Бұйырамын:
1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2804 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
16-тармақта:
"30 сәуірге" деген сөздер "15 мамырға" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақта:
"Бағалаудағы баллдарды ауыстырудың тәртібі мен шкаласын Министрлік белгілейді." деген сөздер "Баллдарды бағаға ауыстыруды МК осы Ереженің қосымшасына сәйкес шкаламен жүргізеді." деген сөздермен ауыстырылсын;
32-тармақта:
"ҰБТ көлемінде" деген сөздерден кейін "МК шешіміне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.Ырсалиев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министрдің
міндетін атқарушы
"Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде N 2804 нөмірмен тіркелген
"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру
және өткізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы
N 213 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің міндетін атқарушының
2004 жылғы 29 сәуірдегі N 373 бұйрығына
қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру
және өткізу ережесіне қосымша
ҰБТ сертификатының баллдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы
__________________________________________________________________
N | Пән | 2 | 3 | 4 (жақсы)| 5 (үздік)
р/н| |(қана. |(қана.| |
| |ғатта. |ғатта.| |
| |нарлық.| нар. | |
| | сыз) | лық) | |
__________________________________________________________________
1 Қазақ тілі 0 1-17 18-24 25-30
2 Орыс тілі 0 1-17 18-24 25-30
3 Қазақстан тарихы 0 1-13 14-20 21-30
4 Математика 0 1-9 10-19 20-30
5 Физика 0 1-9 10-19 20-30
6 Химия 0 1-9 10-19 20-30
7 Биология 0 1-12 13-19 20-30
8 География 0 1-14 15-20 21-30
9 Дүниежүзі тарихы 0 1-11 12-19 20-30
10 Орыс әдебиеті 0 1-13 14-19 20-30
11 Қазақ әдебиеті 0 1-13 14-19 20-30
12 Ағылшын тілі 0 1-15 16-24 25-30
13 Неміс тілі 0 1-10 11-19 20-30
14 Француз тілі 0 1-11 12-19 20-30
__________________________________________________________________