Күші жойылды - ҚР Туризм және Спорт министрлігінің 2008.10.23 N 01-08/181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
---------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңын
іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. ...
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттігінің төраға міндетін атқарушының 2004 жылғы 12 наурыздағы N 06-2-2/89"Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризм нұсқаушыларының барлық түрі, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесін бекіту туралы", (N 2738 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, 2004 ж., N 19-20, 920б "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған)
бұйрықтың
күші жойылды деп танылсын.
3. ...
4. ...
5. ...
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы Қ. Өскенбаев
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризм нұсқаушыларының барлық түрі, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесі бекітілсін.
2. Туризм және халықаралық ынтымақтастық басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге белгіленген тәртіппен енгізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары (Е.С.Никитинскийге) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның міндетін
атқарушы
"Туристік ұйымдар қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру, оларды
аттестаттау және қоғамдық туристік
кадрлардың әртүрлі санаттарын
даярлау (спорттық туризмнің барлық
түрінің нұсқаушылары, туристік
құтқарушылар және басқалар)
Ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт жөніндегі агенттігі
төрағасының міндетін атқарушысының
2004 жылғы 12 наурыздағы
N 06-2-2/89 бұйрығымен
бекітілген
Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік
кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық
туризмнің барлық түрінің нұсқаушылары, туристік
құтқарушылар және басқалар) ережесі
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің мәселелері" 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына сәйкес әзірленді және туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (бұдан әрі - туристік кадрлар).
2. Туристік кадрларға:
1) кәсіби жоғары немесе орта арнаулы туристік білімі бар кәсіби жеке тұлғалар, сонымен қатар туристік салада кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар туристік ұйымдардың қызметкерлері;
2) туризм саласында сәйкес кәсіби дайындығы немесе кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар, туристік индустрия саласында қоғамдық бастамаларда немесе ақылы төлем негізінде халыққа қызмет көрсете алатын жеке тұлғалар жатады.
3. Туристік кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен аттестаттау туризм саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге, халықаралық стандарттарға сәйкес туризмді дамытуға қабілетті, жоғары білікті кадрлармен саланы қамтамасыз ету, кәсіби шеберлікті, туристік жорықтарды өткізуде жауапкершілікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
4. Туристік кадрларды даярлаудың, олардың біліктілігін арттыру мен аттестаттаудың негізгі міндеттері:
1) туристік іс-шараларды мазмұнды өткізу үшін кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіру;
2) туризмді дамыту саласындағы жаңа жетістіктер бойынша білім алуда мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру;
3) туризм түрлерін дамытуда шетел тәжірибесін зерделеу, қорытындылау және тарату болып табылады.
2. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру
5. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру мақсаты - рыноктық экономиканың өскелең талаптарына сай кадрлардың теориялық және практикалық білімдерін жаңарту болып табылады.
6. Біліктілігін арттыру бүкіл еңбек қызметінде 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.
7. Мамандардың біліктілігін арттырудан өту кезеңділігін жұмыс беруші белгілейді.
8. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстан қол үзіп және қол үзбей өткізілетін оқу іс-шараларының (мектеп, курстар, семинарлар, жиындар) шеңберінде сондай-ақ ішкі туризмнің белсенді түрлерін дамытатын ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, оқу мақсаттарында өткізілетін жорықтарда, маршруттарда, жарыстарда, экспедицияларда жүзеге асырылады.
9. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру шарттық негізде, білім беру ұйымдарының базасында (туристік салалар үшін кадрлар дайындайтын ғылыми, жоғары және орта кәсіби оқу орындарында) ұйымдастырылады.
10. Біліктілігін арттырудан өткен адамдарға осы Ереженің қосымшасында белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі.
3. Туристік кадрларды аттестаттау
дайындығы мен оны өткізу
11. Туристік кадрларды аттестаттаудың мақсаты олардың кәсіби дайындық деңгейін айқындау, қауіпсіз және тиімді туристік жорықтар мен экскурсиялар жүргізу кезінде жан-жақтылығы мен жете білушілігі, ұйымдастыру қабілеттілігі болып табылады.
12. Аттестаттау әрбір 5 жыл өткен сайын өткізіледі.
13. Туристік кадрлар аттестаттаудан:
1) жұмыс берушінің шешімі бойынша;
2) тиісті нұсқаушы санатын немесе экскурсия жетекшісі санатын алу мақсатында, өз қалауы бойынша;
3) қызметі туристік жорықтар мен экскурсиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты ұйымның жолдамасы бойынша өтеді.
14. Аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) аттестаттауды өткізуге дайындық;
2) туризм саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша тестілеу;
3) туризм мәселелері бойынша әңгімелесу;
4) туристік кадрларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімін шығару (бұдан әрі - Комиссия).
15. Комиссия туризм мәселелерін жүргізетін жергілікті атқарушы органдардың жанынан 9 адамнан құрылады. Комиссияның құрамына туризм мәселелерін жүргізетін жергілікті атқарушы органдардың мамандары, туристік саланы дамытумен айналысатын заңды тұлғалардың өкілдері, білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді (туристік салалар үшін кадрлар дайындайтын ғылыми, жоғары және орта кәсіби оқу орындарында).
16. Комиссия ұсынылған материалдарды зерделеп, тестілеу мен әңгімелесудің нәтижелері негізінде мына шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) аттестатталды және туризм саласында бұдан әрі жұмыс істеуді жалғастыруы үшін ұсынылады;
2) қайта аттестаттаудан өткізіледі;
3) аттестатталмаған.
17. Комиссияның шешімі хаттамамен және аттестациялық парақпен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды.
Шешім ашық дауыс беру жолымен қабылданады және, егер комиссияның отырысында оның мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, қабылданды деп есептелінеді. Дауыс беру нәтижесі қорытынды отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда шешім аттестатталған адамның пайдасына қабылданды деп есептелінеді.
18. Аттестаттау нәтижелері бойынша қоғамдық туристік кадрларға еңбек қызметінің ерекшелігіне байланысты тиісті санаттар беріледі.
4. Қоғамдық туристік кадрлардың
әртүрлі санаттарын дайындау
19. Қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын дайындауды туристік жарыстарды, оқу-жаттығу жорықтарын және экскурсияларды, әртүрлі күрделі туристік маршруттарды өткізу кезінде, сондай-ақ қоғамдық туристік бірлестіктер ұйымдастырған туристік іс-шараларда (курстарда, семинарларда, жиындарда), экскурсия жетекшілерінің курстарында спорттық туризмнің облыстық федерациялары жүзеге асырады.
"Туристік ұйымдар қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру, оларды
аттестаттау және қоғамдық туристік
кадрлардың әртүрлі санаттарын
даярлау (спорттық туризмнің барлық
түрінің нұсқаушылары, туристік
құтқарушылар және басқалар)
Ережесіне қосымша
Сертификат
__________________________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
берілді, өйткені ол ____________________________________ мамандығы
бойынша біліктілігін арттыру курсын бітірді
Жетекші
_____________________________ М.О. ___________
(аты-жөні, лауазымы) (қолы)
200_жылғы "___"_________ берілді Тіркеу N_____