Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 575 Бұйрығымен.
------------------- Бұйрықтан үзінді --------------------
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. ...
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. ...
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. М. Оразаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2008 жылғы 12 қыркүйектегі
N 575 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1. ...
2. ...
3. ...
4. ...
5. "Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесін және бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушінің куәлігі бланкының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 наурыздағы N 103
бұйрығы
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2782 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 25-28, 950-бет).
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы
Заңына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесі;
2) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушінің куәлігі бланкының нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары-Министр
"Бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқым
өндірушілерді аттестаттау
(қайта аттестаттау) ережесін
және бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқым
өндірушінің куәлігі
бланкының нысанын
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2004 жылғы 2 наурыздағы
N 103 бұйрығымен
бекітілген
Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым
өндірушілерді аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесі
1. Осы бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесі (бұдан әрі - Ереже) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарын өндіру және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау (қайта аттестаттау) тәртібін және шарттарын айқындайды.
2. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші мәртебесін алуға үміткер жеке және заңды тұлғалар осы Ережемен айқындалатын біліктілік талаптарына сай болулары тиіс.
3. Элиталық тұқым өндіруші шаруашылық мәртебесі бар және бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушіге қойылатын біліктілік талаптарына сай жеке және заңды тұлғалар сонымен қатар бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші мәртебесін алуға үміттене алады.
2. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым
өндірушілерге қойылатын біліктілік талаптары
4. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерге (бұдан әрі - тұқым шаруашылықтары) қойылатын біліктілік талаптарына мыналар енеді:
1) тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем болмауы;
2) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндіруді жүргізу үшін жеткілікті егістік алқаптың (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егіс егістігінің) болуы;
3) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған және екіден кем емес айналымнан өткен игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістердің болуы;
4) соңғы үш жылдағы егістік құрылымындағы сүрі жерлер алқабының (суармалы жерлерге талап жүрмейді; астықты-отамалы дақылда ауыспалы егістерде сүрі жерлерді көпжылдық шөптердің жер қыртысымен алмастыруға жол беріледі) шаруашылық бойынша орташа есеппен 16 пайыздан кем болмауы;
5) тұқым шаруашылығы егістіктерінің жалпы егістік алқапта 20 пайыздан кем болмауы;
6) солар бойынша тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақылдардың саны 3-тен артық болмауы тиіс;
7) сол бойынша тұқым шаруашылығы жүргізілетін әрбір өңделетін дақыл бойынша сорттардың саны 3-тен артық болмауы тиіс;
8) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап үш жылдан кем емес мерзімге бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру үшін элиталық тұқым жеткізу туралы элиталық тұқым өндіруші шаруашылықпен жасалған шарттың болуы;
9) нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өңдеу агротехнологиясын ұстау;
10) тұқым шаруашылығы аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым шаруашылығы аумағында сонымен қатар аттестаттау сәтіне дейін үш жылдан кем емес кезеңде де болмауы тиіс;
11) агроном-тұқымшының біреуден кем болмауы;
12) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
13) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген сорттық тұқымдарды өсіру жөніндегі сызбаның болуы;
14) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланған көлемін өндіру үшін қажетті ассортиментте және көлемде негізгі тұқымдық материалдың болуы;
15) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланған көлемін өндіру жөніндегі жұмыстардың барлық кешенін қамтамасыз етуге арналған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының, оның ішінде тұқым тазалайтын техниканың және тұқымды дәрілейтін техниканың, қажетті санының болуы;
16) араласуына жол бермей тұқым партияларын орналастыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған қырмандардың, жабық асфальттанған алаңқайлардың, қоймалардың жеткілікті көлемде болуы;
17) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқым аттестаты, тұқым куәлігі, тұқымның сапасы туралы куәлік) есеп жүргізу;
18) тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының 3 жылдан кем емес мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ету;
19) материалды-техникалық базаның өндірістік қызметті жүзеге асыруға жарамдылығы туралы:
санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының - өндірістік базаның экология және адам денсаулығы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне;
өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың - карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы қорытындылардың болуы.
3. Тұқым шаруашылығын аттестаттау
(қайта аттестаттау) тәртібі
5. Тұқым шаруашылығын аттестаттауды (қайта аттестаттауды) оның өтініші негізінде сандық құрамы 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия жүзеге асырады. Ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (бұдан әрі - облыстық аумақтық басқарма) бастығының бұйрығымен құрылады. Комиссияның құрамына облыстық аумақтық басқарманың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық басқармасының, облыс әкімі жанындағы ауыл шаруашылығы департаментінің (басқармасының), ғылыми-зерттеу және оқу мекемелерінің мамандары енгізіледі (келісім бойынша) енгізіле алады. Сараптамалық комиссия көпшілік дауыспен жеке немесе заңды тұлғаның тұқым шаруашылығы мәртебесіне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
6. Қайта аттестаттауға өтінішті тұқым шаруашылығы Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші куәлігі күшінің мерзімі аяқталуына дейін 1 (бір) ай бұрын беруі тиіс.
7. Тұқым шаруашылығын қайта аттестаттау осы Ережеде бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді аттестаттауға белгіленген талаптарға сәйкес үш жылда бір рет жүргізіледі.
8. Аттестаттау (қайта аттестаттау) үшін шаруашылықтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті облыстық аумақтық басқармаларына (бұдан әрі - облыстық аумақтық басқарма) мына құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті (1-қосымша);
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3) жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
4) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін;
5) тұқым шаруашылығының 4-тармақта көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды;
6) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандар туралы мәліметтерді тапсырады.
9. Тұқым шаруашылығы облыстық аумақтық басқарма мен сараптамалық комиссияға берген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады. Оның көшірмесі құжаттар қабылданған күн туралы белгі қойылып, тұқым шаруашылығының өкіліне жіберіледі (беріледі).
Шындыққа сай емес немесе бұрмаланған мәліметтер бергені үшін бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
10. Осы Ереженің 5-тармағына сәйкес құрылған сараптамалық комиссия тұқым шаруашылығынан аттестаттауға (қайта аттестаттауға) өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсырылған құжаттарды зерделейді және орнына бару арқылы оның біліктілік талаптарға сәйкестігі дәрежесін белгілейді.
11. Тұқым шаруашылығын зерттеу нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда біліктілік талаптарға сәйкестігін зерттеу кесімі жасалады. Онда тұқым шаруашылығының біліктілік талаптардың әр тармағы бойынша бөлек сәйкестігі дәрежесі көрсетіледі.
12. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші мәртебесін беру туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарастырудың жалпы мерзімі 1 (бір) айдан аспауы тиіс.
13. Сараптамалық комиссияның оң қорытындысын алған жеке немесе заңды тұлғаларға облыстық аумақтық басқарма бастығының бұйрығымен бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші мәртебесі беріледі және белгіленген нысандағы куәлік тапсырылады.
14. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар бір жылдың ішінде тұқым шаруашылығының біліктілік талаптарға сәйкес еместігі, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды өндіру және пайдалану кезінде бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушінің технологияны бұзғаны, өндірілген және пайдаланудағы тұқымның сапасын бұрмалағаны жөнінде екі және одан көп фактілер тапқан жағдайда облыстық аумақтық басқарма сараптамалық комиссияны көрсетілген мәселені қарастыруға тартуға және жоғарыда аталған фактілер расталған жағдайда тұқым шаруашылығын мәртебесінен айыруға құқылы.
15. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру оны қайта аттестаттауға және біліктілік талаптарға сай болмаған жағдайда бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші мәртебесінен айыруға негіз болып табылады. Көрсетілген жағдайда тұқым шаруашылығы немесе оның құқықтық мұрагері көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса отырып қайта аттестаттау туралы өтініш беруі тиіс.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2004 жылғы 2 наурыздағы
N 103 бұйрығымен бекітілген
Бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқым
өндірушілерді аттестаттау
(қайта аттестаттау)
ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің
облыстық аумақтық басқармасына ____________________________________
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Ф., А.,Ә)
ӨТІНІШ
Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізуді және ______________
___________________________________________________________________
(дақыл, сорт)
бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші мәртебесін беруді сұраймын.
Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны ___________________________________________
2. Құрылған жылы ___________________________________________
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе жеке
тұлғаның жеке куәлігі ____________________________________________
___________________________________________________________________
(N, кім және қашан берді)
4. Мекен-жайы: ______________________________________________
(индексі, қаласы,
___________________________________________________________________
ауданы, облысы, көшесі, үйдің N, телефоны, факсы, e-mail)
5. Басшының Ф.А.Ә. __________________________________________
6. Банкілік реквизиттер _____________________________________
___________________________________________________________________
(РНН, МФО, есеп-шот N, банкінің атауы және тұрған жері)
7. Қоса беріліп отырған құжаттар: ___________________________
___________________________________________________________________
(біліктілік талаптарға сәйкес)
Басшы _________________ ____________________________________
(қолы) (фамилиясы, аты, әкесінің аты)
Мөр орны
200__ жылғы "___" _________________
Өтініш қарастыруға 200__ жылғы "___" ___________ қабылданды.
___________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған жауапты тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты, қолы)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2004 жылғы 2 наурыздағы
N 103 бұйрығымен бекітілген
Бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқым
өндірушілерді аттестаттау
(қайта аттестаттау)
ережесіне
2-қосымша
Жеке немесе заңды тұлғаның бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқым өндіруші мәртебесін алуға
үміткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын
біліктілік талаптарға
сәйкестігін зерттеу
КЕСІМІ
200__ жылғы "___" ___________ N ____
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
______________________ облыстық аумақтық басқармасының 200__ жылғы
"__" _________ N __ бұйрығымен бекітілген сараптамалық комиссия
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Ф.А.Ә.)
___________________________________________________________________
(дақылдардың, сорттардың атауы)
бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші мәртебесіне сәйкестігін зерттеу нәтижелері туралы осы кесімді жасады.
Зерттеу нәтижесінде белгілі болғаны:
___________________________________________________________________
(біліктілік талаптардың әр тармағы бойынша
___________________________________________________________________
бөлек сәйкестігі дәрежесі көрсетіледі)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қорытынды:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Комиссия төрағасы _____________ ________________________
(қолы) (Ф.А.Ә., лауазымы)
Комиссия мүшелері ____________ _________________________
(қолы) (Ф.А.Ә., лауазымы)
"Бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқым
өндірушілерді аттестаттау
(қайта аттестаттау) ережесін
және бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқым
өндірушінің куәлігі
бланкының нысанын
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2004 жылғы 2 наурыздағы
N 103 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк елтаңбасы
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
____________ облыстық аумақтық басқармасы
КУӘЛІК N ___
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
__________________________ облыстық аумақтық басқармасы бастығының
200__ жылғы "____" __________________ N ________ бұйрығы негізінде
__________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы)
бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші мәртебесі
берілген ________________________________________________ берілді.
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Ф.А.Ә)
Басшының Ф.А.Ә. _________________________ ________________
(қолы)
Лауазымы __________________________________________
Берілген күні: 200__ жылғы "___" _______________
М.О.
200__ жылғы "___" ___________________ дейін күші бар