Зерендi ауданының елдi мекендерiнде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ережесiн бекiту туралы

Зеренді аудандық мәслихатының 2004 жылғы 27 сәуірдегі N 8-44 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 14 мамырда N 2514 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 27-173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 09.04.2010 № 27-173 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Зерендi аудандық Мәслихаты ШЕШТI:
      1. Зерендi ауданының елдi мекендерiнде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ережесi бекiтiлсiн (қоса берiледi).
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы               Аудандық мәслихаттың хатшысы

Аудандық Мәслихаттың
2004 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 8-44 шешiмiне қосымша

Зерендi ауданы елдi мекендерiнде ауыл шаруашылығы
жануарларын ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер Зерендi ауданы аумағында ауыл шаруашылық үй жануарларын ұстауды белгiлеу мақсатында әзiрленiп, жеке және заңды тұлғалардың осы Ережелердi бұзған үшiн жауапкершiліктерiн белгiлейдi.
      2. Ережелер меншiк түрiне қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
      3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы" Кодексiне және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзiрленген.
      4. Осы Ережелердiң сақталуын бақылауды ережелердi сақтамаған тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту мәселелерiн шешетiн аудандық iшкi iстер бөлiмi мен ветеринарлық қызмет жүзеге асырады.

2. Ауыл шаруашылық үй жануарларын ұстау

      5. Үй жануарлары аулада көршiлерге кедергi келтiрмейтiн арнайы бөлiнген жайларда ұсталуы тиiс.
      6. Ауыл шаруашылық жануарлар иелерi оларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға мiндеттi.
      7. Мал тұратын жайлар тоқсан сайын әктелiп, жылына кем дегенде бiр рет залалсыздандырады. Қилар, жем-шөп қалдықтары, қоқыстар арнайы бөлiнген орындарға уақытында төгiлiп тұрады.
      8. Малдардың көшелерде, алаңдарда, скверлерде, парктерде және басқа қоғамдық пайдалану орындарында жүруiне тыйым салынады.

3. Жануар иелерiнiң мiндеттерi

      9. Жануарлар иесiнiң мiндеттерi:
      1) жануарларды биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес ұстау, оларға мейiрiмдiлiкпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке жүгiну;
      2) жануарларды осы Ереже талаптарына сай қалыпта ұстауды қамтамасыз ету;
      3) Қоршаған орта қауiпсiздiгiн және тыныштық пен санитарлық ережелердi сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
      4) Қоғамдық пайдалану орындарын ластауды болдырмау;
      5) жануарлар өлекселерiн кез-келген жерге тастамау, жануарлар өлекселерi жойылуы тиiс.
      10. Жануарлар мен құс иелерi жануарлардың нәжiстерiн жүйелi түрде жинастырып, төгулерi немесе жоюлары керек.
      11. Жануарлардың иелерi паразиттi насекомдар мен кемiрушiлердiң пайда болуын болдырмау шараларын қабылдауға, жануарлар мен құстарды қараусыз қалдырмауға мiндеттi.
      12. Жануарлардың иелерi белгiленген мерзiмдерде мiндеттi ветеринарлық және жануарлардың жұқпалы ауруларын жою iс-шараларын өткiзуге, жануарларды оқшаулау режимiн сақтауға мiндеттi.

4. Жануарлар иелерiнiң ережелердi бұзған үшiн
жауапкершiлiктерi

      Осы Ережелердi бұзған кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 310 бабына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес жауапқа тартылады.
      Ветеринария туралы заңнамаларды және ветеринария шеңберiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сонымен қатар жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың эпизоотиямен күресу мәселелерi бойынша қабылдаған шешiмдерiн бұзғандары үшiн азаматтарға бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi, лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерлерде айыппұл салынады.
      Мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады:
      ауру жануарларды жою жөнiндегi мiндеттi ветеринарлық-санитарлық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту;
      ауру жануарларды тарату;
      жануарларды өсiру кезiнде ветеринарлық-санитарлық ережелердi сақтамау;
      Айыппұл салу туралы Қаулыны аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң немесе ветеринарлық қызмет өкiлдерi жазады.
      Жоғарыдағыдай бұзушылықтар кезiнде материалдық залал келтiрiлген жағдайда жәбiрленушi залалдың орнын толтыру үшiн сотқа жүгiнуге құқылы.

Об утверждении правил содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Зерендинского района

Решение Зерендинского районного маслихата Акмолинской области от 27 апреля 2004 года N 8-44. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 14 мая 2004 года N 2514. Утратило силу решением Зерендинского районного маслихата Акмолинской области от 9 апреля 2010 года № 27-173

      Сноска. Утратило силу решением Зерендинского районного маслихата Акмолинской области от 09.04.2010 № 27-173.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", Зерендинский районный Маслихат РЕШИЛ:
      1. Правила содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Зерендинского района утвердить (Прилагаются).
      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного Маслихата по вопросам бюджета, финансов, социально-экономического развития.

      Председатель сессии                    Секретарь районного
                                             маслихата

Приложение
к решению районного Маслихата
от 27 апреля 2004 года N 8-44

ПРАВИЛА
содержания сельскохозяйственных животных в населенных
пунктах Зерендинского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны с целью регламентации содержания на территории Зерендинского района сельскохозяйственных домашних животных и устанавливают ответственность физических и юридических лиц за нарушение настоящих Правил.
      2. Правила распространяются на всех без исключения физических и юридических лиц, содержащих сельскохозяйственных животных независимо от форм собственности.
      3. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" и Закона республики Казахстан "О ветеринарии".
      4. Контроль за соблюдением настоящих Правил осуществляется районным отделом внутренних дел, который решает вопросы привлечения лиц, не соблюдающих правила, к административной ответственности.

2. Содержание сельскохозяйственных домашних животных

      5. Домашние животные должны содержаться на подворье в специально отведенных и приспособленных помещениях, исключающие причинение неудобств соседям.
      6. Владельцы сельскохозяйственных животных обязаны соблюдать зоотехнические и ветеринарно-санитарные требования их содержания, не допускать загрязнения окружающей среды.
      7. Помещение для скота ежеквартально белить известью и дезинфицировать не реже одного раза в год. Навоз, объедки, мусор своевременно вывозить в специально отведенные для этого места.
      8. Выгул скота на улицах, площадях, в скверах, парках и других местах общего пользования запрещается.

3. Обязанности владельцев животных

      9. Владельцы животных обязаны:
      1) Содержать животных в соответствии с их биологическими особенностями, гуманно обращаться, не оставлять без присмотра, в случае заболевания вовремя прибегать к ветеринарной помощи.
      2) Обеспечивать надлежащее содержание животных в соответствии с требованиями настоящих правил.
      3) Принимать необходимые меры к обеспечению безопасности окружающих, соблюдению тишины, санитарных правил.
      4) Устранять загрязнения из мест общего пользования.
      5) Не выбрасывать трупы животных вне мест сбора отходов. Трупы павших животных подлежат утилизации.
      10. Владельцы скота и птицы обязаны систематически убирать фекалии животных, вывозить их на свалку или утилизировать.
      11. Владельцы животных обязаны принимать меры к предотвращению появления паразитирующих насекомых и грызунов, не оставлять животных и птиц без присмотра, не допускать их бродяжничества.
      12. Владельцы животных обязаны проводить обязательные ветеринарные мероприятия в установленные сроки, соблюдать карантинный режим животных, проводить мероприятия по ликвидации заразных болезней.

      4. Ответственность владельцев животных за нарушение правил

      13.Физические и юридические лица, виновные в нарушении настоящих правил привлекаются к ответственности в соответствии со статьей 310 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" и Законом Республики Казахстан "О ветеринарии".
      За нарушение законодательства о ветеринарии, совершенное в виде:
      отказа от проведения обязательных ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации заразных животных;
      распространения заразных животных;
      несоблюдение ветеринарно-санитарных правил при воспроизводстве животных;
      нарушения иных нормативных правовых актов в области ветеринарии, а также решений местных представительных и исполнительных органов по вопросам борьбы с эпизоотиями, влекут штрафные санкции на граждан и должностных лиц в соответствии с законодательством.
      Постановление о наложении штрафа выписывает представитель районного отдела внутренних дел.
      14.При наличии материального ущерба, потерпевший имеет право обратиться в суд за его возмещением.