Емшек сүтін алмастырғыштарды сату ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 18 тамыздағы N 634 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3058. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы"  Жарлығын , "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 289  қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Емшек сүтін алмастырғыштарды сату ережесі бекітілсін.
      2. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) Әкімшілік департаментімен (Акрачкова Д.В.) бірлесіп, белгіленген заңнамалық тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) белгіленген заңнамалық тәртіппен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің міндетін атқарушы

"Емшек сүтін алмастырғыштарды     
сату ережесін бекіту туралы"     
Қазақстан Республикасы Денсаулық   
сақтау министрі міндетін атқарушының 
2004 жылғы 18 тамыздағы        
N 634 бұйрығымен бекітілген     

  Емшек сүтін алмастырғыштарды сату ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" N 4153  Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді және балаларды балаларға арналған және шипалы тағамдармен тегін қамтамасыз ету шеңберінде емшек сүтін алмастырғыштарды сату тәртібін регламенттейді.

      2. Осы Ережеде емшек сүтін алмастырғыш деп емшек сүтін ішнара немесе толығымен алмастыру үшін өзге тәсілмен сатылатын немесе ұсынылатын өнім түсіндіріледі.

  2. Емшек сүтін алмастырғыштарды сату тәртібі

      3. Емшек сүтін алмастырғыштарды сатуды ықтимал өнім беруші дәрігердің рецепті бойынша жүргізеді.

      4. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың басшылары емшек сүтін алмастырғыштарға рецептер беру ережесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      5. Балаларға арналған құнарлы қоспаларды бір сәтте беру баланың айлық қажеттілігінің көлемінде жүзеге асырылады.

      6. Емшек сүтін алмастырғыштарға деген қажеттілік ағымдағы жылдың басында амбулаториялық-емханалық ұйымдарға ұсынылған өтінімдерге сәйкес белгіленеді.

      7. Қажет болған жағдайда амбулаториялық-емханалық ұйымдарда медицина қызметкерлері алдында балаларды тамақтандыру міндеті тұрған аналар мен отбасы мүшелеріне өнеркәсіптік тәсілмен немесе үй жағдайларында дайындалған емшек сүтін алмастырғыштарды пайдалану әдістерін көрсетуге міндетті. Ұсынылған ақпарат осы өнімдерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда денсаулыққа қандай зиян келтіретіндігі туралы нақты мәліметтерден тұруы керек.

  3. Ақпарат және санитарлық ағарту

      8. Жүкті әйелдер мен аналардың, олардың отбасы мүшелері мен халықтың арасында таратуға арналған ерте жастағы балаларды тамақтандыру жөніндегі ақпарат тұтасымен мынадай мәліметтерден тұруы тиіс:
      1) емшекпен қоректендірудің пайдасы мен артықшылығы туралы;
      2) аналардың тамағы, оларды емшекпен қоректендіруге дайындау және оны қолдау туралы;
      3) бөтелкеден қосалқы тамақтандыруды енгізген жағдайда баланы емшекпен қоректендіруден бас тартудың жағдайлары туралы;
      4) емшекпен қоректендіруден бас тартуға байланысты проблемалар туралы;
      5) өнеркәсіптік негізде шығарылған және үй жағдайларында дайындалған балаларға арналған құнарлы қоспаларды дұрыс пайдалану туралы;
      6) балаларға арналған құнарлы қоспаларды пайдалану кезіндегі қаржылық аспектілер мен осыған байланысты туындайтын әлеуметтік сипаттағы проблемалар туралы;
      7) тиімсіз тамақтану мен қоректендірудің сәйкессіз әдістерінің, сондай-ақ емшек сүтін алмастырғыштарды дұрыс пайдаланбаудың бала денсаулығына зиянды әсері туралы ескерту.

Об утверждении Правил реализации заменителей грудного молока

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 августа 2004 года N 634. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 сентября 2004 года N 3058. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 апреля 2010 года № 311.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 29.04.2010 № 311.

      В целях реализации  Указа  Президента Республики Казахстан от 16 ноября 1998 года N 4153 "О Государственной программе "Здоровье народа",  постановления  Правительства Республики Казахстан от 21 марта 2003 года N 289 "Об утверждении Плана мероприятий по реализации Государственной программы "Здоровье народа" на 2003-2005 годы" приказываю:

      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации заменителей грудного молока.

      2. Департаменту лечебно-профилактической работы, аккредитации и анализа информации (Нерсесов А.В.), совместно с Административным департаментом (Акрачкова Д.В.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Административному департаменту (Акрачкова Д.В.) обеспечить в установленном законодательством порядке его опубликование в официальных средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Диканбаеву С.А.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      И.о. министра

        

Утверждены             
приказом и.о. Министра здравоохранения 
Республики Казахстан        
от 18 августа 2004 года N 634     
"Об утверждении Правил реализации   
заменителей грудного молока"     

Правила
реализации заменителей грудного молока 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в целях реализации  Указа  Президента Республики Казахстан от 16 ноября 1998 года N 4153 "О Государственной программе "Здоровье народа" и регламентируют порядок реализации заменителей грудного молока в рамках бесплатного обеспечения детей продуктами детского и лечебного питания.
      2. Под заменителем грудного молока, в настоящих Правилах, понимается продукт, продаваемый или реализуемый иным способом для частичной или полной замены грудного молока.

      

2. Порядок реализации заменителей грудного молока

      3. Реализацию заменителей грудного молока производит поставщик по рецепту врача.
      4. Руководители амбулаторно-поликлинической организации осуществляют контроль за соблюдением правил выдачи рецептов на заменители грудного молока.
      5. Выдача заменителей грудного молока осуществляется один раз в месяц в объеме месячной потребности ребенка.
      6. Потребность в заменителях грудного молока определяется согласно заявок, предоставляемых амбулаторно-поликлиническими организациями на начало текущего года.
      7. В случае необходимости в амбулаторно-поликлинических организациях медицинские работники демонстрируют матерям и членам семей, которым предстоит кормить детей, методы использования заменителей грудного молока. Предоставляемая информация должна содержать точные сведения о том, какой вред может нанести неправильное использование заменителей грудного молока.

      

3. Информация и санитарное просвещение

      8. Информация по питанию детей раннего возраста, предназначенная для распространения среди беременных женщин и матерей, членов их семей, и населения в целом должна содержать следующие сведения:
      1) о пользе и преимуществе грудного вскармливания;
      2) о питании матерей, их подготовки к грудному вскармливанию и его поддерживания;
      3) о возможности отказа ребенка от грудного вскармливания при введении прикорма из бутылочек;
      4) о проблемах, связанных с отказом от грудного вскармливания;
      5) о правильном использовании заменителей грудного молока, выпускаемых на промышленной основе и приготовляемых в домашних условиях;
      6) о финансовых аспектах при использовании заменителей грудного молока и возникающих в этой связи проблемах социального характера;
      7) предупреждение о вредном влиянии на здоровье ребенка, нерационального питания и неадекватных методов кормления, а также неправильного употребления заменителей грудного молока.