Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 12 қазандағы N 23-887қ қаулысымен
________________________________________
"
Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", "
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 306-б "Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережелерін бекіту туралы"
бұйрығын
орындау барысында, Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы"
шешімін
ескеріп, Астана қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
Ескерту: Преамбула жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-207қ
қаулысымен
.
1. Азаматтардың мынадай санаттарына қалалық қоғамдық көліктердің, меншіктің барлық түрлерінде, тегін жол жүру құқығы берілсін:
1) жасы келген және Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оған теңестірілген тұлғаларға;
3) I, II топтағы мүгедектер мен жасы он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
4) күш құрылымдарының (Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Республикалық гвардия) зейнетақы алушыларға;
5) кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп балаларымен бірге тұратын кәмелетке толмаған (анасы жоқ болған жағдайда, әкесіне немесе оған теңестірілген тұлғаға) көп балалы аналарға (соның ішінде балалары кәмелетке толғаннан кейін, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитындарға - олардың оқу орындарын бітіргендеріне дейін);
6) үйді-үйіне әлеуметтік көмек бөлетін әлеуметтік қызметкерге.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-207қ
қаулысымен
.
2. Қоса беріліп отырған Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді ұсыну тәртібі туралы Қағида бекітілсін.
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-207қ
қаулысымен
.
3. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" және "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемелері "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша әлеуметтiк көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-207қ
қаулысымен
.
4. Астана қаласының Қаржы департаменті қалалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемесі жеңілдікпен жол жүрудің жолақылық билеттерін дайындауды және "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесіне одан әрі беруді қамтамасыз етсін.
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-207қ
қаулысымен
.
6. "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қалалық филиалына осы қаулының 1-тармағының 1)-5)-тармақшасында, "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттағы азаматтардың тізімін дайындасын және жеңілдікпен жол жүру жолақылық билеттерін беру үшін "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесіне ұсынсын.
Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-207қ
қаулысымен
.
7. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы N 3-1-86қ "2003 жылға арналған қалалық қоғамдық көліктерде азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдікпен жол жүру жеңілдігін ұсыну туралы" қаулысының (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 239 болып тіркелген; 2003 жылғы 25 қаңтардағы N 11-12 "Астана ақшамы"; 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 10 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күшін жойды деп саналсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Визалар:
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 22 қаңтардағы
N 3-1-157қ қаулысымен
бекітілген
Ескерту: Қағида жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-207қ қаулысымен .
Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық
қоғамдық көлікте тегін жол жүруді ұсыну тәртібі туралы
ҚАҒИДА
Осы Қағида "
Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", "
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, "Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 306-б
бұйрығын
орындау барысында, Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы"
шешімін
ескеріп әзірленді және азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді ұсыну тәртібін реттейді.
Қалалық қоғамдық көліктерде азаматтардың жекелеген санаттарына тегін жол жүру жеңілдігін ұсыну халықты әлеуметтік қорғаудың бір нысаны болып табылады.
1. Қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде азаматтардың мына санаттарына:
1) жасы келген және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оған теңестірілген тұлғаларға;
3) І, ІІ топтағы мүгедектерге және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
4) күш құрылымдарынан (Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Республикалық гвардия) зейнетақы алушыларға;
5) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларымен бірге тұратын (анасы жоқ болған жағдайда, әкесіне немесе оның орнындағы тұлғаға) көп балалы аналарға (соның ішінде олардың балалары кәмелетке толғаннан кейін, жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқитындарға - олардың оқу орындарын бітіргенге дейін);
6) үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің әлеуметтік қызметкерлерге тегін жол жүру құқығы беріледі.
2. "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) әкімшісі "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкімші) болып табылады.
3. Әкімші мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде тегін тасымалдау жөніндегі жеткізушілерді белгілейді, олармен міндеттемелерді орындау талаптары мен тараптардың міндеттері ескертілген шарттар жасасады.
4. Бағдарламаны іске асыру мақсатында "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде тегін тасымалдау жөніндегі жеткізушілердің орындалған жұмыстарының есебін қамтамасыз етеді.
5. Әкімші Департамент анықтылығын растаған қызметтер жеткізушілерінің орындалған жұмыстардың актілері негізінде нақты берілген жеңілдікті жол жүру билеттерінің санына қарамастан тиісті қаржы жылына көзделген қаражат көлемінде азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көлікте тегін тасымалдау қызметтерінің төлемін жүргізеді.
6. Азаматтардың жекелеген санаттарының қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде тегін жол жүруін және жеңілдікпен жол жүру билеттерін дайындаудың қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
3. Тегін жол жүруді ұсынудың тәртібі
7. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүруі белгіленген үлгідегі жеңілдікпен жол жүру билеті және тегін жол жүру құқығын пайдалануды растайтын куәліктің түпнұсқасы негіз болып табылады.
8. Жеңілдікпен жол жүрудің билеттерін беруді Әкімші "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қалалық филиалы (бұдан әрі - ЗТМО) және "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері ұсынған тізімдерге сәйкес жеке басының куәлігі мен тегін жол жүруді пайдалану құқығын растайтын куәлігін көрсеткен жағдайда алушылардың өзіне немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бар басқа тұлғаларға зейнетақы, жәрдемақы алатын орындарда жүргізеді.
9. Әкімші азаматтардың өтініштері бойынша жарамсыз болған жеңілдікпен жол жүру билеттерін ауыстырады.
Жеңілдікпен жол жүру билеттерін қайта беру ұрланғаны жөнінде құжаттамамен расталған жағдайда (іздеу салу үстелінің анықтамасы, газеттегі хабарландыру) жылына бір рет жүргізіледі.
10. ЗТМО мен "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері жеңілдікпен жол жүру билеттерін алушылардың ұсынған тізімдерінің растығын бақылауды жүзеге асырады.
ЗТМО осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына жататын қайта тағайындалғандардың және көшіп келгендердің тізімін ай сайын Әкімшіге ұсынады.
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы