Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1623 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 13 шілдедегі N 279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 268 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3195

        Ескерту: Қаулы күшін жойды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 42  қаулысымен .
______________________________

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 13 шілдедегі N 279  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1623 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 18 басылымдарында 2001 жылғы 27 тамызда-9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауында және 1-тармақта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесінде:
      атауында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - банктер), олардың қосылма тұлғаларына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйымдар), сондай-ақ банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлеріне қатысты банк заңдарын бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді.";

      Ереженің мәтіні бойынша "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның  47-бабында  көзделген негіздер бойынша банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар қолданады.
      Банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындаудан тұрақты түрде немесе уақытша босатылуы мүмкін.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 июля 2001 года N 279 "Об утверждении Правил применения Национальным Банком Республики Казахстан мер воздействия в отношении банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, их руководящих работников, а также аффилиированных лиц банков второго уровня", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1623

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 сентября 2004 года N 268. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 ноября 2004 года N 3195. Утратило силу - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года N 42 (V064154)

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность банков второго уровня, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 июля 2001 года N 279 "Об утверждении Правил применения Национальным Банком Республики Казахстан мер воздействия в отношении банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, их руководящих работников, а также аффилиированных лиц банков второго уровня" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1623, опубликованное 27 августа - 9 сентября 2001 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана" N 18), следующие изменения:
      в названии и в пункте 1 слова "Национальным Банком Республики Казахстан" исключить;
      в Правилах применения Национальным Банком Республики Казахстан мер воздействия в отношении банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, их руководящих работников, а также аффилиированных лиц банков второго уровня, утвержденных указанным постановлением:
      в названии слова "Национальным Банком Республики Казахстан" исключить;
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      "Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан " О банках и  банковской деятельности в Республике Казахстан", " О государственном  регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций" и устанавливают порядок применения уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган) в отношении банков второго уровня (далее - банки), их аффилиированных лиц, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций (далее - организации), а также руководящих работников банков и организаций мер воздействия за нарушения банковского законодательства.";
      по тексту Правил слова "Национальный Банк", "Национального Банка", "Национальным Банком" заменить соответственно словами "уполномоченный орган", "уполномоченного органа", "уполномоченным органом";
      пункт 24 изложить в следующей редакции:
      "24. Уполномоченный орган налагает санкции на банки или их должностных лиц по основаниям, предусмотренным  статьей 47  Закона, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      Руководящие работники банков и организаций могут быть постоянно или временно отстранены от выполнения служебных обязанностей.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 

      3. Департаменту стратегии и анализа (Еденбаев Е.С.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, банков второго уровня Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.

      4. Департаменту по обеспечению деятельности Агентства (Несипбаев Р.Р.) обеспечить публикацию настоящего постановления в официальных средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

 

      Председатель