Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуді ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 933 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 10 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3257. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің 2007 жылғы»28 желтоқсандағы N 668 бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің 2007.12.28.  N 668  Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының  30-бабына сәйкес және кадрларды кәсіби даярлау сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарының (кәсіптерінің) беделін көтеру, дарынды оқушыларды табу және оларға қолдау көрсету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуді ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. Орта білім департаменті (С. Есбосынова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2004 жылғы 17 қарашадағы   
N 933 бұйрығымен бекітілген 

  Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын
өткізуді ұйымдастыру ережесі

  1. Жалпы ереже

      1. Осы ереже кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында техникалық және қызмет көрсету еңбегі кәсіптері және мамандықтары бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуді ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.

      2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері кадрларды кәсіптік даярлау сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарының (кәсіптерінің) беделін көтеру, республикадағы кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау жүйесін насихаттау, дарынды оқушыларды табу және қолдау көрсету болып табылады.

  2. Конкурсқа қатысушылар

      3. Республикалық конкурсқа кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарын бітіруші курс оқушылары қатысады.
      Конкурстың қорытынды турына облыстық, Астана, Алматы қалалық кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары қатысады.

  3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу

      4. Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
      Бірінші турдың ұйымдастыру комитетінің құрамын кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымының басшысы, екінші турды облыстық, Астана, Алматы қалалық департаментінің (басқармасының) директорының (бастығының), үшінші турды Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен бекітеді.

      5. Ұйымдастыру комитеті:
      1) конкурсты дайындауды және өткізуді;
      2) конкурстық тапсырмаларды әзірлеуді және дайындауды;
      3) конкурсты өткізуге арналған үй-жайды және жұмыс орындарын дайындауды;
      4) конкурс барысында анықталған еңбектің алдыңғы қатарлы әдістері мен әдістемелерін бағалауды, таңдауды, жалпылауды қамтамасыз етеді.

      6. Республикалық конкурс мынадай турлардан тұрады:
      1) конкурстың бірінші турын кәсіптік бастауыш және орта білім оқу орындары өткізеді;
      2) конкурстың екінші туры облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттері (басқармалары) конкурсты өткізу осы ережеге сәйкес өткізіледі;
      3) конкурстың қорытынды үшінші турын Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өткізеді.

      7. Конкурсты өткізу уақыты мен орнын конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

      8. Республикалық конкурс өткізілетін кәсіптер (мамандықтар) немесе кәсіптердің тобы министрліктің бұйрығымен белгіленеді.

      9. Облыстық, Астана, Алматы қалалық білім департаменттері (басқармалары) Министрлікке конкурстың облыстық тур жеңімпаздарының мынадай құжаттарын: 
      1) қазылар алқасының шешімінен көшірме;
      2) мінездеме - ұсыным;
      3) 3х4 см. фотосурет, 24х30 см. көлеміндегі 3 түрлі-түсті фотосурет тапсырады.

  4. Конкурстың бағдарламасы

      10. Конкурстың бағдарламасына 7 конкурстық тапсырма кіреді:
      1) "Таныстыру" конкурсқа өзін-өзі таныстыру (5-минут) 5 баллдық жүйе бойынша бағаланады;
      2) Жалпы техникалық және арнайы пәндер бойынша білімін - "Тестілеу" (45-минут). 20 баллдық жүйе бойынша бағаланады;
      3) "Кәсіби шеберлік" - тапсырманы орындау барысында жоғары кәсіби шеберлігін көрсете білуі (20-минут). 30 баллдық жүйе бойынша бағаланады;
      4) "Компьютерлік сауаттылық" - компьютерлік сауаттылыққа тапсырма орындау (10-минут). 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады;
      5) "Спорттық шеберлік" - спорттық жарыстар. 15 баллдық жүйе бойынша бағаланады;
      6) "Қалыпты емес жағдай" - конкурсқа қатысушының жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу жөніндегі және кәсіптік тапсырмаларды шешіп, өз бетінше шешім қабылдай білуіне, анықтауға мүмкіндік беретін психологиялық ойын жағдайы (7-минут). 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады;
      7) "Он саусағынан өнер тамған" - конкурсқа қатысушының авторлық шығармашылығы, шығармашылық шешімінің бірегейлігі, орындау мәдениеті (7-минут). 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

  5. Конкурстың қазылар алқасы және
жеңімпаздарды марапаттау

      11. Жыл сайын қазылар алқасының құрамын бірінші турда кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымының басшысының, екінші турда облыстық, Астана және Алматы қалалық департаменті (басқармасы) директорының (бастығының), үшінші турды Министрліктің бұйрығымен бекітеді.

      12. Қазылар алқасы конкурсқа әр қатысушының жұмысын мынадай бағалау өлшемдері:
      1) нақты кәсіп пен мамандық бойынша кәсіптік және оқыту бағдарламалары шеңберінде жалпы техникалық және арнайы пәндердің мазмұнын білуі;
      2) кәсіптік даярлау дағдылары мен білгендерін практикада қолдануы;
      3) біліктілік, шығармашылық бастамашылық және ойлауының бірегейлігі;
      4) шығармашылық қабілеттілігі;
      5) спортпен шұғылдануы бойынша бағалайды.

      13. Қазылар алқасы конкурстың номинацияларын белгілейді, республикалық конкурстың жеңімпаздарын анықтайды, "Бас жүлдені" бірінші, екінші және үшінші орындарды береді және оларды дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Об утверждении Правил организации проведения республиканских конкурсов профессионального мастерства

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 ноября 2004 года N 933. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 декабря 2004 года N 3257. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года N 668.

       Сноска. Приказ Министра образования и науки РК от 17 ноября 2004 года N 933 утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки РК от 28 декабря 2007 года  N 668  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со  статьей 30  Закона Республики Казахстан "Об образовании" и в целях повышения качества профессиональной подготовки кадров, повышения престижа специальностей (профессий) технического и обслуживающего труда, выявления и поддержки одаренных учащихся  ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила организации проведения республиканских конкурсов профессионального мастерства.
      2. Департаменту среднего образования (С.Испусинова) направить настоящий приказ в установленном законодательством порядке на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан. 
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 

      Министр

Утверждены            
приказом Министра образования  
и науки Республики Казахстан  
от 17 ноября 2004 года N 933  

 

Правила организации
проведения республиканских конкурсов
профессионального мастерства

1. Общие положения

 

      1. Настоящие Правила определяют порядок организации проведения республиканского конкурса профессионального мастерства (далее - Конкурс) среди учащихся организаций начального и среднего профессионального образования по профессиям и специальностям технического и обслуживающего труда.
      2. Основными целями и задачами Конкурса являются повышение качества профессиональной подготовки кадров, повышение престижа специальностей (профессий) технического и обслуживающего труда, пропаганда системы профессионального образования и подготовки кадров республики, выявление и поддержка одаренных учащихся. 

     

2. Участники конкурса

      3. В республиканском конкурсе принимают участие учащиеся выпускных курсов организаций начального и среднего профессионального образования.
      Победители областных, городов Астаны, Алматы конкурсов профессионального мастерства принимают участие в заключительном туре Конкурса. 

      

3. Организация и проведение конкурса

      4. Для осуществления организационной работы по подготовке и проведению Конкурса создается организационный комитет.
      Состав организационного комитета первого тура утверждается руководителем организации начального и среднего профессионального образования, второго тура - директором (начальником) областного, городов Астаны и Алматы департамента (управления) образования, третьего тура - приказом Министра образования и науки Республики Казахстан (далее - Министр). 
      5. Организационный комитет обеспечивает: 
      1) подготовку и проведение конкурса;
      2) разработку и подготовку конкурсных заданий;
      3) подготовку помещений и рабочих мест для проведения конкурса; 
      4) оценку, отбор, обобщение передовых приемов и методов труда, выявленных в ходе конкурса.
      6. Конкурс состоит из следующих туров:
      1) первый тур конкурса проводится организациями начального и среднего профессионального образования;
      2) второй тур конкурса проводится областными, городов Астаны и Алматы департаментами (управлениями) образования в соответствии с настоящими Правилами; 
      3) третий, заключительный тур конкурса проводится Министерством образования и науки Республики Казахстан (далее - Министерство).
      7. Дата и место проведения конкурса устанавливается организаторами конкурса.
      8. Профессия (специальность) или группа профессий, по которой проводится республиканский конкурс определяется Министерством.
      9. Областные, городов Астаны, Алматы департаменты (управления) образования представляют в Министерство следующие документы победителя областного тура конкурса: 
      1) выписку из решения жюри; 
      2) характеристику-рекомендацию;
      3) фотографию 3х4 сантиметров, 3 сюжетные цветные фотографии размером 24х30 сантиметров. 

      

4. Программа конкурса

      10. Программа Конкурса включает 7 конкурсных заданий:
      1) "Визитная карточка" - самопрезентация участника конкурса (5 минут). Оценивается по 5-ти бальной системе; 
      2) "Тестирование" - знание по общетехническим и специальным предметам (45 минут). Оценивается по 20-ти бальной системе;
      3) "Профессиональное мастерство" - умение показать высокое профессиональное мастерство при выполнении задания (20 минут). Оценивается по 30-ти бальной системе;
      4) "Компьютерная грамотность" - выполнение заданий по владению компьютерной грамотностью (10 минут). Оценивается по 10-ти бальной системе; 
      5) "Спортивное мастерство" - спортивные соревнования. Оценивается по 15-ти бальной системе;
      6) "Нестандартная ситуация" - игровая психологическая ситуация, позволяющая определить умение конкурсанта решать задачи поиска работы, трудоустройства, профессиональные задачи, умение самостоятельно принимать решения (7 минут). Оценивается задание по 10-ти бальной системе; 
      7) "Мастер на все руки" - авторское творчество конкурсанта, оригинальность творческого решения, культура исполнения (7 минут). Оценивается по 10-ти бальной системе.

      

       5. Жюри конкурса и награждение победителей

      11. Состав жюри первого тура ежегодно утверждается руководителем организации начального и среднего профессионального образования, второго тура - директором (начальником) областного, городов Астаны и Алматы департамента (управления) образования, третьего тура - приказом Министра.
      12. Жюри оценивает деятельность каждого участника конкурса по следующим критериям:
      1) знания содержания общетехнических и специальных предметов в рамках учебной профессиональной, образовательной программы по конкретной профессии и специальности; 
      2) применение умений и навыков профессиональной подготовки на практике;
      3) компетентность, творческая инициатива и оригинальность мышления;
      4) творческие способности; 
      5) занятие спортом.
      13. Жюри устанавливает номинации конкурса, определяет победителей Конкурса, присуждает "Гран-при", первое, второе и третье места, награждает их дипломами и ценными подарками.