Спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 27 наурыздағы N 06-2-2/102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 24 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2820. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2009 жылғы 14 тамыздағы N 01-01-07/141 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2009.08.14 N 01-01-07/141 бұйрығымен.

      Спорт ғимараттарын тиімді пайдалану және пайдалану кезінде оларды сыныптары мен санаттарына сәйкестендіру мақсатында, бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған "Спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі нұсқаулық" нормативтік құжаты бекітілсін.
      2. Спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және пайдалану бөлімі осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

"Спорт ғимараттарына санаттар  
беру жөніндегі нұсқаулықты    
бекіту туралы" Қазақстан     
Республикасы Туризм және спорт 
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2004 жылғы 27 наурыздағы    
N 06-2-2/102 бұйрығымен    
бекітілген           

Спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі туралы Ережеге сәйкес әзірленді.

      2. Осы нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 25 қарашадағы N 06-2-2/365 "Спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және пайдалану жөніндегі нормативтік құжатты бекіту туралы" бұйрығына сәйкес "Спорт ғимараттарын сыныптау" көлеміне, қала құрылысы талаптарына, материалдық құндылықтардың шоғырлануына, жабдықтарға және тозу факторларына қарай спорт ғимараттарына санаттар беріледі.

      3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) спорт ғимараттарына санаттар береді және ол спорт ғимаратының паспортында көрсетіледі.

      4. Уәкілетті орган спорт ғимараттарына санаттар беру мәселесін алқалы қарау үшін консультативтік-кеңес органын - спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

2. Комиссияны құру мен оның қызметі

      5. Комиссия өз қызметінде дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

      6. Комиссияның құрамына уәкілетті органның мамандары мен спорт ұйымдарының өкілдері кіреді. Уәкілетті орган бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен Комиссия құрамы бекітіледі.

      7. Спорт ғимараттары ұсынған құжаттарды қарау қажеттілігіне қарай, құжаттарды берген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей Комиссия отырыстарында жүзеге асырылады.

      8. Комиссия санат алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет шақырылады.

      9. Комиссия отырыстары Комиссия мүшелері жалпы санының 2/3-і болған кезде өткізіледі.

      10. Комиссия ашық дауыс беру жолымен (жәй көпшілік дауыспен) санат беру немесе санат беруден бас тарту туралы ұсынымдық сипатта ұсыныс енгізеді.

      11. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді.

      12. Комиссия хатшысы іс қағаздарын, құжаттар, анықтамалар (актілер), хаттамалар мен шешімдер дайындауды жүргізеді, Комиссия мүшелеріне отырыстың өтетін күні мен уақытын хабарлайды, қабылданған шешімдердің орындалуын жүзеге асырады.

3. Спорт ғимараттарына санаттар беру

      13. Спорт ғимараттарының сыныптамасына сәйкес санаттар өткізілім қабілеттілігі нормалары есебінен қосымша үй-жайы бар ғимараттарға ғана беріледі.

      14. Спорт ғимаратының басшысы санаттарды бекіту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар тапсырады:
      1) спорт ғимараты паспортының көшірмесін;
      2) спорт ғимаратын пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік комиссия актісінің көшірмесін;
      3) спорт ғимаратының пайдалануға беріктігі, құрылыс құрылғыларының тұрақтылығы және қауіпсіздіктің қажетті дәрежесін қамтамасыз етуге қатысты спорт ғимаратының техникалық тексеру актісінің көшірмесін;
      4) сәулет-құрылыс сызбаларының көшірмесі (қасбеті, жоспарлары,
қиюлары);
      5) шұғылданушылардың сандық құрамының жоспарлы-есептік көрсеткіштері және спорт ғимаратының тәуліктік жұмыс тәртібін.

      15. Комиссия мынадай негізгі белгілерді есепке ала отырып, спорт ғимараттарына санаттар беру туралы ұсыным енгізеді:
      1) құрылыс көлемі мен алаңы;
      2) объектінің техникалық жай-күйі, физикалық және моральдық тозу дәрежесі,
      сондай-ақ мына өлшемдерді:
      1) өткізілім қабілеттілігі нормалары есебінен қосымша үй-жайлардың құрамы;
      2) спорт мүкәммалдары мен жабдықтарының болуы;
      3) сапасы жоғары құрылғылар мен материалдарды (залдардың едені, жазық ғимараттардың жабылуы және т.б.) пайдалану;
      4) мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қол жетімділік;
      5) объектінің техника қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық-тазалық және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі.

      16. Комиссия мынадай жағдайларда, егер:
      1) осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаса;
      2) ұсынылған құжаттарда күмәнді немесе бұрамаланған деректер анықталса;
      3) спорт ғимаратының сыныптамасына, белгілеріне, өлшемдері мен талаптарына спорт ғимараты сай болмаса санаттар беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Об утверждении Инструкции по присвоению категории спортивным сооружениям

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту от 27 марта 2004 года N 06-2-2/102. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан от 24 апреля 2004 года N 2820. Утратил силу приказом и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 14 августа 2009 года N 01-01-07/141

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра туризма и спорта РК от 14.08.2009 N 01-01-07/141.

      В целях эффективного использования спортивных сооружений и соответствия их классу и категории при эксплуатации  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по присвоению категории спортивным сооружениям.

      2. Отделу технического обслуживания и эксплуатации спортивных и туристских объектов в установленном порядке представить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Канагатова Е.Б.

      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.    

      Председатель 

      

Утверждена                  
Приказом Председателя Агентства     
Республики Казахстан по туризму и спорту
от 27 марта 2004 года N 06-2-2/102   
"Об утверждении Инструкции по присвоению 
категории спортивным сооружениям"   

 

Инструкция
по присвоению категории спортивным сооружениям

1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция по присвоению категории спортивным сооружениям (далее - Инструкция) разработана в соответствии с Положением Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту, утверждҰнного  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1999 года N 1755 и детализирует процедуру присвоения категории спортивным сооружениям.
      2. Категория присваивается спортивным сооружениям в соответствии с настоящей инструкцией и приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту "Об утверждении нормативного документа по эксплуатации и техническому обслуживанию спортивных сооружений" N 06-2-2/365 от 25 ноября 2003 года "Классификация спортивных сооружений" в зависимости от размеров, градостроительных требований, концентрации материальных ценностей, оборудования и факторов амортизации.
      3. Категория спортивных сооружений присваивается и утверждается уполномоченным государственным органом в области физической культуры и спорта (далее - уполномоченный орган) и указывается в паспорте спортивного сооружения.
      4. Для коллегиального рассмотрения вопросов присвоения категории спортивным сооружениям уполномоченный орган создаҰт консультативно-совещательный орган - Комиссию по присвоению категории спортивным сооружениям (далее - Комиссия). 

      

2. Образование и деятельность комиссии 

      5. В своей деятельности Комиссия руководствуется законодательством Республики Казахстан, нормативными правовыми актами Республики Казахстан в области физической культуры и спорта, а также настоящей Инструкцией.
      6. В состав Комиссии входят специалисты уполномоченного органа и представители спортивных организаций. Состав Комиссии утверждается приказом первого руководителя уполномоченного органа или лица, исполняющего его обязанности.
      7. Рассмотрение документов, представленных спортивными сооружениями осуществляется на заседаниях Комиссии не позднее одного месяца со дня подачи документов.
      8. Для рассмотрения документов, представленных на получение категории, Комиссия созывается по мере необходимости, но не реже одного раза в месяц.
      9. Заседания Комиссии проводятся при наличии не менее 2/3 от общего числа членов Комиссии. 
      10. Комиссия путҰм открытого голосования (простым большинством голосов) вносит предложения рекомендательного характера о присвоении категории или отказе в присвоении категории. 
      11. Протоколы заседания Комиссии ведутся секретарҰм Комиссии.
      12. Cекретарь Комиссии ведҰт делопроизводство, подготовку документов, справок (актов), протоколов и решений, оповещает членов Комиссии о месте и времени проведения заседания, осуществляет исполнение принятых решений. 

      

3. Присвоение категории спортивным сооружениям

      13. В соответствии с Классификацией спортивных сооружений категории присваиваются только сооружениям, имеющим вспомогательные помещения из расчҰта нормативной пропускной способности.
      14. Для утверждения категории руководитель спортивного сооружения представляет в уполномоченный орган следующие документы:
      1) копию Паспорта спортивного сооружения;
      2) копию Акта государственной комиссии о приҰме спортивного сооружения в эксплуатацию;
      3) копию Акта технического обследования спортивного сооружения в части эксплуатационной надҰжности, устойчивости строительных конструкций и обеспечения необходимой степени безопасности;
      4) копию архитектурно-строительных чертежей (фасады, планы, разрезы);
      5) планово-расчҰтные показатели количественного состава занимающихся и суточного режима работы спортивных сооружений.
      15. Комиссия вносит рекомендацию о присвоении категории спортивным сооружениям, исходя из следующих основных признаков: 
      1) строительных размеров и площади;
      2) техническое состояние объекта, степень физического и морального износа, 
      а также критериев:
      1) состава вспомогательных помещений из расчҰта нормативной пропускной способности;
      2) наличия спортивного оборудования и инвентаря;
      3) применение высококачественных конструкции и материалов (полы залов, покрытия плоскостных сооружений и т.д.);
      4) доступ для лиц с ограниченными возможностями;
      5) соответствие объектов требованиям техники безопасности, санитарно-гигиеническим и противопожарным нормам.
      16. Комиссия вносит рекомендацию об отказе в присвоении категории в случаях, если:
      1) не представлены документы, предусмотренные пунктом 14 настоящей Инструкции;
      2) обнаружены в представленных документах недостоверные или искажҰнные данные;
      3) спортивное сооружение не соответствует признакам, критериям и требованиям классификации спортивных сооружений.