Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2007.12.12 N 27/6-IV шешімімен.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласы әкiмдiгi ұсынған Астана қаласының бiлiм беру жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасын қарап, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТI:
"Астана қаласының бiлiм беру жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасы" бекiтiлсiн.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшы
Астана қаласының бiлiм беру жүйесiн
дамытудың 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасына
КЕЛIСIM ПАРАҚ
"Астана қаласының
Бiлiм департаментi"
мемлекеттiк мекемесiнiң
бастығы
"Астана қаласының
Қаржы департаментi"
мемлекеттiк мекемесiнiң
директоры
"Астана қаласының
Экономика, сауда және
кәсiпкерлiк департаментi"
мемлекеттiк мекемесiнiң
директоры
"Астана қаласының
Күрделi құрылыс департаменті"
мемлекеттiк мекемесi
директорының мiндетiн атқарушы
Астана қаласы мәслихатының
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 108/15-III шешімімен
бекітілді
Астана қаласының білім беру жүйесін
дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана - 2004 жыл
1-бөлім
Бағдарламаның төлқұжаты
Бағдарлама атауы Астана қаласының білім беру жүйесін дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентінің
әзірлеуге қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы
негіздеме Үкіметінің 2004 жылғы 5 мамырдағы N 01-8.2
"2004 жылы Астана қаласын дамыту мен құрылыс
салу жөніндегі міндеттері туралы" мәжілісінің
хаттамалық шешімі.
Астана қаласы жаңа орталығы құрылысының
барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік
комиссияның 2004 жылғы 29 маусымдағы
N 11-7/007-134 отырысының хаттамалық шешімі.
Бағдарламаны Астана қаласының Білім департаменті.
әзірлеуге
жауапты
мемлекеттік орган
Бағдарламаның Астана қаласының білім беру жүйесін тиімді
мақсаты дамыту үшін жағдай жасау, әрекеттегі білім
беру объектілерін сақтау және кеңейту, білім
беру үдерісін жетілдіру, білім беру
ұйымдарының материалдық-техникалық базасын
нығайту.
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Президенті Н.
міндеттері Назарбаевтың Қазақстан халқына "Бәсекеге
қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті
экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін"
жолдауын іске асыру жөніндегі білім
саласындағы іс-шаралар жоспарын орындау. Білім
ұйымдарындағы тапшы орындар санын азайту.
Білім ұйымдарының материалдық-техникалық
базасын нығайту. Тұлғаның жан-жақты дамуына
оңтайлы жағдай жасау. Айрықша санаттағы
балалардың, оның ішінде кемтар балалардың
білімге сұранымын қамтамасыз ету. Білім беру
жүйесін ақпараттандыру үдерісін жетілдіру.
Бағдарламаны іске 2005-2007 жылдар.
асыру мерзімдері
(кезеңдері)
Бағдарламаны Бағдарламаны 2005-2007 жылдары қаржыландыру
қаржыландыру көлемі жергілікті және республикалық бюджеттердің
мен көздері қаражаттары және Қазақстан Республикасының
заңнамаларында тыйым салынбаған басқа да
көздер есебінен жүзеге асырылатын болады.
2005 жылы республикалық бюджеттен - 3417,4
млн. теңге; жергілікті бюджеттен - 1489,5.
2006 жылы - 4196,0 (республикалық бюджет);
2083,1 (жергілікті бюджет)
2007 жылы - 2117,8 (республикалық бюджет);
3559,0 (жергілікті бюджет) 2005-2007 жылдары
Бағдарламаны іске асыруға қажетті бюджет
қаражаттарының көлемі жыл сайын тиісті қаржы
жылына арналған бюджеттерді қалыптастыру
кезінде нақтыланатын болады.
Күтілетін нәтижелер Астана қаласының білім беру жүйесін тиімді
дамыту үшін жағдай жасау.
Білім беру объектілеріндегі тапшы орындар
санын азайту.
Нәтижеге бағытталған сапалы, бәсекеге
қабілетті білім беру мүмкіндігі мен
міндеттілігін қамтамасыз ету.
Қаланың білім беру жүйесіндегі мекемелер мен
кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын
нығайту.
Айрықша санаттағы балалардың, оның ішінде
кемтар балалардың білім алу сұранымын
қамтамасыз ету.
Педагогикалық ұжымдардың зерттеу,
ғылыми-әдістемелік және инновациялық
іс-әрекетін жандандыру.
Бағдарламаны іске асыру болжамдары:
2005 жыл
әрқайсысы 1200 орындық 5 мектеп*, 400 орындық
1 мектеп, 280 орындық 1 балабақша, 240 орындық
1 балабақша.
2006 жыл
әрқайсысы 1200 орындық 2 мектеп, 375 орындық 1
түзету мектеп-интернаты, Балалар үйіне 4
тұрғын үй корпусы, 180 орындық және 240
орындық 2 балабақша, N 13 мектепке 400
орындық қосымша құрылыс.
2007 жыл
1200 орындық 1 мектеп, әрқайсысы 280 орындық 3
балабақша, 800 орындық 1 кәсіптік мектеп.
* Қараөткел кентінде 1200 орындық мектеп
құрылысы 2004 жылы аяқталған жоқ, объектіні
іске қосуға тапсыру 2005 жылға қалдырылды.
2-бөлім
Кіріспе
Астана қаласының білім беру жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) дайындау Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін" жолдауынан, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасынан туындаған.
Бағдарламаны әзірлеуге негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 мамырдағы N 01-8.2 "2004 жылы Астана қаласын дамыту мен құрылыс жөніндегі міндеттер туралы" кеңесінің хаттамалық шешімі, Астана қаласы жаңа орталығының құрылыс барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2004 жылғы 29 маусымдағы N 11-7/007-134 отырысының хаттамалық шешімі болып табылды.
Қаланың білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын құру білім
беру ұйымдарының желісін дамыту және кеңейту жөніндегі ұйымдастыру-экономикалық мәселелерде кешенді және мақсатты
шараларды әзірлеу қажеттілігінен туған.
Аталған Бағдарламаның қызметі білім беру саласындағы мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі нақты іс-қимылды мақсатты іске асыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін" жолдауын орындау жөнінде барлық деңгейде іс-әрекетті үйлестіру және салааралық ынтымақтастық негізінде жергілікті атқару органдары іс-әрекетінің басым бағыттары ретінде тұрғындарының өздерінің қатысуымен орындау сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, қаланың білім беру жүйесінің қызмет ету беталысын сақтауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама Астана қаласының нақты экономикалық және әлеуметтік ахуалын кешенді бағалауға негізделген және Астана қаласы әкімдігінің елорданың білім беру жүйесінің проблемаларын шешу жөніндегі көзқарасын көрсетеді.
3-бөлім
Қаланың білім беру жүйесінің жай-күйін талдау 1-тарау
Білім беру жүйесі
Астананың білім беру кеңістігі мақсатты және кезең-кезеңмен құрылуда, баланың жеке басының дамуы, балаларды әлеуметтік-психологиялық қорғау, білім беру сабақтастығы мен үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Астана қаласының білім беру жүйесін 139 ұйым құрайды, оның ішінде 114 мемлекеттік және 24 мемлекеттік емес оқу орны, оған:
53 жалпы білім беретін мектеп (58,6 мың оқушы), олардың ішінде 5 лицей және 2 гимназия, дарынды балаларға арналған 2 мектеп-интернат (ұлдарға және қыздарға арналған қазақ-түрік лицейлері);
10 мемлекеттік емес мектеп, оның ішінде 4 "мектеп-балабақша" кешені;
35 мектепке дейінгі ұйым;
5 кәсіптік мектеп және 4 колледж, 14 мемлекеттік емес колледж;
8 қосымша білім беретін ұйым, оның ішінде: Оқушылар сарайы, үш музыка мектебі, Өнер мектебі, Балалар көркемсурет мектебі, Спорттың ойын түрлері бойынша спорт мектебі, "Арман" сауықтыру-спорт лагері;
1 балалар үйі;
1 кәмелетке толмаған балаларға арналған пана;
1 арнайы түзету мектеп-интернаты;
1 кешкі мектеп;
1 Астана қаласы білім жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты;
1 Астана қаласының білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы;
1 психологтік-медициналық-педагогикалық консультация;
1 оңалту орталығы;
1 әдістемелік кабинет;
1 орталықтандырылған бухгалтерия.
Бұдан басқа 14 аула клубтары жұмыс істейді.
Соңғы екі жылда желі 6 білім беру ұйымына артты. Оқушылар контингенті 1998 жылмен салыстырғанда 11400 адамға артты немесе оқушылар санының өсуі жыл сайын 1900 баланы құрайды.
Білім департаменті қызметінің міндеті: білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағытын іске асыру, Астана қаласындағы білім беруді дамытудың негізгі стратегиялық бағытын белгілеу, оқушының тұлғалық әлеуетіне сәйкес білім деңгейін алу үшін жағдай жасау болып табылады.
"2000-2005 жылдарға арналған астаналық білім" бағдарламасы, Бастауыш және орта кәсіптік білім беруді дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы, мектеп оқушыларын тәрбиелеудің қалалық бағдарламалары жүзеге асырылуда.
2-тарау
Мектепке дейінгі білім беру
Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие үдерісі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселесі білім беру саясатының басым бағыты арасындағы ең бастысы болып табылады.
Қаланың білім беру жүйесінде 35 балабақша бар, бес "мектеп-балабақша" кешенінде 18 топ, "ҚазТрансОйл" қарамағында 170 орындық ведомстволық бір балабақша, мемлекеттік емес меншік нысанындағы мектептер базасында 13 мектепке дейінгі топтар: "Наследник", "Голубой парус", "Мирас", Үздіксіз білім беретін халықаралық колледж. Оларға қамтылғандар 36,6 % (республика бойынша 19,1 %), 1999 жылы 33,6 % болған.
Толық мемлекет қарамағындағы мамандандырылған мектепке дейінгі мекемелер бар: 115 бала баратын туберкулезге қарсы N 28 санаториялық балабақша, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған N 58 мамандандырылған балабақша, онда 212 бала тәрбиеленуде, мұның бірегейлігі емдеу-сауықтыру кешендерінің тәртіптемелерін жүргізу есебінен ауру балалардың көру қабілетін операция жасамай-ақ қалыпқа келтіру болып табылады.
Басқа да жалпы пайдаланымдағы мектепке дейінгі ұйымдарда 266 баланы қамтыған 18 мамандандырылған топтар жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі және денсаулығын нығайту жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізілуде: тоғыз балабақшада бассейн, жиырма төрт балабақшада - дене шынықтыру залдары, тоғыз физиокабинет, дене шынықтыру-сауықтыру бейініндегі жеті бақша жұмыс істейді.
Кейбір балабақшаларда материалдық-техникалық база заман талаптарына сәйкес келмейді.
2005 жылы бюджеттің болжамды көлемі шегінде мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 31,4 млн. теңге бөлу қарастырылуда.
Барлық мектепке дейінгі ұйымдар кадрлармен жасақталған, арнайы педагогикалық білімі бар 818 педагог жұмыс істеуде, оның ішінде 30 % - жоғары білімді педагогтар.
Мектепте оқытуға балалардың бірыңғай мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен толық қаржыландырылатын балабақшалардың барлығында 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлығы жүргізіледі. Мектепалды даярлығына 5149 адам қамтылған, бұл 5-6 жастағы балалардың жалпы контингентінің 59,2 % құрайды, 1999 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21,2 % артты (1 қосымша, 1 диаграмма).
Мектепке дейінгі ұйымдардың жобалық қуаты - 7207 орындық, ондағы балалар контингенті - 9863 (1 қосымша, 2, 3 диаграммалар).
Халықтың көптеп көшіп келуінен балабақшалардағы балалар саны 2472 баланы құрады. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшін кезектегілер саны 3500 бала (1 қосымша, 4, 5 диаграммалар).
Әр жыл сайын мектепке дейінгі мекемелерге деген қажеттілік артатын болады, өйткені қаладағы демографиялық ахуалды талдау туудың өсуін көрсетуде: 2002 жылы туылғандар саны - 5540, 2003 жылы - 6449.
Жергілікті билік органдары мектепке дейінгі ұйымдардағы тапшы орындарды азайту мақсатында әрқайсысы 40-75 орындық, тұрғын-үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан, ең болмағанда 20 мектепке дейінгі мини-орталықтар ашуды жоспарлаған. Аталған тапсырманы орындауды Білім департаменті Сәулет және қала құрылысы департаментімен бірлесіп іске асыруда. Құрылыс салушылардың әрқайсысы қарастырылған нормаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға салынып жатқан тұрғын-үй, кешендерден белгілі пайызда тұрғын алаңдарын бөледі.
2005-2007 жылдарға арналған білім беру объектілерінің жергілікті инвестициялық жобалары тізбесінің жобасына жеті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын салу және іске қосу жоспарлануда.
Мектепке дейінгі ұйымдарға бару мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының балалары, мүгедек аналардың балалары, көп балалы отбасыларының балалары үшін жеңілдікпен ақы төлеуді белгілеу жоспарлануда.
3-тарау
Орта білім беру
Қала мектептерінде және дарынды балаларға арналған екі мектеп-интернатында 58,2 мың бала оқиды. Қаланың білім беру желілерінің сипаты оның саралануы: жаңа үлгідегі 7 мектеп жұмыс істейді, гимназиялық және лицей сыныптары бар мектептер саны 5,9 % артты. Білім мотивациясы жоғары балалармен тиімді және мақсатты жұмыстар жүргізу үшін дарынды балаларға арналған "Зерде" мектебін ашу қажет.
Эксперимент және инновация режимінде 28 мектеп жұмыс істейді. 2004-2005 оқу жылынан қаланың 20 мектебінде 2-сыныптан ағылшын тілін оқытуды енгізу жоспарланған. 12-жылдық білім беруді енгізу жөніндегі экспериментте 8 мектеп: 1-ші сыныптан 5 мектеп, 1-2-сыныптан 3 мектеп жұмыс істейтін болады.
N 9 гуманитарлық-экономикалық лицейдің және N 48 қазақ мектеп-гимназияның жетінші сыныптарында көп тілде оқыту енгізілуде.
5-6-сыныптарда қазақ әдебиетін мемлекеттік тілде оқытуға жүйелі көшіру курсы белгіленді.
Білім департаменті, педагогикалық ұжымдар оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі халықаралық, республикалық іс-тәжірибені үйрену жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Білім саласында ынтымақтастық туралы шарт Қазақстанның жеті аймағымен, Мәскеу қаласының білім департаментімен, Санкт-Петербург қаласының педагогикалық білім беру шеберлік университетімен, Европалық балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты мекемелері қауымдастығымен (Польша) жасалған.
Білім беру сапасын арттыру - қаланың барлық білім жүйесінің басты міндеті.
Оқушылардың білім сапасы көрсеткіштерінің бірі интеллектуалдық конкурстар, олимпиадалар, ғылыми жобалар жарыстарындағы түрлі жеңістер болып табылады.
2004 жылы мектеп оқушыларының Республикалық олимпиадасында Астана қаласының командасы үшінші орын алды және "Таңдаулы олимпиадалық команда - 2004" атағына лайық деп танылды. Өткен (2002-2003) оқу жылы ғылыми жобалар жарыстарында қаланың мектеп оқушылары командасы республикада екінші орынға лайық деп танылған.
Сонымен қатар, жеке тұлғаға бағдарлы білім беру мен тәрбиелеу үшін тереңдетілген бейіндік мектептердің жұмысы үшін тиісті жағдай жоқ. Сондықтан тапшы орындар санын азайтуға алып келетін, сабақ бір ауысымда болатын жаңа үлгідегі мектептер саны көбірек болуы қажет.
Мектеп бітірушілердің жоғарғы оқу орнына түсу нәтижелері мектеп оқушыларының білім сапасын көрсетеді: 2002 жылы жоғарғы оқу орнына түсу пайызы 66,8 %, 2003 жылы - 72,9 %, 2004 жылы - 84,3 % құрады. 2003-2004 оқу жылы 3691 түлектің 40-ы "Алтын белгі" белгісімен айрықша үлгідегі аттестат, 24 - үздік аттестат алды. Салыстыру үшін: бес жыл бұрын "Алтын белгі" белгісін 1 түлек, өткен оқу жылы - 17 түлек ие болды (1 қосымша, 6 диаграмма).
Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша Астана қаласының мектеп бітірушілері ҰБТ орташа балы бойынша (61,2 балл) республика бойынша бірінші орын алып, ең үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Жоғарыда көрсетілген нәтижелерге білім беру ұйымдарына қажетті оқу-ақпарат, оқу-әдістемелік базаларды құру, оның ішінде оқулықтармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені нәтижесінде қол жетті. 1-8 сыныптардың оқушылары жаңа буын оқулықтарымен толық қамтамасыз етілді. Оқулықтар мен көркем әдебиеттерді сатып алу үшін жыл сайын қаражат жеткілікті бөлінеді. Мектеп кітапханаларындағы оқулықтар қоры 1130600 оқулықты құрайды. Мектеп кітапханалары анықтамалық әдебиеттермен, Қазақстан тарихы және мәдениеті жөніндегі (сомасы 12 млн. теңге) әдебиеттермен толықтырылды.
Қаланың білім беру жүйесінде 4978 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 3923 - жоғары білімді (78,8 %). 1312 (26 %) жоғары санатты, 1469 (29 %) бірінші санатты мұғалімдер. 2004 жылы 152 мұғалім жоғары және бірінші санатқа аттестациядан өтті.
Мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде 1266 мұғалім жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп, оның ішінде жоғары білімділері 1017 (80,3 %).
2004 жылдың 1 қаңтары мен 1 шілде аралығында бюджет қаражаты есебінен 580 педагог, оның ішінде мемлекеттік тілде - 197, орыс тілінде - 383 адам курстық қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Мына пәндер бойынша мұғалімдер жетіспейді: информатика, ағылшын тілі, дене тәрбиесі, алғашқы әскери даярлық, математика (орыс және қазақ тілдерінде оқытатын), химия, география (орыс тілінде оқытатын), бастауыш сыныптар (орыс тілінде оқытатын).
Бүгінгі күні 1400 мұғалім баспанаға мұқтаж. Білім департаментінің қарамағында жатақхананың болмауынан, қалада пәтердің қымбат болуынан астаналық білім ұйымдарында жұмыс істегісі келетін талантты басшылар мен педагогикалық тәжірибесі мол педагогтар жұмысқа кіре алмауда.
Білім департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі міндеттерінің бірі - жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларының балаларының балаларын әлеуметтік қорғау. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа "Қазақстан - 2030" жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру аясында тоқсан сайын білім беру ұйымдарына жаппай оқу қорына қаражат (жалпы қаржыландырудан 1 %) аударылады. Жоғарыда аталған санаттағы балалар, 1-4 сынып оқушылары (2003 жылы 2869 оқушы, 2004 жылы 3139 оқушы) үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылады. Бүгінгі күні ыстық тамақпен оқушылардың 24 %, қоғамдық тамақпен 42,6 % қамтылған, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 10 % жоғары.
Қаланың шеткері аймақтарынан N 10, 21, 40, 41, 44, 49 мектептерге балаларды (барлығы 274 оқушы) тасымалдау ұйымдастырылған ("Мектеп автобусы" бағдарламасы).
Көп балалы отбасыларының балалары қалалық көлікте тегін жүретін жол жүру билеттерімен, оқулықтар мен оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. 2004 жылы 12756 жол жүру билеті берілді.
Жұмыс істеп жатқан білім беру мекемелері: балалар үйі, кәмелетке толмаған балаларға арналған пана, арнайы түзету мектеп-интернатында 600 бала тұрады, барлық мұқтаж балаларды қамти алмайды. Осыған байланысты балалар үйіне қосымша 2006 жылы 4 коттедж салынатын болады.
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы орындалуда. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны екі бірлікке артты, барлығы 13 мектеп. N 48 орта мектеп жаңа ғимаратқа кірді. Тұрғындар қажеттілігін талдау барысы жаңа ашылатын мектептердің барлығы мемлекеттік тілде оқытатын болуы тиіс.
Оқушылардың жалпы санынан мемлекеттік тілде 20 мың оқушы немесе 34,9 % (өткен жылы 19,1 мың немесе 33,5 %) оқиды.
2003 жылы Астана қаласының білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы (БЖАҒӘО) ашылды, бұл оқыту үдерісін жетілдіруге, оның мазмұнын компьютер бағдарламасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бірақ Ақпараттандыру орталығының алдында тұрған міндеттерді шешу үшін оларға өз ғимараттары болуы қажет.
4-тарау
Жалпы білім беретін мектептердің
материалдық-техникалық базасы
Мектептердің 88,7 % үлгілік ғимараттарда орналасқан, бейімделген орын-жайларда 11,3 % (6 мектеп) орналасқан.
Тоғыз мектепте сабақ үш-төрт ауысымда жүргізіледі (1 қосымша, 7, 8 диаграммалар).
1998-2004 жылдар аралығында қаладағы тұрғындар саны 61 % артты, оқушылар саны 77,8 % өсті, ал орын саны тек 9 % ғана артты. Оқушылар санының өсуі орын санынан асып түсуде, осыған байланысты мектептер салуға қажеттілік бар. Тапшы орындар саны 17,4 мың орынды құрайды (1 қосымша, 9 диаграмма).
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін" жолдауын орындау барысында қалада толық құнды сапалы білім алуға жағдай жасау жөнінде республикалық бюджеттің мақсатты инвестициялық трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті инвестициялық жобалар тізбесіне, сондай-ақ 2005-2007 жылдарға арналған басымдық жергілікті инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес Астана қаласында әрқайсысы 1200 орындық жалпы 7 білім беретін мектеп, 400 орындық 1 мектеп берілетін болады.
Білім департаменті балалардың жазғы кезеңдегі бос уақыты мен сауықтыруды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Жазғы кезеңде түрлі іс-әрекет түрлерімен қамту: 2001 жылы - 70 %, 2002 жылы - 72 %, 2003 жылы - 76 %, 2004 жылы - 92,2 % - 45, 2004 - 48-ке өсті.
Қала сыртындағы лагерлерді ашу және кеңейту жөнінде мақсатты жұмыс жүргізілуде. 2000 жылдан Балалар үйінің "Боровичок" лагері жұмыс істейді, 2001 жылдан Тай төбедегі палаткалы лагерь, "Батыр" туристік лагері жұмыс істейді, 2003 жылы қала сыртындағы "Арман" спорт-сауықтыру лагері" ашылды.
Мектептен тыс қосымша білім 8 мектептен тыс ұйымда, 14 аула клубында беріледі, онда 10955 оқушы (оқушылардың жалпы санының 18,3 %) бар, балалар мен жасөспірімдермен тұрғылықты жері бойынша жұмысты жақсарту мақсатында аула клубтарының желісін кеңейту қажеттілігі бар.
Балалар ынта-ықыластарын талдауды ескере отырып, политехникалық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында қалада жас туристер стансасын, Техникалық шығармашылық орталығын, Өнер мектебін, Н. Караченцовтың өнер мектебіне ұқсас мектептер ашу қажет.
5-тарау
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру
Қаланың кәсіптік білім беру жүйесін 27 кәсіптік ұйым, оның ішінде Білім департаментіне қарасты мемлекеттік кәсіптік ұйым - 9. Оқыту 24 мамандық және 13 жұмысшы кәсіптері бойынша қаланың түрлі салалары үшін жүргізіледі. Жұмысшы кәсіптеріне деген сұранысты орындау мақсатында кадрларды даярлау қысқа мерзімді курстар, жеке меншік курстық комбинаттар арқылы жүргізіледі, олардың саны 35 мекемені құрайды.
Астананың қоныс аударуы кезінде екі кәсіптік мектеп қысқартылды. Көлік және коммуникациялар колледжі мен N 5 кәсіптік мектептің ғимараты мен орын-жайлар кешені мемлекеттік мекемелерге берілді. Бүгінгі күні олардың өз базалары жоқ, оқу-өндірістік үдерісін жалға алып отырған орын-жайларда өткізуде.
6-тарау
Мемлекеттік емес білім беру ұйымдары
Қалада білім беретін мемлекеттік емес секторды 10 мектеп пен 14 колледж құрайды, 2002 жылы 9 мектеп пен 13 колледж болған. Мектептерде 1186 оқушы білім алады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 109 балаға көп. Бұл мектептер үлкен даралау және оқытудың вариациялық мүмкіндігін кеңейтуде.
7-тарау
Білім беру жүйесінің проблемалары
және оларды шешу жолдары
Мектепке дейінгі ұйымдардағы бала саны 2,5 мыңнан астам, кезекте тұрғандар саны үш мыңнан астам. Осыған байланысты кемінде 3500 орынды қамтамасыз ететін мектепке дейінгі ұйымдар салу қажет.
Оқушылардың тапшы орындары 14298 құрайды, 11 мектеп 3-4 ауысымда жұмыс істейді. Педагогикалық ұжымдардың осындай жағдайда жеке тұлғаны бағдарлы оқыту үшін жеткілікті мүмкіндіктері жоқ. Проблеманы шешу кемінде 17 мектеп салу және іске қосу кезінде мүмкін болады.
1400 мұғалім баспанаға мұқтаж. Мұғалім мамандығын таңдаған талантты жастарды орнында қалдыруға, мұғалімнің мәртебесін көтеруге жеңілдікпен берілетін ипотека, жеңілдікпен берілетін несие, ведомстволық жатақхана және басқа да шаралар көп көмек болар еді. Осы проблемаларды шешу мақсатында қаланың Тұрғын үй департаментіне кезекке тұру кезінде қосымша жеңілдіктер жасау және мұғалімдерге муниципалдық баспана беру қажет.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін жасалған жағдай жеткіліксіз түрде, оның ішінде Білім жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты және білім жүйесін ақпараттандыру орталығы ғимаратының жоқтығынан заман талаптарына сәйкес (қаланың 4767 педагогтан кемінде жылына 15-20 %) білім беру жүйесіндегі кадрларды даярлау және қайта даярлауды жақсарту жөніндегі алға қойған міндеттерді жүзеге асыру тек педагогтардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты 940-тан 1200-ге дейін арттырғанда ғана мүмкін болады.
Қалада жұмыс істейтін қосымша білім беретін ұйымдары балалар мен жасөспірімдер контингентін толық қамту үшін жеткіліксіз.
Дарынды жастармен жұмыс белгілі жағдайларды талап етеді.
Бұл проблемаларды шешу үшін дарынды балаларға арналған "Зерде" мектебін құру, жас туристер стансасын, Техникалық шығармашылық мектебін, өнер мектебін ашу қажет.
4-бөлім
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты Астана қаласының білім беру жүйесін тиімді дамыту үшін жағдай жасау, қолданыстағы білім беру объектілерінің желісін сақтау және кеңейту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
Білім беру ұйымдарындағы тапшы орындар санын азайту;
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
Тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау;
Балалардың айрықша санаттарының, оның ішінде кемтар балалардың білімге сұранымын қамтамасыз ету;
Білім беру жүйесін ақпараттандыру үдерісін жетілдіру болып табылады.
5-бөлім
Бағдарламаның негізгі бағыттары және
оларды іске асыру механизмдері
Бағдарламаның басты бағыттары:
кадрларды даярлау және қайта даярлау сапасын арттыру;
ата-аналардың мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу саласындағы білім қызметтеріне сұранымын қамтамасыз ету;
мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін және бастауыш-кәсіптік мектептер желілерін кеңейту;
құрылыс компаниялары инвестициясының есебінен тұрғын-үйлердің бірінші қабаттарынан 2005-2007 жылдары әрқайсысы 40-75 орындық мини-балабақшалар ашу;
2005-2007 жылдарға арналған басымдық жергілікті инвестициялық тізбелер жобасына сәйкес 280 орындық төрт мектепке дейінгі ұйымдарды салу мен іске қосу, 240 орындық екі балабақша, 180 орындық бір балабақша, N 13 орта мектепке 400 орындық қосымша құрылыс салу;
басымдық жергілікті инвестициялық тізбелер және республикалық бюджеттің мақсатты инвестициялық трансферттері есебінен 2005-2007 жылдарға арналған жергілікті инвестициялық тізбелер жобасына сәйкес 1200 орындық 8 мектеп және 400 орындық 1 мектеп, 800 орындық кәсіптік мектеп, Балалар үйіне төрт тұрғын үй корпусын, 375 орындық бір түзету мектеп-интернатын салу және іске қосу жоспарлануда;
жаңа мектептер салу есебінен тапшы орындар санын азайту;
оқу орындарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту;
білім беру жүйесін ақпараттандыру үдерісін жетілдіру, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу;
түрлі санаттағы балалардың (дарынды балалар, кемтар балалар) білімге сұранымын қамтамасыз ету.
6-бөлім
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландыру қарастырылуда (млн. теңге):
2005 жылы республикалық бюджеттен - 3417,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 1489,5. 2006 жылы - 4196,0 (республикалық бюджет), 2083,1 (жергілікті бюджет). 2007 жылы - 2117,8 (республикалық бюджет), 3559,0 (жергілікті бюджет).
Астана қаласының білім беру желісін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына аталған Бағдарламаны іске асыруға мүмкіндік беретін, республикалық бюджеттің мақсатты инвестициялық трансферттері есебінен қаржыландырылатын 2005-2007 жылдарға арналған жергілікті инвестициялық жобалар тізбесінен және басымдық жергілікті инвестициялық жобалар тізбесінің жобасынан іс-шаралар енгізілген.
7-бөлім
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Балалардың барлық санаты үшін сапалы білімге қолжетімділік пен міндеттілік қамтамасыз етіледі.
Тапшы орындарды азайту:
қала мектептерінде 10000 орындық 9 жаңа мектеп, 400 орындық бір қосымша құрылыс және 375 орындық түзету мектебін салу есебінен;
кәсіптік мектептерде 800 орындық кәсіптік мектеп салу мен іске қосу есебінен;
балабақшалар 1780 орындық 7 балабақша салу есебінен;
балалар үйінде 4 тұрғын үй корпустарын салу есебінен;
айрықша балалар санатының білім алу сұранымдарын қанағаттандыру;
дарынды балаларға арналған 120 орындық "Зерде" мектебін ашу есебінен;
кемтар балаларға арналған 375 орындық арнайы түзету мектеп-интернатын ашу есебінен жүргізіледі.
Жас туристер стансасын, Техникалық шығармашылық орталығын, өнер мектебін ашу қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейтуге, жастарға политехникалық білім беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білім беру жүйесіндегі мекемелер мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту оқу-тәрбие үдерісін астаналық деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Астананың сапалы білім беру инфрақұрылымы жасалады.
Білім беру ұйымдарының білім алуға қолжетімділік пен білім сапасы жөнінде мониторингтік іс-әрекетінің механизмдері бойынша жұмыс жасау.
8-бөлім
Астана қаласының білім беру жүйесін дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шаралар |
Аяқталу |
Орын- |
Орын- |
Бол- |
Қаржы- |
1. Ұйымдастыру-басқару іс-әрекеті | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1.1. |
12 жылдық орта |
Білім |
Астана |
2005 |
Талап |
|
1.2. |
Педагогикалық |
Білім |
Астана |
2005 |
Талап |
|
1.3. |
"Білім туралы" |
Қазақ- |
Астана |
2006 |
Талап |
|
1.4. |
Астана қаласы |
Әкімдік |
Астана |
2005 |
Талап |
|
1.5. |
Барлық тұрғын- |
Нұсқау- |
Астана |
2005 |
Талап |
|
1.6. |
Бірыңғай ста- |
Білім |
Астана |
2005 |
Талап |
|
1.7. |
Білім департа- |
Желі |
Астана |
2007 |
Талап |
|
1.8. |
Білім беру ұйым- |
Білім |
Астана |
Жыл |
114,1 |
Жергі- |
2. Материалдық-техникалық базаны нығайту және қалыптастыру |
||||||
2.1. |
Жаңадан іске |
Әкімдік |
Астана |
Жыл |
986,6 |
Рес- |
2.2. |
Орта жалпы |
Білім |
Астана |
Жыл |
305,0 36,9 |
Жергі- Рес- |
2.3. |
Орта білім |
Білім |
Астана |
Жыл |
30,0 |
Рес- |
2.4. |
Мемлекеттік |
Білім |
Астана |
Жыл |
459,3 259,4 |
Жергі- Жергі- |
2.5. |
Білім жүйесін- |
Білім |
Астана |
Жыл |
12,0 |
Рес- |
2.6. |
Бастауыш кәсіп- |
Білім |
Астана |
Жыл |
53,6 |
Рес- |
2.7. |
Білім беру |
Қазақ- |
Астана |
Жыл |
5214,0 |
Жергі- |
2.8. |
Республикалық |
Қазақ- |
Астана |
Жыл |
8483,3 |
Рес- |
2.9. |
Білім ұйымдары |
Әкімдік |
Астана |
Жыл сайын |
1029,2 |
Жергі- |
2.10. |
Құрылыс компа- |
Әкімдік |
Астана |
Жыл сайын |
Талап |
Инвес- |
2.11. |
Орта білім |
Білім |
Астана |
Жыл сайын |
11,1 |
Рес- |
2.12. |
Мамандандырыл- |
Білім |
Астана |
Жыл сайын |
2,6 |
Жергі- |
Жиынтығы: |
2005- |
16862,8 |
Ескерту: 2006, 2007 жылдарға арналған іс-шараларды
қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылының республикалық және
жергілікті бюджеттері шығыстарын болжау кезінде нақтыланатын
болады.
Астана қаласының білім
беру жүйесін дамытудың
2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасына
1 қосымша
1 диаграмма
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
2 диаграмма
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
3 диаграмма
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
4 диаграмма
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
5 диаграмма
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
6 диаграмма
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
7 диаграмма
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
8 диаграмма
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
9 диаграмма
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз