Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 333-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3123. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 10 қазандағы N 217 бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің

      2007 жылғы 10 қазандағы N 217 бұйрығымен.

      Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 333-І (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3123 нөмірмен тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таныстыру мен таратуға жатады.
      Министр
      _______________________________

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес бұйырамын:

      1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Министр



  "Темір жол көлігіндегі
қауіпсіздік ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2004 жылғы 3 қыркүйектегі
N 333-І бұйрығымен
бекітілген

Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Темір жол көлігіндегі қауіпсіздіктің ережесі (одан әрі - Ереже) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағы 15) тармақшасына сәйкес жасалынды.

      2. Ереже темір жол көлігіндегі қауіпсіздік талаптарын анықтайды.

      3. Қауіпсіздік азаматтардың өмір мен денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, темір жол көлігі ұйымдарының апатсыз жұмыс істеуіне жағдайлар туғызуға, магистралды темір жол желісін, темір жолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен тетіктерді ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал қозғалыс бұзушылықтарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.

2. Қауіпсіздікті бұзу түрлері

      4. Қазақстан Республикасының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзу мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) апат;

      2) жұмыстағы ақаудың ерекше жағдайы;

      3) жұмыстағы ақау жағдайы;

      4) жұмыстағы қиындықтар;

      5) басқа жағдайлар.

      5. Апатқа: жылжымалы құрамдардың жүк және/немесе жолаушылар поездары құрамында магистралдық, станциялық және кірме жолдарда және/немесе маневр жұмыстарын станцияларда жылжымалы құрамдармен атқару кезінде соқтығысуы, рельстен шығуы нәтижесінде адамдардың қаза болуы немесе зардап шегуі, немесе темір жол жылжымалы құрамының инвентардан шығарылатындай жарамсыз күйге келуі жатады.

      6. Жұмыстағы ақаудың ерекше жағдайына:

      1) жылжымалы құрамдардың жүк не жолаушы поездары құрамында аралықта не станцияларда соқтығысуы, маневр жұмыстары және де басқа қозғалыстар кезінде соқтығысуы және рельстен шығуы нәтижесінде жылжымалы құрамның күрделі жөндеуді талап ететін күйге дейін бүлінуі, бірақ осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген салдарлардың болмауы;

      2) жүк немесе жолаушылар поездарындағы жылжымалы құрамның аралықта не станцияларда рельстен шығуы, бірақ осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген салдардың болмауы;

      3) поезды бос емес жолға қабылдау - келе жатқан поезд кірер (маршруттық) бағдаршамның ашық көрсеткішінде немесе басқа жылжымалы құрам тұрған жолға дайындалған маршрут кезінде бағдаршамның тыйым салу сигналында станцияға кіруге рұқсат алған бойдан өтіп кеткен (локомотивтің бір бөлігімен болса да) жағдай;

      4) поезды бос емес аралыққа (немесе блок-телімге) жөнелту - ашық шығу бағдаршамның көрсеткішімен немесе машинистке берілген аралыққа шығуға рұқсаты және қабылданған сигнал бойынша немесе поездың жөнелуіне (немесе тоқтамай өтуіне) берілген нұсқаумен осы жолдың шығу бағдаршамнан (бағдаршам болмаған жағдайда, шектеу бағанасынан) локомотивтің бір бөлігімен болса да алда тұрған аралыққа (блок-телімге) басқа поездың (кез келген бағыттағы) немесе жылжымалы құрамның болуына қарамастан өту жағдайы;

      5) поезды дайындалмаған бағыт бойынша қабылдау (немесе жөнелту) - қабылданатын (жөнелтілетін) поезд ашық кіру бағдаршамнан өтіп кеткенде (локомотивтің бір бөлігімен болса да) немесе тыйым салынған кіру (шығу) бағдаршамы көрсеткішімен станцияға (станциядан) жүруге немесе машинистке берілген рұқсат бойынша дұрыс дайындалмаған не дайын емес, соның ішінде басқа жылжымалы құрамдар тұрмаған жолға әкелетін бағытқа қабылдану (жөнелту) жайы, сондай-ақ электр тартымы бар поезға электрлендірілмеген жолға немесе тоқтың басқа түрімен электрлендірілген жолға не байланыс сымында кернеуі алынған жолға қабылдау бағыты әзірленген жағдай;

      6) тыйым салынған бағдаршам көрсеткішінен немесе шектеу бағанасынан рұқсатсыз өту;

      7) жылжымалы құрама астынан стрелкалық бұрылымның бағытын өзгерту;

      8) жылжымалы құрамның жалғасқан аралықтағы поезд қабылдау-жөнелту бағытына және (немесе) шектеу бағанасынан өтуі, сондай-ақ станциялардағы, кірме жолдардағы жылжымалы құрамдардың станциялардан аралыққа немесе аралықтан станцияларға (шектеу бағанасы сыртына) жылжып кетуі, бірақ нәтижесінде осы Ереженің 9-тармағындағы салдардың болмауы;

      9) жылжымалы құрамның қосақталған жұбы білігінің, білік мойнағының, дөңгелегінің сынуы;

      10) жылжымалы құрам арбашасының бүйір жағы немесе рессор үстіндегі арқалығының сынуы;

      11) поездағы жылжымалы құрамның арқалық бөренесінің үзілуі;

      12) техникалық ақауларға байланысты, соның ішінде буксаның қызып кетуін қосқанда, жолаушылар поездарынан жолда вагонның ағытылуы (жолаушылар поездары құрастырылатын станциялардан басқа станцияларда болған жайлар есепке алынады);

      13) жабылған шеткі крандармен поезды жөнелту;

      14) станцияларда белгі беру қондырғыларының, релстік желінің жарамсыздықтарынан, электрэнергиясының сөнуінен немесе станция кезекшісінің (белгі берушінің) қатесінен, бағдаршамның рұқсат беру көрсеткішінің тыйым салу көрсеткішіне ауысып жылжымалы құрамның тыйым салу белгісінен өтіп кету жайларының тууы;

      15) жолаушылар поезында локомотивтің бұзылуы, оның салдарынан жарамсыз локомотивті ауыстыру қажет болуы (локомотивтерді жоспарлы ауыстыру көзделген станциялардан басқа станциялардың барлығында есепке алынады);

      16) жолда келе жатқанда жүктің түсіп қалуы - жүктің немесе оның бөлігінің жол үстіне түсуі, сондай-ақ жылжу, бұрылу, жүк бекіту құралдарының бұзылуы және жүктің белгіленген тиеу габаритінен шығып кетуіне әсер ететін басқа ақаулар;

      17) станциялар мен аралықтарда қозғалысқа қатер келтіретін жол жұмысы атқарылып жатқан орындарын "Қауіпті орын" белгісімен қоршамау жатады.

      7. Жұмыстағы ақау жағдайына мыналар жатады:

      1) Ереженің 5-тармағында көрсетілген салдарлар болмайтын жылжымалы құрамдардың маневр, жабдықтау және басқа да қозғалыс кезіндегі релстен шығуы;

      2) Ереженің 5-тармағында көрсетілген салдарлар болмайтын жылжымалы құрамның маневр және де басқа да қозғалыс кезінде соқтығысуы, бірақ тартым және басқа жылжымалы құрамның ағытылып, депоға кіріп қалпына келтіру жөндеу күйіне дейінгі бұзылуы;

      3) темір жол көлігі мекемесі қызметкерлерінің кінәсінен жылжымалы құраманың өздігінен жүретін немесе автокөлік құралдарымен соқтығысуы;

      4) жылжымалы құраманың автотіркегішінің өздігінен ағытылуы;

      5) жылжымалы құраманың автотіркегішінің үзілуі;

      6) жылжымалы құраманың бөлшек бөлігінің ағытылып темір жолға түсуі;

      7) жылжымалы құраманың стрелкалық бұрылымды кесіп өтуі;

      8) жүк пойезы құрамынан вагондардың техникалық жарамсыздыққа байланысты екі аралық стансаларда ағытылу салдары:

      техникалық жарамсыздықтарда (егер де вагон негізгі техникалық қызмет көрсету бекетінен басқа кез келген гарантиялық аумақтағы аралық станцияларда ағытылған жағдайда жұмыста жіберілген ақау болып есепке алынады);

      буксының қызуында (барлық негізгі техникалық қызмет көрсету бекеттерінен басқа станцияларда, қосақталған доңғалақтардың біліктерінің мойын жерінің соғылуы немесе мойынтіректерінің бұзылуына қарамастан есепке алынады);

      9) жолдың, жылжымалы құрамдардың, орталықтандырылған бұғақтау белгі беру және байланыс құралдарының, электрмен қамтамасыз ету түйіспелі желілерінің және басқа да техникалық құралдардың бұзылу салдарынан поездардың аралықта белгіленген поез қозғалысы кестесінен немесе станцияда бағдаршамның рұқсат көрсеткіші ашылғаннан кейін бір сағат және одан да көп уақыт кідіруіне жол берілуі;

      10) аралықта немесе станцияда жүк тиеу техникалық жағдайы салдарынан вагонды поездан ағыту жайы;

      11) автоматикалық локомотивтік белгі беру жүйесінің немесе басқа да локомотивтің қозғалыс қауіпсіздігі құралдарының жарамсыздығы салдарынан локомотивті ауыстыруды талап ету жайы (локомотивті ауыстыру бекетінен басқа барлық станцияларда болған жайда есепке алынады);

      12) станциялар мен аралықтарда мал басу салдарынан жылжымалы құрамдардың бүлінуі.

      8. Жұмысқа кедергі келтіретін жайдайларға, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы осы Ереженің 5, 6, 7-тармақтарында көрсетілген жағдайларға жатпайтын, бірақта поездардың тоқтауына, жедел тежегішті қолдану жайларын тудыратын жағдайлар жатады (аталған бұзушылықтар, жұмыскерлері кінәсінен болған шаруашылық субъектілер есебіне енеді).

      9. Қозғалыс қауіпсіздігінің басқа да бұзушылық жайларына, бөтен себептерден болған жайлар жатады (ауа-райы жағдайы, темір жол өтпелердегі теміржолшылар кінәсінен болмаған соқтығысулар, бөгде адамдардың темір жолға бөтен заттарды қоюы).

3. Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарының
есебін жүргізу тәртібі

      10. Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылық жағдайы, оған жол беруге кінәлі жеке немесе заңды тұлғаның есебіне тіркеледі.

      11. Темір жол мекемелерінің локомотив шаруашылығында қауіпсіздік бұзушылық жағдайы локомотив бригадасы кінәсінен болғанда, локомотив бригада тіркелген депо есебіне немесе локомотивті жөндеуді жүргізген мекеме есебіне, ал локомотивтің сапасыз техникалық күтім мен жөндеу жүргізу салдарынан локомотивтің бұзылған жағдайында - локомотив тіркелген депо есебіне жазылады.

      12. Қозғалыс бұзушылығының жөндеу технологиясының сақталмау салдарынан болған жағдайда, бұл істі зерттеу оны жөндеген зауыт немесе локомотив депосы өкілдерімен бірлесіп атқарылады, ал олардың жазбаша келісімі болса зерттеу оларды қатыстырмай-ақ жүргізіледі.

      13. Осындай тәртіппен темір жол көлігінің жол, энергиямен қамтамасыз ету, белгі беру және байланыс шаруашылықтарындағы өздігімен жүретін жылжымалы құрам - дрезина, автомоторис, тағы басқалардың техникалық жарамсыздығына байланысты ақау жағдайы тексеріліп, есепке алынады.

      14. Вагондардың техникалық жарамсыздығына байланысты қозғалыс бұзушылығы жағдайы поезға соңғы техникалық күтім көрсеткен заңды тұлғалардың (жүк не жолаушылар вагон депосының) есебіне, ал букса бөлігінің көрінбейтін ақаулары (сыртқы бекітпелерінің бұзылуынан басқасы) вагон шаруашылығының жөндеу өткізген мекемесінің есебіне жазылады және сол бөлшекті жөндеуден өткізген мекеменің уәкілі шақырылып тексеріледі.

      15. Қауіпсіздік бұзушылық жағдайына екі не одан да көп темір жол мекемесінің жұмыскерлері кінәлі болғанда, қозғалыс бұзушылығы негізгі кінәлі мекеме есебіне жазылады, негізгі кінәлі қызметтік тексеру материалдары қорытындысымен анықталады.

      16. Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда болған қауіпсіздік бұзушылықтар, темір жол мекемесінің жұмыскеріне қосымша жүктеме беріліп атқару жағдайында болса, онда бұзушылықты жіберуге кінәлі жұмыскердің мекемесі есебіне жазылады.

      17. Поездың автокөлік құралдарымен және (немесе) басқа да өздігінен жүретін құралмен соқтығысуы және мал басуы аралықта, сол сияқты станция жолдары аумағында немесе диспетчерлік басқару орталығындағы поез-учаскесінде болса, бұзушылық осы темір жол аумағының жолдың жоғарғы қабатына күтім жасауға жауапты темір жол мекемесі есебіне жазылады, егер басқа темір жол мекемесі қызметкерінің кінәсі анықталмаса.

      18. Заңды және (немесе) жеке тұлғалардың иелігіндегі жалпы пайдалынымдағы емес орындардың темір жолдарында (кірме жолдарда) жіберілген қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық жағдайлары, олардың қызметкерлерінің кінәсінен болса, осы тұлғалардың есебіне жазылады.

      19. Қозғалыс бұзушылығы жағдайларын алғашқы есепке алудың дұрыстығын және толықтығы темір жол көлігі мекемесінің басшысы қамтамасыз етеді.

      20. Поез және маневр жұмыстарындағы қауіпсіздік бұзушылықтарын тексеру кесімін жасау мерзімі қозғалыс бұзушылығы болған күннен бастап 10 күннен аспауы тиіс.

4. Қорытынды ережелер

      21. Жіберілген қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтары туралы ақпаратты тез арада бір тәулік мерзімінде орталық және аумақтық көліктерді бақылау комитеттің уәкілетті органдарына беріледі, ал жолаушылар поездарымен болған жағдайда, ақпарат осы органдарға жедел түрде беріледі.

      22. Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын есепке алуды бақылаудағы аумақ шегінде көліктегі уәкілетті органның көлік бақылау аумақтық органы жүргізеді.

Об утверждении Правил безопасности на железнодорожном транспорте

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 3 сентября 2004 года N 333-I. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 октября 2004 года N 3123. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 октября 2007 года N 217

 Извлечение 
из приказа Министра транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан от 10 октября 2007 года N 217

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О нормативных правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившим силу приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 3 сентября 2004 года N 333-I "Об утверждении Правил безопасности на железнодорожном транспорте" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 3123).
      ...
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня подписания, подлежит ознакомлению и рассылке.

      Министр
--------------------------------------------------------------------------

 

      

      В соответствии со  статьей 14  Закона Республики Казахстан "О железнодорожном транспорте" приказываю:

      1. Утвердить прилагаемые Правила безопасности на железнодорожном транспорте.

      2. Комитету транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Мустафин К.С.) обеспечить представление настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан для государственной регистрации.

      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации.

       Министр

        

 
Утверждены                 
приказом Министра транспорта и коммуникации 
Республики Казахстан            
от 3 сентября 2004 года N 333-I      
"Об утверждении Правил безопасности     
на железнодорожном транспорте"       

Правила
безопасности на железнодорожном транспорте

       1. Общие положения

      1. Настоящие Правила безопасности на железнодорожном транспорте (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 15) пункта 2  статьи 14  Закона Республики Казахстан "О железнодорожном транспорте".
      2. Правила определяют требования безопасности на железнодорожном транспорте.
      3. Безопасность обеспечивается комплексом организационных и технических мероприятий, направленных на защиту жизни и здоровья граждан, охрану окружающей среды, создание условий безаварийной работы организаций железнодорожного транспорта, содержание в исправности магистральной железнодорожной сети, подвижного состава железнодорожных путей, сооружений, оборудования, механизмов и приспособлений, а также устранение последствий возможных нарушений безопасности движения.

      
 
       2. Виды нарушений безопасности

      4. Нарушения безопасности на железнодорожном транспорте Республики Казахстан подразделяются на следующие виды:
      1) авария;
      2) особый случай брака в работе;
      3) случай брака в работе;
      4) затруднение в работе;
      5) прочие.
      5. К авариям относятся: столкновения, сходы подвижного состава в грузовых и/или пассажирских поездах на магистральных, станционных и подъездных путях и/или при производстве маневровой работы с подвижным составом на станциях, в результате которых погибли или пострадали люди, или поврежден до степени исключения из инвентаря железнодорожный подвижной состав.
      6. К особым случаям брака относятся:
      1) столкновения подвижного состава в грузовых или пассажирских поездах на перегонах или станциях, столкновения и сходы при производстве маневровой работы и других передвижениях, в результате которых допущено повреждение подвижного состава, требующее капитального ремонта, но не имеющие последствий, указанных в пункте 5 настоящих правил;
      2) сходы подвижного состава в грузовых и/или пассажирских поездах, произошедшие на перегонах или станциях, но не имеющие последствий, указанных в пункте 5 настоящих правил;
      3) прием поезда на занятый путь - случай, когда прибывающий поезд проследовал (хотя бы частью локомотива) на открытый входной (маршрутный) сигнал светофора или по получении разрешения на следование на станцию при запрещающем входном сигнале светофора при маршруте приготовленном на путь, занятый другим подвижным составом;
      4) отправление поезда на занятый перегон (или блок-участок), когда при открытом выходном сигнале светофора или по врученному машинисту разрешению на занятие перегона и по получению сигнала или указания об отправлении поезд отправился (или проследовал без остановки) и проехал выходной сигнал данного пути (а при отсутствии сигнала предельный столбик), хотя бы частью локомотива в то время, когда впереди расположенный перегон (блок-участок) занят поездом (любого направления) или подвижным составом;
      5) прием (или отправление) поезда по неготовому маршруту - случай, когда прибывающий (отправляющийся) поезд проследовал (хотя бы частью локомотива) открытый входной (выходной) сигнал светофора или по получению машинистом разрешения на следование на станцию (со станции) при запрещающем входном (выходном) сигнале светофора при неправильно приготовленном или неготовом маршруте, в том числе ведущим на путь, не занятый подвижным составом, а также, когда поезду с электрической тягой приготовлен маршрут на не электрифицированный путь или путь с другим родом тока или путь со снятым напряжением в контактном проводе;
      6) проезд на запрещающий сигнал светофора или предельный столбик без разрешения;
      7) изменение маршрута следования по стрелочному переводу под подвижным составом;
      8) уход подвижного состава на маршрут приема-отправления поезда, на прилегающий перегон и (или) за предельный столбик, а также уход подвижного состава на станциях, подъездных путях (за предельный столбик), со станции на перегон или с перегона на станцию, но не имеющий последствий, указанных в пункте 9 настоящих правил;
      9) изломы оси, осевой шейки, колеса колесной пары подвижного состава;
      10) излом боковины или надрессорной балки тележки подвижного состава;
      11) обрывы хребтовой балки подвижного состава в поезде;
      12) отцепка вагона от пассажирского поезда в пути следования из-за технических неисправностей, включая грение букс, (учитывается на всех станциях, кроме станции формирования пассажирского поезда);
      13) отправление поезда с перекрытыми концевыми кранами;
      14) перекрытие разрешающего сигнала светофора на запрещающее, вызвавшее проезд подвижного состава на запрещающий сигнал светофора на станции - случай, когда из-за неисправности устройств сигнализации, рельсовых цепей, выключения электроэнергии или ошибки дежурного по станции (сигналиста), повлекшее проезд подвижным составом запрещающего сигнала светофора на станции;
      15) порча локомотива в пассажирском поезде, при котором неисправность локомотива потребовала его замены (учитывается на всех станциях, кроме тех, где предусмотрена плановая смена локомотива);
      16) развал груза в пути следования - случаи падения груза или его части на железнодорожный путь, а также смещение, разворот, расстройство крепления груза и другие неисправности, вызвавшие выход груза за установленный габарит погрузки подвижного состава;
      17) не ограждение сигналами препятствия "Опасное место" места производства путевых работ, опасного для движения поездов на станции или перегоне.
      7. К случаям брака в работе относятся:
      1) сход подвижного состава при маневрах, экипировке и других передвижениях, не имеющий последствий, указанных в пункте 5 настоящих правил;
      2) столкновение подвижного состава при маневровых работах и других передвижениях, не имеющее указанных в пункте 5 настоящих правил последствий, но при котором поврежден тяговый или другой подвижной состав до степени, требующей отцепки или захода в депо для восстановления работоспособности;
      3) столкновение подвижного состава с самоходным или автотранспортным средством, допущенное по вине работников организаций железнодорожного транспорта;
      4) саморасцеп автосцепок в подвижном составе;
      5) обрыв автосцепки подвижного состава;
      6) падение на железнодорожный путь деталей подвижного состава;
      7) взрез подвижным составом стрелочного перевода;
      8) отцепка вагонов от грузового поезда на промежуточных станциях вследствие:
      технической неисправности (учитывается как брак в работе, если отцепка вагонов произведена на любой промежуточной станции, установленного для подвижного состава гарантийного плеча обслуживания, кроме основных пунктов технического обслуживания;
      грения букс (учитывается во всех случаях, независимо от того, был или не был задир шейки оси колесной пары или повреждение подшипника, кроме основных пунктов технического обслуживания;
      9) неисправности пути, подвижного состава, устройств сигнализации, централизации, блокировки и связи, контактной сети, электроснабжения и других технических средств, в результате которых допущена задержка поезда на перегоне сверх времени, установленного графиком движения поездов или на станции с момента открытия разрешающего сигнала светофора на один час и более;
      10) отцепка вагона от поезда на перегоне или станции из-за нарушений технических условий погрузки груза;
      11) неисправность автоматической локомотивной сигнализации или других приборов безопасности локомотива с требованием замены локомотива (учитывается на всех станциях, кроме установленных пунктов смены локомотивов);
      12) наезд на скот на станциях и перегонах с повреждением подвижного состава.
      8. Затруднением в работе считаются случаи, когда нарушения безопасности движения не попадают под пункты 5, 6, 7 настоящих правил, но вызвали остановку поезда, применение экстренного торможения (учитываются хозяйствующими субъектами, по вине работников которых допущено данное нарушение).
      9. К прочим случаям относятся случаи нарушения безопасности движения, которые явились следствием сторонних причин (погодные условия, столкновения на переездах не по вине работников железнодорожного транспорта, наложение посторонними лицами предметов на железнодорожный путь).

      
 
      3. Порядок ведения учета нарушений безопасности

      10. Случаи нарушения безопасности учитываются за физическими или юридическими лицами, по вине которых произошло данное нарушение.
      11. В локомотивном хозяйстве железнодорожной организации случаи нарушения безопасности учитываются в депо приписки локомотивных бригад в случае нарушений, допущенных по вине локомотивных бригад или в организации, производившей ремонт или депо приписки локомотивов - в случае нарушений, допущенных из-за неисправностей локомотивов из-за некачественно проведенного технического обслуживания и ремонта.
      12. Случаи нарушений безопасности, допущенные из-за нарушения технологии ремонта, расследуются совместно с представителем завода или локомотивного депо, его производившими или при наличии письменного согласия - без их участия.
      13. В аналогичном порядке учитываются и расследуются случаи брака в хозяйствах организаций железнодорожного транспорта: пути, энергоснабжения, сигнализации и связи, допущенные по технической неисправности самоходных подвижных единиц - дрезин, автомотрис и др.
      14. Случаи нарушений безопасности, допущенные из-за технической неисправности вагонов, учитываются за юридическим лицом (пассажирским или грузовым вагонным депо), проводившим последнее техническое обслуживание поезда, а по скрытым дефектам буксового узла (за исключением разрушения торцевого крепления) учитываются организацией вагонного хозяйства по месту происшествия и расследуются с приглашением представителя организации, производившей ремонт узла.
      15. В случае, если виновниками нарушений безопасности являются работники двух и более организаций железнодорожного транспорта, случай нарушения безопасности учитывается той организацией, где работает основной виновник брака, что устанавливается на основании материалов проводимого служебного расследования.
      16. Случаи нарушений безопасности на магистральных, станционных и подъездных путях, допущенные из-за невыполнения работником организации железнодорожного транспорта обязанностей, возложенных на него в порядке совмещения профессий, учитываются в организации (структурном подразделении), где работает виновник брака.
      17. Случаи столкновения поездов с автотранспортными средствами и/или другими самоходными средствами и наезд на скот, допущенные на перегонах, а также в пределах путей станций или на поездо-участках, оборудованных диспетчерской централизацией, учитываются организацией железнодорожного транспорта, ответственной за содержание верхнего строения пути данного участка железных дорог, если при расследовании не установлена виновность работников других организаций железнодорожного транспорта.
      18. Случаи нарушений безопасности, допущенные на железнодорожных (подъездных) путях мест необщего пользования, принадлежащих юридическим и (или) физическим лицам, по вине их работников, учитываются за этими лицами.
      19. Правильность и полнота первичного учета случаев нарушений безопасности обеспечивается руководителями организаций железнодорожного транспорта.
      20. Сроки составления актов расследования по допущенным нарушениям безопасности в поездной и маневровой работе не должны превышать 10-ти дней со дня допущенного нарушения безопасности.

      
 
      4. Заключительные положения

      21. Информация о допущенных нарушениях обеспечение безопасности предоставляется в оперативном порядке в центральный и территориальные органы транспортного контроля уполномоченного органа на транспорте в течение суток, а в случаях с пассажирскими поездами - немедленно.
      22. Учет нарушений безопасности движения ведется территориальными органами транспортного контроля уполномоченного органа на транспорте в пределах подконтрольной области.