Батыс Қазақстан облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін деректер есебінен шығару туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 29-4 бірлескен шешімі. Батыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 6 наурызда N 2011.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Зaңдарына сәйкес және Ақжайық, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Сырым аудандары мәслихаттары мен әкімдерінің бірлескен шешімідерінің негізінде облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Тұрғындарының көшіп кетуіне байланысты төмендегі елді мекендер таратылсын және деректер есебінен шығарылып тасталсын:
      Ақжайық ауданы бойынша:
      Ақсуат ауылдық округінің Қосауыз ауылы;
      Қабыршақты ауылдық округінің Шымқұдық ауылы;
      Бөкейордасы ауданы бойынша:
      Саралжын ауылдық округінің Жаңа ауыл ауылы;
      Жаңақала ауданы бойынша:
      Мәстексай ауылдық округінің Екпінді ауылы;
      Жаңажол ауылдық округінің Нәрік ауылы;
      Пятимар ауылдық округінің Әлімбек ауылы;
      Жәнібек ауданы бойынша:
      Ақоба ауылдық округінің Мәңгүр ауылы және Жиембет ауылы;
      Қамысты ауылдық округінің Бірінші Май ауылы;
      Ұзынкөл ауылдық округінің Мұратсай ауылы;
      Жақсыбай ауылдық округінің Құнаншапқан ауылы;
      Талов ауылдық округінің Бірлік ауылы;
      Сырым ауданы бойынша:
      Қособа ауылдық округінің Қырымқожа ауылы;
      Елтай ауылдық округінің Тінәлі ауылы және Батпақты ауылы;
      Талдыбұлақ ауылдық округінің Аққұдық ауылы және Арайлы ауылы;
      Алғабас ауылдық округінің Ақсай ауылы.

      Облмәслихат сессия төрағасы        Облыс әкімі
      Облмәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады