Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.25 № 18-03/543 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 "Мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығының 1 тармағының 2-тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Реестрiнде N 1107 нөмiрмен тiркелген Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау Министрiнiң 2000 жылғы 24 наурыздағы N 120-П және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2000 жылғы 29 наурыздағы N 82 "Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерi үшiн балық өнiмiн экспорттауға дайындайтын кәсiпорындар мен кемелердi есептеу және осы өнiм түрiне Ветеринарлық сертификат беру тәртiбi туралы Ережесiн бекiту туралы" бiрлескен бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1) Еуропа Одағы елдерi үшiн балық өнiмiн экспорттауға дайындайтын кәсiпорындар мен кемелердi есептеу және осы өнiм түрiне Ветеринарлық сертификат беру тәртiбi туралы көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Ережесi осы бұйрықтың 2-қосымшасына сай жаңа редакцияда мазмұндалсын;
2) 2 тармақта:
"Табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi" сөзi "Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi" сөзiмен ауыстырылсын;
"Beтеринарлық бақылау департаментi" сөзi "Ветеринария департаментi" сөзiмен ауыстырылсын;
3) 3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiлген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн";
4) 4-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiне (Мұсатаев М.Х.) және Ветеринария департаментiне (Мыңжанов М.Т.) жүктелсiн".
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Министр
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрiнiң 2004 жылғы 20 сәуiрдегi N 237
"Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары
және қоршаған ортаны қорғау Министрiнiң
2000 жылғы 24 наурыздағы N 120-П және
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрiнiң 2000 жылғы 29 наурыздағы N 82
"Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы
елдерi үшiн балық өнiмiн экспорттауға
дайындайтын кәсiпорындар мен кемелердi
есептеу және осы өнiм түрiне
Ветеринарлық сертификат беру тәртiбi туралы
Ережесiн бекiту туралы" N 1107 тiркелген
бiрлескен бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы"
бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстарын
және қоршаған ортаны қорғау Министрінің
2000 жылғы 24 наурыздағы N 120-П және
Қазақстан Республикасы - Ауыл шаруашылығы
Министрiнiң 2000 жылғы 29 наурыздағы N 82
"Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы
елдерi үшiн балық өнiмiн экспорттауға
дайындайтын кәсiпорындар мен кемелердi
есептеу және осы өнiм түрiне Ветеринарлық
сертификат беру тәртiбi туралы Ережесiн
бекiту жайлы" бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерi үшін балық өнiмiн экспорттауға дайындайтын кәсiпорындар мен кемелердi есептеу және осы өнiм түрiне ветеринарлық сертификат беру тәртiбi туралы
Ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерi (ЕО) үшін балық өнiмдерiн дайындайтын және осы өнiм түрiне Ветеринарлық сертификат беретiн, кәсiпорындар мен кемелерге (ары қарай - кәсiпорын) есептiк нөмiр берудiң бiрыңғай тәртiбiн анықтайды және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына , балық өнiмдерiне қатысты ЕО-ның директивалары мен шешiмдерiне сәйкес жасалынды.
ЕО елдерiне экспорттауға арналған балық өнiмдерi 91/493/EEС Директиваларының барлық талаптарына және ЕО осы өнiмге байланысты басқа да талаптарына жауап беруi керек.
2. Кәсiпорынды инспекциялық тексеру өзiне:
кәсiпорынның iшкi бақылау жүйесiнiң қызмет етуiн тексерудi;
93/43 Еуропалық қауымдастық Кеңесi директиваларында мазмұндалған кәсiпорынның қауiптi және сындарлы бақылау нүктелерiне талдау принциптерiн ендiруiн (НАССР - Hazard Analysis Critical Control Points) (ары қарай - ХАССП) тексерудi;
Кәсiпорынның жеке бақылау зертханасы арқылы жақсы зертханалық тәжiрибе (GLP - Good Laboratory Practice) (ары қарай - ЖЗТ) принциптерiн іс жүзiнде пайдалану тәртiбiн тексерудi;
бақылау таблицасын ресiмдеу негiзiнде Кәсiпорындардың санитарлық сәйкестi рейтангiсiн анықтауды қосады.
Инспекциялық тексерудi өткiзудi қамтамасыз ету үшiн кәсiпорын жетекшісі тиiстi құжаттарды тапсырады және қамтамасыз етедi:
өндiрiстiк және қызмет орындарына еркiн кiруiн;
осы Кәсiпорынның мамандарын тарту мүмкiндiгiн және техникалық құралдарын пайдалануын;
экспортқа шығару үшiн дайындалатын өнiм, су, көмекшi материалдарды жартылай өнiмдi, шикiзат үлгiсiн тексеруге алуды оларды жеткiзуге және арнайы дайындалған ветеринарлы-санитарлы сараптау зертханада зерттеуiн.
2. Осы Ережеде пайдаланылған негiзгi түсiнiктер
3. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
1) ХАССП - (қауiптi және бақылаудың сындарлы нүктелерiне талдау) өнiмнiң қауiпсiздiгiне елеулi әсер ететiн қауiптi факторларды басқару мен жүйелі бағалауды қарастыратын концепция;
2) ХАССП жүйесi - ХАССП-ны iске асыру үшiн қажетті ұйымдастырушылық құрылымның, құжаттардың, өндiрiстiк процестiң және қорлардың жиынтығы;
3) қауiптiлiк - адам денсаулығына зиянның қарымды көзi;
4) бақылаудың сындарлы нүктесi - қауiптi факторды сәйкестендiру үшін бақылау өткiзу орны;
5) iшкi бақылау - Кәсiпорын қызметкерлерiмен өткiзiлетiн инспекциялық тексерудi жүзеге асыратын тексеру;
6) сараптау актiсi - ветеринарлық зертхананың мемлекеттiк бақылау объектiлерiне ветеринарлық-санитарлық сараптау немесе диагностиканың нәтижесi бойынша оның Қазақстан Республикасы заңнама талаптарына сәйкестiгiн дәлелдейтiн, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
7) ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханасы - базарларда және (немесе) басқа жерлерде таратылатын жануарлардың шикiзаты мен өнiмдеріне ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргiзушi заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлiмшесi;
8) ветеринарлық құжаттар - мемлекеттiк ветеринарлық объектiлеріне ветеринария саласында уәкiлеттi мемлекеттiк органның белгiлеген тәртiбімен ветеринарлық инспекторлары беретiн ветеринарлық-санитарлық қорытынды, ветеринарлық куәлiк, ветеринарлық сертификат, ветеринарлық анықтама.
3. Есептiк нөмiр алу үшiн кәсiпорындарға қойылар негiзгi талаптар
4. Кәсiпорын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1999 жылғы 1 қарашадағы N 181 бұйрығымен бекiтiлген балық өнiмдерiн өндiру мен тарату жөнiндегi кәсiпорындар үшiн Ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормалардың барлық талаптарын орындауы тиiс.
5. Кәсiпорын iшкi бақылау жүйесiн ендiру мен қызмет iстеуiн қамтамасыз етуi тиiс.
6. Кәсiпорын ХАССП принциптерiн, сондай-ақ кәсiпорынның жеке бақылау зертханалары арқылы ЖЗТ-ендiруi керек және осы жүйелердi ендiрiудi растайтын құжаттарды тапсырады.
4. Есептiк нөмiр алу үшiн берiлетiн құжаттар тiзiмi
7. Балық өнiмдерiн EO елдерiне экспорттауға талапкер кәсiпорындар есептік нөмiр алу үшiн келесi құжаттар беруi тиiс:
1) осы Ереженiң 1 қосымшасына сай EO елдерiне балық өнiмдерiн экспорттау үшiн есептiк нөмiр алуға кәсiпорынның өтiнiмі;
2) осы Ереженiң 2 қосымшасына сай облыстың бас мемлекеттік инспекторының кәсiпорында ветеринарлық-санитарлық ереже мен нормалардың сақталуы туралы ветеринарлық-санитарлық қорытындысы;
3) осы Ереженiң 3 қосымшасына сай кәсiпорындағы iшкi бақылау жүйесiн ұйымдастыру мен қызмет iстеуi жөнiндегi құжаттар.
5. Есеп нөмiрiн берудiң тәртiбi
8. Кәсiпорын ветеринарлық-санитарлық ережесi мен нормасы талаптарының орындалуы жөнiнде арнайы қорытынды алу үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы шаруашылығы министрлiгiнiң аймақтық басқармасына өтiнiм бередi.
9. Облыстық (қалалық) бас ветеринарлық инспектор 10 күн ішінде ветеринарлық-санитарлық қорытынды жасайды.
10. Кәсiпорын осы Ереженiң 4 бөлiмiнде тiзбеде көрсетiлген құжаттарды, ЕО елдерiне балық өнiмiн экспорттау үшiн есептiк нөмiр алуға Министрлiкке жiбередi.
11. Министрлiк Балық шаруашылығы комитетi мен Ветеринарлық департаментi қызметкерлерi мамандарынан комиссия (ары қарай - Комиссия) құрады.
12. Өтiнiм алғаннан кейiн 20 күн iшiнде Комиссия кәсiпорынға шығу арқылы кәсiпорынның ХАССП принциптерiнiң ендiрiлуiн, кәсiпорынның жеке бақылау зертханасы арқылы, ЖЗТ-тың iс жүзiнде қолдануына инспекторлық тексеру жүргiзедi және Осы Ереженiң 5 қосымшасына сәйкес бақылау таблицасын ресiмдеу негiзiнде балық өңдеу кәсiпорынның санитарлық сәйкестiгiнiң рейтингiсiн анықтайды.
13. Комиссия инспекторлық тексерудiң қорытындысы бойынша Балық шаруашылығы комитетiне есептiк нөмiр беру немесе бермеу туралы жазбаша түсiндiрiлген ұсыныс жасайды.
14. Министрлiктiң Балық шаруашылығы комитетi 5 күн көлемiнде инспекторлық тексеруден кейiн келiп түскен құжаттарды қарайды және Ветеринарлық департаментiнiң келiсiмiмен кәсiпорынға EO Комиссия (ары қарай - ЕОК) тiзiлiмiне тiркеу үшiн жiберiлетiн есеп нөмерiн бередi.
15. Балық шаруашылығы комитетi ЕОК-дан Кәсiпорынды EO елдерiне балық өнiмiн экспортқа шығаратын кәсiпорын реестрiне тiркеу туралы растама алған соң кәсiпорынға есеп нөмiрiн алғанын растайтын осы Ереженiң 7 қосымшасына сай растама бередi.
Өтiнiмнен ауытқушылық болған жағдайда Комитет Кәсiпорынға ол жайлы 5 күн iшiнде ауытқушылықты негiздеп хабарлайды.
6. Еуропа Одағы елдерiне экспортталатын өнiмге Ветеринарлық сертификат беру
16. Ветеринарлық сертификат әрбiр экспортталатын өнiмге қолданыстағы заңнамалар тәртiбiмен осы Ереженiң 6 қосымшасындағы үлгiге сай, шекара мен көлiктерде ветеринарлық бақылаудың мемлекеттiк басқармасының аймақтық, ветеринарлық инспекторлары ветеринарлық куәлiкпен ауыстыру арқылы беріледі. Ветеринарлық куәлiк Министрлiктiң аймақтық басқармасының ветеринарлық инспекторымен 4 қосымшадағы үлгiге сай ветеринарлық зертхананың актiсi негiзiнде белгiленген заңнамалық тәртiппен берiледi.
Балық өнiмдерiне, сондай-ақ технологиялық процеске пайдаланылған суларға ветеринарлық-санитарлық сараптауды белгiленген заңнамалық тәртіппен аттестацияланған ветеринарлық зертханалар ғана жүргізе алады.
7. Қорытынды ережелер
17. Кәсiпорынның ветеринарлық-санитарлық ереже талаптарын орындамағаны және кәсiпорында iшкі бақылау жүйесiнiң, ХАССП пен ЖЗТ, толық еместiгi анықталған жағдайда Балық шаруашылығы комитетi Ветеринариялық департаментiнiң келiсiмi бойынша кәсiпорынды есептiк нөмiрiнен айыруға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Еуропа Одағы елдерi үшiн
балық өнiмдерiн экспорттауға
дайындайтын кәсiпорындар мен
кемелердi есептеу және осы
өнiм түрiне Ветеринарлық
сертификат беру тәртiбi
туралы Ережесiне
1 қосымша
Еуропа Одағы елдерiне балық өнiмiн экспорттау үшiн кәсiпорынға есептiк нөмiр алуға
Өтiнiм
1. Балық өңдеушi кәсiпорын аты және мекен-жайы немесе кеменiң аты мен түрi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Балық өңдеушi кәсiпорын немесе кеме кiретiн ұйымның аты, оның мекен-жайы немесе кеме иесiнiң аты мен мекен-жайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Кәсiпорын немесе кеменiң қысқаша мiнездемесi: жаңа соғылған немесе жетiлдiрiлген
Кәсiпорын немесе кеменiң нөмiрiн көрсету (eгep консервiлер, пресервтер, уылдырық өндiретiн болса).
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Экспортталатын балық өнiмiнiң түрлерi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жетекшi
Жеке қолы (қолдың таратылуы)
Мөр
Қазақстан Республикасының
Еуропа Одағы елдерi үшiн
балық өнiмдерiн экспорттауға
дайындайтын кәсiпорындар мен
кемелердi есептеу және осы
өнiм түрiне Ветеринарлық
сертификат беру тәртiбi
туралы Ережесiне
2 қосымша
Ветеринарлық-санитарлық қорытынды
Облыстың (қаланың) Бас мемлекеттiк ветеринарлық инспекторының ветеринарлық-санитарлық қорытынды бередi:
1. Кәсiпорындағы технологиялық процестiң сызбалық көрiнiсiнiң орнатылған нормаға сәйкестiгi туралы. Мұнымен қоса мiндеттi түрде мынаны көрсетуi керек:
өндiрiстiк орын мен қосымша құрылыстың бар саны;
машинаның және жабдықтың орналасуы мен техникалық параметр тәртiбi;
қызмет iстеп тұрған технологиялық сызба (қосымша ендiру, процестiң ұзақтығы);
технологиялық процестiң техникалық параметрi (температурасы, ұзақтығы);
өнiмдi цех iшi мен зауыт iшiнде тасымалдау тәртiбi;
таза және лас аймақтың бар саны;
жабдықтарды тазалау мен уытсыздандырудың қызмет iстеп тұрған тәртiбi;
кәсiпорында тұрмыстық орындар мен қосымша аймақта гигиеналық шараларды жүзеге асыру деңгейi;
қызметкерлердiң жеке гигиенаны сақтау тәртiбi;
өнiмдi сақтау мен өткiзу жағдайы.
2. Кәсiпорынның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 1999 жылғы 1 қарашадағы N 181 "Балық өнiмдерiн өндiру мен тарату жөнiндегi кәсiпорындар үшiн ветеринарлық-санитарлық ереже мен нормаларда" айтылған талаптардың орындалуы туралы.
3. Кәсiпорындардың ХАССП принциптерiн ендiру мен ХЛП принциптерiн кәсiпорынның жеке бақылау зертханалары арқылы тәжiрибеде пайдалануы туралы.
______________________________________
Қорытынды берерде өнiм түрiн көрсетедi
Қазақстан Республикасының
Еуропа Одағы елдерi үшiн
балық өнiмдерiн экспорттауға
дайындайтын кәсiпорындар мен
кемелердi есептеу және осы
өнiм түрiне Ветеринарлық
сертификат беру тәртiбi
туралы Ережесiне
3 қосымша
Кәсiпорындарда iшкi бақылау жүйесiнiң қызметiн дәлелдейтiн құжаттар
1. Кәсiпорын жетекшiсiнiң экспортталатын өнiм сапасын бақылайтын топ құру жайлы бұйрық көшiрмесi.
2. Өнiм сапасына жауаптыны көрсеткен топ құралы және микробиологиялық, тазалық-техникалық бақылау мен тамақ өнiмдерiн өндiру технологиясы жөнiнде мамандығын растайтын топтың тiзiмi.
3. Өнiмдi сипаттау:
құрамы;
физика-химиялық және микробиологиялық қасиетi;
өңдеу тәсiлi;
ресiмдеу мен орау;
жарау мерзiмi;
технологиялық сызба (қосымша ендiру, процестiң ұзақтығы).
4. Өнiмнiң тiкелей тұтыну үшiн арналғандығы немесе одан ары қарай өндiру жайлы анықтама.
5. Өнiм өндiру технологиялық үлгiсiндегi қауiп түрлерi тiзбесi мен оларды жою шаралары.
6. Сындарлы нүктелерге бақылау мен қадағалаудың технологиялық үлгiсi.
7. Кәсiпорында ХАССП принциптерiнiң қызмет iстеуi ЖЗТ принциптерiнiң жеке зертханасы арқылы iс жүзiнде пайдалану жөнiндегi кiтап.
Қазақстан Республикасының
Еуропа Одағы елдерi үшiн
балық өнiмдерiн экспорттауға
дайындайтын кәсiпорындар мен
кемелердi есептеу және осы
өнiм түрiне Ветеринарлық
сертификат беру тәртiбi
туралы Ережесiне
4 қосымша
Кiмге __________________________________
Ветеринарлық заңды тұлғаның аталуы, жеке
зертхананың тұлғаның аты-жөнi, материалдың
мөртабаны иесiнiң аты-жөнi
Мекен-жайы ____________________
Сараптау актiсi N____
Материалдың / өнiмнiң жеткiзiлген айы, күнi, жылы ________________
Ветеринарлық зертхананың серiктестiрiлген құжаттарды тiркеу нөмiрi____
Материалдың аталуы және сипаттамасы ______________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жүктiң жалпы саны ________________ сынама алынды ____________
шт. тонн. лит. шт.
Өндiрген ел, өндiрiлген уақыты, сақталу мерзiмi __________________
Қолданған бақылау материалдары (диагностикумдар) _________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексерудiң тәсiлдерi және орындау барысы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Сараптаудың қорытындысы __________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тұжырым __________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Сараптама актiсi берiлген айы, күнi "___"_________ 200 ж.
Сараптама актiсiнiң жарамды мерзiмi "___"_________ 200 ж.
Ветеринариялық зертхананың жетекшiсi _____________________________
аты-жөнi, қолы
Бөлiм меңгерушiсi ________________________________________________
аты-жөнi, қолы
Орындаушы, ветеринариялық маман __________________________________
аты-жөнi, қолы
Қазақстан Республикасының
Еуропа Одағы елдерi үшiн
балық өнiмдерiн экспорттауға
дайындайтын кәсiпорындар мен
кемелердi есептеу және осы
өнiм түрiне Ветеринарлық
сертификат беру тәртiбi
туралы Ережесiне
5 қосымша
Балық өңдеу кәсiпорындарында санитарлық сәйкестiк рейтингiсiн анықтайтын бақылау таблицасы
Бұл қосымша құзырлы ұйымның кәсiпорынды ХАССП талаптарына сәйкестiгiн инспекциялаудың негiзгi бөлiгi болып табылады, оны мiндеттi пайдалану балық өнiмiн ЕО елдерiне экспорттауда жiберiлетiн құжаттар тiзiмiне кiредi.
Инспектордың тексерiлушi балық өңдеушi кәсiпорынның атауы мен мекен-жайы:
Телефон нөмiрi:
Инспекция жасалу мерзiмi:
Кәсiпорын иесi туралы мәлiмет:
Инспектордың аты-жөнi мен статусы:
Инспекторды алып жүрушiнiң аты-жөнi:
Өндiрiлiлетiн өнiм түрлерi:
__________________________________________________________________
Ақаулардың топтастырылуы | Тағайындалған |Инспектордың
| тапшылықтың ең| тапшылық
|жоғарғы нүктесi| нүктесi
__________________________________________________________________
1 2 3
__________________________________________________________________
1. Қозғалмайтын мүлiк
1. Жабдықтардың дұрыс қойылмауы,
өндiрiс қалдықтарымен, жарамды
қалдықтар мен қоқыстармен кiрленуi 4
2. Шаң жолдары, шалшықтар,
тұрақ орындары 4
3. Құрғату жүйесiнiң дұрыс еместiгi 3
4. Кәсiпорынның санитарлық жағдайы 4
2. Шикi зат
1. Алдамшылық сындарлы
2. Бұзылу iздерi сындарлы
3. Орау материалдары санитарлық
нормаға сәйкестендiрiлмеген 4
3. Ғимараттың соғылуы
1. Дизайны, материалдары, қабырғалар
құрылысы, еденi, төбесi санитарлық
нормалар мен стандартқа жауап бермейдi 4
2. Балық сақтауға пайдаланатын
орындарда төбесiнен су ағады сындарлы
3. Есiк және терезелер арнайы
сеткалармен немесе жәндiктерден,
кемiрушiлер мен басқа да жануарлардан
қорғау құралдарымен қорғалмаған 4
4. Жәндiктерден қорғану жоқ (майда
шыбындарға қарсы сетка) сындарлы
5. Ауа перделерi, оларды қолданар
жағдайда санитарлық нормаға сәйкес
келмейдi 3
6. Есiктер өздiгiнен жабылмайды және
сыртқа қарай ашылмайды 3
7. Өндiрiстiк орындар гараж, қойма
тұрғын үй ауданына қарай тура шығады 4
8. Өндiрiстiк цехтарының дұрыс
орналаспауынан жеуге жарамсыз
өнiмдердiң үстiнен жарайтындарға
кездейсоқтық ауысулар жүрiп жатады сындарлы
4. Жарықтану
1. Тиiмсiз жарықтанған 5
2. Лампалар, әсiресе өндiрiс
орындарындағы қауiпсiздендiрiлмеген
немесе қорғаушылары жоқ 5
5. Желдеткiш
1. Өндiрiс және қойма орындарында
конденсаттардың жиналуы 5
2. Өндiрiс және қойма орындарында
көгерулердiң нақты болуы 3
3. Жаман иiстердiң болуы 5
4. Желдеткiш жүйесiнiң тазалағыш
фильтрлерiнiң жоқтығы сындарлы
6. Сумен қамтамасыз ету
1. Ыстық және суық сумен дұрыс
қамтамасыз етiлмеуi 5
2. Оңайшылықпен қол жетпеуi 4
3. Су тазалағыш сүзгiштерiнiң жоқтығы сындарлы
4. Судың қауiпсiздiк сертификаты, егер
сумен қамту қауiптi болса сындарлы
5. Теңiз және көл сулары мақсатсыз
пайдаланылды сындарлы
6. Cу жiбергiш құрылымдар мақсатқа сай
пайдаланылмайды сындарлы
7. Мұз
1. Талапқа сәйкестендiрiлмеген судан
жасалған сындарлы
2. Санитарлық нормаға
сәйкестендiрiлмей сақталады сындарлы
3. Бiр реттен көп пайдаланылады сындарлы
8. Қалдықтарды кәдеге жарату
1. Сұйық қалдықтардың кәдеге дұрыс
жаратылмауы 5
2. Құрғақ қалдықтар сәйкес келмейтiн
контейнерде сақталады және
сәйкестендiрiлмеген зауыт аумағында 3
3. Қалдықтар контейнерге тура келмейдi
және жабылмаған 3
4. Қалдықтарды кәдеге жарату санитарлық
нормаларды сақтамай және дер кезiнде
жүргiзiлмейдi 4
9. Әжетхана орындарының орналасуы
1. Әжетханалар санының жетiспеушiлiгi 5
2. Әжетханалық қағаздардың жоқтығы 5
3. Есiктерi жабылмайды, не толық
жабылмайды немесе тура цехқа қарай шығады
Антисанитарлық жағдайда, жөндеудi қажет
етедi 5
4. Қол жуу туралы хабар тақтасының жоқтығы 3
5. Ыстық су жоқтығы 4
6. Сабынның жоқтығы 5
7. Қол кептiрушiнiң жоқтығы 5
8. Қоқыс жәшiгiнiң жоқтығы 4
9. Сыртқа шығу тесiгiнiң жоқтығы 5
10. Жабдықтар мен ыдыстар
1. Өнiмге тиетiн құралдардың уытты
татбасуға бейiм материалдан жасалған сындарлы
2. Таразы балық етiне арналған үстел,
таразы үстелi, орау үстелi және басқа
жабдықтар татбасуға бейiм материалдардан
жасалған 5
3. Жабдықтар құрылысы оларды жууға және
дезинфекциялауға қолайсыз жасалған 5
4. Құрылысы сондай - онда ыдыстарды жеңiл
жууға, оны инспекциялауға мүмкiндiк
бермейдi 5
5. Жабдықтар, контейнерлер және ыдыстар
ескiрген
11. Жинау, тазалау және сауықтыру
1. Ыдыстардың жеткiлiксiз шайылуы мен
өнiмге тиетiн құралдардың сауықтырылмауы 5
2. Тазалаудың сапасыз әдiстерi сындарлы
3. Тазалауға пайдаланылатын химикаттар
дұрыс белгiленбеген немесе жиналмаған 5
4. Тазалау мен дезинфекциялауға тыйым
салынған химикаттарды пайдалануы сындарлы
5. Қабылдау, өндiрiс және шикiзат пен
дайын өнiмдi сақтау орындары
антисанитариялық жағдайда 4
12. Әдiстер
1. Жұқтыруға әкелiп соғатын әдiстер сындарлы
2. Өнiмдi бүлдiруге әкеп соғатын әдiстер 5
13. Санитарлық бақылау
1. Iшкi санитарлық бақылау
бағдарламасының жоқтығы 5
2. Шикiзатқа санитарлық бақылау өнiмдi
жеткiлiксiз қорғайды 5
3. Дайын өнiмге санитарлық бақылау өнiмдi
жеткiлiксiз қорғайды сындарлы
4. Бақылау мен тестiлеу нәтижелерi
инспекторларға берiлмеген сындарлы
14. Жәндiктерге, құстар мен жануарларға бақылау
1. Құстар мен жануарлар зауыт аумағынан
алыстатылмаған 5
2. Жәндiктер мен зиянкестерге бақылау
тиiмсiз 5
3. Зиянкестер мен жәндiктермен күрес
құралы Қазақстанның құзыреттi
органдарымен мақұлданбаған сындарлы
4. Зиянкестер мен жәндiктермен күрес
құралының дұрыс пайдаланбауы мен
сақталуы сындарлы
15. Мұздатқыш жабдықтары
1. Шикiзат пен дайын өнiмдi жеткiлiксiз
мұздатады сындарлы
2. Жабдықтар өнiмдi тоңазытылған қалыпта
сақтамайды сындарлы
3. Жабдық дизайны өнiмнiң бүлiнуiне
әкеледi сындарлы
4. Рефрижераторлық орындарда
термометрдiң жоқтығы 5
5. Мұздатқыш қондырғыларының тоңазытқыш
бөлiмiнде оңтайлы температураны
сақтауды қамтамасыз ететiн бақылау
құралының болмауы сындарлы
16. Қойма орындары
1. Өнiмнiң бұзылмау мүмкiндiгi
шығарылмаған сындарлы
2. Антисанитарлық жағдайда сақталған,
жөндеудi қажет етедi 5
3. Бұзылудан сақтандыру үшiн өнiмнiң
астына төсегiштер, полкалар, шкафтар
пайдаланылмайды 5
17. Автомобильдер мен көлiктер
1. Олардың құрылысы сондай - оларда
өнiмнiң бұзылуы мен жұғуы мүмкiн сындарлы
2. Дұрыс пайдаланбайды, антисанитарлық
жағдайда 3
3. 40 о C температуралық жағдай жоқ
немесе өнiмдi салқындату үшiн төмен сындарлы
4. 0 о C температуралық жағдай жоқ
немесе мұздатылған өнiм үшiн төмен сындарлы
18. Қызметкерлер
1. Зауыттағы жұмыс iстеушi
қызметкерлердiң көптiгi басқа
қызметкерлер мен өнiмге жұғуды
әкелуi мүмкiн сындарлы
2. Басшылар жұмысшылардың денсаулығы
жайлы анықтаманы талап етпейдi сындарлы
3. Арнаулы қызметкерлер гигиеналық
талаптарға жауап бермейтiн киiм киедi сындарлы
4. Арнаулы қызметкерлер қолдарын жумайды
5. Арнаулы қызметкерлер өнiммен жұмыс
кезiнде сәндiк бұйымдарын (сақина т.б.)
шешпейдi 5
6. Қолғаппен жүретiн арнаулы қызметкерлер
олары санитарлық өңдеуден өткiзбейдi 5
7. Арнаулы қызметкерлер орамал, бас
киiмдер кимейдi 5
8. Арнаулы қызметкерлер өз заттарын сай
келмейтiн орындарда сақтайды, жұмыс
орындарында темекi шегедi, тамақ iшедi 5
9. Арнаулы қызметкерлер өнiмдердi
микроорганизмдермен ұрықтандыруды
болдырмау жөнiнде шараларды қолданбайды сындарлы
19. Оқу және тренинг
1. Тазалыққа жауапты қызметкер нақты
бiлiм мен тәжiрибенi меңгермеген 5
2. Жұмысшылар мен бақылаушылар мамандық
жетiлдiруден өтпеген 5
20. ХАССП
1. ХАССП принциптерiн детальдi
пайдалану сындарлы
2. ХАССП жүйесi жөнiнде дұрыс жазбалар
ендiру сындарлы
21. Қадағалау мен бақылау
1. Қызметкердiң осы құжат талаптарына
сәйкестiгiн қамтамасыз ету жауапкершілігi
тиiстi қызметкер үшiн нақты анықталмаған сындарлы
22. ХАССП
1. ХАССП принциптерiн детальдi пайдалану сындарлы
2. Кәсіпорын басшысының берiлгендiгi сындарлы
3. Координатор мен команданың нақты
барлығы сындарлы
4. Қауiптілiктi анықтау талдауы сындарлы
5. КТК анықтау сындарлы
6. Ендiрiлген ХАССП, пайдаланылулы және
бақылаулы сындарлы
7. ХАССП жүйесiн жазуды ендiрудiң
сәйкестiгi сындарлы
Барлығы II бөлiм
сомасы -
III бөлiм
сомасы*
100/II
бөлiм
сомасы
Санитарлық рейтингiнің сәйкестiгi есептеу Белгiленген
рейтинг
Егер 70-тен кем болса, онда өнiм ветеринарлық-санитарлық нормалар талабына жауап бермеген болады.
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Еуропа Одағы елдерi үшiн
балық өнiмдерiн экспорттауға
дайындайтын кәсiпорындар мен
кемелердi есептеу және осы
өнiм түрiне Ветеринарлық
сертификат беру тәртiбi
туралы Ережесiне
6 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Сараптау жағының өкiлеттi органы
Ветеринарлық сертификат
Еуропа орталығымен мақұлданған, кәсіпорыннан экспортталатын балық шаруашылық өнімдері мен авакультураларға
N__________
___________
(мерзімі)
________________
(Берілген орны)
I. Жiберуші жақ: ___________________________________________________
Жауапты қызметші: ________________________________________________
1. Өнiмнiң тепе-теңдiгiн анықтау
Балық жануарлары өнiмiн тiзбелеу (1): ____________________________
Түрi (ғылыми аталуы): ____________________________________________
Жеткiзу мен өнiмдi өңдеу түрi (2): _______________________________
Коды ТНВЭД (егер болса): _________________________________________
Орау түрi: _______________________________________________________
Орау бiрлiгiнiң саны: ____________________________________________
Таза салмағы: ____________________________________________________
Сақтау мен тасымалдау температурасы: _____________________________
2. Балық өнiмiнiң шығуы
Кәсiпорынның, көлiктiң немесе мұздатқыштың атауы және EO растаған нөмiрi: __________________________________________________________
Өнiм арналған
Өнiм _____________________________________________________________
(жiберушiнiң орны)
нен: _____________________________________________________________
(ел және жiберiлген орны)
көлiк құралымен жiберiлдi: _______________________________________
Жiберушiнiң мекен-жайы мен атауы: ________________________________
Қабылдаушының мекен-жайы мен атауы: ______________________________
II. Денсаулығын растау
Мемлекеттiк ветеринарлық дәрiгер, балық өнiмiнiң:
1. Аулану мен кемеде сақталуы ЕО Кеңесiнiң 92/48EEC директиваларының талаптарына сәйкестiгiн растайды.
2. Балық өнiмдерi ЕО Кеңесiнiң 91/493/EEC директиваларының 2, 3 және 4 бөлiмдерiнiң қосымшаларында көрсетiлген гигиеналық нормаларды сақтай отырып түсiрiлген, сақталған, егер керек болса оралған, дайындалған, өңделген, мұздатылған, ерiтiлген және жиналған болуы керек.
3. ЕО Кеңесiнiң 91/493/EEC директиваларының 5 бөлiмi қосымшаларында көрсетiлгендей зерттелген.
4. EO Кеңесiнiң 91/493/EEC директиваларының қосымшаларында VI, VII және VIII бөлiмдерiнiң талаптарына сәйкес оралған, белгiленген, жиналған және тасымалданған.
5. Улы немесе биотоксиндi балықтардан дайындалмаған.
6. Органолептикалық бағаланды, EO Кеңесiнiң 91/493/EEC директивалары және оның енгiзiлген шешiмдерiне сәйкес бекiтiлген балық категорияларына паразитологиялық, химиялық және микробиологиялық зерттеулер орындалды.
Төмендегi қол қойған мемлекеттiк ветеринарлық дәрiгер EO Кеңесiнiң 91/493/EEC, 92/48/EEC директивалары мен EO Кеңесiнiң 2002/862/СЕ шешiмдерiмен танысқанын растайды.
Толтырушы тұлғаның
лауазымы Қолы (3) Аты-жөнi
Mөp (3)
Керек емесiн сызып қой
(1) тiрi, салқындатылған, мұздатылған, тұздалған, кептiрiлген, консервiленген және басқа.
(2) қол мен мөрдiң түсi мәтiн түсiнен ерекше бiлiнiп тұруы керек.
Қазақстан Республикасының
Еуропа Одағы елдерi үшiн
балық өнiмдерiн экспорттауға
дайындайтын кәсiпорындар мен
кемелердi есептеу және осы
өнiм түрiне Ветеринарлық
сертификат беру тәртiбi
туралы Ережесiне
7 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті Балық өнiмдерiн Еуропа Одағы елдерiне экспорттауға құқық алу үшiн есептiк нөмiр берудi
РАСТАУ
Осы растама ________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
балық өнiмiн дайындаушы __________________________________________
__________________________________________________________________
(балық өнiм түрiн көрсету)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2004 жылғы "__"___________N________ бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерi үшiн балық өнiмдерiн экспорттауға дайындайтын кәсiпорындар мен кемелердi есептеу және осы өнiм түрiне Ветеринарлық сертификат беру Ережесiне" сәйкес оған балық өнiмдерiн EO елдерiне экспорттауға құқық алуға 200__ж. "__"___________ есептік нөмiр ____________ берiлдi.
Балық шаруашылығы
комитетiнiң төрағасы
__________________ ________________________
(қолы) (Аты-жөнi)
М.О.