Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 23-7-351қ қаулысынан үзінді:
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Ренспубликасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
...
5. Астана қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 23 маусымдағы N 3-1-1426қ "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі қалалық арнайы комиссия туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 7 шілдеде N 334 болып тіркелген; "Астана хабары" газетінде 2004 жылғы 13 шілдеде N 93; "Вечерняя Астана" газетінде 2004 жылғы 15 шілдеде N 95 жарияланған) қаулысы;
2) ...
Әкімнің міндетін атқарушы
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 22 желтоқсандағы N 1788-ХІІ қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы N 431 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі қалалық арнайы комиссия (бұдан әрі - арнайы комиссия) құрылсын және Астана қаласы мәслихатының бекітуіне жіберілсін.
2. "Алматы" және "Сарыарқа" аудандары әкімдері, қаланың кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің басшылары меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде жеңілдіктер мен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар азаматтарды тіркеу комиссияларын құру жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын және арнайы комиссияға бекіту және куәлік беру үшін тізімдер беруді қамтамасыз етсін.
3. Арнайы комиссия жұмысының органы қаланың Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi болып анықталсын.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 15 тамыздағы N 23-7-602қ
қаулысымен
.
4. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкім аппаратының басшысы
Әкім аппараты құжаттамалық
сараптама бөлімінің меңгерушісі
"Алматы" ауданының әкімі
"Сарыарқа" ауданының әкімі
Қаржы департаментінің бастығы
Еңбек, халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтік қорғау
департаментінің бастығы
Келісілді
Әділет департаментінің бастығы
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Астана қаласы бойынша
департаментінің директоры
Астана қаласының
Әскери комиссары
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 23 маусымдағы
N 3-1-1426қ қаулысына
қосымша
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар
салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және
есепке алу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі
қалалық арнайы комиссияның
Құрамы
Толыбаев - Астана қаласы әкімінің орынбасары,
Марат Еркінұлы комиссия төрағасы;
Демеува - Еңбек, халықты жұмыспен қамту
Айгүл Сағадатқызы және әлеуметтік қорғау департаментінің
бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары;
Есмағанбетова - Еңбек, халықты жұмыспен қамту және
Сандуғаш Жатанқызы әлеуметтік қорғау департаменті заң
бөлімі бастығының міндетін атқарушы,
комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Еркетаев - "Алматы" ауданының әкімі;
Мұхтар Дүйсенұлы
Ахметов - "Сарыарқа" ауданының әкімі;
Сапар Қайратұлы
Асқарова - Қаржы департаментінің бастығы;
Айгүл Ермағамбетқызы
Әбілмағжанов - әкім аппараты жеке жобалар бөлімінің
Қанат Бүркітұлы бас маманы;
Ақжанов - Әділет департаментінің бастығы
Әбдікәрім Арынұлы (келісім бойынша);
Оразова - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Сапура Сұлтанқызы халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Астана қаласы бойынша департаментінің
бастығы (келісім бойынша);
Мыңжанов - Қаланың Әскери комиссары
Қайрат Тұрсынайұлы (келісім бойынша).