Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, орындаушылар мен кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын өткізу ережеcін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 668 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 18 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5100 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы N 99 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бiлiм және ғылым министрінің 2012.03.13 N 99 бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 29 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды өткізу ережесі;
      2) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жарыстарды өткізу ережесі;
      3) Орындаушылардың республикалық конкурстарын өткізу ережесі;
      4) Кәсіби мамандардың республикалық конкурстарын өткізу ережесі бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М.Т. Санатова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бірнеше бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрi
міндетін атқарушының  
2007 жылғы»28 желтоқсандағы
N 668 бұйрығымен бекітілген

Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық
олимпиадаларды өткiзуді ұйымдастырудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды өткiзу ережесi (бұдан әрі - Олимпиада) жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын белгіленген тәртіппен іске асыратын барлық білім беру ұйымдары оқушыларының республикалық олимпиадасының мақсаттары мен мiндеттерін, оны өткiзу тәртiбiн анықтайды.

      2. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: ғылыми бiлiмдi насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажеттi жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

2. Олимпиада кезеңдері

      3. Олимпиаданы оқу жылы бойы тиісті білім бөлімі бес кезеңде өткізеді: Білім беруді басқару органы білім беру ұйымдарында, аудандық (қалалық), облыстық (Астана және Алматы қалалары үшін - қалалық), республикалық ұйымдастыру комитеттерін құрады.
      1) Бірінші кезең - білім беру ұйымдарында. Өтетін уақыты - қараша айы. Олимпиада облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің дайындаған тапсырмалары бойынша өтеді.
      2) Екiншi және үшiншi кезеңдер - аудандық (қалалық) және облыстық, Астана және Алматы қалаларының, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес халықаралық бiлiм беру ұйымдарының олимпиадаларын облыстық, Астана және Алматы қалаларының департаменттерi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен белгiленген мерзiмде (бұдан әрі - Әдiстемелiк кеңес) дайындаған тапсырмалар бойынша өткiзiледi.
      Әр кезеңдi өткiзуден бiр ай бұрын облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм департаменттерi әрбiр пәннен және сыныптардан оқытылу тiлдерi бойынша қатысушылар санын көрсетiп, әр қатысушыға олимпиада материалдарын дайындау үшiн сұраныстар жiбередi.
      3) Төртiншi кезең - республикалық олимпиадаға дайындық деңгейi ең жоғары оқушыларды іріктеп алу мақсатында өткiзiлетiн iрiктеу кезеңі (үшінші кезеңнiң қорытындылары бойынша өткiзiледi). Іріктеу кезеңіне әр сынып және пән бойынша үшінші кезең жүлдегерлерінің қазылар алқасы үздік деп таныған үш үздік жұмыс жіберіледі.
      Осы кезеңнің тапсырмасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекіткен Әдістемелік ұсынымдамаларына сәйкес үшінші кезеңнің параметрлері және өлшемдері және тапсырмалары бар пакетке салынған бағалау өлшемдері бойынша бағаланады. Осы жұмыстарды бірыңғай шарттармен тексергеннен кейін қазылар алқасы әр пән және әр сынып бойынша бесінші кезең қатысушыларын анықтайды
      4) Бесiншi кезең - республикалық олимпиада Министрлiктiң бұйрығымен белгiленген мерзiмде өткiзiледi. Соңғы кезең үшін тапсырмаларды әдiстемелiк кеңес әзiрлейдi.

      4. Олимпиада өткізілетін жалпы білім беретін пәндер тізбесі және өткізу уақыты, қатысушылар саны жыл сайын Министрдің бұйрығымен бекітіледі.

3. Олимпиадаға қатысушылар

      5. Олимпиаданың бiрiншi және екiншi кезеңдерiне жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып білім алушылары қатысады.
      Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi»Қазақ тiлi» пәнi бойынша ұлты қазақ оқушылар қатыса алмайды.
      Олимпиаданың үшiншi кезеңiнде 8-11 сынып оқушылары (екiншi кезеңнен iрiктелiп алынған ең үздiк үш қатысушы, Астана қаласы үшiн алты қатысушы), сондай-ақ республикалық ұйымдастыру комитетi ұсынған ұсынымдамаға сәйкес сырттай оқытатын мектептердiң олимпиада жеңiмпаздары қатысады.
      Тиiстi деңгейдегi бiлiмi бар орта буын оқушылары жоғары сыныптардың бағдарламалары бойынша олимпиадаға қатысуға жіберілуі мүмкiн.

      6. Олимпиаданың үшiншi кезеңiн өткізу нәтижесі бойынша Республикалық олимпиаданы ұйымдастыру комитетiнің (бұдан әрі - республикалық ұйымдастыру комитеті) өткен жылдардың олимпиада қорытындыларын және үшінші кезеңге қатысушылардың санын ескере отырып ұсынған жұмыстардың санын көбейтуге құқығы бар.
      Жiберiлген жұмыстар үшiншi кезеңге қатысушылар тапсырмамен бірге алатын талаптарға сәйкес ресiмделуi тиiс. Осы жұмыстарды бiрыңғай өлшемдер бойынша тексергеннен кейін қазылар алқасы әр сынып және пән бойынша олимпиаданың бесiншi кезеңiнің қатысушыларын анықтайды.

      7. Олимпиаданың бесiншi кезеңiне жаратылыстану-математика пәндерi бойынша 8-11 сынып оқушылары және гуманитарлық пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары, сырттай оқытатын олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары, сондай-ақ»"Қазақ тiлi мен әдебиеті" пәнiнен шетелдердегі қазақ диаспорасының өкiлдерi қатыса алады.

      8. Республикалық олимпиадаға қатысатын облыстар, Астана және Алматы қалаларының командаларын ең үздiк мамандар, әдiскерлер, сондай-ақ пән мұғалiмдері басқарып келу, олимпиада барысында олимпиадаға қатысушыларды даярлау жөнiнде тәжiрибе алмасу, жалпы бiлiм беретiн пәндердi оқыту проблемалары жөнінде өткiзiлетін пiкiр алмасуларға, семинарларға қатысады.
      Жетекшi олимпиадаға қатысушыларды олимпиада өтетiн жерге алып келу және тұратын жерiне алып қайту жолында, олимпиада барысында толық жауапкершiлiкте болады.

4. Олимпиаданың жұмыс органдары

      9. Министрлiктің бұйрығы негізінде олимпиаданы дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру жұмыстарын үйлестiру және жүзеге асыру үшiн Республикалық ұйымдастыру комитетi құрылады (бұдан әрі - республикалық ұйымдастыру комитетi). Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрi, тиісті құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кiредi.

      10. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрi республикалық ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы болып табылады. Құпиялықты сақтау үшiн ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы олимпиаданың тапсырмалары мен талаптарын бекiтедi.

      11. Олимпиаданың республикалық ұйымдастыру комитетi:
      1) олимпиаданың барлық кезеңдерiн өткiзудiң жалпы тәртiбiн анықтайды;
      2) олимпиадаға тiкелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
      3) олимпиаданы өткiзудiң қажеттi ғылыми-әдiстемелiк деңгейiн қамтамасыз ету үшiн пәндер бойынша әдiстемелiк комиссияларды қалыптастырады;
      4) ғылым негiздерi бойынша пәндік қазылар алқасы мүшелерiнiң құрамы және саны жөнiнде Министрлiкке ұсыныс бередi;
      5) республикалық олимпиаданың қорытындысын талдайды және қорытындылайды, Министрлiк алқасының бұйрығы мен шешiмiнің жобасын дайындауға қатысады;
      6) олимпиада материалдарын баспасөзде жариялайды.

      12. Олимпиаданың бірінші-үшінші кезеңдерiне басшылық жасауды жүзеге асыру үшiн мектептiк, аудандық, облыстық (қалалық) ұйымдастыру комитеттерi құрылады. Олардың құрамын тиiстi бiлiм беруді басқару органдары бекiтедi.

      13. Құрамына пәндік қазылар алқасының төрағалары кiретін Әдiстемелiк кеңес:
      1) олимпиаданың екiншi, үшiншi және бесiншi кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк тапсырмалары мәтiнiнің соңғы нұсқасын әзірлейді;
      2) олимпиаданың барлық кезеңдерiн өткiзу жөнiнде әдiстемелiк ұсыныс әзiрлейдi;
      3) әр пән бойынша олимпиаданы өткізу нысанын, тапсырмалардың үлгiсiн және бағалау өлшемдерiн анықтайды.

5. Олимпиаданың қазылар алқасы

      14. Республикалық олимпиаданың пәндік қазылар алқасы төраға, хатшы және қазылар алқасының мүшелерiнен тұрады. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты 5-6 адамнан құралады.
      Олимпиаданың төрағасы мен қазылар алқасының құрамын Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң ұсынысы бойынша Министрлiк бекiтедi. Олимпиаданың қазылар алқасының төрағасы мен мүшелерi олимпиаданың алдыңғы өткен кезеңдерiндегi қазылар алқасының құрамына кiруiне құқы жоқ.
      Қазылар алқасы құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, аспиранттар, бұрын халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерi болған студенттер, әдiскерлер, тәжiрибелi мұғалiмдер және жоғары білікті бiлiм беруді басқару органдарының өкiлдерi енедi. Қазылар алқасы құрамына оқушылары олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңiне қатысатын мұғалiмдердiң кiруге құқығы жоқ.

      15. Олимпиаданың төртінші, бесінші кезеңiнiң қазылар алқасының төрағалары:
      1) Әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып олимпиаданың екiншi, үшiншi және бесiншi кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк тапсырмалары мәтiнiнің соңғы нұсқасын әзірлейді және құрады;
      2) орыс тiлiндегi тапсырмалардың қазақ тiлiне дәлме-дәл аудармасына, берiлген тапсырмалардың ғылыми-әдiстемелiк деңгейiне, мiндеттердiң нақтылығына және олардың олимпиаданың тиiстi кезеңi талабына сәйкестiгiне жауап бередi;
      3) тиiстi кезеңдерi өткенге дейiн тапсырмалардың құпиялығына жеке жауап бередi;
      4) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдері бойынша ұсыныс және пәндік олимпиаданың регламенттерін (турлардың саны және бағытын, әрбір турдың ұзақтығын, қажетті құралдардың тізбесін және т.б.) әзірлеу жөніндегі қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады;

      16. Олимпиаданың қазылар алқасы:
      1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды үшiншi және бесiншi кезең тапсырмаларының авторлық шешімімен және жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;
      2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келiспеушiлiктi талқылайды және қажет болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзедi;
      3) жеңiмпаздарды анықтайды және жүлделi орындарды беру үшін Республикалық ұйымдастыру комитетіне ұсыныс береді;
      4) олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді;
      5) олимпиадалық резерв мектебiне оқушыларды қабылдау жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      6) республикалық ұйымдастыру комитетiмен бiрлесе отырып, оқу дайындық жиынының,»"Дарын" бейіндік мектебiнiң олимпиадалық ауысымының қатысушылары құрамын анықтайды.

6. Үйлестiрудi жүргiзу тәртiбi

      17. Жұмыстарды бағалауда барынша әдiлдiктi қамтамасыз ету үшiн әрбір турдан соң олимпиадаға қатысушылардың барлығымен тапсырмалар талқыланады. Тапсырмаларды талқылаудан кейiн қатысушылардың тiлегi бойынша жұмыстарды үйлестiру жүргiзiледi. Үйлестiрудiң мақсаты - жұмыстарды бағалауда олимпиадаға қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелерi арасында толық өзара түсiнiстiкке қол жеткiзу болып табылады.

      18. Үйлестiруді қазылар алқасының төрағасы, тапсырманы бағалаған қазылар алқасының мүшесi тiкелей олимпиадаға қатысушымен өткiзедi.

      19. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, ол ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына шағым айтуына болады, төраға үйлестiруге бөлінген мерзiмде мүшелер қатарынан осы мәселенi шешу жөніндегі тиiстi комиссия құруға құқылы.

      20. Iрiктеу кезеңінiң жұмыстарын үйлестiру 10 күн iшiнде өткiзіледi. Бесінші кезеңге өтпеген оқушыларға үшінші кезең жұмыстарының рецензиясы берiледi.

7. Олимпиадаға қатысушыларды марапаттау

      21. Олимпиаданың ашылуы, қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау салтанатты және мерекелiк жағдайда өтедi.

      22. Мектептiк, аудандық және облыстық (қалалық) олимпиадалардың жүлдегерлерi бiлiм беру саласындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының дипломдарымен, грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталады.

      23. Республикалық олимпиадалардың жеңiмпаздары пәндік қазылар алқасының шешiмiмен әр пән және сынып бойынша бірінші, екінші, үшінші дәрежелi дипломдармен, грамоталармен, сондай-ақ арнайы және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
      Әр пән және сынып бойынша алты жүлделi орын тағайындалады, ерекше жағдайларда, алтыншы нәтиже көрсеткен жүлдегермен бiрдей ұпай алған қатысушыларға қазылар алқасы төрағасының ұсынысымен және республикалық ұйымдастыру комитетi төрағасының шешiмiмен қосымша жүлделi орын берiлуi мүмкiн.

      24. Оқушылары жүлделi орынды иеленген мұғалiмдер, жалпы бiлiм беретін ұйымдардың оқытушылары, сондай-ақ республикалық олимпиаданы дайындау және өткiзуде белсендiлiк танытқан бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерi Министрлiктiң құрмет грамотасымен және медальдарымен марапатталады.

Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша
республикалық олимпиадаларды 
өткiзу ережесi        
1-қосымша          

Республикалық олимпиадалар өтетін жалпы
білім беретін пәндер

      1. Қазақ тілі және әдебиеті
      2. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі
      3. Орыс тілі және әдебиеті
      4. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі
      5. Қазақстан тарихы
      6. Құқықтық пәндер негіздері
      7. Ағылшын тілі
      8. Неміс тілі
      9. Француз тілі
      10. Математика
      11. Информатика
      12. Физика
      13. Химия
      14. Биология
      15. География
      16. Ұйғыр тілі
      17. Өзбек тілі

Қазақстан Республикасы   
Бiлiм және ғылым министрi 
міндетін атқарушының   
2007 жылғы»28 желтоқсан  
N 668 бұйрығымен бекітілген

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми
жарыстар өткiзу
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жарыстар (бұдан әрі - Жарыстар) ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстар (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі - Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өткiзедi.

      2. Жарыстардың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
      1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
      2) ой еңбегiнiң беделiн арттыру;
      3) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;
      4) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

      3. Республикалық жарыстар төрт кезеңде өтедi:
      1) бiрiншi кезең - мектептiк, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі;
      2) екiншi кезең - облыстық ( Алматы және Астана қалаларының мектептерi мен республикалық мектептері жарыстары мәртебесi жағынан облыстық жарыстармен теңестiрiледi);
      3) үшiншi кезең - iрiктеу кезеңi екі турда өтедi:
      бірінші тур - бейiндiк пән бойынша тестiлеу;
      екінші тур - жобаны алдын ала сараптау;
      4) төртiншi (қорытынды) кезең - республикалық.

      4. Жарыстардың бірінші кезеңiн өткiзу мерзiмi облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм департаменттерiнiң бұйрықтарымен белгiленедi. Жарыстардың екінші-төртінші кезеңдерi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінiң (бұдан әрі -Министр) бұйрығымен белгiленген мерзімде өткізіледі.

2. Ғылыми жарыстарға қатысушылар

      5. Ғылыми жарыстардың бірінші кезеңіне оқушылардың ғылыми қоғамдарының немесе ғылыми жетекшiлерінiң ұсынуымен 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Зерттеу жұмысын екi оқушыдан артық орындауға болмайды.

      6. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (өтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу журналы) ұсынады.
      Зерттеу жұмыстарының тақырыптары тиісті жылдағы 20 қыркүйектен кешiкпей тiркелуi керек.

      7. Жарыстардың үшінші кезеңiне қатысуға үміткерлер - облыстық, Астана, Алматы қалалары және республикалық мектептері жарыстарының жүлдегерлері, сондай-ақ Кiшi Ғылым Академиясының, "Жас ғалым" республикалық мектебiнiң ғылыми-практикалық конференцияларының жеңiмпаздары болады және әр секция бойынша бiр зерттеу жұмысынан ғана қатыса алады.

      8. Сараптамалық комиссия осы Ережеде мазмұндалған талаптарға сәйкес iрiктеу кезеңiнде ұсынылған зерттеу жұмыстарын сараптамадан өткiзгеннен кейiн әр секция бойынша ғылыми жарыстың төртінші кезеңiнiң қатысушыларын анықтайды.

3. Жарыстардың сараптау комиссиясы

      9. Әр секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы бағыты бойынша кемінде бес ғалым (маман) кiредi. Сараптау комиссияның құрамы ғылыми жарыстардың тиiстi кезеңiн ұйымдастыратын ұйымның бұйрығымен бекiтiледi.

      10. Iрiктеу кезеңiнiң комиссиясы осы ереженің 2-қосымшасында көрсетілген бағалау өлшемдерi бойынша зерттеу жұмыстарын қарап, әрбiр жобаны рецензиялайды және республикалық кезеңге қатысушыларды анықтайды.

4. Ғылыми жарыстардың үшінші,төртінші кезеңдерiн өткiзу

      11. Үшінші кезең екi турда өткiзiледi:
      бірінші тур - бейiндiк пәндер бойынша тестiлеу. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жарыстарының жүлдегерлері үшiн, екінші кезеңнiң қорытындылары хабарланғаннан соң сынып пен тиісті секцияға сәйкес осы пәнді тереңдетiп оқыту бағдарламасы бойынша бейiндiк пәннен тестiлеуден өткізіледi.
      Әдiстемелiк кеңес дайындаған тестер орындауға 2 астрономиялық сағат берiлетiн 60 сұрақты (120 балл) қамтиды.
      Алдын ала сараптауға авторлары тестiлеудiң жалпы ұпай санынан 50%-дан төмен емес ұпай жинаған жұмыстар ғана жiберiледi. Iрiктеу кезеңiнің қорытындыларын өткізуде тестiлеуде алған ұпайлар қосылмайды.
      Командалық жұмыстары үшiн өту ұпай саны жұмыс авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны болып табылады.
      Екінші тур - iрiктеу кезеңiнiң сараптама комиссиясы жүргiзетiн жұмыстардың алдын ала сараптамасы.

      12. Төртінші кезеңге қатысушылардың тiзiмiн Министрлiк бекiтедi және бекiтiлгеннен кейін үш күн ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм департаменттерiнiң назарына жеткiзіледi.
      Iрiктеу кезеңiнiң қорытындылары бойынша апелляция өткiзiлмейдi.

      13. Төртінші кезең - зерттеу жұмысын қорғау және осы Ереженің 6-тарауының талаптарына сәйкес ресімделген стенд материалын ұсыну. Жұмысты қорғау кезiнде авторға (бiрiккен авторларға) баяндама үшiн 10-15 минут берiледi.
      Жарыстардың қорытындылары жұмыстардың алдын ала сараптауда алынған балдарын есепке ала отырып шығарылады.
      Республикалық кезеңнен кейiн апелляция жүргiзiлмейдi.

5. Жарыстарға ұсынылатын зерттеу жұмыстарын ресімдеуге
қойылатын талаптар

      14. Ғылыми жарыстарға:
      1) ғылымның осы саласындағы фактiлерді, оқиғаларды, құбылыстары жария ететін және бұрын танылмаған жекелеген қырларын;
      2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк үрдістердi тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің, құралдардың конструкцияларын;
      3) әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған экономикалық-заңды негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар ұсынылуы мүмкін;
      4) кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптар пайдаланған жағдайда, жануарларға қатігездік көрсетiлетiн, адам денсаулығы және жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттарды (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, никотин) пайдалануға байланысты тәжірибелері бар жұмыстар жiберiлмейдi;
      5) Жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар жарыстарға қатысуға жіберілмейді.

      15. Зерттеу жұмыстарын ресiмдеуге қойылатын талаптар:
      1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылуы керек және мынадай құрылымнан тұрады:
      титул парағы;
      мазмұны;
      абстракты (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тiлiнде жазылады;
      кiрiспе;
      зерттеу бөлiмi;
      қорытынды;
      пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;
      2) титул парағында мыналар көрсетiледi:
      жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;
      автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;
      жұмыстың атауы;
      жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
      жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;
      3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес):
      зерттеудің мақсатын;
      гипотезасын;
      кезеңдерiн, зерттеудiң рәсімін;
      тәжірибенің әдiстемесiн;
      зерттеудiң жаңалығын және дербестiк дәрежесiн;
      жұмыстың нәтижесiн және қорытындысын;
      нәтижелерді практикалық қолдану салаларын қамтитын зерттеу жұмысының қысқаша мазмұнын білдіруі керек;
      4) кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi: зерттеулердің таңдалған тақырыптарының өзектілігін, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi), алға қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;
      5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы мүмкiн және мына мазмұнда:
      осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзу және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
      алға қойылған мiндеттердi шешудiң әдiстерiн сипаттау;
      жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
      безендiрiлген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер т.б.);
      6) пайдаланылған әдебиетке сiлтеменi төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелерде нөмiрлеу жүйесі болуы керек;
      7) қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;
      8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:
      автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;
      мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшiн);
      журналдың, кiтаптың аты;
      басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);
      басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;
      9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары айтылатын жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;
      10) Жарыстардың төртiншi кезеңiне (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.

      16. Стендтi ресiмдеуге қойылатын талаптар:
      стендтiң жоғарғы жағына көлденеңiнен абстракты, қатысушының тегiн, жасын, мектебiнiң, қаласының, облысының атын орналастыру қажет;
      стендтегi материалдар жұмыстың мазмұны айқындалған, кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар, қорытындыларды қоса алғанда талғаммен ресiмделген болуы керек;
      мазмұнды дайындау кезiнде негiзiнен назарды жоба авторының алған нәтижелерiн көрсетуге аудару қажет.

      17. Ғылыми жетекшi алынған нәтижелердің нақтылығы мен мүлтiксiздiгiне, жұмыстың диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерiнен көшiрiлген нәтижелерден тұрмайтындығына жауапкершiлiк алады. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларын ала отырып өз қолынан келетін жұмысты орындау керек.

6. Жеңiмпаздарды марапаттау

      18. Облыстық, Астана және Алматы қалалары жарыстарының жеңiмпаздары, облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм департаменттерiнiң бұйрығы негiзiнде бірінші дәрежелі, екінші және үшінші дәрежелi дипломдармен марапатталады.

      19. Ғылыми жарыстардың төртінші кезеңiнде әр секциядан алтыдан артық емес үздiк зерттеу жобалары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығы негiзiнде бірінші, екінші және үшінші дәрежелi дипломдармен марапатталады.

Жалпы білім беретін пәндер
бойынша ғылыми жарыстар
өткiзу ережесіне   
1-қосымша      

Республикалық ғылыми жарыстар өткізілетін пәндер

Бағыт Пәндері

Физика

физика


Техника

физика


Жер және космос туралы ғылымдар

физика


Математика

математика


Қолданбалы математика

математика


Информатика

информатика, математика


Экономика

география, математика


Биология

биология


Химия

химия


Адам денсаулығын және қоршаған
ортаны қорғау

биология


Тарих

тарих


Құқық негізі

тарих, құқық негізі


Өлкетану

География және тарих


Әдебиет

әдебиет


Этномәдениеттану

тарих, әдебиет


Тiл бiлiмi

қазақ, орыс, ағылшын,
неміс  тілдері

Жалпы білім беретін пәндер
бойынша ғылыми жарыстар
өткiзу ережесіне    
2-қосымша       

" Қазақстан-2030" стратегиясын iске асыруда республиканың экономикалық және әлеуметтiк-мәдени дамуының модельдерi"
атты республикалық жарыстарға ұсынылатын оқушылардың
зерттеу жұмыстарын бағалау өлшемдері

Бағалана-
тын өлшем
Мүмкiн
бағалар
Бағалау негiздемесi

1. Шығарма-
шылық қабi-
леттiлiк

жеке жұ-
мыс үшiн
30 ұпай,
команда-
лық жұмыс
үшiн 25 ұпай

   Егер жұмыс автор(лар)ы проблеманы шешудiң жаңа ғылыми тәсiлiн жасауда шығармашылық қабiлеттiлiк танытса, жеке жұмыс үшiн 25-30, командалық жұмыс үшiн 20-25 ұпай қойылады.
   Егер автор(лар) мәлiметтердi талдаудың жаңа қондырғылар жасау немесе жаңа тәсiлiн қолдануда шығармашылық қабiлеттiлiк танытса, жеке жұмыс үшiн 20-25, командалық жұмыс үшiн 15-20 ұпай қойылады.
   Егер автор(лар) мәлiметтердi өзiнше түсiндiруде шығармашылық қабiлеттiлiк танытса, жеке жұмыс үшiн 10-20, командалық жұмыс үшiн 10-15 ұпай  қойылады.
   Егер жұмыс реферативтi сипатта болса, 10 ұпайға дейiн қойылады.

2. Ғылыми ойлау

жеке жұ-
мыс үшiн
30 ұпай,
команда-
лық жұмыс
үшiн 25
ұпай

   Жекелеген өлшемдердің әрбiрі жеке зерттеу жұмысы үшін 3 ұпай және командалық зерттеу жұмысы үшiн 2,5 ұпай көлемiнде бағаланады.
   Зерттеу жұмысы үшiн:
   1. қарастырылып отырған проблема қаншалықты айқын және нақты ұсынылған;
   2. жоспарланған ғылыми нәтиже алу мүмкiндiгi мол болуы үшiн шешетiн міндет қаншалықты айқын көрсетiлген;
   3. міндетті шешудiң нақты жоспары бар ма;
   4. міндетті шешуде ауыспалылықтар нақты анықталған ба;
   5. автор нәтижелердi кезең-кезеңімен тексерудің қажеттiлiгiн (егер ол қажет болса) көре алды ма және оны дұрыс қолданды ма;
   6. қорытындыны нақтылау үшiн мәлiметтер сәйкес таңдалған ба;
   7. автор(лар) мәлiметтердiң қорытынды үшiн шектеулілігін мойындай ма;
   8. автор (команда) қойылған мәселенi шешуде осы жұмыс мүмкiндiктерінің шектелетiнiн сезiне ме;
   9. автордың (команда) мәселенi шешуге кепiлдiк беретiн, зерттеудiң келесi кезеңi турасында идеясы бар ма;
   10. автор(лар) ғылыми әдебиеттерден немесе тек қана көпшiлiк әдебиеттерден дәйексөз келтіреді ме;
    техникалық зерттеу жұмыстары үшiн:
   1. жұмыс мақсаты қаншалықты айқын;
   2. жаңалықтың әлеуетті тұтынушылары бар ма;
   3. нәтиже өмiрде iске аса ма;
   4. үнемдi орындалған ба;
   5. әлеуетті тұтынушыға тиiмдi ме;
   6. нәтиже түпкiлiктi қойылған мәселенi шешуде жетiстiкпен қолданыла ма;
   7. техникалық шешiмнің шын мәнiнде алдыңғы белгілі нұсқаларымен салыстырғанда елеулi артықшылығы бар ма;
   8. нәтиже нақты жағдайда тексерiлген бе;
   9. зерттеудiң келесi кезеңiне байланысты мәселенi шешуге кепiлдiк беретiн автордың (команданың) идеясы бар ма;
   10. автор(лар) ғылыми, әдебиеттерден немесе тек қана көпшiлiк әдебиеттен дәйексөз келтіреді ме.

3. Қолда-
нылған зерттеу әдiстерi-
нiң тиiмдiлiгi

жеке жұ-
мыс үшiн 15 ұпай ,
команда-
лық жұмыс
үшiн 12 ұпай

   Егер зерттеу жұмысының автор(лар)ы жұмыс барысында бiлiмнің саласында мүлдем жаңа нәтижелер алуға мүмкiндiк беретiн қазiргi тиiмдi қондырғыларды немесе қазiргi теориялық әдiстердi пайдаланса, жеке жұмыс үшiн 10-15 ұпай, командалық жұмыс үшiн 10-12 ұпай қойылады. 5-10 жеке және 5-10 командалық. Егер зерттеудiң бұрынғы (ескірген) әдiстерiн пайдаланып, бiрақ жаңа нәтиже шығарылса қойылады. Егер жұмыс реферативтi сипатта болса, 5 ұпайға дейiн
қойылады.

4. Тақы-
рыпты ашу дәрежесi
(жете ашуы)

жеке жұ-
мыс үшiн
15 ұпай ,
команда-
лық жұмыс
үшiн 12 ұпай

    Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негiзiнде қойылады:
    1. жұмыс жоспарланған деңгейге дейiн жеткiзiлген бе;
    2. шешілетін проблема қаншалықты толық қамтылған;
    3. қорытынды жекелеген тәжірибеге негiзделген бе, әлде қайталанған ма;
    4. материал жұмыста қаншалықты айқын және нақты берiлген;
    5. автор(лар) мәселенi шешудiң басқа тәсiлдерiн бiле ме;
    6. автор(лар) зерттелiп отырған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттермен қаншалықты таныс
    Әр өлшем бойынша жеке жұмысқа 2,5 ұпай,
командалық жұмыс үшiн 2 ұпай қойылады

5. Шебер-
лiгі ше-
шендiк, ұсынылатын
материал-
дың сапа-
сы, айқын-
дылығы

жеке жұ-
мыс үшiн
10 ұпай,
команда-
лық жұмыс
үшiн 10 ұпай

    Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағаларды ескере отырып қойылады:
    1. автор(лар) жұмысты қандай дәрежеде айқын және ұтымды баяндай алады (3 ұпай);
    2. баяндамада жұмыс мазмұны қандай дәрежеде толық баяндалған (2 ұпай);
    3. жұмыстың негiзгi жерлерiн қаншалықты баса көрсете алған (1 ұпай);
    4. жұмыста қолданылған тәжірибелік мәлiметтер қаншалықты нақты және айқын ұсынылған (1 ұпай);
    5. жұмыс нәтижелерi қаншалықты айқын және нақты көрсетiлген (1 ұпай);
    6. жұмыс нәтижелерiн стенд қаншалықты жақсы ұғындырады (2 ұпай);

6. Коман-
да мүшеле-
рiнiң үйлестiру деңгейi (тек командалық жұмыстар үшін)

Барлығы
16 ұпай

    Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негiзiнде қойылады:
    1. жалпы жұмыста әр қатысушының мiндеттерi қаншалықты айқын және нақты белгiленген (4 ұпай);
    2. команданың әр мүшесi команданың барлық жұмысымен қаншалықты таныс (3 ұпай);
    3. аяқталған жұмыс команда мүшелерiнiң күш-жiгер үйлесiмдiгiн қаншалықты көрсеттi (3 ұпай);
    4. команданың әр мүшесi жұмыс материалын
қаншалықты жақсы баяндайды (3 ұпай);
    5. берiлген зерттеу жұмысын командамен орындаудың қажеттiлiгi қандай болды (3 ұпай)
немесе бұл нәтижелердi жекелей алуға болатын
ба едi (0 ұпай).

(Әрбір өлшем үшін қойылатын максималды ұпайлар көрсетілген)
Барлығы                100 ұпай

Жалпы білім беретін пәндер
бойынша ғылыми жарыстар
өткiзу ережесіне   
3-қосымша      

Тестiлеудi өткiзу үшiн бейiндiк пәндердiң тiзiмi

Секциялар Бейiндiк пәндер бойынша тестiлеу

Физика

физика


Техника

физика


Жер және космос туралы ғылымдар

физика


Математика

математика


Қолданбалы математика

математика


Информатика

информатика,  математика


Экономика

география, математика


Биология

биология


Химия

химия


Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы

биология


Тарих

тарих


Құқық негізі

тарих, құқық негізі


Өлкетану

география және  тарих


Әдебиет

әдебиет


Этномәдениеттану

тарих және әдебиет


Тiл бiлiмi

қазақ, орыс, ағылшын, неміс тiлдері

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрi
міндетін атқарушының 
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N 6687 бұйрығымен бекітілген

Орындаушылардың республикалық конкурстарын
өткізуді ұйымдастыру туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орындаушылардың республикалық конкурстарын өткізуді ұйымдастыру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының»"Білім туралы" Заңына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді .

      2. Орындаушылардың республикалық конкурстары (бұдан әрі
-конкурс) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқушылары арасында (бұдан әрі- қатысушы) оқушылардың кәсіби даярлығын арттыру, неғұрлым дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық өсуі және Қазақстанның музыкалық өнерін насихаттау мақсатында өткізіледі.

      3. Конкурстардың негізгі міндеттері Қазақстан Республикасында музыкалық білім беруді дамыту мен қалыптастыру, орындаушыларды оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін іріктеу және енгізу, білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің шығармашылық қызметін жетілдіру болып табылады.

      4. Конкурстар»"Аспапта орындаушылық",»"Ән салу",»"Музыка теориясы" мамандықтары бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мамандану бағыттары кезекпен ауысып өткізіледі.

2. Конкурстарға қатысушылар

      5. Конкурстарға қатысуға орындайтын конкурстық бағдарлама дайындаған және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогикалық кеңесінің ұсынымын алған қатысушылар жіберіледі.

      6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысу үшін әрбір номинация бойынша 2-ден аспайтын қатысушыларды ұсына алады.

      7. "Музыка теориясы" мамандығы бойынша өзге музыкалық мамандықтардың оқушылары конкурсқа қатысуға жіберілуі мүмкін.

      8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы концертмейстерді және бір алып баратын оқытушыны анықтайды және жолдайды.

      9. Конкурсқа қатысуға өтініштерде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыру комитеті көрсеткен мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде басылған түрде ғана осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес қабылданады.
      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) Туу туралы куәліктің (немесе жеке куәліктің көшірмесі);
      2) 10х15 см көлемді бір фотосурет;
      3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің ұсынымы;
      4) конкурсқа қатысушылардың турлар бойынша бағдарламасы.

3. Конкурстарды өткізу тәртібі

      10. Конкурстар барлық мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілетін Конкурстар бағдарламаларына сәйкес өткізіледі. Қатысушылардың өнер көрсету кезегі ұйымдастыру комитеті 1 турдың алдында өткізетін жеребе бойынша анықталады және конкурс аяқталғанша сақталады.

      11. "Аспапта орындаушылық", "Ән салу" мамандықтары бойынша әрбір тур мына параметрлер бойынша 25 балдық жүйе бойынша бағаланады:
      музыкалық дарындылықтың айқындылығы - 5 балл;
      орындау техникасы (тазалығы, сауаттылығы, айшықталуы) -5 балл;
      шығарманы стильдік айшықтау - 5 балл;
      әртістігі - 5 балл;
      жеке-даралығы - 5 балл.
      Екінші турге жиынтығында кемінде 18 балл алған қатысушылар жіберіледі.
      Үшінші турге әрбір аспап (дауыс) бойынша жиынтығында кемінде 21 балл алған қатысушылар жіберіледі.

      12. Қатысушылар ұсынған бағдарламаларды өзгертуге жол берілмейді. Барлық шығармалар жатқа орындалады. Әрбір шығарма бір рет қана орындалады.

      13. "Музыка теориясы" мамандығы бойынша конкурстар нысандары мен мазмұны әртүрлі 3 турда өткізіледі:
      1) сольфеджио және гармония мамандандыруы бойынша конкурс:
      2 тапсырмадан тұрады біреуі - сольфеджиодан, екіншісі - гармониядан.
      Қатысушылар соңына дейін барлық турларға қатысады:
      1 тур-жазбаша жұмыс;
      2 тур-ауызша жауап;
      3 тур-есту бойына талдау, және орындау.
      Әр бір тапсырма 10 балдық бағалау жүйесі бойынша мына параметрлермен бағаланады:
      Бірінші тур екі бөлімге бөлінеді:
      сольфеджиодан диктант;
      гармониядан есеп.
      Сольфеджиодан диктант мына параметрлерден тұрады:
      диктантты сауатты әрі дұрыс жазу;
      жазу уақыты.
      Диктантты жатқа сақтағаны бойынша қайталаған қатысушы қосымша балл алады.
      Гармониядан есептер шығару мына параметрлермен бағаланады:
      функционалды сауаттылық;
      қызықты фонизмнің,
      мүлтіксіз дауыс меңгеру.
      Есепті 2 нұсқада шешкен қатысушы қосымша балл алады.
      Екінші тур - парақтан оқу және секвенциядан тұрады.
      Парақтан оқу мына параметрлермен белгілінеді:
      мелодияны сауатты орындау;
      мәнерліп ән салу.
      Өзін-өзі сүйемелдеген қатысушы қосымша балл алады.
      Секвенция мына параметрлермен анықталады:
      сауатты орындау;
      адым мен бағытты таңдау;
      музыкалық сезімталдығы.
      Ұсынылған 2 секвенцияның екіншісін орындаған қатысушы қосымша балл алады.
      Үшінші тур екі бөлімнен тұрады: есту арқылы талдау және периодты ойнау.
      Есту арқылы талдау мына параметрлермен бағаланады:
      тональдық жоспарын есту арқылы анықтау;
      музыкалық материалдың такт бойынша аккордтық мазмұнын анықтау.
      Жатқа (алдын алу жазусыз) есту бойынша, талдау жасаған қатысушы қосымша балл алады.
      Периодты ойнау мына параметрлермен бағаланады:
      ойластырылған аккордтан тыс дыбыстарды қолдана отырып, дауыстың сауатты меңгерілуі (алдын ала берілген басталуын мен тональдық жоспар бойынша периодты ойнау-максималды балл - 5; берілген тоналдық жоспар бойынша өздігінен периодты бастап ойнау - 4; алдын ала дайындалған периодты ойнау - 3);
      стильдік біркелкілік. Периодтың жанрлық өңдеуін жасаған қатысушы қосымша балл алады.
      2) "Музыкалық әдебиет" мамандандыруы бойынша конкурс 3 турдан тұрады:
      концертке кіріспе сөз;
      викторина;
      коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау.
      Бірінші тур "Концертке кіріспе сөз" екі бөлімнен тұрады:
      концертке кіріспе сөзді жазба ресімдеу (90 мин.);
      қатысушылардың ауызша сөйлеуі (5-7 мин.).
      Бірінші турдың бөлімдері 10 балдық жүйе бойынша бағаланады. Концертке кіріспе сөзді жазба ресімдеу мына параметрлермен бағаланады:
      баяндаудың толықтығы;
      баяндаудың логикасы;
      баяндаудың стилі.
      Ауызша сөйлеу мына параметрлермен бағаланады:
      сөйлеу мәдениеті;
      сөйлеу техникасы;
      әртістігі.
      Екінші тур "Викторина" 20 нөмірден тұрады. Бір нөмірді тыңдау уақыты 1 минут, нөмірді ресімдеу - 1 минут.
      Екінші тур 20 балдық жүйе бойынша мына параметрлермен бағаланады:
      табылған нөмірлерінің саны;
      жауаптың толықтығы (композитор, шығарма, әрекет, бөлім, тональдығы).
      Үшінші тур "Коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау" екі бөлімнен тұрады:
      коллоквиум (әңгіме түрінде 10 сұраққа ауызша жауап беру);
      музыкалық тақырыптарды орындау. Тізімде кемінде 100 нөмір болуы керек. Қатысушы 10 тақырыпты орындауы керек.
      Үшінші турдың әрбір бөлімі 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.
      Коллоквиум мына параметрлермен өлшемденеді:
      материалды толық білуі;
      сөйлеу мәдениеті.
      Музыкалық тақырыптарды орындау келесі параметрлермен бағаланады:
      орындау сапасы (орындаудың дұрыстығы, сауаттылығы);
      орындаудың музыкалық сезімталдығы.
     «"Музыка теориясы" мамандығы бойынша конкурстық тапсырмалар бойынша максималдық баллдың қосындысы 60-қа тең.

4. Конкурстардың қорытындыларын шығару

      14. "Аспапта орындаушылық" мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға тиісті балдар жинағанда мынадай орындар беріледі:
      1 орын және лауреат атағы - кемінде 24 балл;
      2 орын және лауреат атағы - кемінде 22 балл;
      3 орын және лауреат атағы - кемінде 20 балл.
      Кемінде 18 балл алған конкурстарға қатысушыларға дипломант атағы беріледі.

      15. "Музыка теориясы" мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға мыналар беріледі:
      1 орын және лауреат атағы - кемінде 55 балл;
      2 орын және лауреат атағы - кемінде 50 балл;
      3 орын және лауреат атағы - кемінде 45 балл.
      Дипломант атағы кемінде 40 балл жинаған қатысушыларға беріледі.

      16. Барлық лауреаттар конкурс аяқталған соң, ұйымдастыру комитеті ұйымдастыратын қорытынды концертке өз ықтиярымен қатысады.

5. Конкурстардың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы

      17. Конкурстардың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      18. Ұйымдастыру комитеті конкурстың материалдарын дайындайды және оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне бекітуге ұсынады.

      19. Қазылар алқасы қатысушылардың конкурстың өнер көрсетулерін бағалайды, конкурстық тапсырмалар аяқталған соң нәтижелерді хабарлайды. Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады және қайта қаралмайды.

      20. Қазылар алқасының мүшесі қазіргі уақытта өзі оқытып жүрген қатысушылардың кандидатурасы бойынша дауыс беруге және талқылауға қатыспайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.

      21. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне баға береді, оларға бірінші, екінші және үшінші орын береді, оларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттайды. Қазылар алқасы барлық орындарды бермеуге құқығы бар.

Орындаушылардың республикалық 
конкурстарын өткізуді ұйымдастыру
туралы ережеге 1-қосымша    

ӨТІНІШ

      Мамандық_______________________________________________________
Мамандану______________________________________________________
Қатысушының аты-жөні___________________________________________
_______________________________________________________________
Жынысы_________________________________________________________
Туған жері мен күні____________________________________________
_______________________________________________________________
Оқу орнының аты, курс__________________________________________
Мұғалімнің аты-жөні____________________________________________
_______________________________________________________________
Концермейстердің аты-жөні______________________________________
_______________________________________________________________
Алып жүретін адамның аты-жөні__________________________________
_______________________________________________________________
Мекен-жайы_____________________________________________________
_______________________________________________________________
Телефон нөмірі, факс___________________________________________
Код____________________________________________________________
Өтінішті толтырған күні________________________________________
Қолы___________________________________________________________
Оқу орны басшының аты-жөні ____________________________________
_______________________________________________________________

      МО          Қолы

      Ескерту: "Менің репертуарым" (1,2,3- кезең)

Орындаушылардың республикалық 
конкурстарын өткізуді ұйымдастыру
туралы ережеге 2-қосымша   

Орындаушылар конкурсының
мамандану бағыттарының  кезектесуі

конкурсты өткізудің
1-ші жылы
конкурсты өткізудің
2-ші жылы

"Аспапта орындаушылық":
1) үрлемелі ағаш аспаптар (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон-альт, саксофон-тенор);
2) үрлемелі мыс аспаптар (валторна, труба, тромбон, туба), урмалы аспаптар;
3) қазақ халық аспаптары (домбыра, шертер, қобыз, кыл-қобыз);
4) орыс халық аспаптары (баян, аккордеон, гитара, домра-прима, домра-бас).

"Аспапта орындаушылық":
1)  фортепиано;
2)  скрипка, альт, виолончель, контрабас.
"Ән салу" дауыс бойынша:
1) сопрано;
2) меццо сопрано;
3) тенор;
4) баритон;
5) бас.
"Теориялық музыка" кезекпен ауысып:
1)  музыкалық әдебиет (бірінші жылы);
2)  гармония және сольфеджио (екінші жылы).

Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрi 
міндетін атқарушының   
2007 жылғы»28 желтоқсандағы
N 668 бұйрығымен бекітілген

Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын
өткізуді ұйымдастыру ережесі 1. Жалпы ереже

      1. Осы ереже техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында техникалық және қызмет көрсету еңбегі кәсіптері мен мамандықтары бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуді ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.

      2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері кадрларды кәсіби даярлау сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарының (кәсіптерінің) беделін арттыру, республикадағы кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау жүйесін насихаттау, дарынды білім алушыларды табу және қолдау көрсету болып табылады.

2. Конкурсқа қатысушылар

      3. Республикалық конкурсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарын бітіруші курс оқушылары қатысады.
      Конкурстың қорытынды турына облыстық, Астана, Алматы қалалық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары қатысады.

3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу

      4. Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
      Бірінші турдың ұйымдастыру комитетінің құрамы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының басшысы, мен екінші турды облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің директорымен, үшінші турды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен бекітеді.

      5. Ұйымдастыру комитеті:
      1) конкурсты дайындауды және өткізуді;
      2) конкурстық тапсырмаларды әзірлеуді және дайындауды;
      3) конкурсты өткізуге арналған үй-жайды және жұмыс орындарын дайындауды;
      4) конкурс барысында анықталған еңбектің алдыңғы қатарлы әдістері мен әдістемелерін бағалауды, таңдауды, жалпылауды қамтамасыз етеді.

      6. Конкурс мынадай турлардан тұрады:
      1) конкурстың бірінші турын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өткізеді;
      2) конкурстың екінші туры облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерімен осы ережеге сәйкес өткізіледі;
      3) конкурстың қорытынды үшінші турын Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өткізеді.

      7. Конкурсты өткізу уақыты мен орнын конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

      8. Республикалық конкурс өткізілетін кәсіптер (мамандықтар) немесе кәсіптердің тобы министрліктің бұйрығымен белгіленеді.

      9. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттері Министрлікке конкурстың облыстық тур жеңімпаздарының мынадай құжаттарын:
      1) қазылар алқасының шешімінен көшірме;
      2) мінездеме - ұсыным;
      3) 3х4 см. көлеміндегі, 24х30 см. көлеміндегі 3 түрлі-түсті фотосурет тапсырады.

4. Конкурстың бағдарламасы

      10. Конкурстың бағдарламасына 7 конкурстық тапсырма кіреді:
      1) "Таныстыру" конкурсқа қатысушының өзін-өзі таныстыруы (5 минут) 5 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      2) "Тестілеу" - жалпы техникалық және арнайы пәндер бойынша білімі - (45 минут). 20 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      3) "Кәсіби шеберлік" - тапсырманы орындау барысында жоғары кәсіби шеберлігін көрсете білуі (20 минут). 30 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      4) "Компьютерлік сауаттылық" - компьютерлік сауаттылықты меңгеруі бойынша тапсырмалар орындау (10 минут). 10 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      5) "Спорттық шеберлік" - спорттық жарыстар (30 минут) 15 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      6) "Қалыпты емес жағдай" - конкурсқа қатысушының жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу жөніндегі және кәсіптік тапсырмаларды шешіп, өз бетінше шешім қабылдай білуіне, анықтауға мүмкіндік беретін психологиялық ойын жағдайы (7 минут). 10 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      7) "Он саусағынан өнер тамған" - конкурсқа қатысушының авторлық шығармашылығы, шығармашылық шешімінің бірегейлігі, орындау мәдениеті (7 минут). 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.

5. Конкурстың қазылар алқасы және
жеңімпаздарды марапаттау

      11. Жыл сайын бірінші турдың қазылар алқасының құрамы техникалық және кәсіптік білім ұйымының басшысымен, екінші турдың қазылар алқасының құрамымен облыстық, Астана және Алматы қалалық департаменті директоры, үшінші турдың қазылар алқасының құрамы Министрліктің бұйрығымен бекітеді.

      12. Қазылар алқасы конкурстың әр қатысушының жұмысын мынадай бағалау өлшемдері:
      1) нақты кәсіп пен мамандық бойынша кәсіптік және оқыту бағдарламалары шеңберінде жалпы техникалық және арнайы пәндердің мазмұнын білуі;
      2) кәсіптік даярлау дағдылары мен білгендерін практикада қолдануы;
      3) біліктілік, шығармашылық бастамашылық және ойлауының бірегейлігі;
      4) шығармашылық қабілеттілігі;
      5) спортпен шұғылдануы бойынша бағалайды.

      13. Қазылар алқасы конкурстың номинацияларын белгілейді, республикалық конкурстың жеңімпаздарын анықтайды, "Бас жүлдені" бірінші, екінші және үшінші орындарды береді және оларды дипломдармен, бағалы сыйлықтармен (аудио-бейне-теле аппараттар) марапаттайды.

      Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрi
міндетін атқарушының  
2007 жылғы»28 желтоқсандағы
N 668 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі күші
жойылған бірнеше бұйрықтарының тізбесі

      1.»"Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстарын өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 901-ші бұйрығы (N 3265 2004 жылғы 13 желтоқсанда Әділет министрлігінде тіркелген);

      2.»"Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 903-ші бұйрығы (N 3266-шы 2004 жылғы 13 желтоқсанда Әділет министрлігінде тіркелген);

      3.»"Республикалық орындаушылар конкурстарын өткізуді ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 920-шы бұйрығы (N 3251-ші 2004 жылғы 9 желтоқсанда Әділет министрлігінде тіркелген);

      4.»"Кәсіби шеберлердің республикалық конкурстарын өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 933-ші бұйрығы (N 3257-ші 2004 жылғы 9 желтоқсанда Әділет министрлігінде тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады