Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған қорытынды беруі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 122 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3161. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 57 қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28.  N 57  қаулысымен. 

      Ескерту: Қаулының тақырыбы мен кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 мамырдағы N 34   қаулысымен .

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған қорытынды беруі шарттарын нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк Төрағасының
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
"Банк операцияларының   
жекелеген түрлерін жүзеге 
асыратын ұйымдарға төлем  
карточкаларын шығаруға   
лицензия беру, беруден бас 
тарту, тоқтата тұру және  
қайтарып алу туралы    
нұсқаулықты бекіту туралы" 
2004 жылғы 13 қыркүйектегі 
N 122 қаулысымен бекітілген

  Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға
лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру
және қайтарып алу сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктер мен банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың уәкілетті органның төлем карточкаларын
шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған
қорытынды беруі туралы
нұсқаулық

       Ескерту: Нұсқаулықтың тақырыбы мен кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 мамырдағы N 34   қаулысымен .

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  туралы", "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Лицензиялау  туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар), егер Қазақстан Республикасының осындай ұйымдарының қызметін реттейтін заң актілерінде олардың өзге банк операцияларымен қоса төлем карточкаларын шығару мүмкіндігі көзделсе, уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған оң қорытынды (бұдан әрі - оң қорытынды) беру, беруден бас тарту және қайтарып алу шарттарын нақтылайды.

  1-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия
беру және беруден бас тарту

       Ескерту: 1-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 мамырдағы N 34   қаулысымен .

      1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйым) лицензия беру шарты қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) берген жеке және/немесе заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізуге онда лицензияның болуы болып табылады.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 мамырдағы N 34   қаулысымен .

      2. Лицензия алу үшін ұйым Ұлттық Банкке:
      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  16-бабында көзделген құжаттарды;
      2) ұйымның нотариат куәландырған жарғысының көшірмесін (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
      3) уәкілетті ұйым берген жеке және/немесе заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізуге лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі;
      4) төлем карточкаларын шығаруға экономикалық негіздеме, оған:
      төлем карточкаларына қызмет көрсетуге болжанған тарифтер;
      төлем карточкаларын шығару, алғашқы үш айда төлем карточкаларына қызмет көрсету желілерін құру және дамыту бойынша жоспарлар (болжамдар);
      төлем карточкаларын шығару және/немесе қызмет көрсету тиімділігінің (құнын өтеуі) есебі;
      5) өтініш беруші төлем карточкасы жүйесінде ие болып табылмайтын жағдайда, өтініш берушінің төлем жүйесінде мүшелігін растайтын құжаттар;
      6) өтініш беруші төлем карточкасы жүйесінде ие болып табылатын жағдайда төлем карточкасы жүйесін құрғанын растайтын құжаттар;
      7) өтініш берушінің уәкілетті органы бекіткен төлем карточкаларын пайдалануға байланысты операцияларды жүргізудің ішкі ережелері;
      8) төлем карточкасы жүйесі туралы негізгі сипаттамалар мен мәліметтерді сипаттау, оған:
      төлем карточкасы жүйесінің атауы;
      қызмет көрсететін процессинг ұйымының атауы;
      төлем карточкасының түрі (магнитті жолмен, интегралды микросхемамен, комбинирленген);
      төлем карточкаларын пайдалануға байланысты төлемдер бойынша ақпарат алмасу режимі (он-лайн, офф-лайн) кіреді;
      9) бағдарламалық-техникалық сипаттамалар туралы мәліметтер, оған:
      ақпарат алмасу, байланыстың телекоммуникациялық және пайдаланылған арналарының бағдарламалық-техникалық құралдарының құрамын сипаттау;
      электронды хабарлардың форматтары және оларды беру тәртібі;
      бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпаратты рұқсат етілмеген кіруден ұйымдық және басқа да қорғау тәсілдері туралы негізгі мәліметтер кіреді;
      10) ұйымның төлем карточкалары бөлімшелері туралы ереже, оған:
      бөлімшенің құрылымы туралы ақпарат;
      бөлімшенің міндеттері мен функциялары;
      қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері;
      ұйымның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет ету тәртібі туралы ақпарат кіреді.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 мамырдағы N 34   қаулысымен .

      3. Ұйымға лицензия беру туралы  өтінішті  Ұлттық Банк барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
      Ұлттық Банк құжаттарды ескертулермен пысықтауға қайтарған не құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда құжаттарды қайта бергеннен кейін оларды Ұлттық Банктің қарау мерзімі қайтадан есептеледі.
      Қажет болған жағдайда Ұлттық Банк құжаттардағы ақпаратты растайтын құжаттар мен мәліметтерді, осы Нұсқаулықтың 2-тармағында белгіленген тізбені сұратады.

      3-1. Ұйымға төлем карточкаларын шығаруға лицензия Ұлттық Банк Басқармасы қаулысының негiзiнде осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiледi. 
       Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93   қаулысымен .     

      4. Лицензияны беруден  бас тарту  Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      5. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда  Ұлттық Банк  өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.

  2-тарау. Ұйымдарға Ұлттық Банк берген лицензияны
тоқтата тұру және қайтарып алу

       Ескерту: 2-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 мамырдағы N 34   қаулысымен .

      6.  Лицензияны  тоқтата тұру және оны қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер және тәртіп бойынша жүргізіледі.

      7. Лицензияның қолданылуын тоқтатуға себеп болған жағдайларды жойған кезде Ұлттық Банк ұйымның өтініші бойынша өтініш берген күннен бастап бір ай ішінде лицензияның қолданылуын қалпына келтіру туралы мәселені қарайды.

      8. Лицензияның қолданылуы лицензияның қолданылуын тоқтатуға негіз болған құқық бұзушылықтарды ұйымның жойғаны туралы ақпаратты растайтын тексеруді Ұлттық Банк жүзеге асырғаннан кейін Ұлттық Банк Басқармасының тиісті қаулысы негізінде қалпына келтіріледі.

      9. Ұлттық Банк Басқармасының қаулысында лицензияны қалпына келтіру күні белгіленбеген жағдайда Ұлттық Банк Басқармасының тиісті қаулысын ұйымға жіберген күн лицензияның қолданылуы тоқтатылған немесе қалпына келтірілген күн болып есептеледі.

      10. Ұлттық Банктен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұйым өзінің клиенттеріне жазбаша хабар жібереді және төлем карточкаларын шығарудың және ұйым клиенттері үшін қол жетімді жерлерде ұйым шығарған төлем карточкаларын пайдалануға байланысты операцияларды жүзеге асырудың мүмкін еместігі туралы хабарландыру жариялайды.

  2-1-тарау. Оң қорытынды беру, беруден бас тарту
және қайтарып алу

       Ескерту: 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 мамырдағы N 34   қаулысымен .

      10-1. Өтініш беруші оң қорытынды алу үшін Ұлттық Банкке осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3)-10) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.

      10-2. Оң қорытынды алу үшін ұсынылған құжаттарды Ұлттық Банк барлық қажетті құжаттар алынған күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
      Талап етілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда Ұлттық Банк өтініш берушіден жетіспеген құжаттарды сұратады не құжаттарды қарамастан өтініш берушіге қайтарады. Ұсынылған құжаттарды қайта қарау мерзімі олар Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап жаңадан есептеледі.

      10-3. Ұсынылған құжаттар осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3)-10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Ұлттық Банк оң қорытынды беруден бас тартады.

      10-4. Оң қорытынды беруден бас тартылған кезде өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіле отырып жазбаша түрде дәлелді жауап жіберіледі.

      10-5. Негізінде банкке не банктік емес ұйымға оң қорытынды берілген шынайы емес мәліметтер анықталған, сондай-ақ банк не банктік емес ұйым оң қорытынды беру сәтінен бастап бір жыл ішінде уәкілетті органның лицензиясын алмаған жағдайда, Ұлттық Банк берілген оң қорытындыны қайтарып алады.

      10-6. Оң қорытындыны қайтарып алған кезде Ұлттық Банк банкке не банктік емес ұйымға және уәкілетті органға қайтарып алу себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Лицензияны жоғалтқан және лицензияны қайта ресімдеген кезде лицензияның көшірмесін алу Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      12. Ұлттық Банк осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған және қайтарылып алынған лицензиялардың тізілімін жүргізеді.

      13. Осы Нұсқаулықпен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Банк операцияларының жекелеген 
түрлерін жүзеге асыратын   
ұйымдарға төлем карточкаларын 
шығаруға лицензия беру,  
беруден бас тарту, тоқтата 
тұру және қайтарып алу туралы 
нұсқаулыққа 1-қосымша   

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға
берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған,
қайтарып алынған лицензияларды есепке алу тізілімі

___________________________________________________________________
Лицен.|Ұйымның|Лицензияны |Лицензия   | Лицензияны  | Лицензияны
зияның| атауы | берген    | беруге    |қайтарып алу,| қайтарып алу,
нөмірі|       | (қайта    | (қайта    |тоқтата тұру |  тоқтата
      |       | ресімде.  |ресімдеуге)|   күні      |  тұрудың
      |       | ген) күн  |негіздеме  |             | негіздемесі
______|_______|___________|___________|_____________|______________
___________________________________________________________________

                                           Банк операцияларының
                                         жекелеген түрлерiн жүзеге
                                          асыратын ұйымдарға төлем
                                           карточкаларын шығаруға
                                           лицензия беру, беруден
                                           бас тарту, тоқтата тұру
                                          және қайтарып алу туралы
                                           нұсқаулыққа 1-1-қосымша

       Ескерту: 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93   қаулысымен

          Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
        асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға
                           ЛИЦЕНЗИЯ

                               нөмiрi _____
                       берiлген күнi _____ жылғы "___"_____

      Осы лицензия Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының __________ жылғы "___"__________ N __________
қаулысына сәйкес __________________________________________________
           (банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
___________________________________________________________________
  ұйымның атауы және орналасқан жерi, мемлекеттiк тiркелген күнi
                             және нөмiрi)

берiлдi және төлем карточкаларын шығару құқығын бередi.
      Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтар үшiншi
тұлғаларға берiлмейдi.
      Осы лицензия бiр данада берiледi.

      Төрағаның орынбасары            

Об утверждении Инструкции о выдаче, отказе в выдаче, приостановлении и отзыве лицензии на выпуск платежных карточек организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, а также выдачи Национальным Банком Республики Казахстан заключения для получения банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, лицензии уполномоченного органа на выпуск платежных карточек

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 сентября 2004 года N 122. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 октября 2004 года N 3161. Утратило силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 мая 2007 года N 57 (вводится в действие с 9 августа 2007 года)

       Сноска. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 сентября 2004 года N 122 утратило силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 мая 2007 года  N 57  (вводится в действие с 9 августа 2007 года).

      Сноска. В заголовок и в преамбулу внесены изменения постановлением Правления Национального Банка РК от 2 мая 2006 года  N 34  (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос. регистрации).

      В целях детализации условий выдачи, отказа в выдаче, приостановления и отзыва лицензии на выпуск платежных карточек организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, а также выдачи Национальным Банком Республики Казахстан заключения для получения банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, лицензии уполномоченного органа на выпуск платежных карточек Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию о выдаче, отказе в выдаче, приостановлении и отзыве лицензии на выпуск платежных карточек организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Управлению платежных систем (Мусаев Р.Н.):
      1)   совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата и территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.

      4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Елемесова А.Р.

      И.о. Председателя
     Национального Банка 

        

 

Утверждена                      
постановлением Правления              
Национального Банка                
Республики Казахстан               
от 13 сентября 2004 года N 122          
"Об утверждении Инструкции о выдаче, отказе  
в выдаче, приостановлении и отзыве лицензии  
на выпуск платежных карточек организациям,   
осуществляющим отдельные виды        
банковских операций"              

       Сноска. В заголовок и в преамбулу Инструкции внесены изменения постановлением Правления Национального Банка РК от 2 мая 2006 года  N 34  (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос. регистрации).

Инструкция 
о выдаче, отказе в выдаче, приостановлении 
и отзыве лицензии на выпуск платежных карточек организациям, 
осуществляющим отдельные виды банковских операций ,
а также выдачи Национальным Банком Республики Казахстан
заключения для получения банками второго уровня и организациями,
осуществляющими отдельные виды банковских операций,
лицензии уполномоченного органа на выпуск платежных карточек"

      Настоящая Инструкция разработана в соответствии с Законами Республики Казахстан " О Национальном  Банке Республики Казахстан", " О банках  и банковской деятельности в Республике Казахстан", " О лицензировании ", иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и детализирует условия выдачи, отказа в выдаче, приостановления и отзыва Национальным Банком Республики Казахстан (далее - Национальный Банк) организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, лицензии на выпуск платежных карточек (далее - лицензия), а также порядок выдачи, отказа в выдаче и отзыва положительного заключения (далее - положительное заключение) для получения лицензии банками второго уровня (далее - банки), а также организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, в случае, если законодательными актами Республики Казахстан, регулирующими деятельность таких организаций, предусмотрена возможность выпуска ими платежных карточек с совмещением с иными банковскими операциями (далее - небанковские организации).

  Глава 1. Выдача и отказ в выдаче лицензии организациям,
осуществляющим отдельные виды банковских операций

       Сноска. В главу 1 внесены изменения постановлением Правления Национального Банка РК от 2 мая 2006 года  N 34  (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос. регистрации).

      1. Условием выдачи лицензии организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций (далее - организация) является наличие у нее лицензии на открытие и ведение банковских счетов физических и/или юридических лиц, выданной уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган).
       Сноска. В пункт 1 внесены изменения постановлением Правления Национального Банка РК от 2 мая 2006 года  N 34  (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос. регистрации).
      2. Для получения лицензии организация представляет в Национальный Банк следующее:
      1) документы, предусмотренные  статьей 16  Закона Республики Казахстан "О лицензировании";
      2) нотариально удостоверенную копию устава организации (на государственном и русском языках);
      3) нотариально удостоверенную копию лицензии на открытие и ведение банковских счетов физических и/или юридических лиц, выданной уполномоченным органом; 
      4) экономическое обоснование выпуска платежных карточек, включающее:
      предполагаемые тарифы на обслуживание платежных карточек;
      планы (прогнозы) по выпуску платежных карточек, созданию и развитию сети обслуживания платежных карточек на первые три года; 
       расчет эффективности (окупаемости) выпуска и/или обслуживания платежных карточек;
      5) документы, подтверждающие членство заявителя в системе платежных карточек, в случае, если заявитель не является владельцем системы платежных карточек; 
      6) документы, подтверждающие создание системы платежных карточек, в случае, если заявитель является владельцем системы платежных карточек;
      7) внутренние правила проведения операций с использованием платежных карточек, утвержденные уполномоченным органом заявителя;
      8) описание основных характеристик и сведений о системе платежных карточек, включающее: 
      наименование системы платежных карточек;
      наименование обслуживающей процессинговой организации;
      тип платежной карточки (с магнитной полосой, с интегральной микросхемой, комбинированная);
      режим обмена информацией по платежам с использованием платежных карточек (он-лайн, офф-лайн);
      9) сведения о характеристиках программно-технических средств, включающие:
      описание состава программно-технических средств обработки информации, телекоммуникации и используемых каналов связи;
      форматы электронных сообщений и порядок их передачи;
      основные сведения об организационных и других способах защиты программного обеспечения и информации от несанкционированного доступа;
      10) положение о подразделении платежных карточек организации, содержащее:
      информацию о структуре подразделения; 
      задачи и функции подразделения; 
      права и обязанности сотрудников;
      информацию о порядке взаимодействия с другими структурными подразделениями организации.
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения постановлением Правления Национального Банка РК от 2 мая 2006 года  N 34  (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос. регистрации).
      3. Заявление о выдаче лицензии организации рассматривается Национальным Банком в течение одного месяца со дня представления всех необходимых документов. 
      В случае возврата Национальным Банком документов с замечаниями на доработку либо в связи с представлением неполного пакета документов, срок их рассмотрения после повторного представления документов в Национальный Банк исчисляется заново. 
      В случае необходимости Национальный Банк запрашивает документы и сведения, подтверждающие информацию, содержащуюся в документах, перечень которых установлен пунктом 2 настоящей Инструкции. 

      3-1. Лицензия на выпуск платежных карточек выдается организации на основании постановления Правления Национального Банка по форме согласно Приложению 1-1 к настоящей Инструкции.
      Сноска. Глава дополнена пунктом 3-1 - постановлением Правления Национального Банка РК от 27 августа 2005 года  N 93  (порядок введения в действия см. п.3 пост.  N 93 )
      4. Отказ в выдаче лицензии производится по основаниям, предусмотренным законодательными актами Республики Казахстан.
      5. В случае отказа в выдаче лицензии Национальный Банк направляет заявителю мотивированный ответ в письменном виде в сроки, установленные для выдачи лицензии.

  Глава 2. Основания приостановления и отзыва лицензии ,
выданной Национальным Банком организациям

       Сноска. В главу 2 внесены изменения постановлением Правления Национального Банка РК от 2 мая 2006 года  N 34  (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос. регистрации).

      6. Приостановление действия лицензии и ее отзыв производится по основаниям и в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан. 
      7. При устранении обстоятельств, послуживших причиной приостановления действия лицензии, Национальный Банк по ходатайству организации рассматривает вопрос о возобновлении действия лицензии в течение одного месяца со дня подачи ходатайства.
      8. Действие лицензии возобновляется на основании соответствующего постановления Правления Национального Банка после осуществления Национальным Банком проверки, подтверждающей информацию об устранении организацией нарушений, явившихся основанием для приостановления действия лицензии. 
      9. Действие лицензии считается приостановленным или возобновленным со дня доведения соответствующего постановления Правления Национального Банка до сведения организации, если иная дата возобновления действия лицензии не установлена в самом постановлении Правления Национального Банка.
      10. В течение десяти календарных дней со дня получения уведомления Национального Банка о приостановлении действия или об отзыве лицензии организация направляет своим клиентам письменные сообщения и размещает объявления о невозможности выпуска платежных карточек и осуществления операций с использованием платежных карточек, выпущенных организацией, в месте, доступном для обозрения клиентами организации.

   Глава 2-1. Выдача, отказ в выдаче и отзыв положительного заключения

       Сноска. Инструкция дополнена главой 2-1 постановлением Правления Национального Банка РК от 2 мая 2006 года  N 34  (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос. регистрации).

      10-1. Для получения положительного заключения заявитель представляет в Национальный Банк документы, предусмотренные подпунктами 3)-10) пункта 2 настоящей Инструкции.
      10-2. Документы, представленные на получение положительного заключения, рассматриваются Национальным Банком в течение одного месяца со дня получения всех необходимых документов.
      В случае представления неполного пакета требуемых документов Национальный Банк запрашивает недостающие документы у заявителя, либо возвращает заявителю документы без рассмотрения. Срок повторного рассмотрения представленных документов исчисляется заново с даты их поступления в Национальный Банк.
      10-3. В случае несоответствия представленных документов требованиям, установленным подпунктами 3)-10) пункта 2 настоящей Инструкции, Национальный Банк отказывает в выдаче положительного заключения.
      10-4. При отказе в выдаче положительного заключения заявителю направляется мотивированный ответ в письменном виде с указанием причин отказа.
      10-5. В случае выявления недостоверности сведений, на основании которых банку либо небанковской организации выдано положительное заключение, а также неполучения банком либо небанковской организацией лицензии уполномоченного органа в течение одного года с момента выдачи положительного заключения Национальный Банк отзывает выданное положительное заключение.
      10-6. При отзыве положительного заключения Национальный Банк письменно уведомляет банк либо небанковскую организацию и уполномоченный орган с указанием причин отзыва.         

 

Глава 3. Заключительные положения

      11. Получение дубликата лицензии при ее утере и переоформление лицензии производится в порядке, предусмотренном законодательными актами Республики Казахстан.
      12. Национальный Банк ведет реестры выданных, переоформленных, приостановленных и отозванных лицензий по форме, установленной Приложением 1 к настоящей Инструкции. 
      13. Вопросы, не урегулированные настоящей Инструкцией, подлежат разрешению в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

  

      

Приложение 1           
к Инструкции о выдаче, отказе  
в выдаче, приостановлении    
и отзыве лицензии на выпуск   
платежных карточек        
организациям, осуществляющим 
отдельные виды банковских операций

      

 

                            Реестр по учету 
             выданных, переоформленных, приостановленных, 
     отозванных лицензий на выпуск платежных карточек организациям, 
            осуществляющим отдельные виды банковских операций

      

_________________________________________________________________________
Номер |Наиме- |Дата выдачи  |Основание выдачи|Дата отзыва,|Основание     | 
лицен-|нование|(переоформле-|(переоформления)|приостанов- |отзыва, прио- |
зии   |органи-|ния) лицензии|лицензии        |ления       |становления   |
      |зации  |             |                |лицензии    |действия      |
      |       |             |                |            |лицензии      |
______|_______|_____________|________________|____________|______________|
______|_______|_____________|________________|____________|______________|

      
 
 

Приложение 1-1                  
к Инструкции о выдаче, отказе          
в выдаче, приостановлении и отзыве        
лицензии на выпуск платежных           
карточек организациям, осуществляющим      
отдельные виды банковских операций        <*>

     Сноска. Инструкция дополнена приложением 1-1 - постановлением Правления Национального Банка РК от 27 августа 2005 года  N 93  (порядок введения в действия см. п.3 пост.  N 93 )

                                   ЛИЦЕНЗИЯ
                 на выпуск платежных карточек организациями,
             осуществляющими отдельные виды банковских операций

                                    номер __________

                            дата выдачи "___"_________ года

      В соответствии с постановлением Правления Национального Банка
Республики Казахстан от "___" ______ года N___ настоящая лицензия 
выдана ____________________________________________________________
             (наименование и место нахождения организации,
___________________________________________________________________
           осуществляющей отдельные виды банковских операций,
___________________________________________________________________
             дата и номер государственной регистрации)
 
и дает право на выпуск платежных карточек.
      Права, вытекающие из условий настоящей лицензии, не могут 
быть переданы третьим лицам.
      Настоящая лицензия выдается в единственном экземпляре.
 
Заместитель Председателя