Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 122 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 мамырдағы N 34 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4246. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 57 қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28.  N 57  қаулысымен. 

      Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге төлем карточкаларын шығару үшін лицензия алуға арналған қорытынды беру тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 122  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3161 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3847 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93  қаулысымен  бекітілген толықтыруларымен қоса) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы "қайтарып алу" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған қорытынды беруі" деген сөздермен толықтырылсын;

      кіріспесі "қайтарып алу" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған қорытынды беруі" деген сөздермен толықтырылсын;    

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулықта:

      тақырыбы "қайтарып алу" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған қорытынды беруі" деген сөздермен толықтырылсын;

      кіріспесі "қайтарып алу" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар), егер Қазақстан Республикасының осындай ұйымдарының қызметін реттейтін заң актілерінде олардың өзге банк операцияларымен қоса төлем карточкаларын шығару мүмкіндігі көзделсе, уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған оң қорытынды (бұдан әрі - оң қорытынды) беру, беруден бас тарту және қайтарып алу" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тараудың тақырыбы "Лицензия" деген сөздің алдында "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ "уәкілетті ұйым" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі -
уәкілетті ұйым)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-тараудың тақырыбы "Лицензияны" деген сөздің алдында "Ұйымдарға Ұлттық Банк берген" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
      "2-1-тарау. Оң қорытынды беру, беруден бас тарту және қайтарып алу

      10-1. Өтініш беруші оң қорытынды алу үшін Ұлттық Банкке осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3)-10) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.

      10-2. Оң қорытынды алу үшін ұсынылған құжаттарды Ұлттық Банк барлық қажетті құжаттар алынған күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
      Талап етілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда Ұлттық Банк өтініш берушіден жетіспеген құжаттарды сұратады не құжаттарды қарамастан өтініш берушіге қайтарады. Ұсынылған құжаттарды қайта қарау мерзімі олар Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап жаңадан есептеледі.

      10-3. Ұсынылған құжаттар осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3)-10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Ұлттық Банк оң қорытынды беруден бас тартады.

      10-4. Оң қорытынды беруден бас тартылған кезде өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіле отырып жазбаша түрде дәлелді жауап жіберіледі.

      10-5. Негізінде банкке не банктік емес ұйымға оң қорытынды берілген шынайы емес мәліметтер анықталған, сондай-ақ банк не банктік емес ұйым оң қорытынды беру сәтінен бастап бір жыл ішінде уәкілетті органның лицензиясын алмаған жағдайда, Ұлттық Банк берілген оң қорытындыны қайтарып алады.

      10-6. Оң қорытындыны қайтарып алған кезде Ұлттық Банк банкке не банктік емес ұйымға және уәкілетті органға қайтарып алу себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А.Әлжановқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады