Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Зaңдарына сәйкес және Ақжайық, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Сырым аудандары мәслихаттары мен әкімдерінің бірлескен шешімідерінің негізінде облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тұрғындарының көшіп кетуіне байланысты төмендегі елді мекендер таратылсын және деректер есебінен шығарылып тасталсын:
Ақжайық ауданы бойынша:
Ақсуат ауылдық округінің Қосауыз ауылы;
Қабыршақты ауылдық округінің Шымқұдық ауылы;
Бөкейордасы ауданы бойынша:
Саралжын ауылдық округінің Жаңа ауыл ауылы;
Жаңақала ауданы бойынша:
Мәстексай ауылдық округінің Екпінді ауылы;
Жаңажол ауылдық округінің Нәрік ауылы;
Пятимар ауылдық округінің Әлімбек ауылы;
Жәнібек ауданы бойынша:
Ақоба ауылдық округінің Мәңгүр ауылы және Жиембет ауылы;
Қамысты ауылдық округінің Бірінші Май ауылы;
Ұзынкөл ауылдық округінің Мұратсай ауылы;
Жақсыбай ауылдық округінің Құнаншапқан ауылы;
Талов ауылдық округінің Бірлік ауылы;
Сырым ауданы бойынша:
Қособа ауылдық округінің Қырымқожа ауылы;
Елтай ауылдық округінің Тінәлі ауылы және Батпақты ауылы;
Талдыбұлақ ауылдық округінің Аққұдық ауылы және Арайлы ауылы;
Алғабас ауылдық округінің Ақсай ауылы.
Облмәслихат сессия төрағасы Облыс әкімі
Облмәслихат хатшысы