Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2009.05.27 мамырдағы N 56 бұйрығымен.
"Патент туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. "Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 10 тамыздағы N 30 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 1679 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2002 жылы 15-ші нөмірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеудің тәртібі жөніндегі Ережеде (бұдан әрі - Ереже):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген және өнеркәсіптік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы (өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы ұйым.";
4-тармақта "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінде (бұдан әрі - Комитет)" деген сөздер "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің Қазақстан патенттік сараптама институты (бұдан әрі - Институт)" деген сөздер "сараптама жасау ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта "Комитетке" деген сөз "сараптама жасау ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта және 19-тармақтың екінші абзацында "Комитет"деген сөз тиісінше "сараптама жасау ұйымы", "сараптама жасау ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ереженің түгел мәтіні бойынша "Комитет", "Институт" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "сараптама жасау ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ережеге 1, 2-қосымшаларда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті" деген сөздер "сараптама жасау ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Өнеркәсіптік меншік саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жөніндегі басқарма осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының орынбасары А.Х.Әмірғалиевқа жүктелсін.
4. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Төраға міндетін атқарушы