Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2008.11.28 N 98 Қаулысымен.
----------------- Қаулыдан үзінді ------------------
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ...
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 шілдедегі
N 95
қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3015 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 24 тамызда N 216 (23851) жарияланған);
2) ... күші жойылды деп танылсын.
4. ...
5. ...
6. ...
Ұлттық Банк
Төрағасы Ә. Сәйденов
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын бухгалтерлік есепке алуды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны жеті күндік мерзімде почта байланысының уәкілетті ұйымына және қызметінің жалғыз түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын барлық уәкілетті ұйымдарға жіберсін.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету шараларын қабылдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын бухгалтерлiк есепке
алу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы"
2004 жылғы 15 шiлдедегi N 95
қаулысымен бекiтiлдi
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
лицензиясы негiзiнде қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын бухгалтерлiк есепке
алу жөнiндегi нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржы есебi туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2509 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектiлерi үшiн бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарын бекiту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегi N 324 қаулысына , сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқа нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде почта байланысының уәкiлеттi ұйымына және қызметiнiң жалғыз түрi қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын барлық уәкiлеттi ұйымдар (бұдан әрi - уәкiлеттi ұйым) жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын бухгалтерлiк есепке алу тәртiбiн белгiлейдi.
3. Қолма-қол шетел валютасымен операцияларды бухгалтерлiк есепте көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2106 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Валюта айырбастаудың рыноктық бағамын айқындау тәртiбiн белгiлеу туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512 қаулысына сәйкес айқындалатын және қолданылатын валюта айырбастаудың рыноктық бағамы (бұдан әрi - есепке алу бағамы) пайдаланылады.
4. Осы Нұсқаулық екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктерге және кредиттiк серiктестiктерге қолданылмайды.
2-тарау. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын аванс пайдаланбай алу тәртiбi
5. Басшының бұйрығымен өкiлеттiк берiлген басшы немесе лауазымды тұлға шығаратын сатып алу, сату бағамдарын және кросс бағамдарды белгiлеу туралы жазбаша нұсқау және осы Нұсқаулықтың 6-8 тармақтарында көзделген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1010 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен белгiленген нысан (бұдан әрi - Айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық) және тиiстi шоттардың дебетi (бұдан әрi - Дт мен кредитi (- Кт) бойынша сатып алынған немесе сатылған шетел валютасының тiзiлiмi журналы негiзiнде жұмыс күнiнiң соңында бухгалтерлiк жазбалар орындалады.
6. Теңгеге шетел валютасын сатып алған кезде:
1) сатып алу бағамы есепке алу бағамынан төмен болса:
Дт 452 "Кассадағы шетел - сатып алынған шетел
валютасындағы қолма-қол валютасындағы сомаға
ақша"
Кт 451 "Кассадағы ұлттық - теңгеде төленген ақша
валютадағы қолма-қол ақша" сомасына
Кт 727 02 "Шетел валютасын сатып - сатып алу бағамы мен
алу-сатудан түскен кiрiс" есепке алу бағамы
арасындағы айырмаға;
2) сатып алу бағамы есепке алу бағамынан жоғары болса:
Дт 452 "Кассадағы шетел - сатып алынған шетел
валютасындағы қолма-қол валютасына
ақша"
Дт 845 02 "Шетел валютасын сатып - сатып алу бағамы мен
алу-сату бойынша шығыстар" есепке алу бағамының
арасындағы айырма
Кт 451 "Кассадағы ұлттық - теңгеде төленген ақша
валютадағы қолма-қол ақша" сомасына.
7. Теңгеге шетел валютасын сату кезiнде:
1) сату бағамы есепке алу бағамынан жоғары болса:
Дт 451 "Кассадағы ұлттық - теңгеде алынған ақша
валютадағы қолма-қол ақша" сомасына
Кт 452 "Кассадағы шетел - сатылған шетел
валютасындағы қолма-қол валютасының сомасына
ақша"
Кт 727 02 "Шетел валютасын сатып - сату бағамы мен есепке
алу-сатудан түскен кiрiс" алу бағамы арасындағы
айырмаға;
2) сату бағамы есепке алу бағамынан төмен болса:
Дт 451 "Кассадағы ұлттық - теңгеде алынған ақша
валютадағы қолма-қол ақша" сомасына
Дт 845 02 "Шетел валютасын сатып - сату бағамы мен есепке
алу-сатудан түскен кiрiс" алу бағамы арасындағы
айырмаға;
Кт 452 "Кассадағы шетел - сатылған шетел
валютасындағы қолма-қол валютасының сомасына.
ақша"
8. Кpocc-бағам бойынша басқа шетел валютасына шетел валютасын сату кезiнде бухгалтерлiк жазбалар бiр шетел валютасын сату бойынша жеке және басқа шетел валютасын сатып алу бойынша жеке орындалады. Бұл ретте осы мәмiленi бухгалтерлiк есепте көрсету үшiн бiр шетел валютасын сатуды көрсеткенде ашылатын және бiр мезгiлде басқа шетел валютасын сатып алуды көрсеткенде жабылатын "Басқа дебиторлық берешек" N 334 транзит шоты пайдаланылады.
Төменде, жасалынған мәмiле шартына сай мынадай бухгалтерлiк жазбалар келтiрiледi:
1) сату бағамы есепке алу бағамынан жоғары болса:
Дт 301 "Алуға арналған шоттар" - сату бағамы бойынша
теңгеде сатылған шетел
валютасының балама сомасына
Кт 452 "Кассадағы шетел - сатылған шетел
валютасындағы қолма-қол валютасының сомасына
ақша"
451 Кассадағы ұлттық
валютадағы қолма-қол
ақша" (соманың бiр бөлiгiн
теңгеде төлеген жағдайда)
Кт 727 02 "Шетел валютасын сатып - сату бағамы мен есепке
алу-сатудан түскен кiрiс" алу бағамы арасындағы
айырмаға;
2) сату бағамы есепке алу бағамынан төмен болса:
Дт 301 "Алуға арналған шоттар" - сату бағамы бойынша
теңгеде сатылған шетел
валютасының балама сомасына
Дт 845 02 "Шетел валютасын сатып - сату бағамы мен есепке
алу-сатудан болған алу бағамы арасындағы
шығыстар" айырмаға;
Кт 452 "Кассадағы шетел - сатылған шетел
валютасындағы қолма-қол валютасының сомасына
ақша"
451 Кассадағы ұлттық валютадағы
қолма-қол ақша" (соманың
бiр бөлiгiн теңгеде төлеген
жағдайда)
3) сатып алу бағамы есепке алу бағамынан төмен болса:
Дт 452 "Кассадағы ұлттық - сатып алынған шетел
валютадағы қолма-қол ақша" валютасындағы сомаға
451 "Кассадағы ұлттық
валютадағы қолма-қол
ақша" (соманың бiр
бөлiгiн теңгеде
төлеген жағдайда)
Кт 301 "Алуға арналған шоттар" - сатып алу бағамы бойынша
теңгеде сатып алынған шетел
валютасының балама сомасына
тең сату бағамы бойынша
теңгеде сатылған шетел
валютасының балама сомасына
Кт 727 02 "Шетел валютасын сатып - сатып алу бағамы мен
алу-сатудан түскен кiрiс" есепке алу бағамы
арасындағы айырмаға;
4) сатып алу бағамы есепке алу бағамынан жоғары болса:
Дт 452 "Кассадағы шетел - сатып алынған шетел
валютадағы қолма-қол ақша" валютасындағы сомаға
451 "Кассадағы ұлттық
валютадағы қолма-қол ақша"
(соманың бiр бөлiгiн
теңгеде төлеген жағдайда)
Дт 845 02 "Шетел валютасын сатып - сатып алу бағамы мен
алу-сатудан түскен шығыс" есепке алу бағамы
арасындағы айырмаға;
Кт 301 "Алуға арналған шоттар" - сатып алу бағамы бойынша
теңгеде сатып алынған шетел
валютасының балама сомасына
тең сату бағамы бойынша
теңгеде сатылған шетел
валютасының балама сомасына.
3-тарау. Қолма-қол шетел валютасымен айырбас
операцияларын авансты пайдалана отырып есепке алу
9. Уәкiлеттi ұйым шығыс ордерi негiзiнде айырбас пунктiне шетел валютасымен және теңгемен аванс берген кезде мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:
1) шетел валютасындағы аванс сомасына:
Дт 333 "Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың берешегi" (есепке
алу бағамы бойынша берiлген шетел валютасының баламасы)
Кт 452 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша";
2) теңгемен аванс сомасына:
Дт 333 "Қызметкерлердiң және басқа тұлғалардың берешегi"
Кт 451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша".
10. Айырбас пунктi қолма-қол шетел валютасының және теңгенiң қалдық сомасын қайтарған кезде бағамдарды белгiлеу туралы жазбаша нұсқау, осы Нұсқаулықтың 11-13 тармақтарында көзделген, Айырбас операцияларын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықпен орнатылған нысанға сай сатылған шетел валютасының тiзiлiмi журнал және кiрiс ордерi негiзiнде уәкiлеттi ұйымдарда айырбастау операцияларын жүргiзу қорытындылары бойынша жұмыс күнiнiң соңында бухгалтерлiк жазбалар орындалады.
11. Шетел валютасы мен теңге сомасын қайтару кезiнде:
1) қайтарылған шетел валютасының сомасына:
Дт 452 "Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша" (шетел
валютасының түрiне байланысты)
Кт 333 "Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың берешегi" (есепке
алу бағамы бойынша қайтарылған шетел валютасының
баламасы);
2) N 333 шотының қалдығы мен теңгемен қайтарылған соманың арасындағы ең аз сомаға:
Дт 451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт 333 "Қызметкерлердiң және басқа тұлғалардың берешегi";
3) N 333 шотының қалдығы мен теңгемен қайтарылған соманың арасындағы айырмаға (жасалған айырбас операцияларының нәтижесi):
осы айырма оң болса:
Дт 451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт 727 02 "Шетел валютасын сатып алу-сатудан түскен кiрiс";
осы айырма терiс болса:
Дт 845 02 "Шетел валютасын сатып алу-сатудан түскен шығыстар"
Кт 333 "Қызметкерлердiң және басқа тұлғалардың берешегi".
12. Шетел валютасының сомасын ғана қайтарған кезде:
1) шетел валютасының сомасына:
Дт 452 "Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша" (шетел
валютасының түрiне байланысты)
Кт 333 "Қызметкерлердiң және басқа тұлғалардың берешегi";
2) шетел валютасын сатып алу-сатудан түскен кiрiс сомасына:
Дт 452 "Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша"
Кт 727 02 "Шетел валютасын сатып алу-сатудан түскен кiрiс";
немесе шетел валютасын сатып алу-сатудан болған шығыстар сомасына:
Дт 845 02 "Шетел валютасын сатып алу-сатудан түскен шығыстар"
Кт 333 "Қызметкерлердiң және басқа тұлғалардың берешегi".
13. Теңгедегi соманы ғана қайтарған кезде:
1) теңгедегi сомаға:
Дт 451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт 333 "Қызметкерлердiң және басқа тұлғалардың берешегi";
2) шетел валютасын сатып алу-сатудан түскен кiрiс сомасына:
Дт 451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт 727 02 "Шетел валютасын сатып алу-сатудан түскен кiрiс";
немесе шетел валютасын сатып алу-сатудан болған шығыстар сомасына:
Дт 845 02 "Шетел валютасын сатып алу-сатудан түскен шығыстар"
Кт 333 "Қызметкерлердiң және басқа тұлғалардың берешегi".
4-тарау. Шетел валютасын қайта бағалау
бойынша есепке алу
14. Уәкiлеттi ұйымның есеп саясатына сәйкес есепке алу бағамы өзгерген кезде кассада және банктiк шотта шетел валютасының барлық қалдықтарына қайта бағалау жүргiзiледi:
1) есепке алу бағамы көбейген кезде оң бағам айырмасының сомасына:
Дт 452 "Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша"
431 02 "Шетел валютасындағы ағымдағы шоттардағы ақша";
Кт 725 01 "Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған
кiрiстер";
2) есепке алу бағамы азайған кезде оң бағам айырмасының сомасына:
Дт 844 01 "Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған
шығыстар"
Кт 452 "Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша"
431 02 "Шетел валютасындағы ағымдағы шоттардағы ақша".
15. Сатылған шетел валютасы бойынша шетел валютасын қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған кiрiстер мен шығыстарды уәкiлеттi ұйым уәкiлеттi ұйымның есеп саясатында белгiленген кезеңдiлiкпен шетел валютасын қайта бағалаудан жұмсалған кiрiстер мен шығыстарға жатқызады, мынадай бухгалтерлiк жазбалар жүргiзiледi:
жұмсалған кiрiстер сомасына:
Дт 725 01 "Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған
кiрiстер"
Кт 725 02 "Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен жұмсалған
кiрiстер ";
жұмсалған шығыстар сомасына:
Дт 844 02 "Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен жұмсалған
шығыстар"
Кт 844 01 "Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған
шығыстар".