Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009.05.19 N 624 қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағы 17)тармақшасы негізінде және құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу мәселелерінде құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған, құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу Кеңесінің дербес құрамы 2003 жылғы 1 желтоқсанға дейін қалалық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін.
4. Осы қаулының атқарылуын бақылау қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы Е.О.Ұңранхаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Семей қаласының әкімі
міндетін атқарушы
Қалалық әкімдігінің
2003 жылғы 07 қазандағы
N 537 қаулысына 1-қосымша
Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Мүсәпірбеков Тұрсынғазы Жантұяқұлы |
- |
қала әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы |
Фахриев Зариф Ғарифұлы |
- |
ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары |
Бейсембин Мұсағали Сағындықұлы |
- |
ішкі істер басқармасының әкімшілік қызметінің бастығы, Кеңес хатшысы |
Кеңестің тұрақты мүшелері |
||
Жандыбаев Арман Тұрсынұлы |
- |
денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары |
Қонысбаева Зәкия Мамышқызы |
- |
қоғамдық келісім және тіл саясаты бөлімінің бас маманы |
Кудрин Вячеслав Владимирович |
- |
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары |
Масақова Әлия Сәбитқызы |
- |
қаржы бөлімі бастығының орынбасары |
Родионов Сергей Владимирович |
- |
қала әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы |
Пивкин Николай Александровия |
- |
білім және жастар басқармасы бастығының орынбасары |
Полосухин Валерий Леонидович |
- |
Шығыс әскери округі штаб бастығының орынбасары |
Сидельникова Майя Федоровна |
- |
экономика жөніндегі комитет бастығының орынбасары |
Турлина Раиса Жақыпбекқызы |
- |
мәдениет басқармасы бастығының орынбасары |
Қала әкімі аппаратының басшысы
Қала әкімдігінің
2003 жылғы 07 қазандағы
N 537 қаулысына 2-қосымша
Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі (бұдан әрі Кеңес) құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алу мәселелерінде мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші орган.
2. Кеңес қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілері және осы ереже болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты болды. Қала аттас атқарушы орган алдында, сондай-ақ жоғары тұрған Кеңеске есеп береді.
2. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
Кеңесін құру және оның құрылымы
1. Қалалық Кеңесті құру туралы шешімді қалалық жергілікті атқарушы орган - әкімдік қабылдайды. Кеңестің дербес құрамы мәслихат шешімімен бекітіледі.
2. Кеңеске төраға-қала әкімінің орынбасары басшылық етеді. төрағаның орынбасары ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары болып табылады.
3. Кеңестің тұрақты мүшелері қаланың әлеуметтік саласының мәселелеріне жетекшілік ететін білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, қоғамдық келісім, экономика жөніндегі комитет, қалалық қаржы бөлімі органдары басшыларының орынбасарлары, қоғамдық бірлестіктер мен діни конфессиялардың, сондай-ақ әскери органдардың өкілдері.
Кеңес хатшысы - ішкі істер басқармасының қызметкері.
3. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
Кеңесінің мақсаттары мен міндеттері
1. Құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметін үйлестіру.
2. Бас еркінен айыру орындарынан, арнаулы емдеу алдын алу және оқу-тәрбие мекемелерінен оралған, тұрғылықты жерлерінен, туыстық және әлеуметтік байланыстарынан айырылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу жөнінде мүдделі органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарын халық арасында құқық тәртібінің жай-күйі және құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алу жөнінде қабылданып отырған шаралар туралы түсіндіру жұмысын жүргізуге тарту.
4. Қылмыстардың, құқық бұзушылықтық алдын алу және құқық тәртібін нығайту мәселелерінде қоғамдық және діни бірлестіктермен, сондай-ақ Заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл.
4. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
Кеңесінің құзыреті
1. Құқық бұзушылықтың, ішімдік пен маскүнемдіктің, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу аймақтық бағдарламаларының атқарылуын ұйымдастыру және бақылау.
2. Бас еркінен айыру орындарынан, арнаулы емдеу алдын алу және оқу тәрбие мекемелерінен оралған, тұрғылықты жерлерінен, жұмысынан, туыстық және әлеуметтік байланыстарынан айырылған азаматтарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру, өзге мәселелерін шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ маскүнемдікпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды медициналық - әлеуметтік оңалту жөнінен шаралар қабылдауда мүдделі органдар мен мекемелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
3. Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық сипаттағы күштеу шараларын қолдану мәселелері бойынша денсаулық сақтау органдарына өтініш жасау.
4. Салауатты өмір салтын насихаттауды және халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарылатуды ұйымдастыру, маскүнемдіктің, нашақорлық пен уытқұмарлықтың жағымсыз зардаптары жөнінде азаматтарды хабардар ету.
5. Құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын әлеуметтік инфрақұрылым мекемелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
6. Ішкі істер, денсаулық сақтау, білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының тиісті есептерінде тұрған адамдар тұрғысында жеке алдын алу жұмысын жүргізуді ұйымдастыру.
5. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
1. Кеңес өз қызметін әкім бекітетін жыл сайынғы жоспарлар негізіндегі жұмыс мәжілістері нысанында жүзеге асырады, бұл мәжілістерге қаралатын мәселелерге байланысты прокуратура қызметкерлері және құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысушы мекемелер, ұйымдар басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылуы мүмкін. Қала Кеңесінің мәжілістері айына бір реттен сиретпей шақырылады. Қажет болған жағдайда кезектен тыс мәжіліс әкімнің, Кеңес төрағасының немесе оның мүшелерінің елу пайыздан астамының бастамасымен өткізілуі мүмкін.
2. Кеңес хатшысы әкімдіктің, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ұсыныстары негізінде мәжілісті өткізуге әзірлікті қамтамасыз етеді, қарауға енгізілетін мәселелер тізбесін қалыптастырады, хаттама жүргізеді, қабылданған шешімдердің атқарылу барысы туралы есепті әзірлейді.
3. Кеңес әр мәжіліс нәтижелері бойынша атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері үшін ұсынымдық сипаттағы шешімдерді қабылдайды. Міндетті маңызы бар немесе азаматтардың құқықтары, еркіндіктері мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдау қажет болған жағдайда Кеңес нормативтік құқықтық кесім жобасын әзірлейді, оны заңнамада белгіленген тәртіппен әкім немесе әкімдік қабылдайды, және ол әділет органдарында тіркеуге және ресми түрде жариялауға жатады.
4. Кеңес кесімдерінің қолданылуы заңда белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін.
Қала әкімі
аппаратының басшысы