Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 желтоқсанда N 1720 болып тіркелген "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2878. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қамау түріндегі жазалау, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолданысқа енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын және "Қазақстан Республикасының  Қылмыстық ,  Қылмыстық-іс жүргізу және  Қылмыстық-атқару кодекстеріне өлім жазасын орындауға мораторий енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 167  бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нормативтік-құқықтық реестрінде N 2083 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 4, 784-құжат) "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде N 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған 2002 жыл, N 7-8, 542-құжат), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Өмір бойы бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына сотталғандарды (бұдан әрі - ӨБА-ға және ӨЖ-ға) қабылдауды мекеме басшылығы, мекеме бастығының кезекші көмекшісі жүзеге асырады, онда сотталғандар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында резерв тобының бақылаушылары, жедел-режим құрамы қатысады;

      5-тармақтағы "карантиндік үй-жайға" деген сөздерден кейін "(ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға олардың ТМ объектілерінің орналасқан жерін есте сақтауын болдырмау мақсатында алдын-ала көздеріне селдір матадан шүберек кигізіледі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтағы "медициналық бақылау белгіленеді" деген сөздерден кейін "медициналық тексеру жүргізіледі, ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар үшін карантинде болу мерзімі 30 күнге дейін белгіленеді" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтың 9-тармақшасындағы "пайдалануға;" деген сөздерден кейін "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар үшін мекеменің кітапхана қорын, картоннан жасалған үстел ойындарын қолдануға;" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақтың 13-тармақшасындағы "өткізуге" деген сөздерден кейін "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтың 9-тармақшасындағы "орындауға;" деген сөздерден кейін "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2-тармақтарымен толықтырылсын:
      "12-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға:
      1) белгіленген киім нысанын бұзуға (11-қосымша);
      2) ТМ аумағында еріп жүрусіз және артына қайырылған қолына кісен салынбай және көздеріне селдір матадан шүберек кигізілмей жүруіне (серуендеу ауласында, монша бокстарында, тұрмыстық және жұмыс камераларында болу уақытын қоспағанда);
      3) камераларда шылым шегуге берілген уақыттан тыс кезде шылым шегуге;
      4) әкімшіліктің рұқсатынсыз терезе көздерін ашуға және жабуға;
      5) камераларда киімдерін жууға;
      6) қарау көзшесін жабуға;
      7) басқа камералардағы сотталғандармен байланысуға;
      8) медициналық қызметкердің ұсынымы бойынша ТМ бастығының рұқсатын қоспағанда күн тәртібінде белгіленбеген уақытта ұйықтау орынына жатуға";
      9) камераларда тізімде белгіленген нормадан көп заттар мен бұйымдар қоюына (12-қосымша) тыйым салынады.

      12-2. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталған жазасын өтеу кезеңінде қылмыс жасаған жағдайда сотталғандар тергеу изоляторына ауыстырылмайды, тергеу амалдары жазаны өтеу орнында жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 36-1-тармағымен толықтырылсын:
      "36-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды тексеру камералап жүргізіледі";

      мынадай мазмұндағы 37-1-тармағымен толықтырылсын:
      "37-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға ТМ аумағында мекеменің әкімшілігінің еріп жүруімен және артына қайырылған қолдарына кісен салынып, көздеріне селдір матадан шүберек кигізіліп жүргізіледі";

      41-тармақтағы "ұсталушы сотталғандар," деген сөздерден кейін "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар," деген сөздермен толықтырылсын;

      42-тармақтағы "ТМ орналасқан аумақта" деген сөздерден кейін "(ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      54-тармақ "тапсырылады" сөзден кейін ", ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға ТМ әкімшілігі камерада тапсырады." деген сөздермен толықтырылсын;

      86-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа сөйлеммен толықтырылсын:
      "ӨБА-ға сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулерге олардың кәдімгі және жеңілдетілген жағдайларда жазаларын өтеу кезінде рұқсат беріледі.";

      95-тармақтағы "кездесу оңаша берілуі мүмкін" деген сөздерден кейін", ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға арнайы жабдықталған бөлмелерде беріледі." деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 100-1-тармақпен толықтырылсын:
      "100-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға телефонмен сөйлесуге рұқсатты ТМ бастығы ерекше жеке жағдайларда береді";

      120-тармақтағы "жөнелтіледі" деген сөздің алдынан", ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 124-1-тармағымен толықтырылсын:
      "124-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға медициналық көмек көрсету сотталғанға қажет көмек көрсетілетін коридорда орналасқан уақытша ұстайтын арнайы камераларда жүргізіледі. Сотталғандарды колония сыртына шығаруда кезеңді болдырмау мақсатында мекемеде арнайы кабинеттер онда хирургиялық стол, тіс кабинетіндегі кресло, рентген аппараты сотталғандарды кісенмен отырғызу үшін тірегішпен жабдықталады.
      ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар түберкулездің ауыр түрімен ауыратын аурулар және соматикалық аурулар камералық ұсталатыны бар мекеменің медициналық изоляторларында орналасады. Осы санаттағы сотталғандардың сапқа түзілуі аурулық режимдегі камераларға бару уақыты әкімшілікпен қарастырылмаған.";

      Көрсетілген Ережелерге 1-қосымша мынадай абзацпен толықтырылсын: "Рация және басқа да мобильдік байланыс құралдары.";

      11, 12-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшылық ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

      Келісілді

       Қазақстан Республикасы
      Бас прокурорының
      бірінші орынбасары
      __________________
         (өз қолы)

      2004 жылғы 27 мамыр

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2004 жылғы 27 мамырдағы  
N 154 бұйрығына      
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің     
2001 жылғы 11 желтоқсандағы 
N 148 бұйрығымен бекітілген 
Түзеу мекемелерінің ішкі  
тәртіп ережелеріне     
11-қосымша        

Түрмеде ұсталатын ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар үшін белгіленген киім нысанының сипаттамасы

      Белгіленген үлгідегі киім (қара немесе көк түсті) шалбарлардың және күртешелердің жеңінің соңғы жағынан көлденеңінен 2 см сайын тігілген, әрқайсысының ені 3 см ақ түсті матадан үш сызығы болады. Күртешенің және жылы сыртқы киімнің арқасында трафарет арқылы "ӨБА немесе ӨЖ" деген жазулар жазылады, әріптердің көлемі 15х8. Ішкі киімдер мақта-матадан тігіледі. Камера ішінде сотталғандар металды бөлігі жоқ жұмсақ тәпішке киіп жүреді.

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2004 жылғы 27 мамырдағы  
N 154 бұйрығына      
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің     
2001 жылғы 11 желтоқсандағы 
N 148 бұйрығымен бекітілген 
Түзеу мекемелерінің ішкі  
тәртіп ережелеріне     
12-қосымша        

Түрмеде ұсталатын ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар камераларында рұқсат етілетін бұйымдар мен заттардың
Тізбесі

      Төсек керек-жарақтары:
      Матрас - 1 дана; көрпе - 1 дана; ақжайма - 2 дана; жастық - 1 дана; жастық тысы - 1 дана; сүлгі - 2 дана (әрқайсысы 50 см. аспайды).
      Жеке гигиена бұйымдары:
      Тіс пастасы (пластмасса ыдыста) - 1 дана; тіс щеткасы - 1 дана; электрлі бритва - 1 дана; сабын, губкадан жасалған жуғыш (монша боксында, камераның артында бекітілген ұяшықта болады), бір жолғы бритва станогы (бекеттегі кезекші бақылауымен моншаға түскен кезде беріледі).
      Жазу керек-жарақтары:
      Жазу қағазы (металл скрепкаларсыз); пластмассалық корпустағы көк түсті сиясы бар автоқалам; қарындаш.
      Ыдыс-аяқ:
      Пластмассалық тәрелке (тамақ ішу уақытында беріледі); пластмассадан немесе ағаштан жасалған бокалдар мен қасықтар (камерада болады).
      Өзге де керек-жарақтар:
      Ине мен жіп (корпус бойынша аға қызметкер белгілі бір уақытқа береді); сотталғандардың жеке хаттары; туыстарының фотосуреттері; үстел ойындары шахмат, шашки, домино (картоннан жасалған); ТМ әкімшілігі темекі керек-жарақтарымен қамтамасыз етпейді, ал олардың сотталғандарда болған кезінде олар серуендеу ауласына жақын камераға бекітілген ұяшықта сақталады.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 11 декабря 2001 года № 148 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка исправительных учреждений", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2001 года за № 1720

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 мая 2004 года № 154. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2004 года № 2878. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 марта 2012 года № 182

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 29.03.2012 № 182 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации  Закона  Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты по вопросам наказания в виде ареста, а также введения в действие пожизненного лишения свободы" и  Закона  Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Уголовный, Уголовно-процессуальный и Уголовно-исполнительный кодексы Республики Казахстан в связи с введением моратория на исполнение смертной казни", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в  приказ  Министра юстиции Республики Казахстан от 11 декабря 2001 года № 148 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка исправительных учреждений" (зарегистрированный в Государственном реестре нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2002 год, № 7-8, статья 542) с изменениями, внесенными  приказом  Министра юстиции Республики Казахстан от 20 ноября 2002 года № 167 (зарегистрированный в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан 12 декабря 2002 года № 2083, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2003 год, № 4, статья 784), следующие изменения и дополнения:
      Правила внутреннего распорядка исправительных учреждений, утвержденные указанным приказом:
      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      "3-1. Прием осужденных, отбывающих пожизненное лишение свободы и осужденных к смертной казни (далее - осужденные к ПЛС и СК), осуществляется руководством учреждения, дежурным помощником начальника учреждения, оперативно-режимным составом. В целях исключения противоправных действий со стороны осужденных присутствуют контролеры резервной группы.";
      пункт 5 после слов "в карантинное помещение" дополнить словами "(осужденным к ПЛС и СК, предварительно на глаза надеваются повязки из непрозрачного материала в целях исключения возможности запоминания ими расположения объектов ИУ)";
      пункт 6 после предложения, оканчивающегося словами "проводится медицинское обследование.", дополнить новым предложением следующего содержания: "Для осужденных к ПЛС и СК срок нахождения в карантине устанавливается до 30 суток.";
      подпункт 9 пункта 10 после слов "музыкальными инструментами." дополнить предложением следующего содержания: "Осужденные к ПЛС и СК, содержащиеся в тюрьме, вправе пользоваться только библиотечным фондом учреждения, настольными играми, изготовленными из картона;"; 
      подпункт 13 пункта 10 после слов "времени уборки" дополнить словами ", кроме осужденных к ПЛС и СК";
      подпункт 9 пункта 11 после слов "культурно-бытовых условий" дополнить словами ", кроме осужденных к ПЛС и СК";
      подпункт 12 пункта 11 после слов "приема пищи" дополнить словами ", кроме осужденных к ПЛС и СК"; 
      дополнить пунктами 12-1, 12-2 следующего содержания:
      "12-1. Осужденным к ПЛС и СК запрещено:
      1) нарушать установленную форму одежды (приложение 11);
      2) передвигаться по территории ИУ без сопровождения и без наручников, одетых на руки сзади, и повязки из непрозрачного материала, надетой на глаза (кроме времени нахождения в прогулочных дворах, банных боксах, жилых и рабочих камерах);
      3) курить в камерах в неотведенное для курения время;
      4) без разрешения администрации открывать и закрывать оконные форточки;
      5) стирать одежду в камерах;
      6) закрывать смотровой глазок;
      7) устанавливать контакты с осужденными из других камер;
      8) ложиться на спальное место в неотведенное для этого распорядком дня время, кроме как с разрешения начальника ИК по рекомендации медицинских работников; 
      9) иметь в камере вещи и предметы сверх норм, установленных Перечнем предметов и вещей, которые разрешается иметь в камерах осужденным к ПЛС и СК (приложение 12).
      12-2. Осужденные к ПЛС и СК, совершившие в период отбывания наказания преступления, в следственный изолятор не переводятся. Следственные действия проводятся по месту отбывания наказания."; 
      дополнить пунктом 36-1 следующего содержания:
      "36-1. Проверка осужденных к ПЛС и СК проводится покамерно.";
      дополнить пунктом 37-1 следующего содержания:
      "37-1. Осужденные к ПЛС и СК передвигаются по территории ИУ в сопровождении администрации учреждения в наручниках, надетых на руки сзади, с повязкой из непрозрачного материала, надетой на глаза.";
      пункт 41 после слов "на строгих условиях отбывания наказания" дополнить словами "осужденных к ПЛС и СК,";
      пункт 42 после слов "расположенных в районе дислокации ИУ" дополнить словами ", кроме осужденных к ПЛС и СК"; 
      пункт 54 после слов "вручаются после отбытия меры взыскания" дополнить словами ", осужденным к ПЛС и СК вручаются администрацией ИУ в камере."; 
      пункт 86 дополнить новым предложением следующего содержания:
      "Длительные свидания осужденным к ПЛС предоставляются при отбывании ими наказания в обычных и облегченных условиях.";
      пункт 95 после слов "свидания могут предоставляться наедине" дополнить словами ", для осужденных к ПЛС и СК в специально оборудованной комнате."; 
      дополнить пунктом 100-1 следующего содержания:
      "100-1. Осужденным к ПЛС и СК телефонные переговоры предоставляются начальником ИУ при исключительных личных обстоятельствах.";
      пункт 120 после слов "территориальных органов здравоохранения" дополнить словами ", кроме осужденных к ПЛС и СК."; 
      дополнить пунктом 124-1 следующего содержания:
      "124-1. Оказание медицинской помощи осужденным к ПЛС и СК проводится в специальной камере временного содержания, расположенной в коридоре поста, где осужденному оказывается необходимая помощь. С целью исключения этапирования осужденных за пределы колонии, в учреждении оборудуются специальные кабинеты, в которых хирургический стол, кресло в зубном кабинете, рентген аппарат оборудованы кронштейном для пристегивания осужденных наручниками. 
      Осужденные к ПЛС и СК, больные тяжелой формой туберкулеза, и соматические больные, находятся в медицинских изоляторах учреждения с камерным содержанием. Построение данной категории осужденных во время посещения камер с больничным режимом администрацией не предусмотрено."; 
      Приложение 1 к указанным Правилам дополнить следующим абзацем "Рации и другие средства мобильной связи.";
      дополнить Приложениями 11, 12.

      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации. 

             Министр 


      СОГЛАСОВАНО 
  Первый заместитель
  Генерального прокурора
  Республики Казахстан

    27 мая 2004 год

 


Приложение 1         
к Приказу Министра юстиции  
Республики Казахстан   
27 мая 2004 года N 154  


Приложение 11              
к Правилам внутреннего распорядка   
исправительных учреждений, утвержденным 
приказом Министра юстиции Республики 
Казахстан от 11 декабря 2001 года № 148 


Описание установленной формы одежды
для осужденных к ПЛС и СК


      Одежда установленного образца (черного или синего цвета) с тремя полосами из ткани белого цвета шириною 3 см каждая, нашитыми по горизонтали через 2 см на концах штанин брюк и рукавах куртки. На верхней задней части куртки и теплой верхней одежды наносится надпись через трафарет "ПЛС" или "СК", размер букв 15х8 см. Нижнее нательное белье из хлопчатобумажной ткани. В камере осужденные носят мягкие тапочки без металлических частей.

 


Приложение 2         
к Приказу Министра юстиции  
Республики Казахстан    
27 мая 2004 года N 154   


Приложение 12              
к Правилам внутреннего распорядка   
исправительных учреждений, утвержденным 
приказом Министра юстиции Республики 
Казахстан от 11 декабря 2001 года № 148  

ПЕРЕЧЕНЬ
предметов и вещей, которые разрешается иметь 
в камерах осужденным к ПЛС и СК


      Постельные принадлежности:
      Матрац - 1 шт.; одеяло - 1 шт.; простыни - 2 шт.; подушка - 1 шт.; наволочка - 1 шт.; полотенце - 2 шт. (не более 50 см. каждое).

      Предметы личной гигиены:
      Зубная паста (в пластмассовом тюбике) - 1 шт.; зубная щетка - 1 шт.; электробритва - 1 шт.; мыло, мочалка из губки (находится в банном боксе, в ячейке закрепленной за камерой), одноразовый бритвенный станок (выдается при проведении бани под контролем дежурного на посту).

      Письменные принадлежности:
      Писчая бумага (без металлических скрепок); авторучка в пластмассовом корпусе с пастой синего цвета; карандаш.

      Посуда:
      Пластмассовая тарелка (выдается во время приема пищи); пластмассовые или деревянные бокал и ложка (находятся в камере).

      Иные принадлежности:
      Нитка с иголкой (выдается старшим по корпусу на определенное время); личная переписка осужденных; фотографии родственников; настольные игры: шахматы, шашки, домино (изготовленные из картона); администрация ИУ не обеспечивает курительными принадлежностями, а при их наличии у осужденных, они хранятся в ячейке, закрепленной за камерой вблизи прогулочных двориков.