Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдинет және спорт министрінің 22.11.2014 № 107 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
1. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2002 жылғы 11 қазандағы N 2007 тіркелген "Спорттық iс-шараларға қатысушыларға тамақ нормаларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 06-2-2/208 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Спорттық iс-шараларды өткізудің қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында бұйырамын:".
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2002 жылғы 11 қазандағы N 2008 тіркелген "Спорттық iс-шараларға қатысушыларға фармакологиялық қалпына келтіру құралдарының, витаминдер мен белоктық-глюкозалық препараттардың нормаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 06-2-2/209 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Спорттық iс-шараларды өткізудің қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында бұйырамын:".
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұйымдастыру және жоспарлау-қаржылық жұмыстары басқармасы белгіленген тәртіппен ұсынсын.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға