Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетi Төрағасының 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 230 бұйрығымен.
---------------Бұйрықтан үзінді----------------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес кейбiр бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлiгi Бәсекелестiктi
қорғау комитетi Төрағасының
2006 жылғы 22 қыркүйектегі
N 230 бұйрығына
қосымша
Күшi жойылған кейбiр бұйрықтардың
тiзбесi
...
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгi Төрағасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi N 86-ОД бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1511 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жаршысында басылған, 2001 ж., N 25, 463-құжат)...
-------------------------------
"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы"
Заңға
сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Экономикалық талдау және қаржылық қамтамасыз ету департаментi (С.Ержанова) осы Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. "Рынокта үстем (монополиялық) жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 30 сәуiрдегi N 25-ОД
бұйрығының
күшi жойылды деп танылсын.
4. Ұйымдастыру-инспекторлық басқармасы (Ғ.Сауытов) осы бұйрықты Агенттiктiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттерiнiң назарына жеткiзсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары С.Құрманғалиевқа жүктелсiн.
Агенттік төрағасы
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық)
жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк
тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу
ЕРЕЖЕСІ
Ескерту. Мәтiн бойынша "үстем" деген сөзден кейiн "(монополиялық)" деген сөзбен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті
қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Ереже "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Заң күшi бар
Жарлығына
сәйкес және "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713
қаулысының
негiзiнде әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - орталық монополияға қарсы орган) мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық монополияға қарсы органдар) жүргiзетiн Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
2. Тiзiлiм - бәсекелiк салада кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, тиiстi тауар рыногындағы үлесi жыл сайын монополияға қарсы орган белгiлейтiн шектi шамадан асатын рынок субъектiлерiнiң атаулы тiзбесi.
3. Бәсекелiк салаға объективтi түрде технологиялық, экономикалық және әлеуметтiк себептер болғандықтан, рыноктық кеңiстiктi ұйымдастырудың неғұрлым мақсатқа сай нысаны рынок субъектiлерiнiң еркiн бәсекесiнiң қарым-қатынастары болып табылатын рыноктар жатады.
4. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар:
тауар рыногы - сатып алушының тауарды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) экономикалық, аумақтық және технологиялық сатып алу мүмкiндiгiмен айқындалатын, алмастырушысы немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлары (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жоқ тауар айналымының саласы;
бiрiн-бiрi алмастыратын тауар - сатып алушы тұтыну процесiнде функциялық тағайындалуы, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары мен басқа өлшемдерi бойынша оларды бiр-бiрiмен нақты алмастыра алатындай немесе алмастыруға даяр болатындай салыстыруға келетiн тауарлардың тобы;
географиялық шекаралар немесе географиялық рынок тұтынушылардың осы тауарды сатып ала алатын және осы аймақтан тыс жерде экономикалық және басқа себептер бойынша сатып алуға мүмкiндiгi жоқ аймақ. Белгiлi бiр немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбiр түрiнiң олардың айналымының географиялық ауданын кескіндейтiн шекаралары бар жеке рыногы болады, олар облыстың әкiмшiлiк шекаралары мен өзге де елдi мекендердiң шекаралары болуы мүмкiн. <*>
үстем (монополиялық) жағдай - тауар рыногындағы рынок субъектiсiнiң бәсекеге терiс әсер ететiн, басқа рынок субъектiлерiнiң тауар рыногына кiруiн қиындататын немесе басқаша түрде олардың экономикалық қызметiнiң еркiндiгiн шектейтiн ерекше жағдайы.
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
2. Тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу тәртiбi
5. Тiзiлiмдi қалыптастыру экономикалық және әлеуметтiк мәндi тауар рыноктарын және бәсекеге қарсы iс-қимылдар, яғни басқа рынок субъектiлерiнiң еркiн бәсекеге құқықтарын бұзу жолымен бәсекенi шектеуге немесе жоюға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын қызмет байқалған тауар рыноктарын талдау негiзiнде жүргiзiледi. Сонымен бiрге үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн анықтау мақсатында тауар рыногын талдауды монополияға қарсы органдар осы рыноктың бiр субъектiсi бiр рет бұзған фактiсi анықталғанда, жүргiзедi. <*>
Экономикалық және әлеуметтiк мәндi тауар рыноктарына басқа тауар топтарына қарағанда, баға мультипликаторы болып табылатын өнiмдер мен халықтың тұрмыс деңгейiне мәндi әсер ететiн қызмет көрсетулер (көмiр, мұнай, мұнай өнiмдерi, электр және жылу энергиясы, табиғи газ, астық, нан, қант, дәрi-дәрмек, сұйытылған газ және олардың бағасын көтеруге әкелетiн қызмет көрсетулер, қатты тұрмыс қалдықтарын әкету және көму, жолаушыларды тасымалдау және басқалар) жатады.
Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
6. Тiзiлiмге меншiк нысандарына қарамастан, тауар рыноктарындағы үлесi жыл сайын монополияға қарсы орган белгiлейтiн шектi шамадан асатын барлық қазақстандық және шетелдiк заңды тұлғалар енгiзiледi. <*>
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
7. Тауар рыногындағы рынок субъектiсi үлесiнiң шектi шамасын оның жағдайы үстем (монополиялық) деп танылған жағдайда, жыл сайын монополияға қарсы орган белгiлейдi, бiрақ ол 35%-дан кем болмауға тиiс.
8. Тиiстi тауар рыногындағы үлесi монополияға қарсы орган жыл сайын белгiлейтiн шектi шамадан кем рынок субъектiлерi, егер үстем (монополиялық) жағдайды монополияға қарсы орган мыналардың негiзiнде белгiлесе, Тiзiлiмге енгiзiлуге жатады:
- рынок субъектiсiнiң тиiстi тауар рыногындағы үлесiнiң тұрақтылығы;
- рыноктағы бәсекелестерге тиесiлi үлестерiнiң салыстырмалы мөлшерi;
- жаңа рынок субъектiлерiнiң (бәсекелестердiң) рынокқа кiру мүмкiндiктерi.
9. Үстем (монополиялық) жағдайы мынадай талаптарға сәйкес танылған рынок субъектiлерiнiң тобы Тiзiлiмге енгiзiлуге жатады:
белгiлi бiр тауар рыногындағы екiден көп емес рынок субъектiлерiнiң жиынтық үлесi 50 және одан көп пайызды құраса;
белгiлi бiр тауар рыногындағы үштен көп емес рынок субъектiлерiнiң жиынтық үлесi 70 және одан көп пайызды құраса.
9-1. Тiзiлiмге енгiзуге қызметтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес монополиялық түрде жүзеге асыратын және (немесе) белгiлi бiр қызметтер түрi рыногында онда бәсекенiң жоқтығына орай үстем (монополиялық) жағдайға ие мемлекеттiк кәсiпорындар жатады.
Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
10. Өндiрiсi жаңа технологиялар мен ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiн қолданумен байланысты жаңа, тектестерi жоқ және сұранысқа ие тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзе отырып, белгiлi бiр тауар рыногына алғаш кiрген рынок субъектiлерiнiң үстем (монополиялық) жағдайы бiр жыл бойы монополиялық деп танылмайды.
Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
11. Рынок субъектiсiнiң үстемдiк үлесiн есептеу монополияға қарсы орган әзiрлеген, белгiлi бiр тауар түрi рыногының шекараларын айқындау тәртiбi және рынок субъектiсiн монополист деп тану туралы нормативтiк құқықтық актiге сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
12. Рынок субъектiсiнiң үстемдiк үлесi субъектiнiң белгiлi бiр тауар немесе қызмет түрiн тиiсiнше:
тауар рыногы шекараларынан тыс әкету көлемiн қоспағанда, оның географиялық шекараларымен айқындалған тауар рыногына жеткiзу немесе өткiзу көлемiнiң белгiлi бiр тауарлар түрлерi рыногының жалпы көлемiне;
оның географиялық шекараларымен айқындалған тауар рыногына жеткiзу немесе өткiзу көлемiнiң белгiлi бiр тауарлар түрлерi рыногының жалпы көлемiне арақатынасы ретiнде айқындалады.
Белгiлi бiр тауар түрi рыногының жалпы көлемi осы рынок субъектiлерiнiң белгiлi бiр немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарларды әкелу және әкету көлемдерiн ескере отырып, белгiлi бiр немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарларды жеткiзу немесе өткiзу сомасы ретiнде айқындалады.
Белгiлi бiр қызметтер (жұмыстар) түрi рыногының жалпы көлемi қаралып отырған рыноктың барлық субъектiлерiнiң белгiлi бiр немесе бiрiн-бiрi алмастыратын қызметтердi (жұмыстарды) жеткiзу немесе өткiзу сомасы ретiнде айқындалады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
13. Тiзiлiмдi қалыптастыру кезiнде тауар рыноктарын талдау үшiн:
1) рыноктардағы өндiрiстiң, экспорттың және импорттың көлемдері туралы статистикалық ақпарат;
2) қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары туралы есептер; өнiмдердiң монополиялық түрлерi жөнiндегi ақпарат: шығару көлемдерi, босату бағалары және өндiру табыстылығы;
3) рыноктар субъектiлерiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өндiру көлемдерi, рынокқа жеткiзу, рынокқа енгiзу көлемдерi, рыноктан тыс жерге шығару көлемдерi, рынокқа экспорттау және импорттау туралы ақпарат;
4) монополияға қарсы орган жүргiзген тексерiс процесiнде алынған ақпарат;
5) монополияға қарсы органның тауар рыногына талдау жүргiзу процесiнде, соның iшiнде консультанттарды тартумен, алынған ақпарат;
6) мемлекеттiк органдар ұсынған ақпарат;
7) монополияға қарсы органның өзiнiң мiндеттерi мен функцияларын орындау процесiнде алған өзге ақпаратты пайдаланылуы мүмкiн.
Рынок субъектiсiн монополист деп тану туралы қорытынды дайындау кезiнде монополияға қарсы органдар монополияға қарсы орган жанындағы Сараптама кеңесiнiң және басқа сарапшылардың ұсынымдарын ескеруге құқығы бар.
Ескерту. 13-тармақ өзгертілді, жаңа редакцияда жазылды
- ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
,
2004 жылғы 6 қаңтардағы N 7-НҚ
бұйрығымен
.
14. Тiзiлiм және монополияға қарсы органның бұйрығымен (Тiзiлiм нысаны 1-қосымшада келтiрiлген) бекiтiледi.
Ескерту. 14-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
,
2004 жылғы 6 қаңтардағы N 7-НҚ
бұйрығымен
.
15. Тiзiмге өзгерiстер монополияға қарсы органның тиiстi бөлiмшесi шешiмiнiң негiзiнде монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен енгiзiледi. Осы тармақтың 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда өзгерiстер ағымдағы жылдың соңғы тоқсанының қорытындысы бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
1) шығарылған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) номенклатурасы өзгерген;
2) тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi құрылған, қайта ұйымдастырылған, таратылған;
3) бұрын жұмыс жасаған рынок субъектiлерiнiң негiзiнде жаңа шаруашылық жүргiзушi субъектілер құрылған;
4) бәсекелес ортаның жай-күйiне талдау жүргiзу барысында экономикалық және әлеуметтiк мәндi тауар рыноктарында монополияға қарсы (аумақтық) орган жыл сайын белгілейтiн шектi шамадан жоғары үлесi бар жаңа рынок субъектілерi анықталған;
5) бәсекенi шектеуге әкелетiн рынок субъектiлерiнiң iс-әрекеттерi туралы растайтын фактiлер анықталған;
6) рынок субъектiсiнiң мәртебесi өзгерген немесе оның тауар рыногындағы үлесi төмендеген жағдайларда енгiзiледi.
Ескерту. 15-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
,
2004 жылғы 6 қаңтардағы N 7-НҚ
бұйрығымен
.
16. Субъектiлер Тiзiлiм бекiтiлген күннен бастап 10 күн мерзiмде олардың Тiзiлiмге енгiзiлгенi (шығарылғаны) туралы (хабарлама нысаны N 2 қосымшада келтiрiлген) хабарландырылады.
Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
17. <*>
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда, алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
,
2004 жылғы 6 шілдедегі N 312-НҚ
бұйрығымен
.
3. Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерiне қатысты
қолданылатын шаралар
19. Мемлекеттiк тiзiлiм монополистiк қызметтi ескерту және болдырмау құралы болып табылады. Монополияға қарсы (аумақтық) орган рынок субъектiсiн Тiзiлiмге енгiзгеннен кейiн:
1) оның акцияларының (үлестерiнiң, пайларының) қосылуына, берiлуiне және сатылуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
2) рынок субъектiсi құрылымындағы өзгерiстерге бақылау жасауды жүзеге асырады;
3) Тiзiлiмге енгiзiлген субъектiлердiң тұтынушылармен жасасқан шарттарына бақылау жасауды жүзеге асырады;
4) Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлері басшыларының директорлар кеңесiне және бәсекелесушi құрылымдардағы қоғамды басқару органдарына қатысуын қадағалайды; <*>
5) жоғары пайда алу үшiн баға келiсудi, бағаны кемсiтушiлiктi және монополиялық жоғары (төмен) бағаларды қолдануды болдырмау мақсатында ай сайын монополиялық өнiмге қойылған бағаларды бақылауды жүзеге асыру.
Ескерту. 19-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау
және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
20. Монополияға қарсы орган Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыратын рыноктарға талдау жүргiзедi. Жүргiзілген талдау нәтижелерi бойынша бәсекенi дамыту үшін мүмкiндiктер қарайды және монополистік қызметтi болдырмау мен монополияландырылған рыноктарда бәсекенi күшейту жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
Ескерту. 20-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
21. Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлері монополияға қарсы органға:
1-жарты жылдық нәтижелерi бойынша үстiмiздегi жылдың 1 тамызына дейiнгi мерзiмде, 2-жарты жылдықтың нәтижелерi бойынша келесi жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде қаржы-шаруашылық қызметi туралы есеп;
ай сайын кәсiпорындардың акцияларын (үлестерiн, пайларын) сату және басқаруға беру туралы мәлiметтер;
өнiмнiң монополиялық түрлерi: өндiрiс көлемi, босату бағалары және өндiрiстiң кiрiстiлiгi жөнiнде ақпарат ұсынуға мiндеттi.
Ескерту. 21-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
22. Тiзiлiмге енгiзiлген субъект 30 күнде монополияға қарсы органға монополиялық өндiрiлген тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағалардың алдағы уақытта көтерiлуi туралы және көтеру себептерiн растайтын құжаттарды (мысалы, шикiзатты жеткiзiп беру құнын арттыру кезiнде шарттың көшiрмесiн жiберу және т.б.) тапсыра отырып, оларды көтерудiң себептерi туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 22-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
23. Тiзiлiмге енгiзiлген субъектiлердiң монополияға қарсы
заң
нормаларын бұзған фактiлерi анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган монополияға қарсы ықпал ету шараларын қолданады.
Ескерту. 23-тармақ өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ
бұйрығымен
.
24. Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерiнiң монополияға қарсы (аумақтық) органның шешiмiн, нұсқамасын орындамаған жағдайда:
тәртiп бұзғанға дейiн қолданылған ереженi қалпына келтiру туралы, монополияға қарсы (аумақтық) орган сотқа тәртiп бұзғанға дейiн қолданылған ереженi қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы арызбен жүгiнуге құқылы;
монополияға қарсы заңдарға қайшы келетiн актiнi толығымен немесе iшiнара алып тастау туралы, монополияға қарсы (аумақтық) орган сотқа актiнi толық немесе iшiнара жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы;
монополияға қарсы заңдарға қайшы келетiн шартты өзгерту немесе бұзу туралы не шартты рыноктың басқа субъектiсiмен жасасу туралы монополияға қарсы (аумақтық) орган сотқа шартты толық немесе iшiнара жарамсыз деп тану туралы не шартты жасасуға мәжбүрлеу туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы;
монополияға қарсы заңдарды бұзу нәтижесiнде алынған кiрiстi бюджетке аудару туралы, монополияға қарсы (аумақтық) орган сотқа монополияға қарсы заңдарды бұзу нәтижесiнде алынған кiрiстi бюджетке өндiрiп алу туралы талап-арыз ұсынуға құқылы.
25. Аумақтық монополияға қарсы органның мiндеттi нұсқамалар сипаты бар шешiмдерiне, сондай-ақ рынок субъектiлерiне айып салу туралы шешiмдерiне орталық монополияға қарсы органда шағым жасалуы мүмкiн. Монополияға қарсы органның шешiмдерi сот органдарында заңда белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем
(монополиялық) жағдайға ие рынок
субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн
қалыптастыру және жүргiзу ережесіне
N 1 қосымша
Ескерту. 1-қосымша өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 6 қаңтардағы N 7-НҚ бұйрығымен .
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық)
жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмі
____________________________________________________________________
Рет. Рынок Рынок Тауарлар. Рынок Рынок Рынок. Тізілім
тік субъек. субъек. дың солар субъек. субъек. тың нің бе.
N тісінің тісінің бойынша тісінің тісінің геогра. кітіл.
(субъек. (субъек. рынок (субъек. (субъек. фиялық гені
тілері. тілері. субъектісі тілері. тілері. шека. (Тізі.
нің) нің) заң. (субъекті. нің) нің) ралары лімге
атауы ды мекен- лері) жағдайын үстемдік өзгеріс
жайы Тізілімге үстем үлесі тер мен
енгізіліп деп толықты
отырған тануға рулар
атаулары негіздеме енгізіл
гені)
туралы
Агент.
тік
бұйрығы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем
(монополиялық) жағдайға ие рынок
субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн
қалыптастыру және жүргiзу ережесіне
N 2 қосымша
Ескерту. N 2 қосымша өзгерді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2002.06.13. N 122-НҚ бұйрығымен .
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық)
жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмге
енгізілгені, шығарылғаны туралы хабарлама
____________________________________________________________________ рынок субъектісінің атауы
____________________________________________________________________
Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) олар бойынша рынок
субъектісі Тізілімге енгізілетін, шығарылатын атауы
____________________________________________________________________
Агенттік бұйрығының оның негізінде рынок субъектісі Тізілімге
енгізілетін, шығарылатын N және күні
Тiзілімге енгiзілген, шығарылған рынок субъектілері монополияға қарсы органға:
- 1-жарты жылдық нәтижелерi бойынша үстіміздегi жылдың 1 тамызына дейiнгi мерзімде, 2-жарты жылдықтың нәтижелері бойынша келесi жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп;
- кәсіпорындардың акцияларын (үлестерiн, пайларын) сату және басқаруға беру туралы мәлiметтер;
- өнiмнің монополиялық түрлерi: өндiрiс көлемi, босату бағалары және өндірістің кірістілігі жөнiнде ай сайын ақпарат ұсынуға мiндеттi.
Тізілімге енгізілген, шығарылған субъект 30 күн мерзімде монополияға қарсы органға монополиялық өндiрiлген тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағалардың алдағы уақытта көтерілуі туралы және көтеру себептерін растайтын құжаттарды (мысалы, шикiзатты жеткізiп беру құнын арттыру кезінде шарттың көшiрмесiн жiберу және т.б.) тапсыра отырып, оларды көтерудiң себептерi туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндетті.
Агенттік төрағасы