Ескерту: Қаулы күшін жойды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 42
қаулысымен
.
______________________________
Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N268 қаулысымен .
Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Екiншi деңгейдегi банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктердiң қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 268
қаулысымен
.
2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге шектеулi ықпал ету шараларын қолдану тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 119
қаулысының
;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк қызметiне байланысты заң бұзушылықтарға айыппұл салу және өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 285
қаулысының
күшi жойылды деп танылсын.
3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күн ішінде осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
| 4. Екінші деңгейдегі банктер осы қаулыны және Ережені алған күннен бастап бес күн ішінде оларды өздерінің қосылма тұлғаларына жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 13 шiлдедегi
N 279 қаулысымен
бекiтiлген
Екiншi деңгейдегi банктерге, банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың
басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ екiншi деңгейдегi
банктердiң қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету
шараларын қолдану
ережесi
Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді, Ереженің мәтіні бойынша "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 268 қаулысымен .
Осы "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі
туралы", "
Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы
" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - банктер), олардың қосылма тұлғаларына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйымдар), сондай-ақ банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлеріне қатысты банк заңдарын бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді.
Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 268
қаулысымен
.
1. Банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ банктер депозиторларының мүдделерiн қорғау мақсатында уәкілетті орган шоғырландырылған негiзде, оның iшiнде банктерге, олардың қосылма тұлғаларына, ұйымдарына, сондай-ақ банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлерiне қатысты ықпал ету шараларын қолдану арқылы банктердiң қызметiне бақылау жасайды.
2. Осы Ереже мақсатында заңнамалық кесiмдерде көзделген қаржылық жағдайды сауықтыру жөнiндегi ұсынымдар, шектеулi ықпал ету шаралары, санкциялар және мәжбүр ету шаралары ықпал ету шаралары болып түсiндiрiледi.
3. Заңнамада көзделген жағдайларда бiр ықпал ету шарасын қолдану басқаларын қолдануды жоққа шығармайды, бұрын қабылданған шаралардың қолданылуын тоқтатпайды және күшiн жоймайды.
2-тарау. Қаржылық жағдайды сауықтыру
жөнiндегi ұсынымдар
6. Банктiң қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайларда уәкілетті орган "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 45-бабына сәйкес оның акционерлерi алдында банкке ұсынымдар берудi қоса алғанда қаржылық сауықтырудың қажеттiлiгi, банктiң басшылығын ауыстыру немесе оны қайта құру туралы мәселені қоюға құқылы.
7. Уәкілетті органның банктiң қаржылық жағдайын сауықтыру жөнiндегi ұсынымды беру туралы хаты оның бiрiнші басшысына (немесе оның орнындағы адамға) жiберiледi, ол бес күн iшiнде мiндеттi түрде атқару органының барлық мүшелерiне, банктiң директорлар кеңесiне, банктiң iрi қатысушыларына банктiк холдингтерге хабар беруi тиiс.
8. 30 күнтiзбелiк күннен кейiн банк өзiнiң қаржылық жағдайын сауықтыру жөнiндегi ұсынымды орындау туралы бiрiншi басшы (немесе оның орнындағы адам) қол қойған дәлелдi шешiмдi ұсынуы тиiс.
3-тарау. Шектеулi ықпал ету шаралары
Міндеттеме хат
9. Уәкілетті орган Заңның
46-бабында
көзделген негiздемелер бойынша банктен, банктiң қосылма тұлғасынан немесе ұйымнан мiндеттеме хатты талап етуге құқылы, онда бар кемшiлiктердi тану фактiсi және банк басшылығының, банк қосылма тұлғасының немесе ұйымның оларды жоспарланған iс-шаралардың тiзбесiн көрсете отырып қатаң белгiленген мерзiмде жою жөнiндегi кепiлi болуы тиiс.
Жазбаша келiсiм
10. Уәкілетті орган Заңның
46-бабында
көзделген негiздемелер бойынша банкпен банктiң қосылма тұлғасымен немесе ұйыммен екi жақты немесе банкпен және банктiң қосылма тұлғасымен анықталған кемшiлiктердi тез арада жою қажеттiлiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы үш жақты жазбаша келiсiм жасауға құқылы.
11. Уәкілетті орган банкпен банктiң қосылма тұлғасымен немесе ұйыммен бар заң бұзушылықтарды және кемшiлiктердi жоюға екi айдан асатын мерзiм талап етiлетiндiгi туралы қорытындыға келген жағдайларда жазбаша келiсiм жасалады.
12. Жазбаша келiсiм екi (үш) дана етiп жасалады және оған банктiң, заңды тұлға болып табылатын банктiң қосылма тұлғасының және ұйымның атынан бiрiншi басшы (оның орнындағы адам) немесе жеке тұлға болып табылатын банктiң қосылма тұлғасы тiкелей қол қояды.
Жазбаша ескерту
13. Уәкілетті орган Заңның
46-бабында
көзделген негiздемелер бойынша банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға қатысты жазбаша ескерту беруге құқылы.
14. Жазбаша ескерту уәкілетті органның банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға қатысты егер бар кемшiлiктер уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жойылмаған жағдайда, Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы хабарламасы болып табылады.
15. Жазбаша ескерту банктiң бiрiншi басшысына (немесе оның орнындағы адамға), банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға жiберiледi.
16. Банктiң бiрiншi басшысы (немесе оның орнындағы адам) бес күн iшiнде мiндеттi түрде атқару органының барлық мүшелерiне, банктiң директорлар кеңесiне, банктiң iрi қатысушыларына және банктiк холдингтерге хабар беруi тиiс.
Жазбаша нұсқау
17. Уәкілетті орган Заңның
46-бабында
көзделген негiздемелер бойынша банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға орындауға мiндеттi жазбаша нұсқау беруге құқылы.
18. Уәкілетті органның жазбаша нұсқауы дегенiмiз банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға белгiленген мерзiмде анықталған кемшiлiктердi жоюға бағытталған түзету шараларын қолдану туралы банкке нұсқауы. Түзету шаралары жазбаша нұсқауда көрсетiледi және Заңның 45-бабында көрсетiлген орындауға мiндеттi шараларды бiлдiредi.
19. Жазбаша нұсқау банктiң бiрiншi басшысына (оның орнындағы адамға), банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға жiберiледi.
20. Банктiң бiрiншi басшысы (немесе оның орнындағы адам) бес күн iшiнде мiндеттi түрде атқару органының барлық мүшелерiне, банктiң директорлар кеңесiне, банктiң iрi қатысушыларына және банктiк холдингтерге хабар беруi тиiс.
Шектеулi ықпал ету шараларын қолдану жөнiндегi негiзгi талаптар
21. Банк, банктiң қосылма тұлғасы немесе ұйым уәкілетті органның өзiне қатысты шектеулi ықпал ету шараларын қолдану туралы хабарламасын алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде қажет болған жағдайда басқа да құжаттарды қоса отырып бар кемшiлiктердi жою жөнiндегi iс-шаралардың жоспар-кестесiн уәкілетті органға ұсынуға мiндеттi.
Уәкілетті орган жоспар-кестенi қарайды және өз қорытындысын банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға он күнтiзбелiк күн ішiнде жiбередi. Жоспар-кестемен келiспеген жағдайда уәкілетті орган банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға белгiленген мерзiмде нақты іс-шараларды орындау қажеттiлiгi туралы нұсқау жiберуге құқылы.
22. Банк, банктiң қосылма тұлғасы немесе ұйым мiндеттеме хаттың, жазбаша келiсiмнiң, жазбаша нұсқаудың немесе жазбаша ескертудiң осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалуы туралы хабар беруге мiндеттi.
Егер белгiленген орындалу мерзiмi бiр айдан асқан жағдайда, банк, банктiң қосылма тұлғасы немесе ұйым ай сайын уәкілетті органға кезең-кезеңiмен орындау туралы хабар беруге мiндеттi.
23. Банктiң, банктiң қосылма тұлғасының немесе ұйымның уәкілетті органның шектеулi ықпал ету шараларын қолдануы туралы шешiмiнде көзделген шарттар мен iс-шараларды орындау мерзiмiнiң басы олардың тиiстi құжатты алған күні болып есептеледi.
24. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның
47-бабында
көзделген негіздер бойынша банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар қолданады.
Банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындаудан тұрақты түрде немесе уақытша босатылуы мүмкін.
Ескерту: 24-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 268
қаулысымен
.
25. Уәкілетті органның банктiң немесе ұйымның басшы қызметкерiнiң атқаратын қызметiнен босатуы туралы шешiмдi банк үш жұмыс күнi iшiнде орындауы тиіс.
Уәкілетті органның шешiмiн орындау туралы уәкілетті органға хабарлама ұсыну мiндеттi болып табылады.
5-тарау. Банктiң қосылма тұлғаларына қатысты
қолданылатын мәжбүр ету шаралары
26. Уәкілетті орган Заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда банктiң iрi қатысушыларына және банктiк холдингтерге мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.
27. Банктiң iрi қатысушысы немесе банктiк холдинг уәкілетті органның оларға мәжбүр ету шараларын қолдану туралы шешiм шығарғанынан кейiн он күнтiзбелiк күн ішiнде уәкілетті органға оның шешiмiн орындау жөнiндегi iс-шаралардың жоспар-кестесiн қажет болғанда басқа да құжаттарды қоса бере отырып ұсынуы тиіс.
28. Уәкілетті орган жоспар-кестенi қарайды және банктiң iрi қатысушысына немесе банктiк холдингке он күнтiзбелiк күн ішiнде өз қорытындысын бередi. Жоспар-кестемен келiспеген жағдайда уәкілетті орган банктiң iрi қатысушысына немесе банктiк холдингке белгiленген мерзiмде нақты iс-шараларды орындау туралы нұсқау жiберуге құқылы.
29. Банктiң iрi қатысушысы немесе банктiк холдинг осы құжатта
көрсетiлген мерзiмде уәкілетті орган шешiмiнiң орындалуы туралы уәкілетті органға хабар беруге мiндеттi.
Егер белгiленген орындалу мерзiмi бiр айдан асқан жағдайда, банктiң iрi қатысушысы немесе банктiк холдинг ай сайын уәкілетті органға кезең-кезеңiмен орындау туралы хабар беруге мiндеттi.