Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 575 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5342 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының   6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бірегей, элиталық тұқымдарды, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің м.а.                            М. Оразаев

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2008 жылғы 12 қыркүйектегі   
N 575 бұйрығына         
қосымша             

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1236 болып тіркелген).
      2. "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы N 336 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1693 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 12, 558-бет).
      3. "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2265 болып тіркелген).
      4. "Бірегей тұқым өндірушілерді аттестаттау (қайта аттестаттау) және бірегей тұқым өндірушінің куәлігі бланкының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 17 қазандағы N 539 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 25-28, 947-бет).
      5. "Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесін және бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушінің куәлігі бланкының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 наурыздағы N 103 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2782 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 25-28, 950-бет).

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2008 жылғы 12 қыркүйектегі   
N 575 бұйрығымен        
бекітілген           

Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау ережесі

      Ескерту. Ереженің атауына өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленген және бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді аттестаттау тәртібін және шарттарын белгілейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аттестаттау – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субьектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау);
      2) тұқым өндірушілер - тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      3) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы атестаттаған, элиталық тұқымды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;
      4) аттестаттау туралы куәлік - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы берген, тұқым шаруашылығы саласында қызмет ететін аттестатталған субъектілерді мемлекеттің тануы туралы куәландыратын құжат;
      5) бiрегей тұқымдар - ауыл шаруашылығы өсiмдiгi сортының авторы, ол уәкiлдiк берген адам немесе сорттың оригинаторы өсiрiп шығарған және элиталық тұқымдарды өндiруге арналған тұқым;
      6) элиталық тұқымдар – ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетін тұқымдар;
      7) суперэлиталық тұқымдар – бірегей тұқымдарға жататын, өсіріп-өндіру көшеттігінің өнімінен алынған, мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқымдар;
      8) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейiннен өсiрiп-өндiрiлуi: бiрiншi жыл - бiрiншi көбейтiлген тұқым, екiншi жыл - екiншi көбейтiлген тұқым, үшiншi жыл – үшiншi көбейтiлген тұқым;
      9) тұқым өсiру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект.
      10) тұқым өткізуші – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      3. Бірегей, элиталық тұқым (бұдан әрі – элиталық тұқым өсіру шаруашылығы), бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым (бұдан әрі – тұқым өсіру шаруашылығы) өндіруші, тұқым өткізуші мәртебесін алуға үміткер жеке және заңды тұлғалар осы Ережемен айқындалатын біліктілік талаптарына сай болуы керек.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      4. Бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – облыстың жергілікті атқарушы органы) шешімімен беріледі.
      Облыстың жергілікті атқару органының тиісті құрылымдық бөлімшелері облыстың жергілікті атқару органының жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      5. Бірегей тұқым өндірушіге қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін элиталық тұқым өсіру шаруашылығы мәртебесі бар шаруашылық жүргізуші субъектілер бірегей тұқым өндіруші мәртебесін алуға үміттене алады.
      6. Тұқым өсіру шаруашылығына қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін элиталық тұқым өсіру шаруашылығы мәртебесі бар шаруашылық жүргізуші субъектілер тұқым өсіру шаруашылығы мәртебесін алуға үміттене алады.

2. Бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. 2-бөлімнің атауына өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.

      7. Бірегей тұқым өндірушіге қойылатын біліктілік талаптарына мыналар енеді:
      1) бірегей тұқымды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндіруді жүргізу үшін жеткілікті егістік алқаптың (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егіс егістігінің) болуы;
      2) бірегей тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған және бірден кем емес айналымнан өткен игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістердің болуы;
      3) соңғы үш жылдағы егістік құрылымындағы сүрі жерлердің (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне бұл талап қолданылмайды; дәнді-сүре жерлі ауыспалы егісті көпжылдық шөптердің жер қыртысымен алмастыруға жол беріледі):
      шаруашылық бойынша орташа есеппен - 20 пайыздан кем емес көлемде болуы;
      тұқым шаруашылығы бастапқы звеноларының учаскелерінде (іріктеу, көбейту көшеттері) - 50 пайыздан кем емес болуы;
      4) тұқым шаруашылығы егістіктерінің жалпы егістік алқапта 30 пайыздан кем болмауы;
      5) бірегей тұқым өндірісі (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша жұмыс тәжірибесі 6 жылдан кем болмауы;
      6) жоғары деңгейлі сорттық агротехниканың болуы;
      7) бірегей тұқым өндірушілердің аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер бірегей тұқым өндірушілердің аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңде болмауы тиіс;
      8) бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар дақыл жөніндегі маман-селекционерлердің немесе бірегей тұқым өндіру жөнінде бірлесіп іске асыратын жеке және заңды тұлғамен ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару туралы шарттың болуы;
      9) агроном-тұқымшының және әр дақыл бойынша маман – кемінде біреу жәнеде дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөніндегі спецификалық жұмыс әдістерін білетін техникалық персонал - кемінде үш адам болуы;
      10) дақыл мен сорттың биологиялық белгілері мен қасиеттерін ескеретін сызбаларға қатаң сәйкестікте бірегей тұқым өндіруді қамтамасыз ету;
      11) келесі элиталық тұқым өндірісін қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланған көлемін өндіруге қажетті түр-түрде және көлемде сорттың негізгі тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдарының және жүзімнің тұқымын өндірушілер үшін тұқымдық екпе ағаштардың) болуы;
      12) бастапқы звенолардың негізін қалау үшін - 100 пайыз;
      суперэлита үшін - 50 пайыз қажеттілікте тұқым сақтандыру қорларының болуы;
      13) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктері түрлерінің бірегей тұқымын өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз етуге арналған, меншіктік құқықтағы, лизинг немесе мүліктік қарызда (ұзақ мерзімде жалгерлік) тұрған арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;
      14) жеткілікті көлемде мамандандырылған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың; қоймалардың (жеміс дақылдары мен жүзімге арналған көміп қою алаңдарының) араласуына жол бермей тұқым партияларын орналастыруға мүмкіндік беретін арнайы ыдыстың болуы;
      15) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, іріктеу, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар), егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, бірегей тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиісті), тұқымның сапасы туралы куәлік, тұқым аттестаты және т.с.) есеп жүргізу;
      16) сортты шығару әдісін, ата-аналық нысандар, сорттың белгілерінің ерекше белгілері туралы мәліметтерді көрсететін сорт жөніндегі құжаттаманы жүргізу;
      17) тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының алты жылдан кем емес мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ету;
      18) материалды-техникалық базаның өндірістік қызметті жүзеге асыруға жарамдылығы туралы:
      санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдарының өндірістік базаның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы қорытындысының болуы.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15, 2010.05.12 N 319 Бұйрықтарымен.
      8. Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
      1) соңғы үш жылдағы жыртылған жер құрылымындағы сүрі жерлер алқабы (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне талап қолданылмайды; дәнді-сүрі жерлі ауыспалы егісті көпжылдық шөптердің жер қыртысымен алмастыруға жол беріледі) – 20 пайыздан кем болмауы;
      2) элиталы тұқым өндіру жүргізілетін және кемінде бір ротациядан өткен ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
      3) жоғары деңгейлі сорттық агротехниканың болуы;
      4) жалпы егіс алқабындағы тұқымдық егістік жер – 25 пайыздан кем болмауы:
      5) соңғы үш жылдағы өнімділік – орташа облыстық көрсеткіштен жоғары;
      6) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесі – төрт жылдан кем болмауы;
      7) жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз ету – 25 пайыздан кем емес;
      8) тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақылдардың саны – 4-тен көп емес;
      9) аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны – 3-тен көп емес;
      10) суперэлиталық тұқымды егуге қажетті тұқымның сақтандыру қоры – 50 пайыз болуы;
      11) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
      12) аудандастырылғандар тізбесіне енгізілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы;
      13) тұқым материалдарын өсіру жұмыстарының барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштері көрсетілетін құжаттаманы жүргізу және есепке алуды ұйымдастыру;
      14) элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіруге қажетті көлемде және түр-түрде аудандастырылған және перспективті сорттардың негізгі тұқым материалдарының (бірегей тұқым) болуы;
      15) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жылда элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін қажетті түр-түрде және көлемде аудандастырылған және перспективті сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушілермен жасалған шарттың болуы;
      16) Элиталық тұқым өндірудегі ғылыми сүйемелдеу туралы жеке және заңды тұлғамен ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыратын шарттың болуы;
      17) элиталық тұқымның жоспарланған көлемін өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз етуге арналған меншіктік құқықтағы, лизинг немесе мүліктік қарызда (ұзақ уақыттық жалгерлік) тұрған тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрілейтін техниканы қоса алғанда арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;
      18) мамандандырылған қырмандардың, төбесі жабық асфальттанған алаңдардың, араласуына жол бермей тұқымдардың партияларын орналастыруға мүмкіндік беретін қоймалардың болуы;
      19) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқым аттестаты, тұқым куәлігі, тұқымның сапасы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі  мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиісті)) есеп жүргізу;
      20) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде бес жыл сақталуын ұйымдастыру;
      21) жоспарланған жұмыс көлемін білікті атқару үшін тиісті білімі бар штат кестесінде көзделген арнайы мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
      22) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалды-техникалық базаның жарамдылығы туралы:
      халықтың санитарлық-эпидемиалық саулығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының - өндірістік базаның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы қорытындысының болуы.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15, 2010.05.12 N 319 Бұйрықтарымен.
      9. Тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын біліктілік талаптарына мыналар енеді:
      1) тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыс тәжірибесі - екі жылдан кем болмауы;
      2) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндіруді жүргізу үшін жеткілікті егістік алқаптың (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістігінің) болуы;
      3) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған тұқым шаруашылығы ауыспалы егістердің болуы;
      4) соңғы үш жылдағы егістік құрылымындағы сүрі жерлер алқабы (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне талап жүрмейді; астықты-отамалы дақылда ауыспалы егістерде сүрі жерлерді көпжылдық шөптердің жер қыртысымен алмастыруға жол беріледі) шаруашылық бойынша орташа есеппен 16 пайыздан кем болмауы;
      5) жалпы егістік алқаптағы тұқым шаруашылығы егістіктері 20 пайыздан кем болмауы;
      6) тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақылдардың саны 3-тен артық болмауы тиіс;
      7) тұқым шаруашылығы жүргізілетін әрбір өңделетін дақыл бойынша сорттардың саны 3-тен артық болмауы тиіс;
      8) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап үш жылдан кем емес мерзімге бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру үшін элиталық тұқым жеткізу туралы элиталық тұқым өндіруші шаруашылықпен жасалған шарттың болуы;
      9) Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірудегі ғылыми сүйемелдеу туралы жеке және заңды тұлғамен ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыратын шарттың болуы;
      10) нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өңдеу агротехнологиясын сақтау;
      11) тұқым шаруашылығы аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым шаруашылығы аумағында сонымен қатар аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңде болмауы тиіс;
      12) кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
      13) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
      14) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген сорттық тұқымдарды өсіру жөніндегі схеманың болуы;
      15) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін қажетті түр-түрде және көлемде негізгі тұқымдық материалдың болуы;
      16) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланған көлемін өндіру жөніндегі жұмыстардың кешенін қамтамасыз етуге арналған меншіктік құқықтағы, лизинг немесе мүліктік қарызда (ұзақ мерзімді жалгерлік) тұрған тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрілейтін техниканы қоса алғанда, арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;
      17) жеткілікті көлемде мамандандырылған қырмандардың, жабық асфальттанған алаңдардың, араласуына жол бермей тұқым партияларын орналастыруға мүмкіндік беретін қоймалардың болуы;
      18) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқым аттестаты, тұқым куәлігі, тұқымның сапасы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиісті)) есеп жүргізу;
      19) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде үш жыл сақталуын қамтамасыз ету;
      20) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалды-техникалық базаның жарамдылығы туралы:
      халықтың санитарлық-эпидемиалық саулығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының - өндірістік базаның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздігік талаптарына сәйкестігі туралы;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы қорытындысының болуы.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15, 2010.05.12 N 319 Бұйрықтарымен.
      9-1. Тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарына мыналар енеді:
      1) тұқым өткізу бойынша жоспарланған жұмыс көлемін орындау үшін штат кестесінде көзделген тиісті білімі бар мамандардың, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
      2) әрі қарай сату үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы тұқым өндірушілермен (тұқым жеткізушілермен тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда) жыл сайынғы шарттың болуы;
      3) тұқым партияларын араласуға жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған қырмандардың, асфальтталған жабық алаңдардың, қоймалардың (жеміс дақылдары мен жүзімге арналған көміп қою алаңдарының), арнайы ыдыстың болуы;
      4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын сақтау, тазалау және өткізу жөніндегі барлық жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін, меншік құқығындағы, лизинг немесе мүліктік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) арнайы техниканың қажетті санының болуы;
      5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымының әр партиясы бойынша өткізілетін тұқымның саны мен сапасының, шыққан тегінің есебін, тұқымды құжаттандыруды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленген, тігілген және қолы қойылған тұқымдарды есепке алу журналын жүргізу»;
      6) тұқымдарды сақтау және өткізу материалдарының кемінде үш жыл бойында сақталуын қамтамасыз ету;
      7) Қазақстан Республикасы қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатқан жағдайда Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес патент иесі (лицензиар) тұқым өткізушіге (лицензиатқа) селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың болуы;
      8) материалды-техникалық базаның өндірістік қызметті жүзеге асыруға жарамдылығы туралы қорытындының болуы:
      тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық амандығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдарының өндірістік базаның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы қорытындысының болуы.
      Ескерту. 9-9-тармақпен толықтырылды -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.

3. Бірегей тұқым өндірушілерді, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарын, тұқым өсіру шаруашылықтарын, тұқым өткізушілерді аттестаттау тәртібі

      Ескерту. 3-бөлімнің атауына өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.

      10. Бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесін алу үшін жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға мынандай құжаттар тапсырады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) жер учаскесіне құқығын куәландыратын нотариалды куәландырған құжаттың көшірмесін (тұқым өткізушілер тапсырмайды). Бұл ретте жер учаскесін жалға алу шарты бойынша жалға алу мерзімі он жылдан кем болмауы тиіс;
      4) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      5) осы Ереженің 2-ші тарауында баяндалған заңды немесе жеке тұлғаның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
      6) тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандар туралы мәліметтерді тапсырады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      11. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен, жеке немесе заңды тұлғаның аттестаттау туралы өтініші түскен күнен бастап он бес жұмыс күні ішінде тапсырылған құжаттарды зерделейтін және орнына бару арқылы оның бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өткізушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі дәрежесін анықтайтын құрамы кемінде бес адамнан тұратын сараптамалық комиссия құрылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      12. Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптамалық комиссия тексеру негізінде заңды немесе жеке тұлғаның бірегей тұқым өндірушіге, элиталық тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өткізушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) жасайды.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      13. Сараптамалық комиссияның көпшілік дауыспен жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндірушіге, элиталық тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өткізушіге қойылатын біліктілік талаптарына сай немесе сай емес екендігі туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      14. Сараптамалық комиссияның шешімі хаттама ретінде ресімделеді, оған сараптамалық комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.
      15. Бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарастырудың жалпы мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
       16. Сараптамалық комиссияның оң қорытындысын алған жеке немесе заңды тұлғаларға жергілікті атқарушы органның шешімімен бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесі беріледі және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы куәлік тапсырылады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      17. Жеке немесе заңды тұлға бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарына сай болмаған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген мерзім ішінде аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тартудың себептері жөнінде жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      18. Бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесі берілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті ақпарат жолдайды.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      19. Облыстың жергілікті атқарушы органы бірегей тұқым өндірушілердің, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының, тұқым өсіру шаруашылықтарының, тұқым өткізушілердің тізбесін жүргізеді.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.
      20. Тұқым шаруашылығы субъектілерін қайта аттестаттау осы Ережемен белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес аттестацияның қолдану мерзімі біткеннен кейін өткізіледі:
      бірегей тұқым өндірушілер үшін - бес жылда бір рет;
      элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары үшін – үш жылда бір рет;
      тұқым өсіру шаруашылықтары үшін – үш жылда бір рет;
      тұқым өткізушілер үшін – екі жылда бір рет.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15, 2010.05.12 N 319 Бұйрықтарымен.
      21. Қайта аттестаттауға өтінішті осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші аттестаттау туралы куәлігінің қолдану мерзімі бітуіне отыз күнтізбелік күн қалғанға дейін беруге тиіс.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.

Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші көбейтілген   
тұқым өндірушілерді және тұқым   
өткізушілерді аттестаттау        
ережесіне 1-қосымша              

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.

___________________________ облысы әкіміне
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
____________________________________Т.А.Ә.
_________________________________________ 
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның
Т.А.Ә.)                 

                              ӨТІНІШ

      Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізуді және
____________________________________________________________________
            (ауыл шаруашылығы өсімдігінің аты, сорты)
тұқымын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін – тек тұқым сату) жөніндегі __________________________________________________________
              (берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)
мәртебесін беруді сұраймын.
      Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
      1. Меншік нысаны ______________________________________________
      2. Құрылған жылы ______________________________________________
      3. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі немесе жеке тұлғаның жеке куәлігі________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      (N, кім және қашан берді)
      4. Мекен-жайы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің N, телефоны,
                             факсы, e-mail)

      5. Басшының Т.А.Ә._____________________________________________
      6. Банкілік реквизиттер________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (СТН, МФО, есеп-шоты N, банкінің атауы және тұрған жері)

      7. Қоса беріліп отырған құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      (біліктілік талаптарға сәйкес)

      Басшы _________________        ________________________________
                 (қолы)                            (Т.А.Ә.)

      М.О.
      200__ жылғы "___"_________________

      Өтініш қарастыруға 200__ жылғы "___" ___________ қабылданды.__________________________________________________________
              (өтініш қабылдаған жауапты тұлғаның Т.А.Ә.)

Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші көбейтілген   
тұқым өндірушілерді және тұқым   
өткізушілерді аттестаттау        
ережесіне 2-қосымша              

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.

              200__ жылғы "___" ___________ N ____

Жеке және заңды тұлғалардың бірегей тұқым өндірушілерге,
элиталық тұқым шаруашылығына, тұқым шаруашылығына, тұқым өткізушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін зерттеу актісі

___________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының 20___ жылғы «___» ____________ № ____ шешімімен бекітілген сараптамалық комиссия
_____________________________________________________________________        (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
        (ауыл шаруашылығы өсімдіктері, сорттардың атауы)
тұқымын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін – тек тұқым сату) жөніндегі __________________________________________________________
              (берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)
мәртебесіне сәйкестігін зерттеу нәтижелері туралы осы актіні жасады.

Зерттеу нәтижесінде белгілі болғаны:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________           (біліктілік талаптарының әрбір тармағы бойынша сәйкестік
                        дәрежесі көрсетіледі)

Қорытынды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы ___________  ________________________________
                           (қолы)           (Т.А.Ә., лауазымы)
      Комиссия мүшелері ___________  ________________________________
                           (қолы)           (Т.А.Ә., лауазымы)                                ___________  ________________________________
                           (қолы)           (Т.А.Ә., лауазымы)
                        ___________  ________________________________
                           (қолы)           (Т.А.Ә., лауазымы)
                        ___________  ________________________________
                           (қолы)           (Т.А.Ә., лауазымы)


Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші көбейтілген   
тұқым өндірушілерді және тұқым   
өткізушілерді аттестаттау        
ережесіне 3-қосымша              

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.01.18 N 15 Бұйрығымен.

                             N ___

                 АТТЕСТАТТАУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

___________________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының 20___ жылғы «__» _________ № ____ шешімі негізінде
____________________________________________________________________
              (ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы)
тұқымын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін – тек тұқым сату) жөніндегі ___________________________________________________________
               (берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)
мәртебесі берілген
      _____________________________________________________________
         (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.) берілді.

Басшының Т.А.Ә. _____________________________________   _____________
                                                           (қолы)
Лауазымы ____________________________________________________________

Берілген күні: 200__ жылғы "___" _______________

М.О.

200__ жылғы "___" ___________________ дейін жарамды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады