Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, бұйырамын :
1. Қоса берiлiп отырған бекiтiлсiн:
1) жануарлардың туляремия ауруының алдын алу және жою бойынша ветеринарлық iс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже;
2) жануарлардың риккетсиоз ауруының алдын алу және жою бойынша ветеринарлық iс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже;
3) қойдың ценуроз ауруының алдын-алу және жою бойынша ветеринарлық iс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментiмен бiрге заңнамада белгiленген тәртiпте осы бұйрықтан туындайтын керектi шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күнiнен бастап күшiне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
"Жануарлардың инфекциялық
және инвазиялық ауруларының
алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды
жүзеге асыру ережелерiн
бекiту туралы" 2004 жылғы
2 қыркүйектегі N 468
бұйрығымен бекiтiлген
Жануарлардың туляремия ауруының алдын алу және жою
бойынша ветеринарлық iс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже
Осы "Жануарлардың туляремия ауруының алдын алу және жою шаралары туралы" ереже (одан әрi - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргiзудiң Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес мiндеттi түрде орындауға тиiстi тәртiбiн анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Туляремия - малдардың табиғи ошақтық, қызба, iш өту, арықтау, сөл түйiндерiнiң ұлғаюы, сонымен қатар жүйкелiк құбылыстар мен iш тастау түрлерiмен ерекшеленетiн жұқпалы ауру. Туляремиямен адамдар ауырады.
Табиғатта туляремиямен кемiргiштер, қояндар, жабайы қояндар, тышқандар, су тышқандары, ондатралар, аламандар ауырады. Ит, мысықтар ауруға онша бейiм емес. Адам өте бейiм. Ауыл шаруашылық малдары аса бейiм емес. Қойлардың, iрi қараның, жылқы, шошқа, солтүстiк бұғылар, түйелер, қояндар және үй құстарының сирек түрде ауырғандығы туралы жазылған. Жас малдар өте бейiм.
Жұғудың негiзгi жолдары: алиментарлы, аэрогендi және трансмиссивтi. Кемiргiштердiң көбейiп, қоздырғыштың трансмиссивтi берiлуiне байланысты ауру көктемгi-жазғы-күзгi кезеңдерде жиі кездеседi.
2. Туляремияның қоздырғышы - Francisella tularensis ұсақ терiс грамды, полиморфты аэробы, қозғалмайтын, спор тiзбейтiн, аэробты микроорганизм.
3. Диагноз эпизоотиялық мәлiметтер негiзiнде (қойлар жиi ауырады), клиникалық сипаттамасы (лимфа түйiндерiнiң ұлғаюы, тышқақ, арықтау), патологоанатомиялық өзгерiстер және лабораториялық зерттеулер қорытындысы бойынша қойылады.
Серологиялық зерттеулерге кiретiндерi: агглютинация реакциясы, пассивтi гемагглютинация және комлементтi байланыстыру реакциялары. Диагноз қою үшiн аллергиялық реакция ұсынылған.
2. Ветеринариялық-санитариялық таза
аймақтарда жүргiзiлетiн алдын алу шаралар
4. Аурудың алдын алу мақсатында меншiгiнде малдары бар жеке және заңды тұлғалар жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2002 жыл 14 қарашада N 367 бекiтiлiп, нормативтi-құқықтық актiлер тiркеу Реестрiнде 18 қараша 2002 жыл N 2088 тiркелген "Жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде өткiзуге тиiстi ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргiзу туралы" Ережесiне сәйкес ветеринариялық шаралар жүргiзедi.
5. Мал қораларында, жем-шөп қоймаларында жыл сайын дератизация және дезинфекция жүргiзiлiп тұрады.
6. Жануарларды қан сорғыш буын аяқтыларға қарсы жүйелi түрде залалсыздандырып тұрады.
7. Жаңадан келген жануарларды 15 күн ауруға алдын алу карантинде ұстайды.
8. Елдi мекендерде ветеринариялық және санитариялық насихаттау жұмыстарын өткiзедi.
3. Туляремиядан таза емес эпизоотиялық ошақтарда
және қолайсыз пункттер жүргiзiлетiн шаралар
9. Шаруашылық субъектілерде жануарлардың туляремия аурулары шыққан кезде ветеринариялық маман жедел түрде әкiмшiлiк аумақтық бiрлiгiнiң мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларына хабарлайды.
10. Әкiмшiлiк аумақтық бiрлiгiнiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жануарлардың туляремия ауруына күдiк туралы хабарлама алғаннан соң, ауру шыққан жерге диагноз қою және эпизоотиялық зерттеу жүргiзiп, эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтауға келедi. Ауру жануарлардан сынама алып ветеринариялық лабораторияға жөнелтедi.
11. Ақырғы диагноздың қорытындысы бойынша ауру шыққан шаруашылық субъектілердi, елдi мекендердi осы аурудан таза емес деп жариялап Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес шектеу қойылады.
Таза емес аймақтан шектеу ақырғы мал ауырғаннан соң 15 күннен кейiн қорытынды шаралар жүргiзiлгеннен кейiн, Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес алынады.
12. Шектеудiң шарты бойынша тиым салынады:
1) шаруашылық субъектілер арасында малдарды араластыруға;
2) таза емес шаруашылық субъектілерден малдарды шығаруға;
3) шаруашылық субъектілер аумағына бөгде адамдарды кiргiзуге;
4) ауру малдарды оқшаулап және антибиотиктермен емдейдi.
13. Ауру малдар етке союға жiберiлмейдi.
14. Көң, төсенiш, жем қалдықтары жойылады.
15. Қораларға дезинфекция жүргiзiледi.
16. Туляремиядан өлген мал өлекселерi, кемiргiштер өртеу арқылы жойылады.
17. Адамдарға жұқтырмау шараларын қолданады.
4. Осы Ереженiң орындалуының жауапкершiлiгi
18. Осы Ереженi бұзған кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
"Жануарлардың инфекциялық
және инвазиялық ауруларының
алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды
жүзеге асыру ережелерiн
бекiту туралы" 2004 жылғы
2 қыркүйектегі N 468
бұйрығымен бекiтiлген
Жануарлардың риккетсиоз ауруының алдын алу және жою
бойынша ветеринарлық iс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже
Осы риккетсиоз ауруының алдын алу және жою жөнiндегi ветеринарлық iс-шараларының ережесi (одан әрi - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргiзудiң Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес мiндеттi түрде орындауға тиiстi тәртiбiн анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Риккетсиоздар - риккетсиялар қоздыратын жануарлар мен адамдардың инфекциялық ауруларының тобы.
Риккетсиоздар үй-жануарларының, терiсi бағалы және жабайы жануарлардың, құстар және адамдардың табиғи-ошақтық ауруы болып табылады. Оларға КУ-лихорадка, гидроперикардит аурулары жатады.
Ку-лихорадка - дене қызуының көтерiлуi, өкпе және көк еттiң қабынуы белгiлерiмен сипатталатын инфекциялық ауру.
Ку-лихорадканың қоздырушысы - Coxiella Burnetti, полиморфты, қозғалмайтын, аэробты микроорганизм, клетка iшiнiң паразитi.
Гидроперикардит - жануарлардың жiтi түрде өтетiн трансмиссивтi инфекциялық ауруы, дене қызуының көтерiлуiмен, нерв жүйелерiнiң зақымдануымен және жүрек қабына, кеуде және құрсақ қуысына серозды экссудаттың толуымен сипатталады.
Гидроперикардиттiң қоздырушысы - Cowdria ruminatium, полиморфты, қозғалмайтын, терiс грамды микроорганизм. Клетка iшiнiң паразитi.
Табиғи ошақтарда риккетсиялардың қоздырушы көздерi болып кенелер (иксоддық, аргасты, гамазовты) ал таратушылары - тышқан тәрiздi кемiрушiлер болып табылады. Риккетсия қоздырғыштарының жануарларға аэрогендi, су iшiп, жем жеген кезде алиментарлы жолдармен, кемiргiш - риккетсия тасымалдаушылардың инфицировалық бөлiндiлерiнен және кенелер шаққанда жұғады.
2. Риккетсиозға диагнозды кешендi түрде эпизоотиялық, эпидемиологиялық мәлiметтер, клиникалық белгiлер негiзiнде, серологиялық зерттеулер қорытындысы және мiндеттi түрде ауру малдар организмiнен ауру қоздырғышын бөлу арқылы қояды. Жануарлар мен адамдардың риккетсиоздарының лабораториялық диагностикасы микроскопияның қорытындысына, сонымен қатар серологиялық зерттеулерге негiзделедi.
2. Ветеринариялық-санитариялық таза
аумақтарда жүргiзiлетiн алдын алу шаралары
3. Риккетсиоздардың эпизоотиялық жағдайын бақылау үшiн ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер таза аумақтарда кенелермен, кемiргiштермен күрес жүргiзiп, олардың риккетсиоз қоздырғыштарын тасымалдау қасиеттерiн зерттейдi, табиғи ошақ ауруларына қатаң есеп жүргiзедi.
4. Мал қораларында, аулаларында, жем-шөп сақталатын қоймаларында кемiргiштердi жою шараларын жүргiзедi. Көп мөлшерде кемiргiштер орналасып алған маялардың шөптерiмен сабандарын залалсыздандырады.
5. Жайылым кезiнде ауыл шаруашылық малдарын шағатын кенелердi жоюдың шараларын үнемi ұйымдастырады немесе кенелер жоқ жайылымдарды қолданады. Кенелер жұмыртқа салып кеткен жайылымдардың шөптерiн шауып әрi жерiн жыртып отырады. Мал жайылымға шығарда тексеру жүргiзiп, кенеге қарсы емдiк шаралар жүргiзедi.
6. Риккетсиоздан таза емес аймақтарда малдарды ашық суатқа (өзенге, көлдерге, бұлақтарға) жiберуге тиым салынады. Суаруға артезианды құдықтары немесе су құбырлары жүйесiнiң суын пайдаланады.
3. Риккетсиоздан таза емес эпизоотиялық ошақтарда
және қолайсыз пункттерде жүргiзiлетiн шаралар
7. Шаруашылық субъектiлерiнде жануарлардың риккетсиоз аурулары шыққан кезде ветеринар маман жедел түрде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторына хабарлайды.
8. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жануарлардың риккетсиоз ауруына күдiк туралы хабарлама алғаннан соң, ауру шыққан жерге диагноз қою және эпизоотиялық зерттеу жүргiзiп, эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтауға келедi. Ауру жануарлардан сынама алып ветеринариялық лабораторияға диагнозын анықтауға жөнелтедi.
9. Ақырғы диагноздың қорытындысы бойынша ауру шыққан шаруашылық субъектiлердi, елдi мекендердi осы аурудан таза емес деп жариялап, Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес шектеу қойылады.
10. Таза емес аймақтан шектеу, ақырғы ауырған малдың патологиялық материалдарынан қоздырғыштар бөлгеннен (диагностика жүргiзу үшiн сойғаннан соң), комплементердi ұзақ уақыт бiрлестiру реакциясына оң нәтиже бергеннен соң, қорытынды дезинфекция жүргiзiлiп, Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес 30 күннен кейiн алынады.
11. Бас мемлекеттiк инспекторы қолайсыз пункттердi есепке алып, жергiлiктi орындаушы органдарымен және мамандармен бiрлесе отырып сауықтыру шараларының жоспарын жасап және оның орындалуын бақылауға алады.
12. Риккетсиоздан сауықтыру шараларының жоспарын санитарлы-эпидемиологиялық қызметтермен келiсiп және жергiлiктi Мәслихатта бекiтуге ұсынады. Жоспарда малдарды диагностикалық зерттеулерiн, арнайы ветеринариялық-санитариялық және шаруашылық ұйымдастыру шараларын өту мерзiмiн және жауапты адамдарды көрсетедi.
13. Шектеудiң шарты бойынша тиым салынады:
1) таза емес шаруашылық субъектілерде малдарды әкелуге, союға жiберiлген малдардан басқасын шығаруға тиым салынады;
2) ветеринариялық инспекторлардың рұқсатынсыз малдарды араластыруға;
3) лажсыз риккетсиозбен ауырып сойылған малдардың етiн қолдануға. Мұндай малдардың еттерiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрiнiң 31 қазан 2002 жылғы N 351 бұйрығымен бекiтiлген, нормативтi құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеуiнде 27 желтоқсан 2002 жылы N 2105 тiркелген "Сойылатын малдардың сояр алдындағы ветеринариялық тексеруi және сойылғаннан кейiнгi ұшалар мен органдарды ветеринариялық-санитарлық тексеру және оларға санитарлық баға беру" Ережесiне сәйкес қолданады;
4) ауру малдармен бiр жерде болған немесе жұғуы мүмкiн деп табылған күдiктi жем-шөптердi тасымалдауға.
14. Риккетсиоз ауруына күдiктi малдарды төлдету жеке бөлмелерде жүрiлуi тиiс, төлдегеннен соң шуларын, өлi туған төлдердi жойып, соңынан тиянақтап бөлмелердi, құралдарды дезинфекциялайды.
15. Бөлмелердi және құрал-саймандарды дезинфекциялауға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк реестрiнде тiркелген препараттар қолданылады. Бөлмелердi дезинфекциялау шектеу алынғанша әр 5 күн сайын жүргiзілiп тұрады.
16. Бөлмелерде дератизациялық және дезакаризациялық шаралар жүргiзiледi.
17. Риккетсиозбен ауырған малдардың (қой, сиыр, ешкi) сүттерiн 3-5 минут қайнатып малдарға азық ретiнде бередi. Қолайсыз пункттерден алынған клиникалық сау малдардың сүттерiн пастеризациядан кейiн ғана қолданады.
18. Риккетсиоздан қолайсыз пункттерден жүндердi, ешкi түбiттерiн тығыз бұлдармен қаптап тiкелей өңдейтiн өндiрiс орындарына (дайындайтын пункттерге жинамай) жiберiледi. Жөнелту құжаттарында шаруашылық субъект риккетсиоздан таза еместiгiн көрсету керек.
19. Риккетсиоздан қолайсыз пункттерде лажсыздан сойылған немесе өлген малдардан алынған жүн және терiлер дезинфекцияланады.
20. Көң, жем-шөп және басқа қалдықтар биотермиялық әдiспен залалсыздандырылады немесе өртеледi.
4. Осы Ереженiң орындалуының жауапкершiлiгi
21. Осы Ереженi бұзған кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
"Жануарлардың инфекциялық
және инвазиялық ауруларының
алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды
жүзеге асыру ережелерiн
бекiту туралы" 2004 жылғы
2 қыркүйектегі N 468
бұйрығымен бекiтiлген
Қойдың ценуроз ауруының алдын-алу және жою бойынша
ветеринарлық iс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже
Осы ценуроз ауруының алдын алу және жою жөнiндегi ветеринарлық iс-шараларының ережесi (одан әрi - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргiзудiң Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес мiндеттi түрде орындауға тиiстi тәртiбiн анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Ценуроз - бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен және олардың қызметiнiң бұзылуымен, қан қысымынан бас сүйектiң атрофиясының дамуымен жүретiн үй және жабайы күйiс қайыратын малдардың ауруы.
Қоздырғышы - Multiceps multiceps (ми цепенi) цестодасының Coenurus cerebralis көпiршiктi балаң құрт сатысы.
Ценурозбен қой, қозы, iрi қара мал, сирек түйе, шошқа, жылқы, сайғақ, жайран, архар, сондай-ақ адамдар ауырады.
Аралалық иелерi - негiзiнен қой, қозы, iрi қара мал және басқа да күйiс қайыратын жануарлар.
Ақтық иелерi - ит, өте сирек түлкi, шақал және қасқыр болып табылады. Аш iшек бөлiмiнде ми цепенiнiң жынысы жетiлген сатысы паразиттiк тiршiлiк етедi.
2. Диагноз эпизоотологиялық мәлiметтер (малдың жасы, ауру мерзiмi, инвазияның бар-жоғы), клиникалық белгiлерi (қозғалу сипаты, басы мен аяқтарының тұрысы, тырыспаның бар-жоғы, көру қабiлетiнiң нашарлауы, терi сезiмталдығының жағдайы, пальпация кезiнде бас сүйектiң жұқалауы мен майысуы, перкуссия кезiндегi күңгiрт дыбыс) және патологанатомиялық сойып тексеру нәтижесiнде бас миында немесе жұлында ценур көпiршiгiн табу негiзiнде қойылады.
2. Ценуроздан таза аймақтарда
жүргiзiлетiн алдын-алу шаралары
3. Жануарлардың ценурозбен ауруының алдын алу мақсатында заңды және жеке тұлғалар, малдардың иелерi ценуроздың және басқа аурулардың алдын алуға бағытталған қоздырғыштың биологиясы мен малды күтiп-бағудың технологиясын ескере отырып шараларды жүзеге асырады. Ол барлық мал басын толық құнды азықпен қамтамасыз ету, азықтандыру, суару күтiп-бағу талаптарын сақтау болып табылады. Осы мақсатпен келесi шарттарды орындау қажет:
1) ақзатпен, минералды тұздармен және витаминдермен теңгерiлген рационды қолдану. Кейбiр микро және макроэлементтерi аз жайылым жерлерде, рационға сәйкес минералды қоспалар (мыс, кобальт, йод, молибден тұздары) қосу;
2) жануарларды бөлмелер мен қораларда науалардан ғана азықтандыру;
3) жануарларды су жүйелерiнен, құдықтардан, өзендерден және ағысы тез шағын өзендерден балауса және таза сумен суару. Тоғандар мен басқа тұрақты су қоймаларынан малдарды суару сүзгiш құдықтар жасаған жағдайда ғана болады. Малдарды шалшық сулар мен орлардан суаруға тиым салынады;
4) мал қораларының, науалардың, күтiп-бағу заттарының, құралдардың, қондырғылардың, аулалардың, серуендету алаңдарының және мал қораларының айналасындағы аумақтың тазалығын қамтамасыз ету. Қоралар жақсы желдетiлiп, құрғақ, жарық болу керек;
5) мал қораларында, олардың жанында және азық сақтау қоймалары мен су көздерi жерлерiнде ит ұстауға тиым салынады;
6) қоралардан, серуендету алаңдарынан қиды және төсенiштердi арнайы қи сақтайтын қоймаларға зарарсыздандыру үшiн жинау қажет.
4. Иттердi әр дегельминтизациялағаннан кейiн, олардан бөлiнген нәжiстi 3-5 күн бойы жинау қажет, содан кейiн өртеу арқылы дезинвазиялау керек. Қораларды, серуендету алаңдарын, қондырғылар мен құралдарды дезинвазиялайды.
5. Шаруашылық субъектiлерiне жаңадан келген барлық жануарларды 30 күн бойы алдын ала оқшаулап ұстау қажет, ценурозбен ауру малдар анықталған жағдайда оларды емдейдi және жалпы табынға толық емделгеннен кейiн жiбередi.
6. Жануарлардың өлекселерiн және қасапханалық қалдықтарды (бас, iшкi мүшелерi) өртеу, биотермиялық орға көму арқылы зарарсыздандырады. Малдарды сою ветеринариялық маманның рұқсатымен жүзеге асырылады. Иттердi азықтандыру үшiн қасапханалық қалдықтар толық қайнатылғаннан кейiн пайдаланылады. Жануарлардың зарарсыздандырылмаған мүшелерi мен өлекселерiн иттерге азықтандыруға тиым салынады.
7. Жалпы ақпарат құралдарында мал шаруашылығы қызметкерлерi мен халыққа жануарлардың ценуроз ауруының алдын алу шаралары мен оларды орындаудың қажеттiлiгi туралы ветеринариялық мамандар кең насихаттауға мiндеттi.
3. Қойдың ценурозынан қолайсыз пункттерде және
эпизоотиялық ошақтарда жүргiзiлетiн шаралар
8. Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 25 сәуiр 2003 жылы N 2247 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2 сәуiр 2003 жылғы N 164 бұйрығына сәйкес, барлық жеке және заңды тұлғалардың иттерiн есепке алып, паспортизация жүргiзедi.
9. Отарлар мен табындардағы иттердiң санын қажеттi шекке дейiн азайтады (1-2 итке дейiн) және жүйелi түрде иесiз иттердi жояды.
10. Жеке иелiктегi иттердi мал қораларына, азық сақтау қоймаларына, серуендету алаңдарына, жайылымдарға және су көздерiне жiберуге тиым салынады.
11. Малды жаюға және қорғауға есепке алынған қызметтiк иттердi ғана жiбередi.
12. Иттерге жануарлардың қандай да болмасын мүшелерiн, әсiресе цестода балаң құрттарымен зақымдалған мүшелерiн азыққа беруге қатаң түрде тиым салынады.
13. Отарлар мен табындардағы иттердi келесi мерзiмдерде дегельминтизациялайды: желтоқсан айынан бастап сәуiрге дейiн - 45 күн сайын, мамыр айынан бастап қарашаға дейiн - 30 күн сайын.
14. Ауылдық жерлердегi тұрғындардың иелiгiндегi иттердi тоқсанына 1 рет дегельминтизациялайды.
15. Иттердi дегельминтизациялауды желден қорғалған жерде орналасқан арнайы белгiленген, сырты сыммен қоршалған немесе ормен қазылған алаңда жүргiзедi. Алаңға бөтен адамдарды, сонымен қоса балаларды жiбермейдi. Иттердi дегельминтизациялағаннан кейiн бiр тәулiк бойы байлауда ұстайды.
Дегельминтизациядан кейiн бөлiнген нәжiстi металл ыдысқа жинап, жағу, 10-15 минут суда қайнату арқылы немесе 10 % хлорлы әк ерiтiндiсiн (100 г нәжiске 0,5 л ерiтiндiден аз емес) құйып 3 сағат бойы зарарсыздандырады. Цементпен көмкерiлген алаңды 10 % хлорлы әк ерiтiндiсiмен (10 м 2 -қа 1 л ерiтiндi), ал топырақты - 3 % карбатион ерiтiндiсiмен (4 м 2 -қа 1 л) зарарсыздандырады.
16. Иттердi дегельминтизациялау үшiн Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк реестрiнде тiркелген антгельминтиктер қолданылады. Антгельминтиктердi соңғы сүтпен азықтандырғаннан кейiн наннан жасалған болюстармен, ет бөлшектерiмен немесе ұнтақтап бередi. Антгельминтиктi берер алдына соңғы сүтпен азықтандыру көп болмау керек, сонымен бiрге азықты ботқа түрiнде бередi. Антгельминтиктi бергеннен кейiн нәжiс бөлiнген (дефекация) уақытқа дейiн иттi байлауда ұстайды, ал оларға бақылау жүргiзе алмаған жағдайда - 12-14 сағат ұстайды. Iш өткiзгiш заттар бермейдi.
17. Иттер мен жабайы ет қоректiлердiң Multiceps multiceps цестодаларымен зақымдалуының алдын алу үшiн келесi шараларды жүзеге асырады:
1) жануарларды сою арнайы қасапханаларда немесе сою пункттерiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiне сәйкес ветеринариялық инспекторға хабарлануы және оның бақылауымен ғана рұқсат етiледi. Отарлар мен табындарда жануарлар лажсыз сойылған жағдайда малдың ұшасы мен iшкi мүшелерi арнайы, қаңылтырмен қапталған жабылатын жәшiкте, ұшаны және мүшелердi тексеретiн ветеринариялық маман келгенше дейiн сақтайды;
2) ет комбинаттары, қасапханалар мен сою пункттерi аумағына, ет пен сүт және азық-түлiктiк бақылау стансалары маңына және ауру малдар шоғырланған жерлерге иттердi (қызметтiк иттерден басқа) жiбермейдi;
3) жануарлардың өлекселерiн өлексе жағатын пештерде жағады немесе биотермиялық орға тастайды. Әр отарда, өлiм себебiн ветеринариялық маман анықтағанға дейiн қойдың өлекселерiн сақтайтын, қаңылтырмен қапталған және құлыппен жабылатын арнайы жәшiктi құрастырады, содан кейiн өлекселердi пайдаға асырады.
18. Ценуроздың айқын суретi байқалған клиникалық белгiлерi бар жануарларды өз уақытында оқшаулайды және дәрi-дәрмектермен емдейдi. Антгельминтиктер болмаған жағдайда, қойлар мен қозыларды ет комбинаттарына, қасапханаларға немесе сою пункттерiне союға шығарады. Жоғары өнiмдi және элиталық жануарларды хирургиялық әдiспен емдейдi.
4. Осы Ереженiң орындалуының жауапкершiлiгi
19. Осы Ереженi бұзған кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.