Ескерту - Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 12 қазандағы N 294/37-ІІІ шешімінен
Үзінді:
Жер учаскелеріне құқық беру тәртібін реттеу жөніндегі заң шығару ережесінің өзгеруіне байланысты Астана қаласының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:
1. Мынадай шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
...
Астана қаласы мәслихатының "Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру ережесі туралы" 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 39/7-ІІІ шешімімен бекітілген Жер учаскелеріне құқық беру ережесіне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 19 қарашадағы N 97/14-ІІІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 363 тіркеген, "Астана хабары" газетінде 2005 жылғы 8 қаңтарда және "Вечерняя Астана" газетінде 2005 жылғы 11 қаңтарда жарияланған);
...
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрайымы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
__________________________________________________
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының
Жер кодексін
басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп
ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының "Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру ережелері туралы" 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 39/7-ІІІ
шешімімен
бекітілген (Астана қаласы әділет басқармасында 2004 жылғы 11 мамырда N 328 тіркелген) Жер учаскелеріне құқық беру ережелеріне (бұдан әрі - Ережелер) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-бөлімнің 5-тармағындағы "Астана қаласы жер учаскелерінің тізімін, жер ресурстарын басқару жөніндегі органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген, сәулет органының ұсынымы бойынша ұсынады" деген сөздер "Астана қаласында құрылыс салу көзделетін жер учаскелерінің тізбесін әкімдік жер ресурстарын басқару жөніндегі органының сәулет органымен келісілген ұсынысы бойынша белгілейді." деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бөлімнің 23-тармағында екінші сөйлемдегі "жеке тұрғын үй объектісі кем дегенде отыз пайызға дайын болған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын.
Ережелерге 2-қосымшаның тақырыбы мына редакцияда жазылсын: "Жер учаскесін жалға алу құқығын сатып алу-сату шартының нысаны".
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы