"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеудің тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 10 тамыздағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы". Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының м.а. 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 58-п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3158 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы, N 9-13, 39-құжат);
2) "Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 10 тамыздағы N 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы". Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Санаткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының м.а. 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3152 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. N 9-13, 40-құжат).
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрі Р. Түсіпбеков