Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес бұйырамын :
1. Қоса беріліп отырған бекітуге:
1) Ірі қара малдың парагрипп ауруының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже;
2) Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясын алдын алу және жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ветеринария департаментінің директоры А.Ә.Қожамұратовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
"Жануарлардың ауруларының
алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды
жүзеге асыру жөніндегі
ережелерін бекіту туралы"
2004 жылғы 15 қыркүйектегі
N 492 бұйрығымен бекітілген
Ірі қара малдың парагрипп ауруының алдын алу
және жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды
жүзеге асыру туралы
Ереже
Осы, ірі қара малдың парагрипп ауруының алдын алу жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының ережесі (бұдан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының 26 бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Ірі қара малдың парагриппі (ПГ-3, параинфлуэнца-3, көліктік қызба) контагиозды вирус қоздыратын жоғарғы тыныс жолдары мен көз конъюктивасы қабынып тез тарайтын жұқпалы ауру. Қоздырғышы- парамиксовирус, сыртқы ортада төзімсіз. Парагрипп вирустары адамдар мен жануарларды ауыртатын төрт серологиялық топқа бөлінеді. Сиыр қоздырғышы 3-ші топқа жатады, сондықтан парагрипп-3 (ПГ-3) деп аталады.
Ауру мал шаруашылығы дамыған мемлекеттерде тіркеледі. Ауру аэрогендік, ас қорыту жолдарымен беріледі. Малдар жыл бойы ауруы мүмкін, жиі күз бен қыс мерзімдерінде. Бірнеше вирустар мен бактериялар, микоплазмалар мен хламидиялар әсер еткенде ауру өте ауыр өтеді де өлімге әкеп соғады. Жасырын кезеңі 2-5 күн. Негізгі ауру белгілері: аз уақыт қызба пайда болады, құрғақ жөтел мен тынысы жиілеп сырылдап шығады, танауынан бастапқыда кілегейлі, соңынан ірің араласқан сора ағады. Аурудың клиникалық белгілерінің байқалуына стресс факторлары, әсіресе, көлікпен тасымалдау және қорада тығыз ұстау, әртүрлі иммунитет фонына қарамай малдарды бір жерге жинау әсер етеді.
Өлексені жарып-сойғанда жоғарғы тыныс жолдарында кілегейлі қабықтарының қатарлы қабынуы, өкпенің алдыңғы, немесе ортаңғы, сирекірек соңғы диафрагмалық бөліктерінің қабынуы байқалады. Қабынған телімдер тығызданып, түрі күңгірттеніп, тілгенде бронха айналысындағы және бөлік аралық ұлпа қабынып, бронхалардың ішінде кілегейлі, немесе кілегейлі-іріңді экссудат болады.
Парагрипп-3 ауруының басты ерекшелігі 1-2 апта ішінде бейім жануарларды түгелдей дерлік қамтиды.
2. Шаруашылық субъектілердегі малдардың эпизоотиялық жағдайын білу үшін жыл сайын көктем мен күз мерзімдерінде 5% малдан қан алып оның сарсуындағы вирусқа қарсы түзілетін антитело көлемін тексереді.
3. Парагрипп-3 ауруының эпизоотиялық жағдайына қарай шаруашылық субъектілерді келесі топқа бөледі:
ауру қоздырғышы жоқ және парагрипп-3 ауруына тексергенде оң нәтиже берген малы жоқ субъектілер;
қолайлы, бірақ парагрипп-3-ке серологиялық тексергенде оң нәтиже берген малы бар шаруашылық субъектілер;
ПГ-3 ауруының клиникалық белгілері бар шаруашылықтар.
4. ПГ-3 ауруына диагноз қою үшін клиникалық және патологиялық анатомиялық деректер ескеріледі де лабораториялық зерттеу жүргізеді. Эпизоотиялық жағдайды да ескереді.
5. Лабораториялық балау патологиялық материалдан парагрипп-3 ауруының вирусын иммунофлуоресценция реакциясы арқылы (ИФР) табуға негізделген. Патологиялық материалдан сиыр эмбрионының бүйрек (СЭБ) немесе өкпе торшаларының өсінділерінен (СӨЭ) вирусты бөліп алып, гемадсорбцияны немесе гемагглютинацияны тежеу реакцияларында, иммуно-флуоресценция реакциясында идентификациялау. Ауру малдардың және сауыққан малдардың қан сары суларынан антиденешіктерді айқындау (ретроспективті балау) арнайы ПГ-3 вирусының антигеніне сәйкес (ГАТР).
6. Диагноз қою үшін лабораторияға танаудан, конъюктивадан серозды сұйықтарды алады. Ауру және жазылған малдардан сарысуларын тексеру үшін қан алады. Амалсыз сойылған, өлген малдардың танауынан, бронхтарынан, трахеяларынан, өкпелерінен, талақтарынан, кілегей қабықтарынан 5-10 сынама алады да оны стерильді ыдысқа салып лабораторияға мұздалған термосқа салып жеткізеді.
7. Патологиялық материалдармен жіберетін жолдама хатқа клиникалық белгілерінен, патологоанатомиялық өзгерістерден басқа осы шаруашылық субъектілердегі малдар тірі вакциналармен парагрипп-3 ауруына, инфекциялы ринотрахеитке және басқа вирусты респираторлы індеттерге қарсы, егілгендігі жөнінде мәліметтерді көрсету қажет.
8. Парагрипті жұқпалы ринотрахеиттен, вирустық диареядан, аденовирустық және респираторлық инфекциялардан ажырату қажет.
9. Егер аурудың бас кезіндегіге қарағанда иммунофлуоресцесценция, гемаггютинацияны тежеу реакциялары бірдей болса және сарысудағы антиденелердің титрі 4 есе немесе одан да артық жоғарыласа аурудың бас кезіндегіге қарағанда ПГ-3 ауруының диагнозы оң нәтижелі деп санайды.
2. Парагрипп-3 ауруының алдын алу шаралары
10. Шаруашылық субъектілердің малына қоздырғыштың енуіне, таралуына жол бермеу, малдардың организмінің төзімділігін көтеру, ветеринариялық-санитарлық ережелерді мұқият сақтау, диагнозды ертерек қойып, сыртқы ортадағы қоздырғышты жою.
11. Малдарды аурудан сау шаруашылықтардан алып топтастыру, топтастырғанда, орналастырғанда "бос-бос емес", "қораны демалдыру" шараларын мүлтіксіз орындап отыру керек. Толмаған бұзаулар топтарын жеке меншік және басқа топтағы малдармен толықтыруға тиым салынады.
12. Жаңадан келген малдарды оқшаулап 30 күн жеке ұстайды.
13. Малдарды беретін шаруашылық субъектілерінде бұзауларды жіберетіннен 7 күн бұрын оларды парагрипп-3 ауруына қарсы вакциналайды.
14. Малдарды арнайы көлікпен жеткізеді.
15. Импорт арқылы келген асыл тұқымды малдарды 30 күн оқшаулап бөлек ұстайды.
16. Шаруашылық субъекті жабық мекеме түріне ауыстырады да ферма аумағын өндіріс және шаруашылық зоналарына бөледі. Мұнда ветеринариялық-санитарлық ережелерді малшылар мүлтіксіз орындауға тиісті. Фермаға кіргенде, шыққанда санөткізіштен өтулері керек, киімдерін ауыстырып залалсыздандырулары керек. Бөтен адамдарды кіргізбеу керек, дезинфекциялық бөгет жасалуы тиісті және жеке тазалық ережелерін сақтай білулері керек.
17. Шаруашылық субъектінің мал қораларындағы микроклиматтарын қалыпты жағдайда ұстау және мерзіміндегі дезинфекциялауды жүргізіп отыру қажет.
3. Шаруашылық субъектідегі парагрипп-3
ауруын жою шаралары
18. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, парагрипп-3 диагнозы анықталған шаруашылық субъектісі, осы ауру бойынша қолайсыз деп саналады және шектеу қойылады.
19. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес соңғы ауырған мал жазылғаннан соң немесе сойылғаннан кейін 14 күн өткен соң, сондай-ақ осы нұсқаулықта белгіленген басқа да сауықтыру шараларын жүргізгеннен кейін шаруашылық субъектісін қолайлы деп санайды.
20. Шектеу ережесіне сәйкес төмендегі шараларға тиым салынады:
1) шаруашылық субъектісіне мал әкелуге, басқа шаруашылықтарға малды әкетуге, қолайсыз топтағы малды басқа топтарға жіберуге;
2) қолайсыз мал тобы тұрған қораларға бөтен адамдарды жіберуге;
3) ауру малдарды жайлайтын малшылардың сау малдар тұратын қораға кіруіне.
21. Клиникасы жоқ сау малдарды сойылатын жерлерге арнайы көлікпен жіберуге рұқсат беріледі. Өлекселерді утильге жібереді.
22. Сойылған малдардың ұшаларын ешқандай дегенеративті өзгерістер болмаса тоқтаусыз шығарады. Танауының, трахеясының, өкпесінің, ас қорыту мүшелерінің кілегей қабаттарында қабынған, өлі етке айналған өзгерістері болса утилизацияға жібереді.
23. Ауру малдарды бөлек секцияларға оқшаулап гипериммунды сарысуымен, спецификалық емес глобулинмен және реконвалесценттің қан сарысуымен емдейді. Сонымен қатар антибиотиктер, сульфаниламид, нитрофуран препараттарын қолданады.
24. Дауалау үшін Мемлекеттік реестрде тіркелген вакциналарды нұсқаулықтары бойынша қолданады.
25. Қолайсыз шаруашылық субъектісіндегі торларды, станоктерді, құрал-саймандарды, көліктерді 2% күйдіргіш натрмен немесе 20% жаңадан сөндірілген әкпен күн сайын шаруашылықты сиыр парагрипінен сау деп саналғанға дейін дезинфекциялайды.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
"Жануарлардың ауруларының
алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды
жүзеге асыру жөніндегі
ережелерін бекіту туралы"
2004 жылғы 15 қыркүйектегі
N 492 бұйрығымен бекітілген
Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясын
алдын алу және жою бойынша ветеринариялық
іс-шараларды жүзеге асыру туралы Ереже
Осы, ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының ережесі (бұдан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының 26 бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы немесе "сиырдың құтыруы" сүтқоректілердің трансмиссивті кеміктәріздес энцефалопатиясының тобына жатады.
Ол жәй үдемелі түрде және өліммен ерекшеленетін, басқа да жабайы және үй жануарларында ешкі мен қойдың скрепи, мысықтың, су күзенінің трансмиссивті кеміктәріздес энцефалопатиясы, қашырдың, бұғының, маралдың созылмалы ауруы, адамның Куру ауруы; Крейцтцфельд-Якоб ауруы, Герстманн-Штрейсслер-Шейнкер және семьяның фатальді инсомния синдромы тәріздес созылмалы түрде өтетін приондар тобына жататын індет.
Қазіргі уақытта ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы скрепи ауруымен ауырған қойлардың ұшаларын өңдеп, ет сүйек ұнына айналдырып ірі қара малды азықтандыру нәтижесінде пайда болған деп есептеледі.
Электронды микроскопиялық зерттеулер бойынша приондар ұзындығы 10-20 нм және ені 100-200 нм іріленген таяқша тәріздес құрылымдар болып табылады. Приондар барлық белгілі дезинфектанттарға және жоғары температураға және басқа да физико химиялық факторлердің әсеріне өте төзімді.
Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының инкубациялық кезеңі 2 жылдан 8 жылға дейін созылады.
2. Диагностикасы
2. Ауруға диагноз қоюда эпизоотологиялық деректер, ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының таралуының негізгі факторы болып, скрепимен ауырған қойлардан дайындалған ет-сүйек ұнын мал азығына қолдану, сондай-ақ клиникалық белгілері есепке алынады.
Зертханада ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына диагноз қою гистологиялық және иммунологиялық (иммунохимиялық, иммуноферменттік және иммуноблотинг) әдістермен зерттеулер нәтижесінде қойылады. Сонымен қатар, электронды микроскопиялық әдіс зерттеу нәтижелерін дәлелдеу үшін қолданылады.
Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына диагноз қоюда гистологиялық препараттарда нейрондардың қабынусыз вакуолденген түрлері байқалса оң нәтиже алынды деп есептеледі.
Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясын листериоздан, құтырудан, Ауески ауруынан, жұқпалы ринотрахеиттің жүйкелік түрінен, зілді қызбадан, сондай-ақ фосфорорганикалық, хлорорганикалық, сынапорганикалық қосындыларымен, цинк фосфидімен, күшәламен, ас тұзымен ұланудан ажырату қажет.
3. Аурудың алдын алу және қауіпсіздік шаралары
3. Аурудың алдын алудың негізі, ірі қара малға өлекселерді немесе күйістелердің қалдықтарын өңдеп дайындалған ет-сүйек ұнымен азықтандыруға тиым салу болып табылады.
4. Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына күдікті малдар өлтіріледі де өлексесі өртеледі.
5. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес ауру жұққан мал анықталған жағдайда, оны жойып, шаруашылыққа карантин қойылады. Сонан кейін шаруашылықтағы қалған барлық малды сойып ұшаларын және ішкі құрылыстарымен бірге өртейді.
6. Миын, қойылған диагнозды гистопатологиялық, иммунохимиялық, электронды микроскопиялық және вестерн блотинг әдістерімен дәлелдеуге қолданады.
7. Ауру малдарды анықтау үшін сояр алдында жасы 6 айдан асқан барлық ірі қара малды, жасына қарамастан қой мен ешкіні жүйелі түрде тексеруден өткізеді.
8. Инкубациялық кезеңі ұзақ және дәл уақытында ауру малдарды анықтайтын серологиялық немесе басқа да әдістердің болмауына байланысты аурудың кеңінен таралу қаупі ұлғаяды. Осыған байланысты келесі шараларды жүргізу қажет:
1) ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына күдік болған жағдайларды міндетті түрде ауданның, қаланың мемлекеттік аға ветеринариялық инспекторіне баяндауы тиіс;
2) ветеринариялық қызметкерлер ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына клиникалық белгілерін анықтай алу керек;
3) диагностикалық қызметтің Еуропалық комиссияның ғылыми ветеринариялық комитеті дайындаған стандартталған тестерін қолдана отырып және ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясын клиникалық белгілері ұқсас басқа да аурулардан ажырата алатынын қамтамасыз ету;
4) аурудың негізгі берілу тетігі алиментарлық жол болғандықтан, ауру жұққан мал анықталған жерде, инфекцияның жемшөм арқылы берілуін тоқтату. Сондықтан күйісті малдарды, жануарлардан алынған белокты азықтармен азықтандыруға тиым салынады. Мұндай шаралар зоопарктегі және табиғи қорықтардағы жануарларды; мал азығымен ауру қоздырушысының берілуінен қорғайды. Егер, күйісті малдардың бас-сирақ, ішек-қарын өнімдерін, басқа жануарлардың бас-сирақ, ішек-қарын өнімдерінен, өңдеу кезінде ажырату мүмкін болмаған жағдайда, Еуропалық одақ мемлекеттері қабылдағандай, жануарларды сүтқоректілер белогымен азықтандыруға тиым салу қажет.
9. Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясымен ластанбаған күйісті малдардың бас-сирақ, ішек-қарын өнімдері, ет-сүйек ұнын өндіру кезінде ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының қоздырғышымен, өнімдерді өндіру, тасымалдау, сақтау барысында ластанбаудың шараларын қарастыру қажет.
10. Аурудың жасырын кезеңінің ұзақтығына байланысты, қоздырушының ірі қара мал арасында клиникалық белгілері байқалмай ақ айналыста болуы мүмкін. Сондықтан, ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы тіркелмеген елдерде, инфекция байқалмай қалып және басқа малдарға патогенмен ластанған мал азығы арқылы берілуі мүмкін. Осыған байланысты бұл мемлекеттерде келесідей шарттарды сақтау қажет:
1) тәуекелдік факторының маңыздылығымен, яғни скрепидің барлығымен және таралуымен, жою әдістерімен немесе күйісті малдардың бас-сирақ, ішек-қарын өнімдерін өңдеу әдістерімен, күйісті малдардың белоктарының шығу тегін және оларды мал азығы рационына қосуын шектеу;
2) ет-сүйек ұнын өндіруде қолданылатын күйісті малдардың бас-сирақ, ішек-қарын өнімдерін өңдеу технологиясын қатаң сақтауға;
3) шекара мен көліктегі ветеринариялық қызмет импортталатын еттерге қатаң бақылау жүргізуді жүзеге асырулары тиіс. Күйісті малдардың ұшаларын, басымен, талағымен, тимусымен бірге әкелуге тиым салу.
11. Адам және күйісті малдарға ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының жұғу қаупін азайту мақсатына әсер ететін, ағзаларға байланысты келесі мал өнімдерін пайдалану тиіс:
ми, жұлын, көз, көмекей бездері, тимус, талақ, ішек, егер олар жасы 6 айдан үлкен малдардан алынған, сондай-ақ осы ағзалардан дайындалған белокты өнімдер болса және етті бөлшектеген кезде жүйке және сөл бездері ұлпаларының алынып тасталуының қажеттілігі.
12. Женевада (1996 жылы сәуірде) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның және Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының қатысуымен ұйымдастырған конференцияда халықаралық сарапшылар тобы келесідей нұсқаулар қабылдады:
1) барлық мемлекеттер ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы жұққан малды союды және қауіпсіз жоюды камтамасыз етуге, өнімдерінің адамдар тамағының тізбегіне кірмеуін және азық өнімдерін өңдеу барысында қоздырғышты инактивациялауына толығымен көз жеткізудің қажеттілігі;
2) Парижде Халықаралық Эпизоотиялық Бюрода қабылданған нұсқамаларға сәйкес, ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының шығуын тіркеуге және ұзақ мерзімді бақылауға қоюды;
3) ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының бірді-екілі жағдайы байқалған мемлекеттер аурудың қоздырушының ластанған малдың ұлпаларының адам және малдарға азық дайындау өндірістеріне түспеуіне;
4) ұсақ күйісті малдардың ұлпаларынан мал азығын дайындауға тиым салуға.