Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының және шетел эмитенттеріне арналған ең төменгі рейтингтің тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 9 ақпандағы N 25 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2740. Күші жойылды - ҚР ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 128 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N  128  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.

      Ескерту: Қаулының атауына, кіріспесіне өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 45   қаулысымен .

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабының  5-тармағындағы е-1)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:       
      1. Екінші деңгейдегі банктердің мәмілелерді мынадай халықаралық қаржылық ұйымдардың облигацияларымен жүзеге асыруы мүмкін екендігі белгіленсін:
      1) Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Devolopment);
      2) Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
      3) Азия даму банкі (Asian Devolopment Bank);
      4) Африка даму банкі (the African Devolopment Bank);
      5) Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Devolopment);
      6)  Америкааралық даму банкі (the Inter-American Devolopment Bank);
      7) Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank);
      8) Ислам даму банкі (the Islamic Devolopment Bank);
      9) Скандинавия инвестициялық банкі ((the Nordic Investment Bank);
      10) Еуропа кеңесінің даму банкі (the Council of Europe Devolopment Bank).
      1-1. Екінші деңгейдегі банктердің ("Standard & Poor's» немесе»Fitch»рейтинг агенттіктерінің топтастыруы бойынша)»"А-"-дан төмен емес немесе ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің топтастыруы бойынша)»"А3"-тен төмен емес шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындығы белгіленсін.
      Екінші деңгейдегі банктер облигацияларымен мәмілелерді осы тармақта айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыра алатын шетел эмитенттерінің рейтингі төмендеген кезде екінші деңгейдегі банктер көрсетілген төмендеу орын алған айдан кейін келетін үш күнтізбелік айдың ішінде өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкес келтіреді.
       Ескерту: 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 45   қаулысымен .
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың өзін-өзі реттеуші ұйымдарына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      4.  Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
      реттеу мен қадағалау жөніндегі
      агенттігінің Төрағасы

Об утверждении перечня международных финансовых организаций и минимального рейтинга для иностранных эмитентов, с облигациями которых банки второго уровня вправе совершать сделки

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 9 февраля 2004 г. N 25. Зарегистрировано Министерством юстиции Республики Казахстан 17 марта 2004 года N 2740. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года N 128

       Сноска. Постановление Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 9 февраля 2004 г.  N 25  утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 30 апреля 2007 года N 128 (вводится в действие по истечении 14 дней со дня его гос. регистрации).       

      Сноска. Название и преамбула постановления с изменениями -  постановлением  Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года N 45 (вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации и его действие распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2006 года).

       
     В соответствии с пунктом 5  статьи 8  Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить, что банки второго уровня вправе осуществлять сделки с облигациями следующих международных финансовых организаций:
      1) Международный банк реконструкции и развития (the International Bank for Reconstruction and Development);
      2) Международная финансовая корпорация (the International Finance Corporation);
      3) Азиатский банк развития (the Asian Development Bank);
      4) Африканский банк развития (the African Development Bank);
      5) Европейский банк реконструкции и развития (the European Bank for Reconstruction and Development);
      6) Межамериканский банк развития (the Inter-American Development Bank);
      7) Европейский инвестиционный банк (the European Investment Bank);
      8) Исламский банк развития (the Islamic Development Bank);
      9) Скандинавский инвестиционный банк (the Nordic Investment Bank);
      10) Банк Развития Европейского Совета (the Council of Europe Development Bank).

      1-1. Установить, что банки второго уровня могут осуществлять сделки с облигациями иностранных эмитентов, имеющих рейтинг не ниже "А-" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" и "Fitch") или не ниже "А3" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service").
      При понижении рейтинга иностранных эмитентов, с облигациями которых банки второго уровня могут осуществлять сделки, ниже уровня, определенного в настоящем пункте, банки второго уровня в течение трех календарных месяцев, следующих за месяцем, в котором произошло указанное понижение, приводят свою деятельность в соответствие с требованиями настоящего пункта.
      Сноска. Постановление дополнено п. 1-1 -  постановлением  Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года N 45 (вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации и его действие распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2006 года).

      2. Департаменту стратегии и анализа Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (Еденбаев Е.С.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня, объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", саморегулируемых организаций профессиональных участников рынка ценных бумаг, организатора торгов.

      3. Департаменту по обеспечению деятельности Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан обеспечить публикацию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций Бахмутову Е.Л.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Председатель Агентства Республики Казахстан
      по регулированию и надзору финансового
      рынка и финансовых организаций