Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 16-105 шешімімен.
"Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" 2004 жылғы 19 наурыздағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-шы бабына сәйкес, тұрғын үй құрылысын дамыту үшін Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
1. Алматы облысында 2005-2007 жылдары тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Облыстық құрылыс және инфрақұрылым бөлімі, сәулет және қала құрылысы басқармасы, сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялаудың аумақтық басқармасы, аудандар мен қалалардың әкімдері көрсетілген бағдарламаны жүзеге асыру үшін нақты шаралар әзірлесін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Баталовқа жүктелсін.
Облыстық мәслихат |
|
сессиясының төрағасы |
Б. Тұрсынмұратова |
Облыстық мәслихаттың |
|
Хатшысы |
А. Сыдық |
Алматы облысында 2005-2007 жылдары тұрғын үй құрылысын дамыту
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Бағдарламаның Паспорты
Бағдарламаның аталуы |
Алматы облысында 2005-2007 жылдары тұрғын үй құрылысын дамыту Бағдарламасы |
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме |
2004 жылдың 19 наурызында Президенттің Қазақстан халқына "Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, Бәсекеге қабілетті экономикаға, Бәсекеге қабілетті халқы үшін" Жолдауы. |
Әзірлеушілер |
Құрылыс және инфрақұрылым бөлімі, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Экономика басқармасы. |
Мақсаты |
Тұрғындардың көпшілігін тұрғын үйлерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін, тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешу |
Міндеті |
Тұрғын үй құрылысының жинақтау жүйесі мен ипотекалық кредит арқылы халыққа сату үшін жаңа тұрғын үйлер салу. |
Жүзеге асыру мерзімі |
2005-2007 жылдар |
Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері |
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 8115,3 млн. теңге кредит бөліну қажет, оның ішінде: |
Күтілетін нәтижелер |
762,5 мың. шаршы метр тұрғын үйлер енгізіледі, оның ішінде тұрғын үйлерді жылдар бойынша енгізу: |
2. Кіріспе
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы Президенттің Қазақстан халқына 2005 жылға арналған Жолдауында (2004 жылдың 19 наурызы) жарияланған Жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшін әзірленген. Бағдарлама " Жеке тұрғын үй құрылысы туралы", " Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын жинақтау туралы" Заңдарына , сондай-ақ "Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы" Президенттің заң күші бар Жарлығына және басқа да нормативтік актілеріне сәйкес әзірленген.
Әкімшілік орталығы Талдықорған қаласына көшуі, облыс экономикасының жоғарылауы, халықтың көпшілігі өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартуға талпынуы инвестициялық сұранысты құрудың кепілді көзі болуы ескереді.
Бағдарламада бағасын төмендету, ипотекалық кредит мерзімін ұзарту, алғашқы төлемдердің және кредит беру ставкілерін төмендету арқылы көпшіліктің тұрғын үйлерге қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс шаралары қарастырылған.
Республикалық бюджетінен құрылыс салуға кредит және жеке санаттағы тұрғындарға коммуналдық тұрғын үй салу Бағдарламаның негізгі жүзеге асыру механизмі болып табылады.
Барлық инженерлік жүйелерімен және инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ете отырып, аумақта кешенді құрылыс салуды қамтамасыз ету қарастырылады.
Ипотека, тұрғын үй құрылысының жинақтау жүйесі және халықтың, мемлекеттік емес компаниялардың, банктердің және инвесторлардың қосымша қаражатын тарту арқылы, облыстың тұрғын үй құрылысы проблемаларын жүйелі шешу, енгізілетін тұрғын үйлердің сапа көрсеткіштерін және санын көбейтуге жол береді.
3. Тұрғын үй құрылысының қазіргі жағдайын талдау
1) Тұрғын үй құрылысы: |
|
тұрғын үй қорының жағдайы; |
Алматы облысының аумағы - 224,1 мың. шаршы метр;
Халық саны - 1560485 адам
Алматы облысының халқы: |
|
Әкімшілік - аумақтық құрылымы: |
елді мекендер - 836;
аудандар - 16.
Алматы облысының нақты тұрғын үй қоры 23115.2 мың шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй қоры негізінде 1960 жылдардан бастап 1991 жылдарға дейін тұрғын үйлер салынған кезінде құрылған. Нарықтық экономикасының элементтерін тұрғын үй - коммуналдық салаларына және тұрғын үйлерді жекешелендіруге енгізу мерзімінде 38,2 мың шаршы метрден тұратын ( 9 қосымша ) құрылысы бітпеген тұрғын үйлер қоры құраған.
Облыс бойынша одан басқа жалпы тұрғын үй қорының көлемінде:
- мемлекеттік емес секторда құлағалы тұрған 9621 үй бар;
- мемлекеттік секторда құлағалы тұрған 1823 үй бар.
Барлығы 35 мың адам тұрып жатқан 11444 құлағалы тұрған тұрғын үй бар. Құлағалы тұрған үйлердің жалпы санынан ең көбі - 25,6 % Текелі қаласына келеді.
Халық саны 1,5 млн. адамнан құралған кезде, бір адамға, орташа санмен санағанда 15 шаршы метр тиеді.
Ең жоғары қамсыздандырылған (18 шаршы метрден жоғары) Текелі қаласы, Талғар және Қаратал аудандары.
Аудан әкімдіктерінің берген мәліметтеріне сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға мұқтаж халықтың саны, категориялар бойынша (2004 ж. 01.01.) 3081 адамды құрайды (7,8).
Облыс орталығы Талдықорған қаласына көшуіне байланысты 2001 жылы мен 2003 жылы аралығында 1215 пәтер және жалпы алаңы 17683 шаршы метр тұрғын үйлер күрделі жөнделген, қайта жаңартылған, салынып пайдалануға берілген. Облыс бюджетінің есебінен жалпы алаңы 43,0 мың шаршы метрден астам, сметалық бағасы 1,2 млрд. теңгеден астам 15 құлағалы тұрған тұрғын үйлер қайта жаңартылған және жөнделген.
836 елді мекеннің ішінде 417 елді мекен, 1970-1980 жылдары аралығында, 1990-2000 жылдарына дейінгі мерзімге есептелген бас жоспарлармен қамтамасыз етілген. Бұрын дайындалған 9 қалалары, 15 жұмысшылар кенттері және аудан орталықтарды қосқанда елді мекендердің бас жоспарлары және аудан жоспарларының жобалау жоспарлары түзетуді қажет етеді.
Сұраныс:
Жалпы облыс бойынша тұрғын үйге сұраныстың деңгейі төмен. Бұл қалалар мен барлық ауылдық елді мекендерінің басым көпшілігі. Тұрғын үй жылжымайтын мүлігіне сұраныс азды-көпті ұйымдасқан болып коттедждік құрылысы топталған, сонымен қатар облыстың өңдеу өнеркәсіптерінің орташа және үлкен кәсіпорындары шоғырланған Алматы қаласына шектес аудандар жатады.
Облыс орталығы көшуіне байланысты Талдықорған қаласындағы тұрғын үйлердің бағасының өсуі тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың қолайлы факторы болады. Нақты факт тұтынушының сұранысын және қол жетер, жаңа үйлерді сатуға мүмкіндігі жоғарылағаны туралы мәлімдейді.
Жанұялардың табыстар деңгейі статистикалық мәліметтер бойынша, 4370 жанұя (табыстары 50 мың теңгеден астам жанұялар) тұрғын үй құрылысы қорының жүйесі потенциалдық қатысушылары болу мүмкін деп санауға мүмкіндік береді. Ипотекалық кредит алу жүйесінде 1000 отбасына дейін қатыса алады. Алматы қаласының тұрғындарымен Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында қымбат емес жаңа үйлерді сатып алудың тартымдылығын да есепке алу керек.
2) Жеке тұрғын үй құрылысының жағдайы
Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуі байқалды.
Тұрғындар қаражаты есебінен төрт жыл бойында 469,8 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
2003 жылы тұрғын үй құрылысының инвестициялары 3640,0 млн. теңгені құрды, оның ішінде мемлекеттік меншікте 272,2 млн. теңге, жеке меншікте 3367,8 млн. теңге, оның ішінен жеке құрылысқа 1806,8 млн. теңге. Жалпы алаңы 133,1 мың шаршы метр немесе өткен жылдың деңгейіне 110,7 %, 1917,9 млн. теңге тұратын 1342 тұрғын үйлері салынып іске қосылған. тұрғын үй құрылысының бір шаршы метрінің орташа бағасы 14,4 мың теңгені құрайды.
2004 жылғы қаңтар-наурыз аралығында тұрғын үй құрылысына инвестициялар 1029,2 млн. теңгені құрайды, оның ішінде мемлекеттік меншікте 69,0 млн. теңге, жеке меншікте 960,2 млн. теңге. Төрт ай бойы алаңы 43,6 мың шаршы метр немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 106% өскен, 393 пәтер салынып іске қосылды. Тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрін салудың орташа бағасы 23,7 мың теңге. Тұрғын үй құрылысының шығындары негізінде жеке құрылыс салушылар есебінен арқылы жүзеге асырылған.
Облыстың бес өңірінде тұрғын үй құрылысының елеулі жоғарылауы белгіленген. Еңбекшіқазақ ауданы төрт жыл ішінде 58,2 мың шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға берген, тұрғын үйді пайдалануға беруді енгізудің жыл сайын өсуі 11% құрайды. Іле ауданы төрт жыл ішінде 52,9 мың шаршы метр енгізген, жыл сайынғы өсуі 10 %; Қарасай ауданы 143,7 мың шаршы метр енгізген, жыл сайынға өсуі 10 %; Талғар ауданы 100,2 мың шаршы метр енгізген, 12 % өскен; Панфилов ауданы 31,5 мың шаршы метр, 12% өсті. Көрсетілген аудандармен осы кезеңде облыс бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемі 82,2 % құрайды, барлығы 386,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер енгізілген.
3) Жеке капитал инвестициясын тарту арқылы тұрғын үй салу
2000 жылдан 2003 жылға дейінгі мерзімде барлығы облыс бойынша 517,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Облыста тұрғын үйлерді салумен негізінде төрт мемлекеттік емес компаниялар айналысады: "СИК" ЖШС, "Айсель-Казахстан" ЖАҚ, "Южинвестстрой" ЖШС БК, "Реиз-ал" ЖШС. 2003 жылы "Южинвестстрой" ЖШС БК-мен, "Реиз-ал" ЖШС-мен ғана тұрғын үй құрылысына 1075,1 және 288,8 млн. теңге енгізілген. тұрғын үй Қарасай және Талғар аудандарында салынған.
4) тұрғын үйлердің бағаларын талдау
Облыс бойынша тұрғын үйлер рыногында негізгі ұсынысты қайта салынған үйлер құрайды. Белгіленген объектілерінің бағаланған рыноктық бағасы бойынша, 2004 жылдың 1 сәуірінде тұрғын 1 шаршы метрдің бағасы:
Қалалар |
Тұрғын үй |
Пәтерлер |
|||
1 бөлмелі |
2 бөлмелі |
3 бөлмелі |
Бөлмелі |
||
Талдықорған |
11 580 |
10 400 |
9 400 |
9 420 |
10 940 |
Текелі |
5 250 |
5 450 |
5 750 |
5 875 |
6 375 |
Қапшағай |
9 500 |
9 250 |
7 625 |
8 125 |
11 750 |
2003 жылы жеке тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу құны орташа 14,4 мың теңгені құрастырды, көпқабатты құрылыста 38,7 мың теңгені. Сүмбе ауылында, жер сілкінісі болған аумақта, үйлерді салудың құны 40 мың теңгені құрастырды, Талдықорған қаласындағы жатақханаларды тұрғын үйлерге сәйкестендіріп қайта жөндеуге 37 мың теңге. 2004 жылы 1 шаршы метрі 16,6 мың теңге, 2005-2007 жылдары орташа 49,0 мың теңге жеке құрылыс салу жоспарланған.
2001-2003 жылдары тұрғын үйлерді іске қосудың орташа бағасы:
теңге
Қала |
2001 |
2002 |
2003 |
Талдықорған |
24 400 |
9 869 |
10 612 |
Текелі |
4 827 |
5 191 |
5 581 |
Қапшағай |
9 200 |
10 000 |
700 |
5) тұрғын үй рыногын дамытудың қаржы құралдары:
Ипотекалық кредит:
Жетілген елдердің тәжірибесі тұрғын үйді сатып алу әдісінің ең қолайлысы халық үшін ипотекалық кредит алу екендігін көрсетеді. Ереже ретінде, алып отырған жылжымайтын мүлік кепіліне кредит тұрғын үйдің бағасынан алғашқы жарна 15-30 % төленген жағдайда ғана беріледі. Кредиттің мөлшері кредит алушының күнделікті табыстарына сүйене отырып анықталады және жалпы ережеге сәйкес, ай сайынғы төлемдер табыстың 30-35 %-нан аспау керек. Кредитті қайтармаған жағдайда жылжымайтын мүлік саудада сатылып кетеді, кредит беруші өзінің шығындарын қайтарып алады. Сонымен бірге ипотекалық кредит берудің әлемдік тәжірибесі қайтарылмаған ипотекалық кредиттің саны біршама көп еместігін 0,1-3,0% куәландырады.
Қазіргі күні Алматы облысында ипотекалық кредит беру рыногында 4 банк бар: "Казкоммерцбанк" АҚ, "Банк ТуранАлем" АҚ, "Қазақстан Халықтық Банкі" АҚ, "Банк Центр Кредит" АҚ.
Банктің аталуы |
Пайыздың ставкасы% |
Алғашқы төлемнің көлемі, % |
Кредит беру мерзімі |
БанкЦентрКредит |
13,6 |
15 |
15 жылға дейін |
БТА Ипотека |
13,2 |
15 |
15 жылға дейін |
Казкоммерцбанк |
13,5 |
15 |
20 жылға дейін |
Қазақстан Халық Банкі |
7-ден |
15 |
20 жылға дейін |
Жалпы Алматы облысы бойынша ипотекалық кредит қайталама тұрғын үйлер рыногында операциялар үшін қолданылады. 2004 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайы бойынша 265 азамат қайталама рыногында тұрғын үй алу үшін ипотекалық кредит алды. Кредиттің орташа мөлшері бір адамға 1,1 млн. теңгені құрады.
"Банк ТуранАлем" АҚ Алматы облысында ипотекалық кредит беруді 2004 жылдың қаңтарынан бастады, қайталама тұрғын үйлер рыногында жалпы сомасы 19,9 млн. теңгеге 2856 шаршы метрді сатып алуға кредит берілген.
"Банк ЦентрКредит" АҚ жалпы сомасы 199,1 млн. теңгеге 107 ипотекалық кредит берді.
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ жалпы сомасы 11,4 млн. теңгеге 31 ипотекалық кредит алушыға кредит берді.
"Казкоммерцбанк" АҚ-мен 107 кредит берілді, кредиттің сомасы 62,0 млн. теңгені құрады.
Облыста жаңа құрылыстарға ипотекалық кредит беру халықтың табысы төмен болғандықтан дамытылмаған. Қызмет көрсетудің нақты түрі халықтың біршама шағын санаттарына ғана қолжетерлік.
тұрғын үй құрылысы қорының саласы:
Бүгінгі күні "Жилстройсбербанк" АҚ Қазақстан бойынша жалғыз мамандандырылған мекеме және төмен проценттік ставкілерімен - теңгемен жылдың 3,5%-дан 6,5%-ға дейін ұзақ мерзімді (10-15 жылға дейін) тұрғын үй кредитін беру жөніндегі міндеттерін өзіне алады. "Жилстройбанк" АҚ бірінші кезеңде клиенттердің жинақтарын (орташа 4-5 жыл) депозиттік шоттарында жинауды қарастыратын, тұрғын үй құрылыстарын сақтауды енгізу жұмыстарын енді ғана бастады.
6) Құрылыс материалдарын шығаратын өндірістік саланың жағдайы
Алматы облысында құрылыс материалдарын шығару үшін шикізат қорының барлық түрлері бар (балшық, құм, қиыршық тас, мәрмәр және басқа да). Бекітілген қормен қоймалардың саны - 182, оның ішінде пайдалануға енгізілгені - 51. Одан басқа 21 қойнау учаскесінде барлау жүргізілуде.
Шикізат базасының нақты әлеуеті, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының күрделі көлемі облыс бойынша құрылыс материалдар өнеркәсібін дамытуға жағдай жасайды. Осылайша соңғы үш жыл бойы төмендегі көрсеткіштерімен сипатталатын, нақты салада тұрақты өсу қарқыны байқалады:
құрылыс жұмыстарының түрлері |
2001 жыл |
2002 жыл |
2003 жыл |
2003 жылдың. 2002 жылға, % бойынша өсу қарқыны |
Кірпіш, мың.шт. |
14190 |
10965 |
39087 |
3,5 есе |
Бетон, тонн |
7145 |
23548 |
167370 |
7,1 есе |
Бетоннан құрма құрылыс конструкциялары |
44895 |
89132 |
2 есе |
|
Қиыршықтас, мың куб метр |
917,6 |
1233,8 |
1330 |
107,8 |
Құм, мың куб.м |
596,3 |
567,3 |
810,3 |
142,8 |
Ізбес тас, тонн |
9460 |
14213 |
17330 |
121,9 |
Облыс және Алматы қаласы бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру республикамен салыстырғанда 22 % құрайды.
Алматы облысында шикізаттарды пайдалану және құрылыс материалдарын өндірудің негізгі түрлерін шығару, сондай-ақ олардың қажеттілігі төмендегідей көрінеді:
- Кірпіш шығару:
Қазіргі уақытта облыста 18 кірпіш заводы жұмыс жасайды (Алматы облысында 17, біреуі Талдықорған регионында). Ең көбі Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында шоғырланған.
2004 жылы тұрғын үйді іске қосу болжауы жұмыс істеп тұрған кірпіш заводтың жоспарлы көлемі 2004 жылы 41,6 млн. шартты дананы құрайтын кезде кірпіштің қажеттілігі 56,9 млн. шартты дананы құрайтынын көрсетеді. Сонымен қатар күтілетін дефицит - 15,3 млн. шартты дана өсу екпінін ескере отырып өсе береді.
Талдықорған өңірінде тұрғын үй құрылысының қажеттілігі 13,7 млн. шартты дана кірпішін құрайды. Текелідегі кірпіш заводының қуаты 2,5-3 млн. дана шартты кірпішін құрайды. Аудандардың қажеттілігін нақты қанағаттандыру және тапшылықты жабу үшін сегіз балшық қоймасы және үш балшық-пластификаторлар қоймасы негізінде жаңа 11 кірпіш (үш қаптау кірпіш) заводын салып және бұрынғыларды қалпына келтіру керек.
Алматы өңірінде (оның ішінде Алматы қаласы) тапшылық 53,6 млн. шартты дана кірпішін құрайды. Оны жабу үшін 12 балшық және екі балшық пластификатор қоймасы негізінде Алматы қаласына жақын жерде 14 жаңа (екі қаптау) кірпіш заводын салу керек.
Бетон өнімдері мен асфальтобетон ботқасын шығару:
Бетон мен асфальтобетон ботқаларының толтырғыш негіздері қиыршықтас пен құм. Құм-қиыршықтас ботқасы және құрылыс тасы қиыршықтасты шығарудың шикізаттары.
Қиыршықтастан құрылыс материалдарын шығару үшін шикізат базасы 6 ауданда ғана түгел қамтамасыз етілген.
Құм-қиыршық тас ботқасын шығару (ПГС) |
23 қойнау пайдаланушы облыс аумағында құм-қиыршық тас ботқасын шығаруды жүргізеді. Барлық өңделіп жатқан қоймалар Алматы регионында орналасқан - Қарасай, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында.
Құрылыс тастарын шығару:
Облыс аумағында құрылыс тастарын шығару жұмыстарын облыстық қажеттілігін түгел жабатын алты қойнау пайдаланушы ( екеуі Талдықорған регионында, төртеуі Алматы регионында) жүргізеді.
Құм шығару:
Облыс бойынша жалпы құрылыс құмымен жеткілікті қанағаттандырылған.
Басқа құрылыс материалдар:
Облыста: кесілмелі материал-24 мың. куб метр, терезе және есік блоктары - 40,8 мың шаршы метр, ғаныш картон, лак краска өнімдері - 870 тонн, кабель-жүргізу өнімдері - 19520,7 мың метр, электрлік есепші 21940 дана және басқа да шығарылады.
Құрылыс ұйымдары:
Облыста 600 құрылыс ұйымдары жұмыс істейді, оның ішінде 9 ірі ұйымдар, 31 орташа, 560 кіші өнеркәсіп субъектілері. Құрылыс ұйымдары 2065 дана техника мен (оның ішінде 382 жер қазу, 276 жүк көтеру, 1407 автокөлік), жеткілікті санда кіші механикаландыру құралдарымен, керекті жабдықтарымен және инструменттерімен жабдықталған. Оларда 21 мыңнан артық құрылыс мамандығының білікті жұмысшылар, бір мыңнан артық инженерлік-техникалық жұмысшылар жұмыс істейді.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаты көпшілік тұрғындардың тұрғын үйге қолжеткізуін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесін кешенді шешу болып табылады.
Мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді шешу белгіленіп отыр:
Ипотекалық несие және тұрғын үйлер құрылысын жинақтау жүйесі арқылы халыққа сату үшін жаңа тұрғын үйлер салу.
Табысы төмен және әлеуметтік қорғаулы халықтар тобы үшін мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын құру.
Мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекемелердің жұмысшыларын тұрғын үйлермен қамтамасыз ету.
Құрылыс индустриясы саласын дамыту және құрылыс кәсіпорындары мен мекемелердің қуаттылығын көтеру.
Аз қабатты элиталық құрылыс аймағын құру.
Қазіргі заманға сай, тиімді конструкциялар мен қаптау материалдарын қолданып озат технологияларын енгізе отырып жаңа типті тұрғын үйлер салу.
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі механизмі мен бағыттары
Бағдарламаны іске асыру төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тұрғын үй салуға ұсыныс беруді ынталандыру;
Кредит қаржысы арқылы тұрғын үй салу;
Тұрғын үй құрылысын жинақтау жүйесін дамыту;
Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
Жеке капитал инвестицияларын тарту арқылы құрылыс жүргізу;
Коммуналдық тұрғын үйлер салу;
Тұрғын үйдің бір шаршы метрін салу бағасын төмендету;
Құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту.
1) Тұрғын үй құрылысын жүргізуге ұсыныс ынталандыру
Азаматтарды 1 шаршы метрдің бағасы 350 АҚШ долларынан аспайтын жаңа қымбат емес тұрғын үйлерімен қамтамасыз ету үшін жағдай жасалады. Қол жетерлік тұрғын үй Индустрия және сауда министрлігімен келісілген жоба бойынша салынады,
Қол жетерлік тұрғын үй мемлекеттік қаржы арқылы салынады. Сонымен қатар, тұрғындардың бұндай тұрғын үйлерді сатып алуы, ипотекалық кредит арқылы немесе тұрғын үй құрылысын жинақтау банкілері арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілген тұрғын үйлерін салуды қамтамасыз ету үшін тұрғын үйлерді салудың құнын төмендетуге бағытталған шаралар әзірленген.
2) Тұрғын үйлерді кредит қаржысы есебінен салу
Ескерту: 2 тармақ өзгерді - Алматы облыстық мәслихатының 2005.03.16 N 15-108 шешімімен .
Екінші деңгейдегі банктердің қазіргі ережелері жаңа тұрғын үйлерді салуға ипотекалық кредит үшін қолайсыз (несиенің сомасы - болжалды 28 мың АҚШ доллары).
Екінші деңгейдегі банкілер ипотекалық кредит берген кезде жобадағы ақының ставкілерін (10% дейін), алғашқы төлемдерінің мөлшерін (10% дейін) төмендетуі және несиенің мерзімін ұзартуы (20 жылға дейін) ипотекалық несие жүйесінің қарымды қолданушылар шеңберін елеулі көбейеді.
Төлей алатын сұраныс:
Республикалық бюджетінің несиесін пайдалану және қайтару төмендегі схема бойынша жүзеге асырылады:
Облыс әкімдігімен төмендегідей дайындық жұмыстары жүргізіледі:
- инженерлік коммуникациялар жүйесінің байланыстарын ескеріп, өңделген бас жоспарлар шеңберінен шықпай жоспардағы келешек құрылыс үшін жер учаскелерін бөлу;
- аумақтық құрылыс индустриясын дамыту көріністері мен мүмкіндіктерінің байланыстарын ескере отырып, дамушы (арзандау) материалдарын қолданып, аумақтық ерекшелікті ескеріп, сәулеттік-жоспарлау параметрлерін таңдау;
- істеп тұрған магистральдық, инженерлік-коммуникациялық және махалалар ішіндегі жүйелердің құрылысын және қуаттылығын арттыру;
- жергілікті атқарушы органдарға несие беру Шарттарына сәйкес облыс әкімдігі Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігімен (бюджеттік Бағдарламаның администраторы ретінде), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен тұрғын үй салуға нөлдік ставкі бойынша несие алуға үш жақты несиелік келісім шартқа қол қояды;
Облыс әкімдігімен жобалау-сметалық құжаттарды өңдеу және 2005-2007 жылдары тұрғын үй салатын құрылыс кәсіпорындарын таңдау жөнінде конкурстық процедуралары жүргізіледі, сонымен қатар тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу құны 350 АҚШ долларынан аспайды.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген жоба бойынша тұрғын үйлер салатын мердігер ұйымдар таңдау жүзеге асырылды.
Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасы белгіленген тәртіппен құрылыс жүріп жатқан объектілерден 2005-2007 жылдардың жазғы кезеңдерінде студенттік құрылыс отрядтарына жұмыс көлемін ұйымдастыруға ықпал етсін.
Салынған үйлерді сату үшін ҚР Қаржы министрлігі әзірлеген халыққа тұрғын үй сату Шарттарына сәйкес үйлерді сататын, риэлтрлік ұйым белгіленеді.
Тұрғындарға сататын үйлерді салу облыс орталығы - Талдықорған қаласында, Алматы қаласына жақын Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында жоспарланған. ( 1 , 2 , 3 қосымшалар ).
Республикалық бюджеттің несие құжаттары арқылы 170,4 мың шаршы метр тұрғын үй беру болжануда, оның ішінде:
2005 жылы - 56,8 мың шаршы метр тұрғын үй;
2006 жылы - 56,8 мың шаршы метр тұрғын үй;
2007 жылы - 56,8 мың шаршы метр тұрғын үй.
3) тұрғын үй құрылысын жинақтау жүйесін дамыту
Жақын арадағы үш жыл бойы барынша көп қарымды клиенттерді құрылыс салу жинақ жүйесіне тартуға бағытталады. тұрғын үй құрылысын жинақтау жүйесі арқылы үй сатып алу шарттары БАҚ және теледидарда кеңінен жарияланады.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімінде тұрғын үй құрылысын жинақтау жүйесі арқылы үй сатып алуды қаржыландыру болжамдалмаған.
4) Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту
Жаңа бөліктер және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу - 317,6 га есебінен қалпына келтірілген аумақтарда, сондай-ақ бос аумақтарда тұрғын үй құрылысын жүргізу жүзеге асырылады. Алматы қаласының маңындағы аудандарда элиталық коттедж, жеке тұрғын үйлер салуды көбейтуді қамтамасыз ететін құрылыс жүргізілетін учаскелердің инфрақұрылымын құру жөніндегі жұмыстардың құны белгіленуде, толық жоспарлау жобалары әзірленуде, елді мекендерде құрылыс салу үшін 1260 га жер учаскелері таңдалып бөлінген. Тұрғындардың Алматы қаласының маңындағы аудандарға көшуі, ипотекалық несие жүйесін кеңейту арқылы Қарасай, Талғар аудандарында кешенді құрылыс салу қауырт тез өседі. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысының көлемі Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында өседі.
Болжам бойынша 2006 жылы облыста 189 мың шаршы метр алаңымен 1800 жеке тұрғын үй салу жоспарлануда. 2007 жылы 254 мың шаршы метр алаңымен 2000 жеке тұрғын үй салу қарастырылады (5,6 қосымшалар).
Облыстың қалалары мен аудан орталықтарында толық жоспарлау жобаларын әзірлеу және аудан жоспарларының жобалары айқындалған.
Тозығы жеткен тұрғын үйлерді күрделі жөндеу және апатты үйлерді құлату жөніндегі Өңірлік Бағдарламада 172,6 мың шаршы метр алаңымен 3176 Тозығы жеткен тұрған үйлерді құлату қарастырылған, оның ішінде 89,6 мың шаршы метр көп пәтерлі үйлер, 83 мың шаршы метр жеке тұрғын үйлер. Күрделі құрылыс жүргізуге мұқтаж болған объектілердің тізімі белгіленген: 457,7 мың шаршы метр алаңымен 8267 үй, оның ішінде көп пәтерлі 315 мың шаршы метр, жеке 142,6 мың шаршы метр.
5) Жеке капитал инвестициясын тарту есебінен тұрғын үйлерді салу
Алдымыздағы жылдарда қосымша инвестицияларды тарту арқылы арзан тұрғын үйлер салу барысы дамиды. Бүгінгі күнде Алматы қаласына жақын орналасқан Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында тұрғын үй сұранысы жоғары.
Қазіргі кезде тұрғын үй құрылысымен айналыспайтын бірақ, осы бизнесті жүргізуге қаражаты, техникасы және адам ресурстары, әлеуетті мүмкіндігі бар облыстағы құрылыс компаниялары тартылады.
Ірі компаниялардың қызметкерлерін қайта қайтару негізінде, жұмыс берушінің есебінен тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мәселесі талқылануда.
Тұрғын үйлерді салу бағасын төмендету жөніндегі шараларды екінші деңгейдегі банктердің, жекеленген инвесторлардың ресурстарын тұрғын үйлер салуға тарту жоспарлануда.
Жергілікті атқарушы органдары тұрғын үйлер салу үшін істеп тұрған инженерлік коммуникацияларға (жылу, сумен қамтамасыз ету, электр жүйесі, канализация т.б.) барынша жақындатылған аудандарында құрылыс жүргізу туралы кеңес бере отырып, жер учаскелерін береді
6) Коммуналдық тұрғын үйлер салу
Бағдарламаның шеңберінде халықтық әлеуметтік қорғаулы топтарын, мемлекеттік қызметкерлерді, әскери қызметкерлерді қамтамасыз ету үшін тұрғын үйлер салынады. Салынған үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорын толықтырады, пәтер алушыларға пәтерлер жекешелендіру құқығынсыз беріледі.
Қалған санаттағы азаматтар тұрғын үйлерді нарық механизмдерін пайдалану арқылы сатып алады.
2004-2007 жылдары аралығында 24,0 мың ш.м. коммуналдық тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр, оның ішінде:
2005 жылы - Талдықорған қаласында 8 мың ш.м.;
2006 жылы - Талдықорған қаласында 2,48 мың ш.м. және облыстың аудандарында 5,52 мың ш.м;
2007 жылы - Талдықорған қаласында 2,48 мың ш.м. және облыстың аудандарында 5,52 мың ш.м.
7) тұрғын үйдің бір шаршы метрі құрылысының бағасын төмендету
Тұрғын үй құрылысы құнының ең бір көлемді негізін құрайтын құрылыс материалдарының бағасы болып табылады. Осы бағытта төмендегі жұмыстарды жүргізу көзделіп отыр:
Нарықты негізгі құрылыс материалдарымен толықтыру, ол үшін құрылыс материалдарын шығарушылардың санын көбейтіп Бәсекелікті күшейту керек. Мысалы, кірпіштің тапшылығынан кірпіштің бағасы 2002 жылы 8-9 теңге болса 2003 жылы 15 теңгеге дейін көтерілді;
құрылыс индустрия саласының айналымына жергілікті шикізаттар ресурстарын енгізу (мрамор өнімдері, габбро, қола, базальт, балшық және т.б.);
жаңа технологиялық құрылыс материалдарын қолдану (көбік бетон, бос мүшелі кірпіш, гипсокартон беттері, стеклопакеттер, өңдеу материалдары);
импорттық құрылыс материалдарының орнын басу.
Көлік шығындарының бағасын төмендету. Құрылыс объектілеріне дейін құрылыс материалдарын жеткізу кезінде көлік шығынын төмендету үшін құрылыс материалдары кәсіпорындарын аудан орталықтарына, темір жол және автокөлікпен тасымалдау артерияларына жақын орналастыру.
Өткізілетін конкурстың және мемлекеттік сатып алуға жататын негізгі нәрсе, мердігерлер (бас мердігер) кіші мердігерге жұмыс көлемінің жиынтығының (құрылыс бағасының) үштен екі бөлігінен артығын бермеу үшін шек қою туралы шарттар енгізу.
Тұрғын үйлерді салуға байланысты қалалық қуат көздерін дамыту үшін үлес шығындарын қысқарту.
Қазіргі уақыт талабына сай қуат көздерін жинақтайтын сәулет-құрылыс шешімдеріне көшу.
8) Құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіптерді дамыту
Бағдарламаның шеберінде құрылыс материалдары төңірегінде бір қатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
(КипроКер) ЖШС жобасы - құны 3.8 млн. АҚШ доллары тұратын, құрылыс материалдарын өңдейтін кешен. Жобаның қуаты: жылына 2,6 млн. дана черепица, 536,6 метр торлы білек, 8,4 млн. дана кірпіш.
"Мрамор Тас" ЖШС жобасы - мрамор кесектерін өндіру және оларды мрамор ұнына (микрокальцит) өңдейтін құрылыс кешенін жасау. Жобаның қуаты жылына 55763 куб метр кесектас, құны - 1,2 млн. АҚШ доллары.
Қапшағай қаласында жылына 20 млн. шартта кірпіш шығара алатын қуаты бар қабырға қаптауыш кірпіш өндіретін "Dala Group" ЖШС заводын салу. Жобаның құны 60 млн. теңге.
Текелі қаласында жылына 27,5 мың ш.м шарттағы қаптауыш кірпіш шығару қуаты бар "Казцинк гранит" ЖШС тас өңдеу заводын салу. Жобаның бағасы 504,9 млн. теңге.
Текелі қаласында жылына 1000 куб метр бір үлгіге салынбаған блоктарын шығару қуаты бар "Шарықтас" ЖШС тас өңдеу заводын салу.
Құрылыс материалдарын өңдеуді кеңейту төмендегі бағыттарда жобалануда:
облыс бойынша, сондай-ақ Алматы қаласында кірпіш тапшылығын болдырмау мәселесі кіші зауыттар салу арқылы шешіледі;
есік және терезе блоктарын шығару, тақтай, ағаш өңдеу өндірістері кеңейтіледі;
товарлы бетон, сэндвич-панелдер, жабу плиталары және т.б. өндіріс кеңейтіледі;
лак бояу өнімдерін, төсеніш плиталарын, асфальт, құбыр, темір конструкциялар, электр өлшегіш өндірістерін арттыру қолға алынады;
құрылыс материалдарын өндіру кеңейтіледі;
Жоламан темір жол станциясы маңында орналасқан құрамында 80-90 % кварц бар кварцты құм учаскесінің әлеуеті пайдаланылады. Осы учаскедегі шикізат әйнек өндіруге пайдаланылады, сондай-ақ жоғары сапалы төзімділігі жоғары, жылу өтімділігі төмен құрылыс материалдарын (төсеніш плитка, іргетас, жылу блоктар) өндіруге жұмсалады.
Мрамор, ақ тасты пайдалану арқылы құрылыс материалдарын шығару.
Арнайы құрғақ құрылыс құрамдарын шығаратын өндіріс орындары арасында ақ тас және мрамор үлкен танымалдықпен пайдалануда. Құрылыс салу және жөндеу жұмыстарында уақыт талабына сай көбірек пайдаланатындықтан негізгі карбонатты шикізаттан тұратын, құрғақ құрылыс құрамдарын өндіруді көбейтуге әсерін тигізеді. Сондықтан ақ тасты немесе мраморды ұнтақтау арқылы жасалатын микрокальцитке сұраныс жыл сайын өсуде. Осыған байланысты Кербұлақ және Ескелді аудандарындағы ақ тас учаскелерінің болашағы зор. Талдықорған қаласының маңындағы Қызылжар ақ тас кен орны сапасы жанынан ақ тас өндіруге ең қолайлы.
Алматы облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық Бағдарламасы шеңберінде (кластер "құрылыс индустрия") құрылыс материалдары өнеркәсібі өркендейтін болады.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жалпы қаражат қажеттілігі 18,5 млрд. теңге, оның ішінде:
тұрғындардың және жеке кәсіпкерлердің есебінен жұмсалатын қаржы 8188,2 млн. теңге.
Республикалық бюджеттен қажет қаржы 9291,3 млн. теңге, оның ішінде:
коммуналдық үйлер салу - 1176,0 млн. теңге;
несие қаражаты - 8115,3 млн. теңге.
Жергілікті бюджеттен - 1040,8 млн. теңге, оның ішінде:
бас жоспарлар әзірлеуге - 40 млн. теңге;
инженерлік коммуникация және инфрақұрылым салу - 1000,8 млн. теңге (4 қосымша);
одан басқа, 2001-2002 жылдары енгізілген, мемлекеттік тұрғын үйлерді сатып алудың 1 кезеңін жүзеге асыруды, жергілікті бюджеттен шоғырландырылған қаражаттарды ескере отырып, бұл қаражаттар құрылыс жұмыстарының дайындығына жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге, инженерлік инфрақұрылымдарды дайындауға және нақты жоспарлауды пайдаланады.
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
762,5 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріледі, 2005 жылы 190,5 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға беріледі., 2006 ж - 254,0 мың ш.м., 2007 жылы - жалпы алаңынан 318,0 мың ш.м. Осы жылдары 9,5 мыңға жақын жанұяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету күтілуде.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде:
тұрғын үй қорының қолайлығы жақсарады;
қалалар мен басқа да елді мекендердің сәулеттік келбеті жақсарады;
құрылыс қызметтерінен бюджетке салық жинақы өседі;
құрылыс материалдары, электротехникалық, металлургия және химия өнеркәсібі өнімдерінің өнімдерін шығару арқылы жанама салаларында мультипликативтік әсер күтілуде
Алматы облысында |
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Алматы облыстық мәслихатының 2004.12.21 N 13-87 Шешімімен.
Алматы облысы бойынша 2004 жылы 2005-2007 жылдары тұрғын үйлерді салу және пайдалануға беру
2004 жыл |
2005 жыл |
|||||||
2005 жылға алдын ала |
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалған қаражаттарды несие |
І- тоқсанда пайдалануға берілетін коммуналдық тұрғын үйлер (мың. шаршы метр) |
несие есебінен |
Басқа қаражаттар есебінен (мың. шаршы метр) |
2006 жылға алдын ала |
|||
коммуналдық тұрғын үйлер салуға (млн. теңге) |
Несие есебінен салына |
ІІ- тоқсанда несие есебінен пайдалануға беріледі (мың. шаршы метр) |
ІІ-тоқсан |
Комму |
Несие |
|||
393,8 |
803,1 |
1877,0 |
8,1 |
28,1 |
27,0 |
132,9 |
393,8 |
803,1 |
кестенің жалғасы
2006 жыл |
||||||
2006 ж.01.01 қалған қаражаттарды несиелеу (млн. теңге) |
І-тоқсанда пайдалануға берілетін коммуналдық тұрғын үйлер (мың шаршы метр) |
несие есебінен |
Басқа қаражаттар есебінен (мың шаршы метр) |
2007 жылға алдын ала |
||
ІІ-тоқсанда несие есебі |
ІІ-тоқсанда пайдала |
коммуналдық тұрғын үйлер құрылысын салуға (млн. теңге) |
несие есебінен салынатын құрылыс (млн. теңге) |
|||
1877,0 |
8,1 |
28,1 |
27,0 |
200,6 |
393,8 |
803,1 |
кестенің жалғасы
2006 жыл |
2007 жыл |
|||
2004 жылы берілген қаражаттарды қайтару |
2005 ж. 01.01 берілген қаражаттарды 2007 ж. 01.01 бастап қайтару және қайта қосу |
І-тоқсанда пайдалануға берілетін коммуналдық тұрғын үйлер (мың шаршы метр) |
несие есебінен |
|
ІІ-тоқсанда несие есебінен пайдалануға беріледі (мың шаршы метр) |
ІІ-тоқсанда пайдалануға беріледі (мың шаршы метр) |
|||
803,1 |
1877,0 |
8,1 |
28,1 |
27,0 |
кестенің жалғасы
2007 жыл |
2008 жыл |
|||
Басқа қаражаттар есебінен (мың шаршы метр) |
2005 ж 01.07. Берілген қаражаттарды 2007 ж.01.07. бастап қайтару |
2006 ж.01.01 берілген қаражаттарды 2007 ж. 31.12 бастап қайтару |
2006 ж. 01.07 берілген қаражаттарды 2008 ж.01.07. бастап қайтару |
2007 ж.01.01. Берілген қаражаттарды 2008 ж.21.12 бастап қайтару |
271,6 |
803,1 |
1877,0 |
803,1 |
1877,0 |
Алматы облысында |
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Алматы облыстық мәслихатының 2004.12.21 N 13-87 Шешімімен.
Алматы облысының аудандары мен қалалары шеңберінде тұрғын үйлерді салу көлемі
ш.м.
Аудандар мен қалалар |
Несие есебінен құрылыс салу |
|||
2005 |
2006 |
2007 |
Жиынтығы |
|
Ақсу |
||||
Алакөл |
||||
Балқаш |
||||
Еңбекшіқазақ |
0 |
5200 |
6000 |
11200 |
Ескелді |
||||
Жамбыл |
||||
Іле |
10200 |
8300 |
8900 |
27400 |
Қарасай |
3340 |
10300 |
10700 |
24340 |
Қаратал |
||||
Кербұлақ |
||||
Көксу |
||||
Панфилов |
1500 |
1500 |
||
Райымбек |
||||
Сарқанд |
||||
Талғар |
8520 |
5200 |
5400 |
19120 |
Ұйғыр |
||||
Қапшағай қ |
0 |
4600 |
4600 |
9200 |
Талдықорған қ |
31540 |
21500 |
19500 |
72540 |
Текелі қ |
||||
ЖИЫНТЫҒЫ |
55100 |
55100 |
55100 |
165300 |
кестенің жалғасы
ш.м.
Аудандар мен қалалар |
Коммуналдық тұрғын үйлер салу |
|||
2005 |
2006 |
2007 |
Жиынтығы |
|
Ақсу |
800 |
800 |
||
Алакөл |
480 |
480 |
||
Балқаш |
820 |
820 |
||
Еңбекшіқазақ |
960 |
960 |
||
Ескелді |
960 |
960 |
||
Жамбыл |
960 |
960 |
||
Іле |
400 |
400 |
||
Қарасай |
720 |
720 |
||
Қаратал |
640 |
640 |
||
Кербұлақ |
480 |
480 |
||
Көксу |
960 |
960 |
||
Панфилов |
400 |
400 |
||
Райымбек |
480 |
480 |
||
Сарқанд |
420 |
420 |
||
Талғар |
400 |
400 |
||
Ұйғыр |
400 |
400 |
||
Қапшағай қ |
960 |
960 |
||
Талдықорған қ |
8100 |
2480 |
2480 |
13060 |
Текелі қ |
||||
ЖИЫНТЫҒЫ |
8100 |
8100 |
8100 |
24300 |
* 2004 жылы тұрғын үй құрылысын алдын ала бастауға арналған барлық қаражат Талдықорған қаласына белгіленді, оның ішінде: 8 мың шаршы метр - коммуналдық тұрғын үйлер және 16,4 мың шаршы метр - несие есебінен.
Алматы облысында |
Ескерту. 3 қосымша жаңа редакцияда - Алматы облыстық мәслихатының 2004.12.21 N 13-87 Шешімімен.
Алматы облысының аудандары мен қалалары шеңберінде тұрғын үй құрылысының бағасы
млн. теңге
Аудандар мен қалалар |
Несие есебінен тұрғын үйлер салу |
|||
2005 |
2006 |
2007 |
Жиынтығы |
|
Ақсу |
||||
Алакөл |
||||
Балқаш |
||||
Еңбекшіқазақ |
0 |
247,7 |
285,8 |
533,5 |
Ескелді |
||||
Жамбыл |
||||
Іле |
499,8 |
451,2 |
479,7 |
1430,7 |
Қарасай |
162,3 |
490,5 |
509,6 |
1162,4 |
Қаратал |
||||
Кербұлақ |
||||
Көксу |
||||
Панфилов |
73 |
73,0 |
||
Райымбек |
||||
Сарқанд |
||||
Талғар |
387,0 |
247,7 |
257,2 |
891,9 |
Ұйғыр |
||||
Қапшағай қ |
0,0 |
219,1 |
219,1 |
438,2 |
Талдықорған қ |
1518,6 |
1023,9 |
928,7 |
3471,2 |
Текелі қ |
||||
Жобалау жұмыстары |
39,4 |
39,4 |
||
ЖИЫНТЫҒЫ |
2680,1 |
2680,1 |
2680,1 |
8040,3 |
кестенің жалғасы
млн. теңге
Аудандар мен қалалар |
Коммуналдық тұрғын үйлер салу |
|||
2005 |
2006 |
2007 |
Жиынтығы |
|
Ақсу |
39,2 |
39,2 |
||
Алакөл |
23,5 |
23,5 |
||
Балқаш |
37,1 |
37,1 |
||
Еңбекшіқазақ |
47,0 |
47,0 |
||
Ескелді |
47,0 |
47,0 |
||
Жамбыл |
47,0 |
47,0 |
||
Іле |
19,6 |
19,6 |
||
Қарасай |
35,3 |
35,3 |
||
Қаратал |
31,4 |
31,4 |
||
Кербұлақ |
23,5 |
23,5 |
||
Көксу |
47,0 |
47,0 |
||
Панфилов |
19,6 |
19,6 |
||
Райымбек |
23,5 |
23,5 |
||
Сарқанд |
17,5 |
17,5 |
||
Талғар |
19,6 |
19,6 |
||
Ұйғыр |
19,6 |
19,6 |
||
Қапшағай қ |
47,0 |
47,0 |
||
Талдықорған қ |
393,8 |
121,5 |
121,5 |
636,8 |
Текелі қ |
||||
Жобалау жұмыстары |
||||
ЖИЫНТЫҒЫ |
393,8 |
393,8 |
393,8 |
1181,3 |
Алматы облысында |
Жаңа Тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға қажетті қаражаттың есебі
N |
Шығын статьялары |
2004 ж. |
2005 ж. |
||
мың |
млн. теңге |
мың ш.м. |
млн. теңге |
||
Тұрғындар қаражаты есебінен |
128,0 |
1844,9 |
125,7 |
1811,7 |
|
1 |
Жеке Тұрғын үйлер құрылысы |
128,0 |
1844,9 |
125,7 |
1811,7 |
Жергілікті бюджет |
343,6 |
343,6 |
|||
2 |
Бас жоспарларды әзірлеу |
10,0 |
10,0 |
||
3 |
инженерлік коммуникация инфрақұрылымдары құрылысын салу |
333,6 |
333,6 |
||
Республикалық бюджет |
1195,1 |
64,8 |
3097,1 |
||
4 |
Коммуналдық Тұрғын үйлер құрылысын салу |
- |
392,0 |
8,0 |
392,0 |
5 |
несие есебінен Тұрғын үй салу |
- |
803,1 |
56,8 |
2705,1 |
6 |
оның ішінде ЖСҚ әзірлеу |
73,0 |
245,9 |
||
7 |
ЖССБ-несиесі |
- |
- |
- |
- |
ЖИЫНТЫҒЫ |
128,0 |
3383,6 |
190,5 |
5252,4 |
кестенің жалғасы
N |
Шығын статьялары |
2006 ж. |
2007 ж. |
2005-2007 жж. |
|||
мың ш.м. |
млн. теңге |
мың ш.м. |
млн. теңге |
мың ш.м. |
млн. теңге |
||
Тұрғындар қаражаты есебінен |
189,2 |
2727,0 |
253,2 |
3649,4 |
568,1 |
8188,2 |
|
1 |
Жеке Тұрғын үйлер құрылысы |
189,2 |
2727,0 |
253,2 |
3649,4 |
568,1 |
8188,2 |
Жергілікті бюджет |
343,6 |
10,0 |
1040,8 |
||||
2 |
Бас жоспарларды әзірлеу |
10,0 |
10,0 |
40,0 |
|||
3 |
инженерлік коммуникация инфрақұрылымдары құрылысын салу |
333,6 |
1000,8 |
||||
Республикалық бюджет |
64,8 |
3097,1 |
64,8 |
1902,0 |
194,4 |
9291,3 |
|
4 |
Коммуналдық Тұрғын үйлер құрылысын салу |
8,0 |
392,0 |
8,0 |
24,0 |
1176,0 |
|
5 |
несие есебінен Тұрғын үй салу |
56,8 |
2705,1 |
56,8 |
1902,0 |
170,4 |
8115,3 |
6 |
оның ішінде ЖСҚ әзірлеу |
245,9 |
172,9 |
737,8 |
|||
7 |
ЖССБ-несиесі |
- |
- |
- |
- |
||
ЖИЫНТЫҒЫ |
254,0 |
6167,7 |
318,0 |
5561,4 |
762,5 |
18520,3 |
Алматы облысында |
Алматы облысы бойынша 2005-2007 жылдары жеке құрылыс салушылар қаражатының есебінен тұрғын үйлер салу
Аудандар |
2005 ж. |
2006 ж. |
||
Ауданы (мың ш.м.) |
Бағасы (млн. теңге) |
Ауданы (мың ш.м.) |
Бағасы (млн. теңге) |
|
Ақсу |
0,6 |
6,6 |
0,7 |
9,8 |
Алакөл |
0,9 |
9,9 |
2,5 |
35,0 |
Балқаш |
1,1 |
12,0 |
1,3 |
18,2 |
Еңбекшіқазақ |
15,3 |
167,5 |
16,0 |
224,0 |
Ескелді |
1,2 |
13,1 |
1,2 |
16,8 |
Жамбыл |
1,2 |
13,1 |
1,3 |
18,2 |
Іле |
10,5 |
115,0 |
16,0 |
224,0 |
Қарасай |
35,8 |
392,0 |
65,3 |
914,2 |
Қаратал |
1,0 |
10,9 |
1,6 |
22,4 |
Кербұлақ |
0,8 |
8,8 |
0,9 |
12,6 |
Көксу |
0,8 |
8,8 |
1,0 |
14,0 |
Панфилов |
10,0 |
109,5 |
12,0 |
168,0 |
Райымбек |
1,0 |
10,9 |
1,5 |
21,0 |
Сарқан |
1,0 |
10,9 |
1,5 |
21,0 |
Талғар |
22,0 |
240,9 |
42,8 |
599,2 |
Ұйғыр |
1,5 |
16,4 |
2,4 |
33,6 |
Қапшағай қ. |
4,0 |
43,8 |
4,3 |
60,2 |
Талдықорған қ. |
7,5 |
82,1 |
7,2 |
100,8 |
Текелі қ. |
0,4 |
4,4 |
0,4 |
5,6 |
Жиынтығы |
116,6 |
1276,7 |
179,9 |
2518,5 |
кестенің жалғасы
Аудандар |
2007 ж. |
2005-2007 жж. |
||
Ауданы (мың ш.м.) |
Бағасы (млн. теңге) |
Ауданы (мың ш.м.) |
Бағасы (млн. теңге) |
|
Ақсу |
0,8 |
11,3 |
2,1 |
27,7 |
Алакөл |
2,7 |
38,2 |
6,1 |
83,1 |
Балқаш |
1,3 |
18,4 |
3,7 |
48,7 |
Еңбекшіқазақ |
23,5 |
332,9 |
54,8 |
724,4 |
Ескелді |
1,3 |
18,4 |
3,7 |
48,4 |
Жамбыл |
1,5 |
21,2 |
4,0 |
52,6 |
Іле |
24,0 |
340,0 |
50,5 |
678,9 |
Қарасай |
95,3 |
1350,0 |
196,4 |
2656,1 |
Қаратал |
1,7 |
24,1 |
4,3 |
57,4 |
Кербұлақ |
1,1 |
15,6 |
2,8 |
36,9 |
Көксу |
1,0 |
14,2 |
2,8 |
36,9 |
Панфилов |
12,6 |
178,5 |
34,6 |
456,0 |
Райымбек |
1,6 |
22,7 |
4,1 |
54,6 |
Сарқан |
1,6 |
22,7 |
4,1 |
54,6 |
Талғар |
60,5 |
857,0 |
125,3 |
1697,1 |
Ұйғыр |
2,6 |
36,8 |
6,5 |
86,9 |
Қапшағай қ. |
4,5 |
63,7 |
12,8 |
167,7 |
Талдықорған қ. |
7,6 |
107,7 |
22,3 |
290,6 |
Текелі қ. |
0,4 |
5,7 |
1,2 |
15,6 |
Жиынтығы |
245,6 |
3479,1 |
542,1 |
7274,3 |
Алматы облысында |
Алматы облысы бойынша 2005-2007 жылдары мемлекеттік инвестициясы және мемлекеттік емес компаниялар есебінен салынатын Тұрғын үйлер құрылысы
Аудандар |
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
|||
Ауданы (мың ш.м) |
Бағасы (млн. теңге) |
Ауданы (мың ш.м) |
Бағасы (млн. теңге) |
Ауданы (мың ш.м) |
Бағасы (млн. теңге) |
|
Ақсу |
||||||
Алакөл |
3,6 |
215,0 |
||||
5,5 |
320,0 |
|||||
Балқаш |
||||||
Еңбекшіқазақ |
||||||
Ескелді |
||||||
Жамбыл |
||||||
Іле |
||||||
Қарасай |
3,8 |
85,2 |
3,8 |
85,2 |
||
Қаратал |
||||||
Кербұлақ |
||||||
Көксу |
||||||
Панфилов |
||||||
Райымбек |
||||||
Сарқан |
||||||
Талғар |
3,6 |
80,7 |
3,8 |
85,2 |
||
Ұйғыр |
||||||
Қапшағай қ. |
||||||
Талдықорған қ. |
1,9 |
42,6 |
||||
Текелі қ. |
||||||
Жиынтығы |
9,1 |
535,0 |
9,3 |
208,5 |
7,6 |
170,4 |
Алымда - мемлекеттік инвестициялары арқылы, бөлімде-мемлекеттік емес компанияларының қаражаты есебінен |
кестенің жалғасы
Аудандар |
2005-2007 жж. |
Ескертпе (өз қаражаты есебінен тұрғын үйлер салуды жүзеге асыратын құрылыс компанияларының аталуы) |
|
Ауданы (мың ш.м) |
Бағасы (млн. теңге) |
||
Ақсу |
|||
Алакөл |
3,6 |
215,0 |
"Қазақстан темір-жолы" АҚ, ҚР Кеден бақылау Агенттігі |
5,5 |
320,0 |
||
Балқаш |
|||
Еңбекшіқазақ |
|||
Ескелді |
|||
Жамбыл |
|||
Іле |
|||
Қарасай |
7,6 |
170,4 |
"Билдинг-2000" ЖШС |
Қаратал |
|||
Кербұлақ |
|||
Көксу |
|||
Панфилов |
|||
Райымбек |
|||
Сарқан |
|||
Талғар |
7,4 |
165,9 |
"Казбизнесстрой" ЖШС, "Тас Құм" АҚ |
Ұйғыр |
|||
Қапшағай қ. |
|||
Талдықорған қ. |
1,9 |
42,6 |
"Мақсат" ЖШС, "Ажар" АҚ |
Текелі қ. |
|||
Жиынтығы |
26,0 |
913,9 |
|
Алымда - мемлекеттік инвестициялары арқылы, бөлімде - мемлекеттік емес компанияларының қаражаты есебінен |
Алматы облысында |
Алматы облысының аудандары мен қалалары шеңберінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алушы азаматтардың санаттарына байланысты
Саны (2004 ж. 01.037 мәлімет)
Аудандар мен қалалар |
Барлығы (адам) |
Оның ішінде (категорияларға байланысты) |
|||
Табыстары төмен әлеуметтік қорғаулы халықтар тобы |
Мемлекеттік қызметкерлер |
Бюджет |
Әскери қызметкер |
||
Ақсу |
344 |
234 |
20 |
85 |
5 |
Алакөл |
42 |
36 |
5 |
1 |
- |
Балқаш |
156 |
87 |
25 |
44 |
- |
Жамбыл |
263 |
225 |
14 |
8 |
16 |
Еңбекшіқазақ |
195 |
179 |
4 |
12 |
- |
Іле |
55 |
40 |
7 |
7 |
1 |
Қаратал |
167 |
46 |
82 |
39 |
- |
Қарасай |
316 |
206 |
65 |
42 |
3 |
Кербұлақ |
96 |
63 |
13 |
20 |
- |
Көксу |
117 |
30 |
70 |
17 |
- |
Панфилов |
228 |
77 |
7 |
140 |
4 |
Райымбек |
121 |
67 |
20 |
32 |
2 |
Сарқан |
34 |
16 |
10 |
8 |
- |
Талғар |
134 |
69 |
6 |
51 |
8 |
Ескелді |
257 |
239 |
8 |
10 |
- |
Ұйғыр |
78 |
65 |
7 |
6 |
- |
Қапшағай қ. |
214 |
128 |
52 |
25 |
9 |
Талдықорған қ. |
264 |
262 |
- |
- |
2 |
Текелі қ. |
- |
- |
- |
- |
- |
Жиынтығы : |
3081 |
2069 |
415 |
547 |
50 |
Алматы облысында |
Алматы облысы бойынша әлеуметтік қорғалған азаматтар тобына жататын тұрғын үй алушы азаматтардың
ТІЗІМІ
К/К N |
Аудандар мен қалалар |
Табыстары төмен әлеуметтік қорғаулы азаматтар |
|||||
Барлығы |
ҰОС-қатысқандар мен мүгедектер және оған теңескендер |
1-2 топтағы мүгедектер |
Мүгедек балалары бар жанұялар |
Созылмалы ауру зардапкерлері |
Жасы келген зейнеткерлер |
||
1 |
Ақсу |
234 |
14 |
32 |
23 |
19 |
20 |
2 |
Алакөл |
36 |
10 |
9 |
6 |
3 |
2 |
3 |
Балқаш |
87 |
5 |
13 |
5 |
10 |
9 |
4 |
Жамбыл |
225 |
10 |
45 |
15 |
39 |
10 |
5 |
Еңбекші |
179 |
- |
35 |
8 |
13 |
12 |
6 |
Іле |
40 |
1 |
- |
1 |
- |
- |
7 |
Қаратал |
46 |
4 |
8 |
2 |
4 |
7 |
8 |
Қарасай |
206 |
18 |
26 |
16 |
27 |
15 |
9 |
Кербұлақ |
63 |
3 |
7 |
4 |
8 |
4 |
10 |
Көксу |
30 |
5 |
4 |
4 |
4 |
7 |
11 |
Панфилов |
77 |
4 |
5 |
4 |
10 |
15 |
12 |
Райымбек |
67 |
- |
8 |
1 |
6 |
- |
13 |
Сарқан |
16 |
8 |
2 |
- |
- |
- |
14 |
Талғар |
69 |
- |
14 |
9 |
4 |
8 |
15 |
Ескелді |
239 |
19 |
25 |
16 |
13 |
22 |
16 |
Ұйғыр |
65 |
1 |
9 |
8 |
4 |
6 |
17 |
Қапшағай қ. |
128 |
20 |
30 |
- |
6 |
4 |
18 |
Талдықорған қ. |
262 |
118 |
- |
1 |
21 |
20 |
19 |
Текелі қ. |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
ЖИЫНТЫҒЫ |
2069 |
240 |
272 |
123 |
191 |
161 |
кестенің жалғасы
К/К N |
Аудандар мен қалалар |
Табыстары төмен әлеуметтік қорғаулы азаматтар |
|||||
20 жасқа толмаған жетім бала |
оралмандар |
ТЖ байланысты үйсіз қалғандар |
Көп балалы жанұялар |
Жұмыс бабында немесе қорғауда қайтыс болған азаматардың жаңұялары |
Толық емес жанұялар |
||
1 |
Ақсу |
11 |
22 |
3 |
43 |
- |
47 |
2 |
Алакөл |
- |
3 |
1 |
1 |
1 |
|
3 |
Балқаш |
1 |
- |
- |
28 |
1 |
15 |
4 |
Жамбыл |
10 |
68 |
- |
10 |
8 |
10 |
5 |
Еңбекшіқазақ |
- |
26 |
5 |
45 |
3 |
32 |
6 |
Іле |
19 |
3 |
- |
8 |
- |
8 |
7 |
Қаратал |
2 |
6 |
2 |
4 |
4 |
3 |
8 |
Қарасай |
15 |
16 |
3 |
45 |
1 |
24 |
9 |
Кербұлақ |
- |
13 |
1 |
15 |
- |
8 |
10 |
Көксу |
1 |
3 |
- |
2 |
- |
- |
11 |
Панфилов |
- |
2 |
5 |
25 |
- |
7 |
12 |
Райымбек |
8 |
4 |
- |
40 |
- |
- |
13 |
Сарқан |
- |
4 |
- |
1 |
- |
1 |
14 |
Талғар |
11 |
3 |
- |
17 |
- |
3 |
15 |
Ескелді |
27 |
32 |
3 |
57 |
4 |
21 |
16 |
Ұйғыр |
3 |
4 |
4 |
17 |
- |
9 |
17 |
Қапшағай қ. |
- |
- |
1 |
4 |
- |
63 |
18 |
Талдықорған қ. |
1 |
- |
- |
21 |
20 |
60 |
19 |
Текелі қ. |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
ЖИЫНТЫҒЫ |
109 |
206 |
30 |
383 |
42 |
312 |
Алматы облысында |
Алматы облысы бойынша құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер
К/к N |
Ғимараттың аталуы |
Қабырғасы ның материалы |
Қабаттылы ғы |
Пәтерлердің саны, соның ішінде: |
Жалпы алаңы |
||||
Барлы |
Бөлме саны |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
||||||
Барлығы облыс бойынша |
889 |
436 |
140 |
203 |
90 |
38153 |
|||
Еңбекшіқазақ ауданы |
|||||||||
1 |
құрылысы аяқталмаған 50 пәтерлі үй |
кірпіш |
5 |
50 |
15 |
15 |
15 |
5 |
3800 |
Ескелді ауданы |
|||||||||
2 |
құрылысы аяқталмаған үй |
кірпіш |
5 |
20 |
800 |
||||
Қапшағай қ. |
|||||||||
3 |
Жатақхана |
мон |
5 |
328 |
328 |
- |
- |
- |
3900 |
4 |
тұрғын үй |
пан |
5 |
73 |
9 |
17 |
32 |
15 |
4594 |
5 |
тұрғын үй |
кирп |
5 |
64 |
8 |
8 |
28 |
20 |
4322 |
6 |
тұрғын үй |
пан |
5 |
50 |
- |
30 |
10 |
10 |
3122 |
7 |
тұрғын үй |
пан |
5 |
56 |
16 |
16 |
24 |
- |
3112 |
8 |
тұрғын үй |
кирп |
5 |
68 |
12 |
8 |
28 |
20 |
4804 |
9 |
тұрғын үй |
пан |
5 |
72 |
16 |
8 |
28 |
20 |
3512 |
10 |
тұрғын үй |
кирп |
3 |
24 |
8 |
8 |
8 |
- |
1467 |
11 |
тұрғын үй |
кирп |
3 |
30 |
6 |
12 |
12 |
- |
1880 |
12 |
тұрғын үй |
мон |
9 |
54 |
18 |
18 |
18 |
- |
2840 |
кестенің жалғасы
К/к N |
Ғимарат тың аталуы |
Қабырғасының материалы |
Қабат тылығы |
Техникалық жағдайы |
Меншік түрі |
Мекен жайы |
Барлығы облыс бойынша |
||||||
Еңбекшіқазақ ауданы |
||||||
1 |
құрылысы аяқталмаған 50 пәтерлі үй |
кірпіш |
5 |
Каркасы сақталған |
Жеке меншік |
Есік қ, мкр N 4 |
Ескелді ауданы |
||||||
2 |
құрылысы аяқталмаған үй |
кірпіш |
5 |
құрылысы аяқталмаған |
- |
Жастар а. |
Қапшағай қ. |
||||||
3 |
Жатақхана |
мон |
5 |
құрылысы аяқталмаған 2% |
Жеке меншік |
Қапшағай 4 мкр. |
4 |
Тұрғын үй |
пан |
5 |
30% құрылысы аяқталмаған |
коммун |
Қапшағай мкр Ивушка |
5 |
Тұрғын үй |
кирп |
5 |
15% құрылысы аяқталмаған |
АҚ |
Қапшағай 5 мкр. |
6 |
Тұрғын үй |
пан |
5 |
30% құрылысы аяқталмаған |
ҚР ҚМ |
Қапшағай 5 мкр. |
7 |
Тұрғын үй |
пан |
5 |
20% құрылысы аяқталмаған |
АҚ |
Қапшағай 20 мкр. |
8 |
Тұрғын үй |
кирп |
5 |
10% құры |
Жеке меншік |
Қапшағай 4 мкр. |
9 |
Тұрғын үй |
пан |
5 |
8% құрылысы аяқталмаған |
Жеке меншік |
Қапшағай 3 мкр. |
10 |
Тұрғын үй |
кирп |
3 |
5% құры |
АТП |
Қапшағай 20 мкр. |
11 |
Тұрғын үй |
кирп |
3 |
5% құры |
ДСУ |
Қапшағай 20 мкр. |
12 |
Тұрғын үй |
мон |
9 |
2% құры |
Жеке меншік |
Қапшағай 4 мкр. |
2004 жылы Республикалық бюджет қаражаты есебінен Тұрғын үйлер құрылысын салу шаралары
р/р |
Шаралар |
Орындаушылар |
Орындау мерзімі |
||||
15.05 |
25.05 |
1.06 |
10.06 |
15.06 |
|||
1 |
ЖСҚ қолда барлығы, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы |
Аудан және қала әкімдері, сәулет және қала құрылысы басқармасы жер ресурста |
|||||
2 |
Мердігерлік жұмыстарға конкурс жариялау және оны өткізу |
құрылыс және инфрақұрылым бөлімі |
|||||
3 |
Қаржы министрлігі Индустрия және сауда министрлігі мен үш жақты келісімді дайындау |
Экономика басқармасы |
|||||
4 |
Республикалық бюджеттің несие қаражаты есебінен бағдарламаны қаржыландыру |
қаржы басқармасы |
|||||
5 |
Мердігерлік ұйымдармен келісім шартқа отыру |
құрылыс және инфрақұрылым бөлімі, қаржы-шаруашылық бөлімі (тапсырыс беруші) |
|||||
6 |
Авансалық төлемдерді жүзеге асыру |
қаржы-шаруашылық бөлімі (тапсырыс беруші) |
|||||
7 |
Құрылыстық-монтаждау жұмыстарын бастау |
құрылыс және инфрақұрылым бөлімі, аудан және қала әкімдері, сәулет және қала құрылысы басқармасы күрделі құрылыс басқармасы |
|||||
8 |
Жоғарғы органдарға бөлінген қаражаттарды игеру және Тұрғын үйлер құрылысы туралы мәліметтер беру |
құрылыс және инфрақұрылым бөлімі, қаржы басқармасы |
|||||
9 |
Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингін енгізу |
Эконономика басқармасы |
кестенің жалғасы
р/р |
Шаралар |
Орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|||
20.06 |
1.07 |
25.10 |
2005 ж. 25.01 |
|||
1 |
ЖСҚ қолда барлығы, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, олардың бекітілуі және құрылыс салуға бөлінген жер учаскелері туралы анықтама беру |
Аудан және қала әкімдері, сәулет және қала құрылысы басқармасы, жер ресурстарын басқару комитеті |
||||
2 |
Мердігерлік жұмыстарға конкурс жариялау және оны өткізу |
құрылыс және инфрақұрылым бөлімі |
||||
3 |
Қаржы министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі мен үш жақты келісімді дайындау |
Экономика басқармасы |
||||
4 |
Республикалық бюджеттің несие қаражаты есебінен бағдарламаны қаржыландыру |
қаржы басқармасы |
||||
5 |
Мердігерлік ұйымдармен келісім шартқа отыру |
құрылыс және инфрақұрылым бөлімі, қаржы-шаруашылық бөлімі (тапсырыс беруші) |
||||
6 |
Авансалық төлемдерді жүзеге асыру |
қаржы-шаруашылық бөлімі (тапсырыс беруші) |
||||
7 |
құрылыстық-монтаждау жұмыстарын бастау |
құрылыс және инфрақұрылым бөлімі, аудан және қала әкімдері, сәулет және қала құрылысы басқармасы, күрделі құрылыс басқармасы |
||||
8 |
Жоғарғы органдарға бөлінген қаражаттарды игеру және Тұрғын үйлер құрылысы туралы мәліметтер беру |
құрылыс және инфрақұрылым бөлімі, қаржы басқармасы |
||||
9 |
Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингін енгізу |
Эконономика басқармасы |