Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 9 маусымдағы N 06-2-2/197 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2903. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдинет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдинет және спорт министрінің 22.11.2014 № 107 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2002 жылғы 11 қазандағы N 2007 тіркелген "Спорттық iс-шараларға қатысушыларға тамақ нормаларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 06-2-2/208  бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Спорттық iс-шараларды өткізудің қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында бұйырамын:".
      2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2002 жылғы 11 қазандағы N 2008 тіркелген "Спорттық iс-шараларға қатысушыларға фармакологиялық қалпына келтіру құралдарының, витаминдер мен белоктық-глюкозалық препараттардың нормаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 06-2-2/209  бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Спорттық iс-шараларды өткізудің қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында бұйырамын:".
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұйымдастыру және жоспарлау-қаржылық жұмыстары басқармасы белгіленген тәртіппен ұсынсын.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады