Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2007.12.12 N 29/6-IV шешімімен
Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласы әкiмдiгi ұсынған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған қалалық бағдарламасын қарап, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы бекітілсін.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
"Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2007
жылдарға арналған қалалық бағдарламасына"
КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ
1. Алматы
ауданының әкiмi
2. Сарыарқа
ауданының әкiмi
3. Қаржы департаментiнің
бастығы
4. Жер ресурстарын басқару
жөнiндегi комитетінің
төрағасы
5. Мәдениет департаментінің
директоры
6. Мемлекеттiк санитарлық
эпидемиологиялық бақылау
департаментiнiң директоры
7. Еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау
департаментiнiң директоры
8. Туризм және спорт
департаментiнiң директоры
9. Экономика, сауда және
шағын кәсiпкерлiк
департаментiнiң директоры
10. Коммуналдық шаруашылық
департаментiнiң директоры
11. Тұрғын үй департаментінің
бастығы
12. Сәулет және қала құрылысы
департаментiнiң директоры
13. Қорғаныс iстерi жөнiндегi
департаментiнiң бастығы
14. Күрделі құрылыс
департаментінің директоры
15. Бiлiм департаментiнiң
директоры
16. Iшкi саясат департаментінің
директоры
17. Коммуналдық мүлік
басқармасының бастығы
18. Денсаулық сақтау
департаментiнiң директоры
19. Әдiлет басқармасының
бастығы
20. Көлiк және байланыс
басқармасының бастығы
21. Iшкi iстер бас
басқармасының бастығы
22. Сыртқы жарнама және
қаланы безендiру басқармасы
бастығының мiндетiн атқарушы
23. Мұрағаттар және
құжаттамалар басқармасының
бастығы
24. Төтенше жағдайлар жөнiндегi
басқармасының бастығы
25. Мемлекеттiк өртке қарсы
басқармасының бастығы
26. Қоршаған ортаны қорғау
жөнiндегi басқармасының
бастығы
27. "Астана - жаңа қала" AЭA
Бас дирекциясының
директоры
28. "051 Қызметі" мемлекеттік
мекемесінің директоры
Астана қаласы
мәслихатының 2004 жылғы
24 желтоқсандағы
N 107/15-ІІІ
шешімімен бекітілді
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2007
жылдарға арналған қалалық бағдарламасы
Астана-2004 жыл
1. Бағдарламаның төлқұжаты
Бағдарламаның атауы: Тiлдердi қолдану мен дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған
қалалық бағдарламасы
Әзiрлеуге негiздеме: Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2001 жылғы 7 ақпанындағы N 550
Жарлығымен бекiтiлген Тілдердi қолдану
мен дамытудың мемлекеттiк
бағдарламасына сәйкес әзiрленген.
Бағдарламаны әзiрлеушi: "Астана қаласының Тілдердi дамыту
басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
Мақсаттары: Қазақстан халықтарының тiлдерiн
дамыту стратегиясы үш негiзгi
мақсатты айқындайды:
мемлекеттiк тiлдiң
әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн
кеңейту мен нығайту;
орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметiн
сақтау;
Қазақстан халықтарының басқа тiлдерiн
дамыту.
Мiндеттерi: Мақсаттарды iске асыруда мынадай
мiндеттердi шешу көзделедi:
Iс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiру
кестесiн (нақты мерзiмдер мен
iс-шараларды көрсете отырып) белгiлеу
арқылы барлық мемлекеттiк ұйымдарда
және жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарында мемлекеттiк тілдiң iс
жүргiзудегi негiзгi тiл ретiнде
қолданылуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Конституциясының
7 және 93-баптарын iске асыру
мақсатында қала көлемiнде жергiлiктi
бюджеттiң, ұйымдардың қаржылары,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамалары актiлерiмен тиым
салынбаған басқа да көздерi есебiнен
азаматтарға мемлекеттiк тiлдi тегiн
оқыту Курcтарының бiрыңғай жүйесiн
құру;
мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарында ресми
Қолданылатын тiл ретiнде орыс тiлiнiң
қызмет етуiн қамтамасыз ету;
этникалық қауымдастықтар (диаспоралар)
өкiлдерiнiң ана тiлiн оқытуға
мемлекеттiк қолдау көрсету;
мемлекеттiк және басқа да тiлдердi
дамытуға үлесiн тигiзетiн iс-шараларды
ұйымдастыру.
Мерзiмi: 2005-2007 жылдар
Қаржыландыру көлемi мен Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету
көздерi: осы Бағдарламаны iске асыруға
бөлiнетiн жергiлiктi бюджет қаражаты
есебiнен, сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының заңнамалық актiлерiмен
тиым салынбаған басқа да көздер арқылы
жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске
асыруға арналған бюджет қаражатына
есептік қажеттiлiк 64897 мың теңгенi
құрайды.
Бағдарламаның 2005-2007 жылдарға
арналған қаржыландыру көзi Астана
қаласына тиiстi жылдық бюджеттiк
көрсеткiш аясында нақтыланатын
болады.
Күтiлетiн нәтижелер: Тiлдердi қолдану мен дамытудың қалалық
бағдарламасын iске асыру қала
аумағында қолданылатын тiлдердiң
қажеттi функционалдық арақатынасына
қол жеткiзумен айқындалатын, оңтайлы
әлеуметтiк-лингвистикалық кеңiстiк
құруды көздейдi.
2. Кіріспе
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 , 93 баптарына , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - "Тіл туралы" Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы N 3186 Өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасы Тіл саясатының Тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы N 769 қаулысына сәйкес, "Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" қаулысына, сондай-ақ, тіл саясаты саласындағы маңызды мәселелерді шешу үшін 2004-2006 жылдарға арналған Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың индикативтік жоспарына сай әзірленді.
Мемлекеттік тілді дамыту және оның қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылу аясын кеңейту - тіл саясатындағы басты міндет болып саналады. Қазақстан халықтары тілдерінің дамуына қолайлы жағдай туғызу маңызды мақсаттардың бірі.
Қала әкімінің аппаратында екі жыл ішінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша пәрменді жұмыстар жүргізілді. Тілдерді қолдану мен дамытудың жүйелі қызметін қамтамасыз ету бағытында нақты мәселелер шешімін тапты.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы жаңа аймақтық жоба болып табылады.
Бағдарлама тіл саясаты саласындағы міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысты сабақтас шаралар кешенін айқындап, тілдерді қолдану мен дамытуда басты стратегиялық бағыттарды бекітеді және алға қойылған мақсаттарға жету жөніндегі нақты іс-шараларды белгілейді.
3. Астана қаласындағы тіл саясаты
ахуалының қазіргі жай-күйіне талдау
1997 жылға дейін қаладағы тіл саясаты мынадай ерекшеліктермен көзге көрінді. Іс қағаздардың негізгі тілі ресми тіл болып табылды. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін мамандар мен аудармашы лауазымдары болған жоқ. Мемлекеттік тілді меңгеру үшін материалды-техникалық қажеттіліктер мен дайын мамандардың жетіспейтіндігі байқалды. Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің екі тілде ресімделуіне назар аударылмайды. Халыққа сауда, көлік және байланыс аясында қызмет көрсету орыс тілінде жүргізілді. Қалада жалпы білім беретін бір ғана қазақ мектебі жұмыс істеді.
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңын (бұдан әрі - "Тіл туралы" Заң), Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) қабылдау қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тілдік құрылыстың тереңдетілген процесі мен одан әрі кеңеюінің алғы шарттарын құруға әсерін тигізді.
Астана қаласы әкімінің аппаратында тіл саясаты мәселелерімен 1998 жылдың шілдесінен бастап ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің тілдерді дамыту жөніндегі секторы айналысты. Ол 1999 жылғы желтоқсанда тіл саясаты бөлімі болып құрылды. Қала ұйымдары мен мекемелеріндегі тіл саясатына байланысты жұмыстарды үйлестіру және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы әкімінің 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 3-1-670 шешімімен "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) құрылды.
Қазіргі уақытта тілдердің қолданылуын дамыту үшін құқықтық негіздер қалыптасты. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге кезең-кезеңімен көшу кестесі мен оның орындалуы жөніндегі іс-шаралар жоспары, Астана қаласында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары әзірленді.
Қаладағы тілдік құрылымның үрдісіне түсіністікпен қарап, қолдау көрсетіліп келеді.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік тілге беталыс қажеттілігі байқалды. 2003 жылдан бастап іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге кезең-кезеңімен көшу жұмысы басталды.
110 қала ұйымдары мен мекемелерінде жүргізілген тексеріс нәтижесі іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің нақты базасы бар екендігін көрсетеді. Құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізудің оңтайлы тәжірибесі "Промышленный" және "Интернациональный" кенттері әкімі аппараттарында жинақталған.
Қала әкімі аппаратында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге кезең-кезеңімен көшіру кестесінің орындалуы бойынша тыңдау өткізу тәжірибеге енгізілген.
Бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуды "Руханият орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүзеге асырады. Онда жыл сайын 1000-нан астам қызметкер оқытылады. 2001-2003 оқу жылында қаланың 13 мекемесінің 162 қызметкері жеделдетілген курстан өтіп, сертификатқа ие болды. Мемлекеттік тілді оқытуда озық технологиялар кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта оқу процесіне қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілген. Көмекші құрал ретінде оқу-әдістемелік құралдар мен салалық сөздіктер дайындалған. Қаланың көптеген мекемелері, ұйымдары мен кәсіпорындарында мемлекеттік тілді оқыту курсы жүргізіледі. Қажетті оқу және әдістемелік әдебиеттер алынған. Кейбір ұйымдарда арнайы қазақ тілі кабинеті жабдықталған.
Қала көшелеріндегі көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнама мәтіндерінің "Тіл туралы" Заңға сәйкес жазылуын тексеру жүйелі түрде іске асырылады. Сыртқы жарнама және қаланы безендіру басқармасымен бірігіп "Қала келбеті" рейдтері ұйымдастырылып тұрады. 2002-2004 жылдары 147 рейд өткізілді. Қазіргі кезде сыртқы жарнама және көрнекі ақпарат нысандарында мәтіндер мемлекет аумағы тұрғындарына мемлекеттік тілдің байлығын насихаттау, олардың қазақстандық патриоттық сезімін қалыптастырып, бірлікке тәрбиелеу мақсатындағы мәтіндер орналасқан.
Қаладағы жарнама құрылымдарын тіркеуге алып, олардың мәтіндерін тіл заңнамалары талаптарына сәйкестендіру мақсатында құжаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту жұмысы бағыттарының бірі көлік, сауда, байланыс аясында, мемлекеттік тілде халыққа қызмет көрсету сапалы анықтамалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Жүргізілген жұмыстың жай-күйінен белсенділік байқалады.
Бірыңғай ономастика саясатын жүзеге асыру мақсатында Қалалық ономастика комиссиясы тұрақты жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін қаладағы 80 көше, даңғыл, шағын аудан, 15 білім беру және мәдениет ұйымдары қайта аталып, жаңа атау берілді.
Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі біртіндеп дамып келеді.
Осының нәтижесінде қазақ тілде білім беріп тәрбиелейтін 2 балабақша, аралас балабақшада қазақ тілде оқытып тәрбиелейтін 73 топ, қазақ тілінде оқытатын 13 жалпы білім беру мектебі ашылды. Барлық қазақ мектептерінде 10-11 сынып оқушылары үшін вариативтік бөлім есебінен Абайтану курсы енгізілді. N 3, 5, 7, 9, 15, 25, 27, 30, 32, 37 орта мектептерде қазақ әдебиетін 5-сыныптарда қазақ тілінде оқыту қолға алынды.
"Абайтану", "Шешендік сөздер" бағдарламалары бойынша тереңдетіп оқытылады.
Қазақ тілі мұғалімдері сапасының құрамы жақсартылды. Тілдерді дамыту басқармасы мен Білім департаменті және "Руханият орталығы" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін аттестациялаудан өткізді. Өткен жылғы аттестациямен салыстырғанда биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің теориялық білімдері мен әдістемелік дайындықтары анағұрлым жоғары екендігі көрінді. Біліктілікті көтеру мен білім саласындағы кадрларды қайта даярлау институтында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жоспарына сәйкес әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибе алмасты. Осы мақсатта Білім департаменті қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту өзекті мәселелері бойынша жаңа технологиялар, оқу бағдарламаларын қабылдауды қолдану жөнінде конференциялар мен семинар-кеңестер өткізді.
Қаланың жексенбілік мектептерінде ұлттық тілдердің оқытылуына үлкен көңіл бөлінеді. Тіл саясаты жөніндегі қалалық Үйлестіру кеңесі отырысында "Қаланың жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тілді оқыту жай-күйі туралы" мәселе тыңдалды.
Қазіргі уақытта қалада 8 жексенбілік мектеп: Дала өлкесі қазақтар одағының, корей, татар-башқұрт, "Видергебурт" неміс қоғамы, украин, белорус, армян жексенбілік мектептері мен поляк сыныбы жұмыс істейді. Оқытудың осы түрінің келешегі зор екендігі байқалады.
"Үздік жексенбілік мектеп" байқауы барысында ана тілін оқытуда жексенбілік мектептер жұмыстарының үздік тәжірибесі таратылды.
Тұрғындарды кез-келген жерде ыңғайлы әрі сапалы мемлекеттік тілдегі анықтамалық ақпарат қызметімен қамтамасыз ету мақсатында қаланың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Кітаптар қорын жабдықтау жүргізілуде. 2004 жылы алынған 3089 кітаптың 2143 данасы қазақ тілінде.
Кітапханалардағы көрнекіліктер мен жалпы жұмыстар мемлекеттік және ресми тілде жүргізіледі. Барлық кітапханалар филиалдарында тақырып бойынша сөрелер мен мемлекеттік тілді оқып-үйренуге арналған "Тіл - халықтың тарихы", "Тілді үйрену - күрделі міндет" атты кітап көрмелері ұйымдастырылған.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуде даталы күндерге, белгілі ақын-жазушылардың мерейтойына арналған іс-шаралар өткізіледі.
Мемлекеттік мекемелерде (кәсіпорындарда) мемлекеттік тілде іс жүргізуді енгізу мәселесі "Үздік мекеме", мемлекеттік мекемелер аудармашылары арасында "Үздік аудармашы", қаланың мемлекеттік қызметкерлері арасында қала әкімінің жүлдесі үшін "Үздік маман", Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің конкурстары, республикалық деңгейде "Тазша бала" ақындар айтысы, Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған "Поэзия сағаты", Абай оқулары қарастырылады.
Астана күнін тойлау қарсаңында жас ұрпақтың отансүйгіштік қасиетін арттыру, астананың қазіргі келбетін ашу мақсатында ақындардың "Жыр арқауы - Астана!" атты мүшайрасы өтеді.
Атаулы және маңызды даталарға арналып кеңейтілген іс-шаралар өткізіледі. Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі "Жансарай" клубында жан-жақты талданады.
"Астана хабары" газетінде "Тәрбие басы - тіл" тұрақты айдар жарық көреді.
Ауқымды жұмыстардың бірі - Қазақстан халықтары Тілдерінің күні аясында қалалық тіл фестивалін өткізу. Фестиваль шеңберінде қала аудандарында, ұйымдары мен мекемелерінде мазмұнды әрі алуан түрлі іс-шаралар өтеді.
Фестиваль күндері қаланың мектептерінде тіл апталығы және ұлттық-мәдени орталықтар күндері ұйымдастырылады. Онда оқушылар Қазақстан Республикасы халықтарының тарихымен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрлерімен танысады. Қалалық фестивальға ұлттық мәдени орталықтың өкілдері белсене атсалысып, өнерлері көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді дамытуда оңтайлы қозғалыстар байқалады. Заңның және Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрініс тауып, насихатталады.
Алайда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің іске асырылу деңгейі әлі де төмен. Мемлекеттік қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді мемлекеттік тілде жүргізу деңгейі төмен.
Жоғары тұрған органдармен хат-хабар алмасу, сондай-ақ, мекеме, ұйым мен кәсіпорындар бөлімдерінде іс жүргізу негізінен орыс тілінде жүргізіледі. Осы жұмыс әрі қарай жетілдіруді қажет етеді.
Заң және Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда жүйелі әрі мақсатты жұмыс қажеттігіне сәйкес Астана қаласында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасының жобасы жасалды.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты - мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
мемлекеттік тілдің барлық мемлекеттік мекемелерде негізгі іс жүргізу тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
жергілікті бюджет қаржысы есебінен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамалары тыйым салмайтын басқа да көздерден мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарын ұйымдастыру;
мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми тіл ретінде орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету;
ұлт тілін оқытуда этникалық топ өкілдеріне (диаспораларға) қолдау көрсету;
мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға ықпал жасайтын іс-шаралар ұйымдастыру;
алға қойған мақсаттар мен Бағдарламаның басым бағыттарына қол жеткізу үшін, мемлекеттік тілдің дамуына қолайлы жағдай туғызудың кешенді шараларын жүзеге асыруды қарастыру.
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың
тетіктері мен негізгі бағыттары
Қазақстан халықтарының ұлттық және орыс тілдерін дамыту, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту - Бағдарламаның негізгі бағыттары болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері қаланың мекемелері мен ұжымдарындағы іс-қимылды үйлестіруді қарастыратын ұсынылып отырған іс-шаралар Жоспарында көрініс тапқан.
6. Бағдарламаны қаржыландырудың
қажетті ресурстары мен көздері
2005 жылғы Бағдарлама іс-шараларды қаржыландыру 2005 жылға арналған қала бюджетінің қаражаттар есебінен қарастырылады.
Қаржыландыру көлемі сол жылдарға қаралған бюджетті қалыптастыру кезінде қалалық бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
7. Бағдарламаны іске асырудан
күтілетін нәтижелер
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған қалалық бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асырудан төмендегідей нәтижелер күтіледі:
Астана қаласының жергілікті орындаушы органдарында, департаменттерінде, басқармаларында, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерінде іс жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіруді жүзеге асыру және оның орындалуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік тілді үйрету сапасын арттыру, барлық ұйымдар мен мекемелер қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйрету;
қала мекемелерін аудармашылармен, мемлекеттік тілде іс жүргізетін мамандармен қамтамасыз ету;
көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнама мәтіндерін заңнама талаптарына сәйкестендіру;
балабақшалар мен мектептерде этнопедагогикалық тәрбиені жетілдіру;
қазақ тілінде оқытатын мектептер мен балабақшалардың санын арттыруға ықпал жасау;
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін жетілдіруге ықпал жасау;
сауда, көлік және байланыс, денсаулық сақтау мен тұрмыстық қызмет көрсету, анықтама-ақпарат қызметі салаларында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
басқа да ұлт тілдерінің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.
8. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2007
жылдарға арналған қалалық бағдарламасын
жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - Астана қаласы Мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 355/-45 -ІІІ шешімімен.
1. Нормативтік-құқықтық базаны пайдалану
жөніндегі іс-шаралар
Р/с |
Іс-шаралар |
Аяқта- |
Жауап- |
Орын- |
Болжанған |
Қаржы |
||
2005 |
2006 |
2007 |
||||||
1. |
2. |
3. |
4. |
5. |
6. |
7. |
8. |
|
1. |
"Қазақстан Республика- |
Мәде- |
Қала әкімі- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
2. |
Қазақстан Республика- |
МАСМ- |
Қала- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
3. |
Тілдер ту- |
Астана қаласы әкімі аппа- |
Қала және аудан әкім- |
Жос- |
Қаржы |
|||
4. |
Тексеру қо- |
Ашық тың- |
Тіл- |
Ай сайын |
Қаржы |
|||
5. |
Тіл саясаты |
Астана қаласы әкімі аппа- |
Тіл- |
тоқ- |
Қаржы |
|||
6. |
Қоғамдық жұртшылық өкілдері мен |
Астана қаласы әкімі аппа- |
Тіл- |
Тоқ- |
Қаржы |
|||
2. Мемлекеттік басқару мен іс жүргізу саласындағы тілдердің қолданылуы | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
7. |
Мемлекеттік тілдің бар- |
Жұмыс |
Қала және аудан әкім- |
Жыл |
Қаржы |
|||
8. |
Мемлекеттік тілдің не- |
Астана қаласы әкімі аппа- |
Қала және аудан әкім- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
9. |
"Іс жүргі- |
Семи- |
Тіл- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
10. |
Бірыңғай тіл саяса- |
Астана қаласы әкімі аппа- |
Тіл- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
11. |
Мемлекеттік және басқа да тілдерде |
МАСМ- |
Қала әкімі- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
12. |
Қызметтік міндеттерді орындау үшін мемле- |
есеп |
Қала және аудан әкім- |
Тұ- |
12238 |
12594 |
13199 |
Бір жылға бөлін |
13. |
Мемлекеттік тілді оқыту |
МАСМ- |
"Руха- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
14. |
Жалпы білім |
үш жылда |
||||||
15. |
Қаланың құ- |
Іс қа- |
Қала және аудан әкім- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
16. |
Тіл заңна- маларын жүзеге асыру жө- |
Семи- |
Тіл- |
Жыл |
Қаржы |
|||
17. |
Қала ұйым- |
Есеп |
Тіл- |
Тоқ- |
Қаржы |
|||
18. |
"Қазақстан Республика- |
Семи- |
Тіл- |
Жылы- |
Қаржы |
|||
19. |
Диаспора өкілдерін мектепке дейінгі тәрбие мен ұлт тілде- |
МАСМ- |
Білім депар- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
20. |
Ұлттық мек- |
МАСМ- |
Білім депар- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
21. |
Кәсіптік- |
МАСМ- |
Білім депар- |
Жыл |
Қаржы |
|||
22. |
Жетім және ата-анасы- |
МАСМ- |
Білім депар- |
Жыл |
Қаржы |
|||
23. |
Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілінде оқытып, тәрбиелей- |
МАСМ- |
Білім депар- |
Жыл |
Қаржы |
|||
24. |
Мемлекеттік тілдегі жарнамалар мен көрнекі |
Рейд нәти- |
Тіл- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
24-1 |
Қала және аудан әкімі аппараттары, департаменттер мен басқармалар қызметкерлері мемлекеттік тілде іс жүргізу жөніндегі жұмыста пайдалану үшін қоғам өмірінің түрлі салалары бойынша тиісті сөздік қоры қамтылған үйлестіру материалдарын дайындауға және шығаруға көмек көрсету. |
Ақпарат |
Қала және аудан әкімі аппараттары, департаменттер мен басқармалар |
2007 жылғы мамыр |
Қаржыландыруды талап етпейді |
|||
24-2 |
Мемлекеттік тілде іс жүргізу жөніндегі жұмыста пайдалану үшін қажетті сөздік қоры қамтылған сөздіктерді сатып алу. |
Есеп беру |
Тілдерді дамыту басқармасы |
2007 жылғы мамыр-маусым |
570 мың теңге |
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде |
||
24-3 |
Мемлекеттік тілде іс жүргізетін мемлекеттік қызметкерлер арасында конкурс өткізу. |
Есеп беру |
Тілдерді дамыту басқармасы |
ІІ, ІІІ тоқсандарда 1 рет, ІV тоқсанда 2 рет |
4 млн. 400 мың теңге |
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде |
||
24-4 |
Мемлекеттік тілде іс жүргізу мәселелері бойынша қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету және кеңес беру. |
Ақпарат |
Тілдерді дамыту басқармасы |
Жеке жоспар бойын |
Қаржыландыруды талап етпейді |
|||
24-5 |
Тілдерді оқыту орталықтарының қызметін үйлестіру. |
Ақпарат |
Тілдерді дамыту басқармасы |
Ұдайы |
Қаржыландыруды талап етпейді |
|||
24-6 |
Тәжірибе алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қазақ тілін оқыту әдістемесін зерделеу жөнінде конференция өткізу. |
Ақпарат |
Тілдерді дамыту басқармасы |
2007 жылғы мамыр-маусым |
304 мың 568 теңге |
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде |
||
24-7 |
Тілдерді оқыту орталықтарында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру. |
Ақпарат |
Тілдерді дамыту басқармасы |
Ұдайы |
Қаржыландыруды талап етпейді |
|||
24-8 |
Тілдерді оқыту орталықтарының, жалпы білім беру мектептері мен орта арнайы оқу орындарының базаларында қазақ тілі курстарын ұйымдастыру. |
Есеп беру |
Тілдерді дамыту басқармасы, Білім департаменті |
Жыл бойы |
Қаржыландыруды талап етпейді |
|||
24-9 |
Қазақ тілі курстарының тыңдаушыларына психологтардың қатысуымен дәрістер мен семинарлар өткізу. |
Ақпарат |
Тілдерді дамыту басқармасы, Білім департаменті |
Жыл бойы |
3 млн. 614 мың 016 теңге |
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде |
||
24-10 |
Қазақ тілі сабақтарының тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілде іс жүргізу мәселелері бойынша ғалымдар мен тәжірибелі мамандарды тартумен семинар, тренинг, шебер-класс және "дөңгелек үстелдер" өткізу. |
Есеп беру |
Тілдерді дамыту басқармасы, Білім департаменті |
Жеке жоспар бойын |
4 млн. 237 мың 080 теңге |
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде |
||
24-11 |
Тілдерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану жөнінде іс-тәжірибені қорытындылау бойынша әдістемелік материал (брошюралар) дайындау. |
Тілдерді дамыту басқармасы, Білім департаменті |
Жеке жоспар бойын |
94 мың 200 теңге |
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде |
|||
24-12 |
Қазақ тілінен білім деңгейіне мониторинг, бақылау және бағалау жүргізу үшін автоматтандырылған тестілеу жүйесінің әзірлеуіне ықпал жасау. |
Ақпарат |
Тілдерді дамыту басқармасы |
2007 жылғы мамыр |
Қаржыландыруды талап етпейді |
|||
3. Ғылыми-лингвистикалық тұрғыдан қамтамасыз ету | ||||||||
25. |
Астана қа- |
Алфа- |
Тілде- |
Жыл |
500 |
528 |
553 |
Бір жылға бөлін |
26. |
Астана қа- |
Әкім- |
Аста- |
Жыл |
500 |
528 |
533 |
Бір жылға бөлін |
27. |
Мемлекеттік тілді қоғам өмірінің әр түрлі саласында қолдану жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу. |
Ақпарат |
Тіл- |
Жыл бойы |
624 |
658 |
2 млн. 396 мың 826 теңге |
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде |
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында, мәдениет және халыққа қызмет көрсету салаларында тілдерді дамыту | ||||||||
28. |
"Қазақстан Республика- |
Дайд- |
Хабар, "Эра теле- |
Тұ- |
Жеке |
|||
29. |
Бұқаралық ақпарат құралда- |
Руб- |
Астана |
Тұ- |
Жеке |
|||
30. |
Көлік және байланыс, сауда, ден- |
МАСМ- |
Көлік және байла- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
31. |
Мәдениет департамен- |
Бағ- |
Қала және аудан әкім- |
Жыл сайын |
Қаржы |
|||
32. |
Мәдениет департамен- |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
Қаржы |
|||
33. |
Мәдениет департамен- |
Айтыс |
Тіл- |
Жыл сайын |
Қаржы |
|||
34. |
Тілдерді дамытудың өзекті мә- |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
924 |
975 |
1022 |
Бір жылға бөлін |
35. |
Кітапхана- |
Кітап |
Тіл- |
Тұ- |
Қаржы |
|||
36. |
Әдебиет, өнер және мәдениет қайраткер- |
Кез- |
Тіл- |
Жыл сайын |
468 |
494 |
517 |
Бір жылға бөлін |
37. |
Славян жазуы мен |
МАСМ-ға мере- |
Мәде- |
Жыл сайын |
535 |
564 |
592 |
Бір жылға бөлін |
38. |
Мекеме, ұйым және кәсіпорын- |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
310 |
327 |
343 |
Бір жылға бөлін |
39. |
Қазақстан халықтары тілдері қалалық фестивалі- |
Сал- |
Тіл- |
Жыл сайын |
728 |
768 |
805 |
Бір жылға бөлін |
40. |
Қаланың мемлекеттік мекемелері қызметкер- |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
178 |
188 |
199 |
Бір жылға бөлін |
41. |
Қаланың мектеп оқушылары, КТМ, жоға- |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
178 |
188 |
199 |
Бір жылға бөлін |
42. |
Қаланың мектеп оқушылары арасында шығарма жазу кон- |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
178 |
188 |
199 |
Бір жылға бөлін |
43. |
Қала мек- |
ҰМО мере- |
Тіл- |
Жыл сайын |
117 |
123 |
129 |
Бір жылға бөлін |
44. |
"Үздік жек- |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
178 |
188 |
199 |
Бір жылға бөлін |
45. |
Оралхан Бөкей атын- |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
318 |
335 |
340 |
Бір жылға бөлін |
46. |
"Үздік аудармашы" қалалық конкурсын өткізу |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
286 |
302 |
316 |
Бір жылға бөлін |
47. |
Мектепке дейінгі мекемелер арасында "Кел, балалар, оқылық" бүлдіршіндер мерекесін өткізу |
Бала- |
Тіл- |
Жыл сайын |
128 |
135 |
142 |
Бір жылға бөлін |
48. |
Даталы күн- |
Әдеби -му- |
Тіл- |
Жыл сайын |
Қаржы |
|||
49. |
Қазақстан халықтары тілдері мен мәдениетін насихаттау жөнінде "Қаланың үздік кітап- |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
155 |
164 |
171 |
Бір жылға бөлін |
50. |
Қазақ фоль- |
Театр-лан- Кон- Кон- Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
271 156 187 304 |
286 165 197 321 |
300 172 207 336 |
Бір жылға бөлін Бір жылға бөлін |
51. |
Абай ескерт- |
Поэ- |
Тіл- |
Жыл сайын |
316 |
332 |
349 |
Бір жылға бөлін |
52. |
Пушкин оқу- |
Пуш- |
Тіл- |
Жыл сайын |
312 |
329 |
345 |
Бір жылға бөлін |
53. |
"Қазақ тілі мен әдебие- |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
329 |
347 |
365 |
Бір жылға бөлін |
54. |
"Жыр арқауы Астана!" атты ақындар |
Кон- |
Тіл- |
Жыл сайын |
320 |
338 |
355 |
Бір жылға бөлін |
55. |
Қазақстан халықтары тілдерін дамытуға қолдау жасау үшін бейнероликтер әзірлеп, шығару. |
Ақпарат |
Тілдерді дамыту басқармасы |
Жыл бойы |
7 млн. 290 мың теңге |
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде |
||
56. |
Қазақстан халықтары тілдерін дамытуға қолдау жасау үшін көрнекілік баспа өнімдерін әзірлеп, шығару. |
Ақпарат |
Тілдерді дамыту басқармасы |
Жыл бойы |
3 млн. 640 мың теңге |
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде |
||
57. |
Көлік және байланыс, сауда, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету салаларында және анықтама-ақпараттық қызметте мемлекеттік тілдің қолданылуына жағдай жасау. |
Есеп беру |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, денсаулық сақтау департаменттері, "Астана-телеком"»ҚТО, Анықтама-ақпараттық қызмет |
Жыл бойы |
Қаржыландыруды талап етпейді |
|||
58. |
Тілдерді оқыту орталықтарының мекен-жайы көрсетілген пилондар, басқа да көрнекі ақпаратты орналастыру. |
Есеп беру |
Аудан әкімдері аппараттары |
Жыл бойы |
4 млн. теңге |
Жергілікті бюджет қаражаты шегінде |
||
Барлығы: |
20738 |
21562 |
53144 |