"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны үшін 2005 жылы төленетін төлемнің көлемі облыстағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті орган - Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жасаған есептеулердің негізінде бекітілсін (қоса беріліп отыр).
"Маңғыстау облысы бойынша қоршаған
ортаның ластанғаны үшін 2005 жылы
төленетін төлемнің мөлшері туралы"
облыстық мәслихаттың 2004 жылғы
8 желтоқсандағы N 8/134 шешіміне
қосымша
Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны үшін 2005 жылы төленетін төлемнің мөлшері туралы
N п/п |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі (тонна) |
Нормативтік төлем
|
1. |
Атмосфераға стационарлық көздерден шығарылған ластағыш заттар |
Шартты т. |
1291, 0 |
2. |
Су нысандарына төгінділер |
Шартты т. |
19054,0 |
3. |
Булану, сүзілу алаңдарына төгінділер |
Шартты т. |
8174,0 |
4. |
Құрамдас бөліктері белгісіз ақаба суларының төгінділері* |
м 3 |
25,0 |
5. |
Этильденбеген бензин |
Физ. т. |
443,0 |
6. |
Этильденген бензин |
Физ. т. |
532,0 |
7. |
Дизельді отын |
Физ. т. |
356,0 |
8. |
Сығымдалған газ |
Физ. т. |
297,0 |
9. |
Аса қауіпті қалдықтар-1 дәрежелі қауіптілік |
Физ. т. |
10607,0 |
10. |
Жоғары қауіпті қалдықтар - 2 дәрежелі қалдықтар |
Физ. т. |
5303,0 |
11. |
Орташа қауіпті қалдықтар - 3 дәрежелі қалдықтар |
Физ. т. |
1325,0 |
12. |
Қауіптілігі аз қалдықтар - 4 дәрежелі қалдықтар |
Физ. т. |
662,0 |
13. |
Усыз қалдықтар |
Физ. т. |
331 |
14. |
Әлсіз радиоактивті қалдықтар |
Физ. т. |
19720,0 |
* - айыппұл санкциясын салу үшін төлем