Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 01-08/181 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 17 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5357 болып енгізілді.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.12.2018 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттігінің төраға міндетін атқарушының 2004 жылғы 12 наурыздағы N 06-2-2/89 "Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризм нұсқаушыларының барлық түрі, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесін бекіту туралы ", (N 2738 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, 2004 ж., N 19-20, 920б "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған) бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризмді дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (К.Т. Әбуов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
Қ. Өскенбаев

  Қазақстан Республикасының
туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының
2008 жылғы 23 қазандағы
№ 01-08/181 бұйрығымен
бекітілген

Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 140 (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және туристік қызмет саласындағы мамандарды (бұдан әрі - мамандар) қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

      1) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      2) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      3) оқу бағдарламасы - әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      4) оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

2-тарау. Туристік қызмет саласындағы мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібі

      3. Мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады (бұдан әрі - білім беру ұйымдары).

      4. Білім беру ұйымдары мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыруды, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 78 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10500 болып тіркелген) бекітілген Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын Жалпы талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      5. Мамандарды қайта даярлау және олардын біліктілігін арттыру курс нысандарында өтетін, сабақтар түрінде өткізіледі.

      6. Курстардың ұзақтығы оқу бағдарламаларымен анықталады.

      7. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің келісімі бойынша күнтізбелік жылға арналған курстардың кестелерін, оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді.

      Бекітілген кестелердің көшірмелерін білім беру ұйымдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      8. Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкес бекітілген курстар кестесі бойынша жүзеге асырылады.

      9. Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға арналған құжаттарды қабылдау осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мамандарға осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі.

3-тарау. "Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің тәртібі

      11. "Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші) туристік қызмет саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған (бұдан әрі - Стандарт).

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туристік қызмет саласындағы қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтуге өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынады.

      13. Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

      14. Құжаттар ұсынылған кезде оның көшірмесіне құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарының күні, уақыты және нөмірі қамтылған көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны қойылады.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды қабылданған күні тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді және құжаттарды орындауға береді.

      17. Жауапты орындаушы тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау туралы қолхат (бұдан әрі - қабылдау туралы қолхат) немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі - бас тарту туралы қолхат) дайындайды.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қабылдау туралы қолхатқа немесе бас тарту туралы қолхатқа қол қояды. Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

      19. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.

      20. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдауды растау шағымды қабылдаушы адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде оны тіркеу болып табылады.

      Шағымда көрсетіледі:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы (жеке тұлға үшін);

      2) атауы, пошта мекенжайы (заңды тұлға үшін).

      Шағымның шығыс нөміріне және күніне көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

      Шағым тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.

      22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Туристік қызмет саласындағы
мамандарды қайта даярлау және
біліктілігін арттыру
Қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ________________________
(оқу өткізетін ұйымның атауы)

Сертификат №___

      Осы сертификат _____________________________________ берілді

      (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда))

      ол туристік қызмет саласындағы___________________________________________

      (қайта даярлау және біліктілікті арттыру)

      бойынша курстан "___" __________________ бастап

      "___"_____________________________ дейін____________ сағат көлемінде өтті.

      ________________________________                  __________

      (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда)                        (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы)

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________ Мөр орны

      (Болған жағдайда)

  Туристік қызмет саласындағы
мамандарды қайта даярлау және
біліктілігін арттыру
Қағидаларына
2-қосымша

"Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау туралы қолхат немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туристік қызмет саласындағы қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға өтінім;
2) көрсетілетін қызметті берушінің туристік операторлық қызметіне берілген лицензиясының көшірмесі немесе турагенттердің мемлекеттік электрондық тізілімнен үзінді;
3) көрсетілетін қызметті алушының қызметкерлерінің туристік бейіндегі пәндер бойынша білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушының қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

Құжаттардың толық емес топтамасы және/немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 17 34

  Туристік қызмет саласындағы
мамандарды қайта даярлау және
біліктілігін арттыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(оқу өткізетін ұйымның атауы)
_________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІМ

      Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру өту үшін:

      Тақырыбы:_____________________

Р/с

Заңды тұлғаның қызметкерлерінің тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)

Лауазымының толық атауы

Тақырыбы

Кезеңі (курстың басталу және аяқталу күні)

Байланыс (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)

1






2






3







______________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)

_______________________________
(заңды тұлғаның - қолы)

  Туристік қызмет саласындағы
мамандарды қайта даярлау және
біліктілігін арттыру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(өтініш беруші: заңды тұлға
үшін толық атауы)
____________________________
(мекен жайы)

Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау туралы қолхат

      ________________________________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы

      Құжаттар тізбесіне сәйкес туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға

      және біліктілігін арттыруға құжаттар топтамасы қабылданғаны расталады, соның ішінде:

      Құжаттардың атауы

      1) ________________________________;

      2) ________________________________;

      3) ________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Білім беру ұйымының уәкілетті лауазымды тұлғасы _______________________________
(тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Мөр үшін орын __________________
(бар болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл

  Туристік қызмет саласындағы
мамандарды қайта даярлау және
біліктілігін арттыру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
___________________________
(мекен жайы)

Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      ________________________________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы

      ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты туристік қызмет саласындағы

      мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда

      1) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);

      2) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);

      3) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі).

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Білім беру ұйымының уәкілетті лауазымды тұлғасы _______________________________
(тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Мөр үшін орын __________________
(бар болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады