Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қамау түріндегі жазалау, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолданысқа енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасының Қылмыстық , Қылмыстық-іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өлім жазасын орындауға мораторий енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 167 бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нормативтік-құқықтық реестрінде N 2083 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 4, 784-құжат) "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде N 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған 2002 жыл, N 7-8, 542-құжат), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Өмір бойы бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына сотталғандарды (бұдан әрі - ӨБА-ға және ӨЖ-ға) қабылдауды мекеме басшылығы, мекеме бастығының кезекші көмекшісі жүзеге асырады, онда сотталғандар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында резерв тобының бақылаушылары, жедел-режим құрамы қатысады;
5-тармақтағы "карантиндік үй-жайға" деген сөздерден кейін "(ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға олардың ТМ объектілерінің орналасқан жерін есте сақтауын болдырмау мақсатында алдын-ала көздеріне селдір матадан шүберек кигізіледі)" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы "медициналық бақылау белгіленеді" деген сөздерден кейін "медициналық тексеру жүргізіледі, ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар үшін карантинде болу мерзімі 30 күнге дейін белгіленеді" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 9-тармақшасындағы "пайдалануға;" деген сөздерден кейін "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар үшін мекеменің кітапхана қорын, картоннан жасалған үстел ойындарын қолдануға;" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 13-тармақшасындағы "өткізуге" деген сөздерден кейін "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың 9-тармақшасындағы "орындауға;" деген сөздерден кейін "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2-тармақтарымен толықтырылсын:
"12-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға:
1) белгіленген киім нысанын бұзуға (11-қосымша);
2) ТМ аумағында еріп жүрусіз және артына қайырылған қолына кісен салынбай және көздеріне селдір матадан шүберек кигізілмей жүруіне (серуендеу ауласында, монша бокстарында, тұрмыстық және жұмыс камераларында болу уақытын қоспағанда);
3) камераларда шылым шегуге берілген уақыттан тыс кезде шылым шегуге;
4) әкімшіліктің рұқсатынсыз терезе көздерін ашуға және жабуға;
5) камераларда киімдерін жууға;
6) қарау көзшесін жабуға;
7) басқа камералардағы сотталғандармен байланысуға;
8) медициналық қызметкердің ұсынымы бойынша ТМ бастығының рұқсатын қоспағанда күн тәртібінде белгіленбеген уақытта ұйықтау орынына жатуға";
9) камераларда тізімде белгіленген нормадан көп заттар мен бұйымдар қоюына (12-қосымша) тыйым салынады.
12-2. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталған жазасын өтеу кезеңінде қылмыс жасаған жағдайда сотталғандар тергеу изоляторына ауыстырылмайды, тергеу амалдары жазаны өтеу орнында жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 36-1-тармағымен толықтырылсын:
"36-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды тексеру камералап жүргізіледі";
мынадай мазмұндағы 37-1-тармағымен толықтырылсын:
"37-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға ТМ аумағында мекеменің әкімшілігінің еріп жүруімен және артына қайырылған қолдарына кісен салынып, көздеріне селдір матадан шүберек кигізіліп жүргізіледі";
41-тармақтағы "ұсталушы сотталғандар," деген сөздерден кейін "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар," деген сөздермен толықтырылсын;
42-тармақтағы "ТМ орналасқан аумақта" деген сөздерден кейін "(ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
54-тармақ "тапсырылады" сөзден кейін ", ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға ТМ әкімшілігі камерада тапсырады." деген сөздермен толықтырылсын;
86-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа сөйлеммен толықтырылсын:
"ӨБА-ға сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулерге олардың кәдімгі және жеңілдетілген жағдайларда жазаларын өтеу кезінде рұқсат беріледі.";
95-тармақтағы "кездесу оңаша берілуі мүмкін" деген сөздерден кейін", ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға арнайы жабдықталған бөлмелерде беріледі." деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 100-1-тармақпен толықтырылсын:
"100-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға телефонмен сөйлесуге рұқсатты ТМ бастығы ерекше жеке жағдайларда береді";
120-тармақтағы "жөнелтіледі" деген сөздің алдынан", ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 124-1-тармағымен толықтырылсын:
"124-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға медициналық көмек көрсету сотталғанға қажет көмек көрсетілетін коридорда орналасқан уақытша ұстайтын арнайы камераларда жүргізіледі. Сотталғандарды колония сыртына шығаруда кезеңді болдырмау мақсатында мекемеде арнайы кабинеттер онда хирургиялық стол, тіс кабинетіндегі кресло, рентген аппараты сотталғандарды кісенмен отырғызу үшін тірегішпен жабдықталады.
ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар түберкулездің ауыр түрімен ауыратын аурулар және соматикалық аурулар камералық ұсталатыны бар мекеменің медициналық изоляторларында орналасады. Осы санаттағы сотталғандардың сапқа түзілуі аурулық режимдегі камераларға бару уақыты әкімшілікпен қарастырылмаған.";
Көрсетілген Ережелерге 1-қосымша мынадай абзацпен толықтырылсын: "Рация және басқа да мобильдік байланыс құралдары.";
11, 12-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшылық ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
бірінші орынбасары
__________________
(өз қолы)
2004 жылғы 27 мамыр
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2004 жылғы 27 мамырдағы
N 154 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы
N 148 бұйрығымен бекітілген
Түзеу мекемелерінің ішкі
тәртіп ережелеріне
11-қосымша
Түрмеде ұсталатын ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар үшін белгіленген киім нысанының сипаттамасы
Белгіленген үлгідегі киім (қара немесе көк түсті) шалбарлардың және күртешелердің жеңінің соңғы жағынан көлденеңінен 2 см сайын тігілген, әрқайсысының ені 3 см ақ түсті матадан үш сызығы болады. Күртешенің және жылы сыртқы киімнің арқасында трафарет арқылы "ӨБА немесе ӨЖ" деген жазулар жазылады, әріптердің көлемі 15х8. Ішкі киімдер мақта-матадан тігіледі. Камера ішінде сотталғандар металды бөлігі жоқ жұмсақ тәпішке киіп жүреді.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2004 жылғы 27 мамырдағы
N 154 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы
N 148 бұйрығымен бекітілген
Түзеу мекемелерінің ішкі
тәртіп ережелеріне
12-қосымша
Түрмеде ұсталатын ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар камераларында рұқсат етілетін бұйымдар мен заттардың
Тізбесі
Төсек керек-жарақтары:
Матрас - 1 дана; көрпе - 1 дана; ақжайма - 2 дана; жастық - 1 дана; жастық тысы - 1 дана; сүлгі - 2 дана (әрқайсысы 50 см. аспайды).
Жеке гигиена бұйымдары:
Тіс пастасы (пластмасса ыдыста) - 1 дана; тіс щеткасы - 1 дана; электрлі бритва - 1 дана; сабын, губкадан жасалған жуғыш (монша боксында, камераның артында бекітілген ұяшықта болады), бір жолғы бритва станогы (бекеттегі кезекші бақылауымен моншаға түскен кезде беріледі).
Жазу керек-жарақтары:
Жазу қағазы (металл скрепкаларсыз); пластмассалық корпустағы көк түсті сиясы бар автоқалам; қарындаш.
Ыдыс-аяқ:
Пластмассалық тәрелке (тамақ ішу уақытында беріледі); пластмассадан немесе ағаштан жасалған бокалдар мен қасықтар (камерада болады).
Өзге де керек-жарақтар:
Ине мен жіп (корпус бойынша аға қызметкер белгілі бір уақытқа береді); сотталғандардың жеке хаттары; туыстарының фотосуреттері; үстел ойындары шахмат, шашки, домино (картоннан жасалған); ТМ әкімшілігі темекі керек-жарақтарымен қамтамасыз етпейді, ал олардың сотталғандарда болған кезінде олар серуендеу ауласына жақын камераға бекітілген ұяшықта сақталады.