Ескерту: Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 15 тамыздағы N 23-7-603қ
қаулысымен
.
________________________________
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 6 мамырдағы N 3-1-1017қ "Астана қаласына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссияны құру туралы" қаулысына (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 31 мамырда N 331 болып тiркелген; 2004 жылғы 5 маусымдағы N 73 "Астана хабары"; 2004 жылғы 5 маусымдағы N 71-72 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн және Астана қаласы мәслихатының бекiтуiне жiберiлсiн:
жоғарыда көрсетiлген қаулының
1-қосымшасында
:
Астана қаласына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссияның құрамына Астана қаласы әкiмiнiң кеңесшiсi - Түсiпбаев Мұрат Рысалдыұлы енгiзiлсiн;
Астана қаласына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссияның құрамынан Астана қаласы әкiмi аппаратының экономикалық талдау және мониторинг бөлiмiнiң бас маманы - Малаев Нұрлан Серiкұлы шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсiн.
Астана қаласының әкімі
Әкiмнің бірінші орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiм аппаратының басшысы
Қаржы департаментiнің директоры
Әкiм аппараты құжаттамалық
сараптама бөлiмi меңгерушiсiнің
мiндетiн атқарушысы
Экономика, сауда және кәсiпкерлiк
департаментiнің директоры
Еңбек, халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтiк қорғау
департаментi бастығының
мiндетiн атқарушысы