Астана қаласына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 6 мамырдағы N 3-1-1017қ қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 31 мамырда N 331 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 23-520қ қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 23-520қ қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836  қаулысына  өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы N 322  қаулысына  сәйкес iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында Астана қаласының әкiмдiгi қаулы етеді:

      1. Астана қаласына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын және Астана қаласы мәслихатының бекiтуiне жiберiлсiн.

      2. Комиссия туралы Ереже 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      3. Құжаттарды қабылдау және әзiрлеу, шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшiн тiзiмдердi растау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шетелдiк жұмыс күшi бойынша мәлiметтердi жинау және ұсыну жөнiндегi жұмыс органы Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi болып анықталсын.

      4. Әкiмдiктiң осы қаулысының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсiн.

       Астана қаласының әкiмi

      Әкiмнiң бiрiншi орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiм аппаратының басшысы

      Астана қаласы Қаржы департаментi
      бастығының мiндетiн атқарушы

      Әкiм аппараты сараптау, әкiмшiлiк
      тәртiп және шешiмдер шығару
      бөлiмiнiң меңгерушiсi

      Астана қаласы Экономика, сауда
      және кәсiпкерлiк департаментiнiң
      директоры

      Астана қаласы Еңбек, халықты
      жұмыспен қамту және әлеуметтiк
      қорғау департаментiнiң бастығы

      Келісілді

       Астана қаласы Iшкi iстер бас
      басқармасы Көшi-қон полициясы
      басқармасының бастығы

      Қазақстан Республикасы Еңбек
      және халықты әлеуметтiк қорғау
      министрлiгi Астана қаласы бойынша
      департаментiнiң директоры

      Астана қаласы бойынша
      Көшi-қон және демография
      басқармасының бастығы

Астана қаласы әкiмдiгiнiң 
2004 жылғы 6 мамырдағы  
N 3-1-1017 қаулысына   
1-қосымша         

  Астана қаласына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссияның
Құрамы  <*>

      Ескерту. Комиссия құрамы өзгертілді - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 қарашадағы  N 3-1-1826қ  қаулысымен (Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 15 тамыздағы N 23-7-603қ   қаулысымен ) .

Толыбаев                  - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары,
Марат Еркiнұлы              комиссия төрағасы;

Демеува                   - Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен
Айгүл Сағадатқызы           қамту және әлеуметтiк қорғау
                            департаментiнiң бастығы,
                            комиссия төрағасының орынбасары;

Дмитриенко                - Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен
Любовь Владимировна         қамту және әлеуметтiк қорғау
                            департаментi шетелдiк жұмыс күшiн тарту
                            бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелерi:

Криничная                 - Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен
Галина Степановна           қамту және әлеуметтiк қорғау
                            департаментi бастығының орынбасары;

Толымбек                  - Астана қаласы экономика, сауда және
Дамир Нұрғалиұлы            кәсiпкерлiк департаментi директорының
                            орынбасары;
Түсiпбаев Мұрат           - Астана қаласы әкiмiнiң кеңесшiсi; <*>
Рысалдыұлы

Казанцев                  - Астана қаласы мәслихатының депутаты,
Павел Олегович              Астана қаласы кәсiпкерлерiнiң
                            құқықтарын қорғау жөнiндегi
                            қауымдастықтың президентi (келiсiм
                            бойынша);

Сұлтанов                  - Астана қаласы Iшкi iстер бас
Сиражиддин Базарбайұлы      басқармасы Көшi-қон полициясы
                            басқармасының бастығы (келiсiм бойынша);

Саржанова                 - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Зарлық Есмұханқызы          халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
                            Астана қаласы бойынша департаментiнiң
                            еңбек туралы заңдылықтарын сақталуын
                            бақылау бөлiмiнiң бастығы (келiсiм
                            бойынша);

Ербекеева                 - Астана қаласы бойынша Көшi-қон және
Майя Әбдiрахымқызы          демография басқармасының бас маманы
                            (келiсiм бойынша).

        Келісілді                       Астана қаласы әкiмдiгiнiң
Қазақстан Республикасының                2004 жылғы 6 мамырдағы
Еңбек және халықты әлеуметтiк              N 3-1-1017 қаулысына
қорғау вице-министрi                            2-қосымша
_____________________________
2004 жылғы 7 мамыр

  Астана қаласына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссия туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Астана қаласына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жұмыс берушiлерге рұқсат беру жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) мәртебесiн, құру және жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының  Конституциясын "Қазақстан  Республикасындағы еңбек туралы",  "Халықты  жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң  "Лицензиялау  туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Жарлығын, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы  N 836  қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы N 322  қаулысын  (бұдан әрi - Қаулы) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.

      3. Комиссияның жұмыс органы Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi (бұдан әрi - Департамент) болып табылады.

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi

      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алуға (бұдан әрi - рұқсат) жұмыс берушiлердiң құжаттарын қарастыру;
      2) хаттамамен рәсiмделетiн рұқсат беру (бермеу туралы) туралы шешiмдердi шығару болып табылады.

      5. Комиссия негiзгi мiндеттердi iске асыру мақсатында мына қызметтердi атқарады:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жұмыс берушiлердiң құжаттарын зерделейдi;
      2) бiлiксiз шетелдiк жұмыс күшiн әкелуге жол бермеу мақсатында еңбек рыногының жағдайын алдын-ала зерделеудi жүзеге асырады;
      3) жұмыс берушiлердiң ай сайынғы есеп беруi арқылы рұқсат берудiң ерекше шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда рұқсатты тоқтатуға және қайтарып алуға құжаттарды дайындайды.

  3. Комиссияның құқығы

      6. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз қызметтерiн жүзеге асыру үшiн құқығы бар:
      1) жұмыс берушiден шетелдiк мамандарды тарту негiздемесiн, сондай-ақ шетелдiк жұмыс күшiн әкелу орындылығын анықтау үшiн қажеттi, өзге де қосымша мәлiметтердi (ақпараттар, құжаттар) сұрастыруға;
      2) Комиссия отырысында жұмыс берушiлердi мына жағдайларда тыңдауға, егер:
      шетелдiк жұмыс күшiн әкелуге қосымша негiздеме қажет болғанда;
      лицензиат рұқсат берудiң ерекше шарттарын орындамағанда;
      лицензиат Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
      3) мына жағдайларда рұқсат беруден бас тартуды ұсынуға:
      Қаулыда қарастырылған құжаттар толық және тиесiлi рәсiмделмегенде;
      бұрын берiлген рұқсаттардың ерекше шарттары орындалмағанда;
      бөлiнген квотадан асып кетсе;
      4) рұқсаттың қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатуға немесе мiндеттi түрде себебiн көрсетiп, рұқсатты қайтаруды ұсынуға;
      5) жұмыс берушiнiң келiсiмiмен Қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесi жұмыс берушiлерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбiнiң (бұдан әрi - Ереже) 13-тармағында көзделген ерекше шарттардың кез келгенiн орындауды мiндеттеуге рұқсат беру кезiнде ұсынуға;
      6) Комиссия отырысына қарастыру үшiн ұсынылған құжаттар пакетiмен қоса қолданыстағы Ереженiң талаптарына сәйкес аймаққа шетелдiк жұмыс күшiн тарту орындылығы туралы қорытындыны Департаменттен сұрауға.

      7. Жұмыс берушiлердiң шетелдiк жұмыс күшiн республиканың бiрнеше аумақтарында пайдаланған жағдайда, жұмыс берушiнiң тұрғылықты жерiндегi Астана қаласының әкiмдiгi халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын үйлестiрушi орталық атқарушы органның келiсiмi бойынша республиканың екi және одан да көп облыстарда еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн рұқсат беруге құқылы.

  4. Комиссия отырысын құру және өткiзу тәртiбi

      8. Комиссия Астана қаласы әкiмдiгiмен құрылады.
      Комиссияның дербес құрамы оның төрағасы төраға орынбасары және хатшысы Астана қаласы әкiмдiгiнiң ұсынысы бойынша қалалық мәслихатпен бекiтiледi.
      Комиссияның құрамына келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдарының өкiлдерi енгiзiледi.

      9. Комиссия отырысын Комиссияның төрағасы, ол болмағанда - төрағаның орынбасары өткiзедi.

      10. Комиссия отырысы тұрақты апта сайын өткiзiледi (рұқсат беруге өтiнiштердiң болуына байланысты). Комиссия хатшысы төрағаның (төраға орынбасарының) келiсiмiмен Комиссия мүшелерiн Комиссия отырысының өткiзу күнi мен уақыты, жұмыс берушiлердiң ұсынған құжаттары жөнiнде хабардар етедi.

      11. Рұқсат беру (бермеу) туралы шешiм шығару үшiн Комиссия хатшысы жұмыс берушiлердiң құжаттарын Комиссия отырысына ұсынады.

      12. Комиссия отырысына басқа да қалалық құрылымдардың мамандары, сондай-ақ өтiнiш берушiлердiң өкiлдерi мен сарапшылар шақырылуы мүмкiн. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту мәселелерi жөнiнде тұжырымдама немесе негiздеме қажет болған жағдайда басқа да республикалық құрылымдардың мамандары тартылуы мүмкiн.

      13. Комиссия үштен екiсi кем емес мүшелерiнiң қатысуымен ашық дауыс беру жолымен шешiм қабылдайды.

      14. Комиссияның қатысқан мүшелерiнiң жартысынан астамы дауыс берген жағдайда шешiм қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады.

      15. Комиссия шешiмi хаттамамен рәсiмделедi. Хаттаманы Комиссия хатшысы, ол болмаған жағдайда - Комиссия мүшелерiнiң арасындағы кiшi лауазымды атқарушы жүргiзедi. Комиссия мүшелерi Комиссия отырысы өткiзiлген күнi хаттамаға қол қояды.

      16. Комиссия мүшелерiмен қол қойылған хаттама қала әкiмдiгiнiң рұқсат беру (бермеу) туралы қаулысын дайындау үшiн Департаментке бiр күн мерзiмде жiберiледi.

      17. Комиссияның ұсынысы бойынша жұмыс берушiге рұқсат беруден бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде Департамент осы жайында жұмыс берушiнi хабардар етедi.

      18. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар және пiкiр бiлдiрген жағдайда оны жазбаша түрде мазмұндап, хаттамаға тiркеуi тиiс.

      19. Комиссия мүшелерi рұқсат беру (бермеу) туралы қабылдаған шешiмге жауапты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады