Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетi Төрағасының 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 230 бұйрығымен.
---------------Бұйрықтан үзінді----------------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес кейбiр бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлiгi Бәсекелестiктi
қорғау комитетi Төрағасының
2006 жылғы 22 қыркүйектегі
N 230 бұйрығына
қосымша
Күшi жойылған кейбiр бұйрықтардың
тiзбесi
...
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгi Төрағасының 2004 жылғы 6 қаңтардағы N 07-ОД бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2671 нөмiрiмен тiркелген)...
-------------------------------
"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. "Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi N 86-НҚ
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 18 мамырда N 1511 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жаршысында жарияланған, 2001 жыл, N 25, 436-құжат, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2002 жылғы 13 маусымдағы N 122-НҚ
бұйрығымен
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiнiң:
13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тiзiлiмдi қалыптастыру кезiнде тауар рыноктарын талдау үшiн:
1) рыноктардағы өндiрiстiң, экспорттың және импорттың көлемдері туралы статистикалық ақпарат;
2) қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары туралы есептер; өнiмдердiң монополиялық түрлерi жөнiндегi ақпарат: шығару көлемдерi, босату бағалары және өндiру табыстылығы;
3) рыноктар субъектiлерiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өндiру көлемдерi, рынокқа жеткiзу, рынокқа енгiзу көлемдерi, рыноктан тыс жерге шығару көлемдерi, рынокқа экспорттау және импорттау туралы ақпарат;
4) монополияға қарсы орган жүргiзген тексерiс процесiнде алынған ақпарат;
5) монополияға қарсы органның тауар рыногына талдау жүргiзу процесiнде, соның iшiнде консультанттарды тартумен, алынған ақпарат;
6) мемлекеттiк органдар ұсынған ақпарат;
7) монополияға қарсы органның өзiнiң мiндеттерi мен функцияларын орындау процесiнде алған өзге ақпаратты пайдаланылуы мүмкiн.
Рынок субъектiсiн монополист деп тану туралы қорытынды дайындау кезiнде монополияға қарсы органдар монополияға қарсы орган жанындағы Сараптама кеңесiнiң және басқа сарапшылардың ұсынымдарын ескеруге құқығы бар.";
15-тармағындағы "жыл iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiнiң N 1-қосымшасының атауындағы "___" жылға арналған" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Бәсекелестiктi қорғау және дамытуды үйлестiру департаментi (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк және аумақтық жұмыстар департаментi (Б.Б.Досан):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.