Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2804 нөмірмен тіркелген "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2837

      Бұйырамын:
      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2804 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
      16-тармақта:
      "30 сәуірге" деген сөздер "15 мамырға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21-тармақта:
      "Бағалаудағы баллдарды ауыстырудың тәртібі мен шкаласын Министрлік белгілейді." деген сөздер "Баллдарды бағаға ауыстыруды МК осы Ереженің қосымшасына сәйкес шкаламен жүргізеді." деген сөздермен ауыстырылсын;

      32-тармақта:
      "ҰБТ көлемінде" деген сөздерден кейін "МК шешіміне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.Ырсалиев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Шәмшидиноваға жүктелсін.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

"Қазақстан Республикасының Әділет     
министрлігінде N 2804 нөмірмен тіркелген 
"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру  
және өткізу ережесін бекіту туралы"   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы   
N 213 бұйрығына өзгерістер мен     
толықтырулар енгізу туралы"       
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің міндетін атқарушының     
2004 жылғы 29 сәуірдегі N 373 бұйрығына 
қосымша                 

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру 
және өткізу ережесіне қосымша      

ҰБТ сертификатының баллдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы

__________________________________________________________________
 N |            Пән         |   2   |  3   | 4 (жақсы)| 5 (үздік)
р/н|                        |(қана. |(қана.|          |
   |                        |ғатта. |ғатта.|          |
   |                        |нарлық.| нар. |          |
   |                        | сыз)  | лық) |          |
__________________________________________________________________
1   Қазақ тілі                  0     1-17     18-24      25-30
2   Орыс тілі                   0     1-17     18-24      25-30
3   Қазақстан тарихы            0     1-13     14-20      21-30
4   Математика                  0     1-9      10-19      20-30
5   Физика                      0     1-9      10-19      20-30
6   Химия                       0     1-9      10-19      20-30
7   Биология                    0     1-12     13-19      20-30
8   География                   0     1-14     15-20      21-30
9   Дүниежүзі тарихы            0     1-11     12-19      20-30
10  Орыс әдебиеті               0     1-13     14-19      20-30
11  Қазақ әдебиеті              0     1-13     14-19      20-30
12  Ағылшын тілі                0     1-15     16-24      25-30
13  Неміс тілі                  0     1-10     11-19      20-30
14  Француз тілі                0     1-11     12-19      20-30
__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады