айыру орындарынан, арнаулы емдеу алдын алу және оқу-тәрбие мекемелерінен оралған, тұрғылықты жерлерінен, туыстық және әлеуметтік байланыстарынан айырылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу жөнінде мүдделі органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
      3. Бұқаралық ақпарат құралдарын халық арасында құқық тәртібінің жай-күйі және құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алу жөнінде қабылданып отырған шаралар туралы түсіндіру жұмысын жүргізуге тарту.
      4. Қылмыстардың, құқық бұзушылықтық алдын алу және құқық тәртібін нығайту мәселелерінде қоғамдық және діни бірлестіктермен, сондай-ақ Заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл.

      
      4. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
Кеңесінің құзыреті

      
      1. Құқық бұзушылықтың, ішімдік пен маскүнемдіктің, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу аймақтық бағдарламаларының атқарылуын ұйымдастыру және бақылау.
      2. Бас еркінен айыру орындарынан, арнаулы емдеу алдын алу және оқу тәрбие мекемелерінен оралған, тұрғылықты жерлерінен, жұмысынан, туыстық және әлеуметтік байланыстарынан айырылған азаматтарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру, өзге мәселелерін шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ маскүнемдікпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды медициналық - әлеуметтік оңалту жөнінен шаралар қабылдауда мүдделі органдар мен мекемелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
      3. Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық сипаттағы күштеу шараларын қолдану мәселелері бойынша денсаулық сақтау органдарына өтініш жасау.
      4. Салауатты өмір салтын насихаттауды және халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарылатуды ұйымдастыру, маскүнемдіктің, нашақорлық пен уытқұмарлықтың жағымсыз зардаптары жөнінде азаматтарды хабардар ету.
      5. Құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын әлеуметтік инфрақұрылым мекемелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
      6. Ішкі істер, денсаулық сақтау, білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының тиісті есептерінде тұрған адамдар тұрғысында жеке алдын алу жұмысын жүргізуді ұйымдастыру.

      
      5. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

      
      1. Кеңес өз қызметін әкім бекітетін жыл сайынғы жоспарлар негізіндегі жұмыс мәжілістері нысанында жүзеге асырады, бұл мәжілістерге қаралатын мәселелерге байланысты прокуратура қызметкерлері және құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысушы мекемелер, ұйымдар басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылуы мүмкін. Қала Кеңесінің мәжілістері айына бір реттен сиретпей шақырылады. Қажет болған жағдайда кезектен тыс мәжіліс әкімнің, Кеңес төрағасының немесе оның мүшелерінің елу пайыздан астамының бастамасымен өткізілуі мүмкін.
      2. Кеңес хатшысы әкімдіктің, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ұсыныстары негізінде мәжілісті өткізуге әзірлікті қамтамасыз етеді, қарауға енгізілетін мәселелер тізбесін қалыптастырады, хаттама жүргізеді, қабылданған шешімдердің атқарылу барысы туралы есепті әзірлейді.
      3. Кеңес әр мәжіліс нәтижелері бойынша атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері үшін ұсынымдық сипаттағы шешімдерді қабылдайды. Міндетті маңызы бар немесе азаматтардың құқықтары, еркіндіктері мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдау қажет болған жағдайда Кеңес нормативтік құқықтық кесім жобасын әзірлейді, оны заңнамада белгіленген тәртіппен әкім немесе әкімдік қабылдайды, және ол әділет органдарында тіркеуге және ресми түрде жариялауға жатады.
      4. Кеңес кесімдерінің қолданылуы заңда белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін.
      
      Қала әкімі
      аппаратының басшысы

О создании Совета социальной профилактики правонарушений

Постановление акимата города Семипалатинска от 7 октября 2003 года N 537. Зарегистрировано Управлением юстиции Восточно-Казахстанской области 17 ноября 2003 года за N 1457. Утратило силу постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 19 мая 2009 года N 624

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 19.05.2009 N 624.
      
      На основании подпункта 17) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148-11 "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и в целях улучшения взаимодействия правоохранительных и государственных органов в вопросах социальной профилактики правонарушений, акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Образовать городской Совет социальной профилактики правонарушений, согласно приложению N 1.
      2. Утвердить Положение о Совете социальной профилактики правонарушений, согласно приложению N 2.
      3. Внести персональный состав Совета социальной профилактики правонарушений на утверждение сессии городского маслихата до 1 декабря 2003 года.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на начальника государственно-правового отдела аппарата акима города Уранхаева Е.О.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня опубликования.
      
      И.О.Акима города Семипалатинска

Приложение N 1
      к постановлению акимата
города от 7 октября
      2003 года N 537

      СОСТАВ
Совета социальной профилактики правонарушений

Мусапирбеков
Турсунгазы Жантуякович

заместитель акима города, председатель Совета

Фахриев Зариф Гарифович

заместитель начальника управления  внутренних дел, заместитель председателя Совета

Бейсембин Мусагали Сагындыкович

начальник административной службы управления внутренних дел, секретарь Совета

постоянные члены Совета

Жандыбаев Арман Турсынович

заместитель начальника управления здравоохранения

Конысбаева Закия Мамышевна

главный специалист отдела общественного согласия и языковой политики

Кудрин Вячеслав Владимирович

заместитель начальника управления труда и социальной защиты населения

Масакова Алия Сабитовна

заместитель начальника финансового отдела

Родионов Сергей Владимирович

ведущий специалист общественно - политического отдела аппарата акима города

Пивкин Николай Александрович

заместитель начальника  управления образования и молодежи

Полосухин Валерий
Леонидович

заместитель начальника штаба Восточного военного округа

Сидельникова Мая
Федоровна

заместитель начальника комитета по экономике

Турлина Раиса Жекпековна

заместитель начальника управления культуры

      
      Руководитель аппарата акима города

                                         Приложение N 2
      к постановлению акимата
      от 7 октября 2003 года
N 537

П О Л О Ж Е Н И Е
о Совете социальной профилактики правонарушений 1. Общие положения

      1. Совет социальной профилактики правонарушений (далее Совет) постоянно действующий координирующий орган, создаваемый в целях организации взаимодействия заинтересованных государственных органов и учреждений в вопросах профилактики правонарушений и антиобщественных проявлений.
      2. Правовой основой деятельности Совета является Конституция Республики Казахстан, Закон Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", иные нормативно-правовые акты Республики Казахстан и настоящее положение.
      3. Совет в своей деятельности несет ответственность перед местным исполнительным органом. Совет города подотчетен одноименному исполнительному органу, а также вышестоящему Совету.

2. Образование и структура Совета социальной
профилактики правонарушений

      1. Решение о создании городского Совета принимается городским местным исполнительным органом - акиматом. Персональный состав Совета утверждается решением маслихата.
      2. Совет возглавляет председатель - заместитель акима города. Заместителем председателя является заместитель начальника управления внутренних дел.
      3. Постоянные члены Совета - заместители руководителей органов образования, здравоохранения, труда и социальной защиты населения, культуры, общественного согласия, комитета по экономике и городского финансового отдела, курирующих вопросы социальной сферы города, представители общественных объединений и религиозных конфессий, а также военных органов.
      Секретарь Совета - сотрудник управления внутренних дел.

3. Цели и задачи Совета социальной
профилактики правонарушений

      1. Координация деятельности государственных органов и учреждений, участвующих в профилактике правонарушений и антиобщественных проявлений.
      2. Организация взаимодействия заинтересованных органов по социальной адаптации лиц, вернувшихся из мест лишения свободы, специальных лечебно-профилактических и учебно-воспитательных учреждений, утративших место жительства, родственные и социальные связи.
      3. Привлечение средств массовой информации к проведению разъяснительной работы среди населения о состоянии правопорядка и принимаемых мерах по профилактике правонарушений и антиобщественных проявлений.
      4. Взаимодействие с общественными и религиозными объединениями, а также юридическими и физическими лицами в вопросах профилактики преступлений, правонарушений и укрепление правопорядка.

4. Компетенция Совета социальной
профилактики правонарушений

      1. Организация и контроль за исполнением региональных программ профилактики правонарушений, пьянства и алкоголизма, наркомании и токсикомании.
      2. Организация взаимодействия заинтересованных органов и учреждений в принятии мер по трудовому и бытовому устройству, содействии в решении иных вопросов гражданами, вернувшимися из мест лишения свободы, специальных лечебно-профилактических и учебно-воспитательных учреждений, утратившим место жительства, работы, родственные и социальные связи, а также обеспечение медико-социальной реабилитации лиц, больных алкоголизмом и токсикоманией.
      3. Обращения с ходатайством в органы здравоохранения по вопросам применения принудительных мер медицинского характера к лицам, больных алкоголизмом, наркоманией и токсикоманией.
      4. Организация пропаганды здорового образа жизни и повышения правовой грамотности населения, информирование граждан о негативных последствиях алкоголизма, наркомании и токсикомании.
      5. Оказание практической и методической помощи учреждениям социальной инфраструктуры, участвующим в профилактике правонарушений и антиобщественных проявлений.
      6. Организация проведения индивидуальной профилактической работы в отношении лиц, состоящих на соответствующих учетах органов внутренних дел, здравоохранения, образования, труда и социальной защиты населения.

5. Организация  работы Совета социальной
профилактики правонарушений

      1. Совет осуществляет свою деятельность на основе ежегодных планов, утвержденных акимом, в форме рабочих заседаний, на которые в зависимости от рассматриваемого вопроса, могут быть приглашены работники прокуратуры и руководители учреждений, организаций, участвующих в профилактике правонарушений и антиобщественных проявлений, а также представители общественных объединений. Заседание Совета города - не реже одного раза в месяц. При необходимости внеочередное заседание может быть проведено по инициативе акима, председателя Совета или более пятидесяти процентов его членов.
      2. Секретарь Совета обеспечивает подготовку проведения заседания, на основании предложений акимата, заинтересованных государственных органов и общественности, формирует перечень вопросов, выносимых на рассмотрение, ведет протокол, готовит отчет о ходе исполнения принимаемых решений.
      3. По итогам каждого заседания Совет принимает решения, носящие рекомендательный характер для исполнительных органов и их структурных подразделений. В случае необходимого принятия решения, имеющее обязательное значение или касающегося прав, свобод и обязанностей граждан, Совет разрабатывает проект нормативного правового акта, который в установленном законодательством порядке принимается акимом или акиматом и подлежит государственной регистрации в органах юстиции, и официальному опубликованию.
      4. Действие актов Совета может быть приостановлено или отменено в установленном законом порядке.

      Руководитель аппарата
      акима города