Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды ретттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 81 қаулысы. Қазақстан Репсубликасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2825. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 130 қаулысымен.

-------------Қаулыдан үзінді---------      

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының "Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 81 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 27 сәуірде N 2825 тіркелген, "Қаржы хабаршысы" N6(6) журналында 2004 жылы жарияланған).
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап жеті күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Төраға
---------------------------------

      "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:
      1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне және тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасының      
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау жөніндегі  
агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 
15 наурыздағы N 81 қаулысымен  
бекітілген         

  Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй заемдарын
(аралық тұрғын үй заемдарын) беру
ережесі

      Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының  талаптарына сәйкес әзірленген және тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің (бұдан әрі - банк) тұрғын үй заемдарын және аралық тұрғын үй заемдарын беру тәртібін реттейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) заем бойынша сыйақы - банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшері есебінен берілген тұрғын үй заемы (аралық тұрғын үй заемы) үшін негiзгi борышқа (заем сомасына) процентпен алғанда айқындалған ақы;
      2) негізгі борыш (заем сомасы) - банктің банктік заем шартының талаптарына сәйкес кредитке берген ақша сомасы;
      3) заемды өтеу - негізгі борышты (заем сомасын) және оған есептелген сыйақыны қайтару.

      2. Банк тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) өзінің ішкі кредит саясатына және операцияларды жүргізудің жалпы шарттарына сәйкес береді.

      3. Банк тұрғын үй заемдарын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы және банктік заем шарттарының талаптарына сәйкес береді.

      4. Аралық тұрғын үй заемдары салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған ең аз қажетті ақша сомасын жинақтаған жағдайда беріледі.

      5. Тұрғын үй заемы (аралық тұрғын үй заемы) тек тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында ғана беріледі. Тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алған адам банкке тиісті құжаттарды (сатып алу-сату, айырбастау шарты, құрылыс жұмыстарының ақысын төлеу туралы түбіртек, өзге де растайтын құжаттар) ұсына отырып, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта және банктік заем шартында көзделген мерзімде оның мақсатқа сай пайдаланылатындығын растауға міндетті. Құжаттардың түпнұсқалары мен олардың көшірмелері ұсынылады. Түпнұсқалар олардың көшірмелерімен сәйкестігі салыстырылғаннан кейін қайтарылады.
      Банктің ішкі кредит саясаты тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) мақсатты пайдалану туралы құжаттардың тізбесіне қосымша талаптарды көздеуі мүмкін.

      6. Тұрғын үй заемдары (аралық тұрғын үй заемдары) теңгемен ғана беріліп, өтеледі.

      7. Аралық тұрғын үй заемы тұрғын үй заемының мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      8. Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасын банк пен тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы операцияларды жүргізудің бекітілген жалпы шарттарының шегінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасау сәтінде  айқындайды, ол тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын жинақтау және тұрғын үй заемын пайдалану мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады және әрбір заем алушы бойынша ол салымдар бойынша сыйақы ставкасынан жылдық үш проценттен артық болмауы тиіс.

      9. Аралық тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасын банк өз бетінше есептейді және ол операцияларды жүргізудің тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасау сәтіндегі жалпы шарттарына сәйкес айқындалады және аралық тұрғын үй заемын пайдалану мерзімі ішінде ішкі кредит саясаты мен операцияларды жүргізудің жалпы шарттарына сәйкес өзгеруі мүмкін.

      10. Тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алу үшін салымшы банкке заемның мақсатты пайдаланылуы, заем сомасы, өтеу мерзімі және заем бойынша қамтамасыз ету көрсетілген жазбаша өтініш береді.

      11. Аралық тұрғын үй заемы жинақталған ең төменгі қажетті ақша сомасы, заемшының төлем қабілетін (кірісін) бағалау, сондай-ақ ол бойынша ұсынылған қамтамасыз ету негізінде айқындалады.

      12. Банк заем алушының төлем қабілетінің есебіне, оның негізгі жұмыс орнынан алатын кірісіне қосымша мынадай кірістердің бірін қабылдайды:
      1) заем алушының Қазақстан Республикасының заңдары рұқсат еткен өзге қызметінен алатын кірістері;
      2) заем алушының зайыбының (жұбайының) бір жұмыс орнынан алатын кірісі.

      13. Тұрғын үй заемын беру кезінде банктік заем шартын ресімдегені үшін комиссия алынбайды, ал аралық тұрғын үй заемын беру кезінде банктік заем шартын ресімдегені үшін комиссия алу тәртібін банктің ішкі кредит саясаты және операцияларды жүргізудің жалпы шарттары айқындайды.

      14. Кепілді ресімдеумен байланысты барлық шығыстарды, егер тараптардың келісімімен өзгелей көзделмеген жағдайда, заем алушы төлейді.

      15. Тұрғын үй заемы (аралық тұрғын үй заемы) заемды пайдаланғаны үшін сыйақы бір мезгілде төлене отырып, төлемдер кестесі бойынша өтеледі.

      16. Тұрғын үй заемы алынған кезде аралық тұрғын үй заемы бойынша берешегі болған жағдайда тұрғын үй заемын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы бұл берешекті өтейді. Аралық тұрғын үй заемы бойынша берешекті өтеу үшін тұрғын үй заемы пайдаланылуы мүмкін.

  2-тарау. Тұрғын үй заемдарын беру тәртібі

      17. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы салымшыларына тұрғын үй заемы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы және банктік заем шарттарының талаптарымен, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес  шарттық сома  мен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы сомасының айырмасы мөлшерінде беріледі. Мұндайда, төлем жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысына толық көлемде төленеді.

      18. Тұрғын үй заемдары тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшыларына осы Ереженің 5-тарауында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған және мынадай шарттарды сақтаған жағдайда беріледі:
      1) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған қажетті соманы жинақтаған жағдайда;
      2) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған жинақтау мерзімі аяқталған жағдайда;
      3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бағалау көрсеткішін айқындау жөніндегі нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес есептелетін бағалау көрсеткішінің негізінде айқындалатын төлем кезегі келген жағдайда;
      4) салымшы қажетті қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда.

  3-тарау. Аралық тұрғын үй заемдарын беру тәртібі

      19. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы салымшыларына аралық тұрғын үй заемы банктік заем шарттарының талаптарымен, Қазақстан Республикасының  заңдарына  және осы Ережеге сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық сома шегінде беріледі. Мұндайда, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған жинақ ақшаны жинақтау мерзімі аяқталғанға дейін төленбейді.

  4-тарау. Тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын)
қамтамасыз ету

      20. Тұрғын үй заемы (аралық тұрғын үй заемы) Қазақстан Республикасының  заңдарына  және банктің ішкі кредит саясатына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      21. Тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алу үшін берілген жылжымайтын мүлікті заем алушы сақтандыру компанияларында сақтандыруы тиіс.

      22. Тұрғын үй заемы (аралық тұрғын үй заемы) жарғылық және меншік капиталдарының ең аз мөлшерін қоса алғанда, пруденциалдық нормативтерді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындайтын сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шартымен қамтамасыз етілуі мүмкін.

      23. Тұрғын үй заемының (аралық тұрғын үй заемының) ұсынылған қамтамасыз етуінің құны сыйақыны, банктің кепіл затты сатумен байланысты шығыстарын және банктің заем алушыдан берешекті өтеп алумен байланысты басқа да шығыстарын есепке алғанда заем алушының берешек сомасын толық көлемде өтеуі тиіс және банктің ішкі кредит саясатына сәйкес айқындалады.

  5-тарау. Заем алушы тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алу үшін банктік заем шартын ресімдеу кезінде ұсынатын құжаттардың тізбесі

      24. Банктік заем шартын ресімдеу үшін заем алушы банкке мынадай құжаттар ұсынады:
      1) заем алушының өтініші;
      2) заем алушының жеке басын куәландыратын құжаттар;
      3) заем алушыны салық төлеуші ретінде есепке алу туралы куәлік (салық төлеушінің тіркеу номері);
      4) заем алушының отбасының құрамы туралы анықтама;
      5) заем алушымен бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар, отбасының барлық кәмелеттік жасқа толмаған мүшелерінің туу туралы куәліктері;
      6) неке қию туралы куәлік, неке келісім-шарты (болған жағдайда);
      7) банктік заем шарты бойынша қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
      8) кепілге және кепіл затының сотпен (соттан тыс) сатылуына зайыбының (жұбайының) және отбасының басқа да кәмелеттік жасқа толмаған мүшелерінің, сондай-ақ отбасының кәмелеттік жасқа толмаған мүшелерінің атынан асырап алу және қамқорға алу органдарының (Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда) нотариат куәландырған келісімі;
      9) заем алушының төлем қабілетін растайтын құжаттар (тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алуға өтініш беру сәтіне дейінгі кірістері туралы анықтама, тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алуға өтініш беру сәтіне дейінгі зейнетақы қорынан жинақ ақшасы туралы көшірме, жұмыс орнынан анықтама, басқа да құжаттар).

      25. Заем алушы банктің ішкі кредит саясатына сәйкес айқындалған құндағы, бірақ сыйақыны және банктік заем шартын ресімдеумен және кепіл затының сотпен (соттан тыс) сатылуымен байланысты басқа да шығыстарын қосқанда тұрғын үй заемы бойынша берешектің екі есе мөлшерден кем емес кепілдік қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда осы Ереженің 27-тармағының 9)-тармақшасында көрсетілген құжаттар тұрғын үй заемын беру кезінде ұсынылмайды.
      Бұл нысан аралық тұрғын үй заемын беруде қолданылмайды.

      26. Банктің ішкі кредит саясаты банктік заем шартын ресімдеуге қажетті құжаттардың пакетіне қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.

  6-тарау. Қорытынды ережелер

      27. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

Об утверждении Правил предоставления жилищных займов (промежуточных жилищных займов) жилищными строительными сберегательными банками

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 81. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2004 года N 2825. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 19.04.2005г. N 130

Извлечение из постановления
Правления Агентства РК по регулированию
и надзору финансового рынка и
финансовых организаций от 19.04.2005г. N 130

     "В целях приведения нормативных правовых актов Республики Казахстан в соответствие с законодательством Республики Казахстан Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     1. Признать утратившими силу следующие нормативные правовые акты Республики Казахстан:
     ...
     2) постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 81 "Об утверждении Правил предоставления жилищных займов (промежуточных жилищных займов) жилищными строительными сберегательными банками "...
     2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении семи календарных дней со дня его принятия...

     Председатель".
--------------------------------------------------------------------



     В целях реализации Закона Республики Казахстан "О жилищных строительных сбережениях в Республике Казахстан" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций ПОСТАНОВЛЯЕТ:      

     1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления жилищных займов (промежуточных жилищных займов) жилищными строительными сберегательными банками.

     2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     3. Департаменту стратегии и анализа (Еденбаев Е.С.):
     1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций и жилищных строительных сберегательных банков.

     4. Департаменту по обеспечению деятельности Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (Несипбаев Р.Р.) принять меры к публикации настоящего постановления в официальных средствах массовой информации.

     5. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

     Председатель

     

     Утверждены                
постановлением Правления Агентства   
Республики Казахстан по регулированию и
надзору финансового рынка и финансовых
организаций от 15 марта 2004 года N 81

Правила
предоставления жилищных займов (промежуточных жилищных
займов) жилищными строительными сберегательными банками

     Правила предоставления жилищных займов (промежуточных жилищных займов) жилищными строительными сберегательными банками (далее - Правила) разработаны в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан "О жилищных строительных сбережениях в Республике Казахстан" и регулируют порядок предоставления жилищными строительными сберегательными банками (далее - банк) жилищных займов и промежуточных жилищных займов.

     

Глава 1. Общие положения

     1. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
     1) вознаграждение по займу - плата за предоставленный жилищный заем (промежуточный жилищный заем), определенная в процентном выражении к основному долгу (сумме займа) из расчета годового размера причитающихся банку денег;
     2) основной долг (сумма займа) - сумма денег, предоставленная банком в кредит в соответствии с условиями договора банковского займа;
     3) погашение займа - возврат основного долга (суммы займа) и вознаграждения по нему.

     2. Банк предоставляет жилищные займы (промежуточные жилищные займы) в соответствии со своей внутренней кредитной политикой и общими условиями проведения операций.

     3. Банк предоставляет жилищные займы в соответствии с условиями договоров о жилищных строительных сбережениях и банковского займа.

     4. Промежуточные жилищные займы предоставляются при условии накопления вкладчиком минимально необходимой суммы денег, определенной в договоре о жилищных строительных сбережениях.

     5. Жилищные займы (промежуточные жилищные займы) предоставляются только для целей улучшения жилищных условий. Лицо, получившее жилищный заем (промежуточный жилищный заем) обязано подтвердить его целевое использование в предусмотренный договором о жилищных строительных сбережениях и договором банковского займа срок, предоставив банку соответствующие документы (договор купли-продажи, мены, квитанции об оплате строительных работ, прочие подтверждающие документы). Документы предоставляются в оригиналах и копиях с оригиналов. Оригиналы возвращаются после их сравнения с копиями с оригиналов на соответствие.
     Внутренней кредитной политикой банка могут быть предусмотрены дополнительные требования к перечню документов о целевом использовании жилищных займов (промежуточных жилищных займов).

     6. Жилищные займы (промежуточные жилищные займы) предоставляются и погашаются только в тенге.

     7. Промежуточный жилищный заем предоставляется на срок, не превышающий срок жилищного займа.
     8. Ставка вознаграждения по жилищному займу определяется банком и вкладчиком жилищных строительных сбережений в момент заключения договора о жилищных строительных сбережениях в рамках утвержденных общих условий проведения операций, остается неизменной в течение срока накопления жилищных строительных сбережений и использования жилищного займа и не должна превышать ставку вознаграждения по вкладам по каждому заемщику более, чем на три процента годовых.
     9. Ставка вознаграждения по промежуточному жилищному займу рассчитывается банком самостоятельно и определяется в соответствии с действующими на момент заключения договора банковского займа общими условиями проведения операций и может изменяться в течение срока использования промежуточного жилищного займа в соответствии с внутренней кредитной политикой и общими условиями проведения операций.
     10. Для получения жилищного займа (промежуточного жилищного займа) вкладчик обращается в банк с письменным заявлением, в котором указывается целевое направление займа, сумма займа, срок погашения и обеспечение по займу.
     11. Промежуточный жилищный займ предоставляется на основе накопленной минимально необходимой суммы денег, оценки платежеспособности (дохода) заемщика, а также предоставленного обеспечения по нему.
     12. Банк может принять в расчет платежеспособности заемщика, дополнительно к его доходу по основному месту работы один из следующих доходов:
     1) доходы, получаемые заемщиком от иной деятельности, разрешенной законодательством Республики Казахстан;
     2) доход супруги(а) заемщика по одному месту работы.
     13. Комиссия за оформление договора банковского займа при предоставлении жилищного займа не взимается, а при оформлении договора банковского займа при предоставлении промежуточного жилищного займа порядок взимания комиссии определяется внутренней кредитной политикой и общими условиями проведения операций банка.
     14. Все расходы, связанные с оформлением залога, оплачиваются заемщиком, если иное не предусмотрено соглашением сторон.
     15. Погашение жилищного займа (промежуточного жилищного займа) осуществляется по графику платежей с одновременной уплатой вознаграждения за пользование займом.
     16. При получении жилищного займа задолженность по промежуточному жилищному займу, в случае ее наличия, погашается вкладчиком жилищных строительных сбережений. Для погашения задолженности по промежуточному жилищному займу может быть использован жилищный заем.

     
     

Глава 2. Порядок предоставления жилищных займов

     17. Жилищный заем предоставляется вкладчикам жилищных строительных сбережений в размере разницы между договорной суммой и суммой накопленных жилищных строительных сбережений, на условиях договоров о жилищных строительных сбережениях и банковского займа, в соответствии с законодательством Республики Казахстан. При этом, выплата вкладчику накопленных жилищных строительных сбережений осуществляется в полном объеме.
     18. Предоставление жилищных займов осуществляется вкладчикам жилищных строительных сбережений при предоставлении полного пакета документов, указанного в главе 5 настоящих Правил и соблюдении следующих условий:
     1) накопления определенной договором о жилищных строительных сбережениях необходимой суммы;
     2) истечения определенного договором о жилищных строительных сбережениях срока накопления;
     3) наступления очередности выплаты, определяемой на основе оценочного показателя, рассчитываемого в соответствии с требованиями нормативного правового акта уполномоченного государственного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций и Министерства финансов Республики Казахстан по определению оценочного показателя;
     4) предоставления вкладчиком необходимого обеспечения.

     

Глава 3. Порядок предоставления промежуточных жилищных займов

     19. Промежуточный жилищный заем предоставляется вкладчикам жилищных строительных сбережений в пределах договорной суммы по договору о жилищных строительных сбережениях на условиях договора банковского займа, в соответствии с законодательством Республики Казахстан и настоящими Правилами. При этом выплата жилищных строительных сбережений вкладчику не осуществляется до истечения определенного договором о жилищных строительных сбережениях срока накопления сбережений.

     

Глава 4. Обеспечение жилищного займа
(промежуточного жилищного займа)

     20. Обеспечение жилищного займа (промежуточного жилищного займа) осуществляется в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан и внутренней кредитной политикой банка.
     21. Недвижимое имущество, предоставленное в залог для получения жилищного займа (промежуточного жилищного займа), подлежит страхованию заемщиком в страховых компаниях.
     22. Жилищный заем (промежуточный жилищный заем) может быть обеспечен договором страхования, заключенным со страховой организацией, выполняющей пруденциальные нормативы и иные обязательные к соблюдению нормы и лимиты, установленные уполномоченным государственным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, включая минимальные размеры уставного и собственного капиталов.
     23. Стоимость предоставленного обеспечения жилищного займа (промежуточного жилищного займа) должна покрывать сумму задолженности заемщика в полном объеме с учетом вознаграждения, расходов банка, связанных с реализацией залогового имущества, и других расходов банка, связанных с взысканием задолженности с заемщика, и определяется в соответствии с внутренней кредитной политикой банка.

     
     

Глава 5. Перечень документов, представляемых
заемщиком при оформлении договора банковского займа
для получения жилищного займа (промежуточного жилищного займа)

     24. Для оформления договора банковского займа заемщик предоставляет в банк следующие  документы:
     1) заявление заемщика;
     2) документы, удостоверяющие личность заемщика;
     3) свидетельство о постановке заемщика на учет в качестве налогоплательщика (регистрационный номер налогоплательщика);
     4) справка о составе семьи заемщика;
     5) документы, удостоверяющие личность всех членов семьи, проживающих совместно с заемщиком, свидетельства о рождении всех несовершеннолетних членов семьи;
     6) свидетельство о заключении брака, брачный контракт (при наличии);
     7) документы, подтверждающие обеспечение по договору банковского займа;
     8) нотариально удостоверенные согласия супруга (супруги) и других несовершеннолетних членов семьи, а также органов опеки и попечительства от имени несовершеннолетних членов семьи (в предусмотренных законодательством Республики Казахстан случаях) на залог и (вне)судебную реализацию предмета залога;
     9) документы, подтверждающие платежеспособность заемщика (справка о доходах до момента подачи заявления на получение жилищного займа (промежуточного жилищного займа), выписка о накоплениях из пенсионного фонда до момента подачи заявления на получение жилищного займа (промежуточного жилищного займа), справка с места работы, другие документы).
     25. Документы, указанные в подпункте 9) пункта 27 настоящих Правил, при предоставлении жилищного займа, могут не предоставляться при условии предоставления заемщиком залогового обеспечения стоимостью, определенной в соответствии с внутренней кредитной политикой банка, но не менее двухкратного размера задолженности по жилищному займу с учетом вознаграждения и других расходов банка, связанных с оформлением договора банковского займа и (вне)судебной реализацией предмета залога.
     Данная норма не распространяется на предоставление промежуточного жилищного займа.
     26. Внутренней кредитной политикой банка могут быть установлены дополнительные требования к перечню документов, необходимых для оформления договора банковского займа.

     

Глава 6. Заключительные положения

     27. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.